Кінәсіздік презумпциясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 07:37, дипломная работа

Описание работы

Қылмыстық процесс принциптері қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет сот ісін жүргізудің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағытталған ережелер.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
I-тарау. Кінә ұғымы және оның нысандары........................................................6
1.1. Кінәнің түсінігі.....................................................................................................6
1.2. Қасақаналық және оның түрлері.......................................................................12
1.3. Абайсыздық және оның түрлері.......................................................................19
II-тарау. Кінәсіздік презумпциясы түсінігі, құқықтық негізі және мәні.............................................................................................................................28
2.1. Кінәсіздік презумпциясы ұғымы мен мәні......................................................28
2.2. Кінәсіздік презумпциясы принципінің ерекшелігі.........................................32
2.3. Кінәсіздік презумпциясы заңдылық қағидат...................................................36
III-тарау. Кінәнің екі нысанымен жасалатын қылмыстар, олардың себебі мен мақсаты.............................................................................................................41
3.1. Екі нысанды кінәнің түсінігі.............................................................................41
3.2. Қылмыстың себебі мен мақсаты.......................................................................43
3.3. Қате және оның маңызы....................................................................................46
Қорытынды............................................................

Работа содержит 1 файл

Кінәсіздік презумпциясