Кінәсіздік презумпциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 07:37, дипломная работа

Описание работы

Қылмыстық процесс принциптері қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет сот ісін жүргізудің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағытталған ережелер.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
I-тарау. Кінә ұғымы және оның нысандары........................................................6
1.1. Кінәнің түсінігі.....................................................................................................6
1.2. Қасақаналық және оның түрлері.......................................................................12
1.3. Абайсыздық және оның түрлері.......................................................................19
II-тарау. Кінәсіздік презумпциясы түсінігі, құқықтық негізі және мәні.............................................................................................................................28
2.1. Кінәсіздік презумпциясы ұғымы мен мәні......................................................28
2.2. Кінәсіздік презумпциясы принципінің ерекшелігі.........................................32
2.3. Кінәсіздік презумпциясы заңдылық қағидат...................................................36
III-тарау. Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстар, олардың себебі мен мақсаты.............................................................................................................41
3.1. Екі нысанды кінәнің түсінігі.............................................................................41
3.2. Қылмыстың себебі мен мақсаты.......................................................................43
3.3. Қате және оның маңызы....................................................................................46
Қорытынды............................................................

Работа содержит 1 файл

Кінәсіздік презумпциясы.doc

— 378.50 Кб (Скачать)

  Алайда, менмендіктің қасақаналықтан (ең біріші жанамасынан) негізгі айырмашылығы еркіне қарай болатын сәтінде. Бұл сәт абайсыз кінәнің бір түрі болып табылатын менмендік кезінде, тұлға өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының алдын алатындығына жеткіліксіз негізде сенетінімен сипатталады. Жанама қасақаналыққа қарағанда, қылмыстық меңмендік кезінде, тұлғаның еркі өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қылмысты салдарының алдын алуға бағытталған. Тұлға оның пікірінше, қылмысты нәтиженің орын алуына жол бермейтіндей нақты бір жағдайларға сенім артады. Мысалы, жоғарыда көрсетілген оқйғаны өзінің мамандық біліктілігіне, машинаны ұзақ уақыт бойы апатсыз жүргізіп келе жатқан тәжірибесіне, оның технйкалық жағдайының сенімділігіне, жол бетінің жақсы күйіне және т.б. көптегеп жағдайларға сенім артады. Өкінішке орай, (бұл үміттерге қарамастан) нақты бір кезеңде мұндай сенім ақталмай, жансақ болып шығады да, машинаны жүргізуші жаяу жүргіншіні бәрі-бір басып кетіп, оны қайғылы қазаға ұшыратады. Сенімнің қателігі, негізсіздігі - жасалған іс-әрекеттің салдарына психикалық қатынасты қылмысты меңмендікке айналдырып, істің өзін қылмысқа жеткізеді.

  Менмендік бойынша абайсыздан жасалған қылмыстың  көрнекті мысалы ретіріде Ш.-ның ісін келгіруге болады. Ол, аудан балықтың ұрлануы кезінде белгі беретін қондырғы жасайды. Бұл үшін ол өзінің үйінен өзендегі ауын бекітетін өткелге дейін сым тартып, оны 220 кернеу бар электр жүйесіне қосады да, қоңырауын үйінің ішіне орнатып қояды. О. және С. деген екі жасөспірім, түнде, өзенге балық аулауға келеді. Олар балықтың өзеннің ағысына қарсы жоғары қарай өтуін бөгеп тұрған ауларды үзіп, бұл ауларды өзеннің ағысымен төмен қарай ағызып жібермекші болады. Және де олар электрлендірілген дыбыс берушіні сымнан ажыратып тастауды ұйғарады. Сымдарды тістеуікпен ажырату кезінде О. электр тоғына соғылып, қаза болады.

  Жауап алу кезінде, Ш. ауыр салдардың орын алу мүмкін екендігін алдын-ала білгендігін мойындаған. Ш. дыбыс бергіш қондырғыны орнатқанын айналасындағылардан жасырмаған. Ол туралы ауылдың барлық тұрғындары, соның ішінде, оқиға болған күні ау қойылған жерге балық ұстауға келген жасөспірімдер де білген. Істе көрсетілгеніндей Ш. дыбыс бергіштің сымға жалғанған жеріне балаларын жібермеуі жөнінде көршілерін алдын-ала ескертіп, ол жерін бақташыларға да көрсетіп қояды. Ш-ның дыбыс бергіштің сымын бақшасының жерімен, бұталарымен жүргізіп, үстін бұтақтармен және басқа да заттармен жауьш тастағаңдығы, ал өзенге жақындай бере адамдар жүретін соқпақтың астына жерге көміп тастағандығы сот ісі бойынша анықталған. Жалғау жұмыстарына Ш. 1000 вольтқа дейінгі кернеуге шыдайтын берік сымды таңдап, пайдаланған. Қосылған жерлер мен сымдар сенімді түрде ажыратылған. Кернеудің күшін төмендету үшін Ш. қоңыраудан алдына шам орнатып қойған. Ал дыбыс бергішті тек өзі үйінде болған кездері ғана іске қосып отырған.

  Ш. О.-ны жанама қасақаналықпен өлтіргендігі үшін сотталды. Алайда, КСРО Жоғарғы Сотының Пленумы бұл бағалауды өзгертіп, яғни оның әрекеттерін қылмыстық кодекстің абайсыздықтан болған кісі өлтіру бабына әділетті балап, «бұл жағдайда Ш. қылмыстық менмендік танытты, себебі ол 220 вольттық кернеудегі электр тоғының адамға қаншалықты қауіпті екенін біле тұра қылмыстық салдардың алдын алатьшдағына жеңілтектікпен сенім артты. Және де ол кездейсоқтыққа ғана сеніп қойған жоқ, оның пікірінше ауыр зардаптардың орын алуын болдырмайтындай объективті факторларға сенген»1 деп атап көрсетті.

  Абайсыз кінәнің екінші түрі - қылмысты немқұрайдылық  болып табылады.  ҚР ҚК-нің 21-бабының 3-белігіне сәйкес, егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда. ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады.

  Қылмыстық немқұрайдылықтың интеллектуалдық  сәтінің қасақаналықтың (тікелей жөне жанама), сол сияқты, қылмыстық менмендіктің де, интеллектуалдық сәтінен үлкен айырмашылығы бар. Қылмысты немқұрайдылық кезінде тұлға өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпгі салдарының орын алуының мүмкіндігін алдын-ала көріп білмейді. Сонымен, абайсыздықтан болған кінәнің бұл түрінің интеляектуалдық сәті өз қылығының қоғамдық қауіптілігін бағалай білу - кінәлінің санасына жетпегендігімен сипатталады. Бұл - интеллектуалдық сәттің теріс бағаға ие болатындай бір кезі. Сондықтан, бұл жағдайда кінәнің мәні - интеллектуалдық емес, еркіне қарай сәтінде, себебі тап осы психикалық қатынас, өзінің қылмыстық-құқықтық бағасын тек еркіне қарай сәтке байланысты алады.

  Қылмыстық немқұрайдылықтың еркіне қарай сәтінің  заңды анықтамасы объективті («тиісті еді») және субъективті («көре алар еді») екі шартқа (критерийге) байланысты теория мен сот тәжірибесінде объективті шарт, тұлғаның өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алуын алдын-ала көре білетіндей, заңға, тұлғаның мамандығы бойынша мәртебесіне және жалпыға бірдей қоғамдық ережелерге негізделген міндеттерімен байланысты.

  Алайда, тек объективті піартты анықтау  ғана, тиісті психикалық қатынасты абайсыз кінәнің түрі болып келетін қылмыстық немқұрайдылыққа айналдыра  

_______________

1БВС СССР. 1969. №1.С. 24.

алмайды. Бұл үшін әлі субъективті шарт міндетті түрде анықталуы тиіс. Ол нақты тұлғаның қылмысты салдардың орын алуын алдын-ала болжап білудегі жеке қабілеттілігін білдіреді («болжап біле алатын еді»). Бұл жерде, тұлға зиянды салдардың орын алуын өзінің жеке басының қасиетіне, мамандығына және қылмысты салдарға ұшыратқан қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасалған жағдайлардың ерекшеліктеріне байланысты алдын-ала болжап білуге тиіс еді дегенді білдіреді.  

  З. мен К. С-ны ауырлатушы қасақана өлтіргендігі үшін сотталды (бұзақылық ниетпен). Ол күні қосалқы шаруашылықтың жұмысшылар бригадасы шөп дайындау үстінде еді. С. қалаға жүру үшін ағаш көпір арқылы өз машинасына қарай беттей бергенде, бригаданың жұмысшылары К. мен 3., ауылдың қалыптасқан дәстүрі бойынша, С.-ны өзенге шомылдырып алуды ұйғарады. Осы мақсатпен олар оны суға итеріп жібереді. С. біраз уақыт өзенде жүзіп келе жатады да, сосын суға батып кетеді. РФ Жоғарғы Сотының қылмысты істер жөніндегі Сот алқасы сотталғандардың әрекеттерін абайсыздықтан кісі өлтіру құрамы бар деп тапты. 3. мен К. алдын-ала тергеу кезінде де, сот кезінде де С-ны өлтіру туралы қасақаналықтың болғандығын мойындамай, оны өзенге қалжың үшін шомылдырғылары келгендігін және оның дәл осылай қайғылы түрде аяқталатынын алдын-ала ойламағандарын алға тартты. Сотталғандардың, сол сияқты куәлардың да көрсеткекіндей, О. өзін итеріп жіберген соң су бетіне қалқып шығып, бүкіл бойымен түрегеледі де, ағыстың бойымен жүзе бастайды. 3. оған «Яковлович кәпірдің астына қарай жүз» деп айқайлайды, себебі дәл сол жерден жағаға шығуға болатын еді. Іс материалдарында көрсетілгеніндей, 3. К-ға көпірдің үстінде тұрган Г-ны шомылдырьш алуды да ұсынады, бірақ ол суға өзі секіріп түседі. Біздің пікірімізше Жоғарғы Сот, 3. мен К-ның қылығы оларды кісі өлтіру туралы қасақаналықтың болмағанын дәлелдейді деп, әділетті шешім қабылдаған. К. мен 3. С-ны суға итергенде, оның қазаға ұшырайтындығын ойламаған, әрине, олар өздерінің әрекеттерінің нәтижесінде аталған салдардың орын алуы мүмкін екендігін алдын-ала болжай білуі тиіс еді және болжай біле алар да еді. Мұндай жағдайларда сотталғандардың әрекеті қасақаналықпен кісі  

өлтіру  емес, абайсыздықтан болған кісі өлтіру деп бағалануы тиіс1.

  Қылмыстық немқұрайлықтан оқиға деп аталатын, яғни жазықсыз зиян келтіруді ажырата білу керек. ҚК-тің 23-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер іс-әрекет жасаған адамның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) және одан кейін пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар оның ниетімен қамтылмаса, ал осы Кодексте абайсызда мұндай әрекет жасағаны және қоғамдық қауіпті зардаптар келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық көзделмесе, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады. Мысалы, Л.-ды алдын-ала тергеу орындары С.-ны төмендегідей жағдайлардың барысында абайсыздықтан өлтірді деп айыптады. Кәмелетке толмаған Л., М., 3., Р., X. және С. аң аулау қыстағына келеді. Кешкі аспен бірге олар бір шөлмек шарап ішеді де, содан соң қыстақтың жанында қолдан жасалған пистолетпен  босаған банкалар мен шөлмектерді кезекпен ата бастайды. Бірнеше рет атып болған соң, С, X. және Р. қыстаққа оралып екі қабат полиэтилен пленкасымен қапталған терезенің алдындағы стол басына отырады, ал Л., М. және 3. атуларын жалғастыра береді.

  Кешкі сағат 18-дер шамасында, ымырт үйіріліп қалған кезде Л. өзінің көзі нашар көре тұра, әрі мас күйінде пистолетті оқтап, шүріппесін қайырып алып атуға жарайтын үлкенірек меже іздеп, қыстақтың маңайында жүгіре бастайды. Қыстақтың дәл қасынан өте бергенде, Л. сүрініп кетеді де, құлап бара жатқан кезінде, еріксіз пистолеттің шүріппесін басып қалады. Бұл атылған оқ қыстақтың ішінде терезеге қарсы отырған С-ның сол жақ кеудесін терең жаралал өкпесіне тиеді де, соның салдарынан қайтыс болады.

  Аудандық  халықтық сот, әрекеттерінде қылмыс құрамы болмағандықтан Я.-ны абайсыздықтан кісі өлтіруден ақтап алады. Касациялық және қадағалаушылық тәртіппен де бұл үкім өзгеріссіз қалдырылады. РФ Бас прокурорының орынбасары өз қарсылығында соттың барлық шешімін өзгерту туралы және істі сотта қайта қарауға жіберу туралы мәселе қойып, Л. өз әрекеттерінің салдарын алдын-ала көріп білмеді, бірақ істің жағдайы бойынша, оларды көре алар еді және солай істеуге міндетті деп атап көрсетті. РФ Жоғарғы  

_____________________________

1Постановления и определения но уголовным делам Верховного Суда РСФСР 1981-1988 гг. 1989 С. 170-171

  Сотының Сот алқасы бұл қарсылықты қанағаттандырмай тастады және төмендегіше сілтеме жасады: Қаралған айғақтардың негізінде, сот дәлелді шешім қабылдаған, атап айтқанда, Л. қыстақтың терезесінің түбінен аузы төмен қаратылған, оқталған пистолетпен жүгіріп бара жатып, алдындағы шслекті байқамай қалатынын, оған сүрініп кететінін, құлап бара жатып екі қолын жоғары көтеріп қалатындығын, еріксіз шүріппені басып қалатындығын, оқ қыстақтың терезесі жаққа атылатынын, одан С. қазаға ұшырайтыңдығын алдын-ала білмеді және біле алмас та еді. Сондықтан, сот Л-дың әрекеттерінде қылмыстық құрамның болмауы дұрыс шешім қабылдаған, және оған қарсы ақтау үкімін орынды қалдырған1.

  Оқиға - қылмысты немқұрайдылықтың шарттарының  не екеуінің де (объективті және субъективті), не біреуінің болмауымен сипатталады. Оқиғаны (казусты), кінаға қарағанда, тұлғанның өз ісіне психикалық қатынасы емес, белгілі бір жағдайда әрекеттенуші (әрекеттенбеуші) тұлғаның, жасаған ісі қоғамдық қауіптілікті қамтымайтын ерекше нсихикалық күш деп санау керек..

  ҚР  ҚК-нің 23-бабының 2-бөлігі жазықсыз зиян келтірудің ерекше түрін қарастырады. Егер әрекет жасаған адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін ұғынбаған және істің мән-жайы бойынша ұғына алмаған болса не қоғамдық қауіпті зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын-ала білмесе және істің мән-жайы бойынша оларды алдын-ала бліуге тиіс болмаса немесе білуі мүмкін болмаса. әрекет жазықсыз жасалған деп танылады. Егер әрекет жасаған кезде қоғамға қауіпті зардаптардың пайда болуын алдын-ала білген адам оны болғызбауға жеткілікті негізде сенген болса не өзінің психика-физиологиялық қасиеттерінің қысылтаяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуіне немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарға байланысты осы зардаптарды болғызбауына шамасы келмесе де, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.

Информация о работе Кінәсіздік презумпциясы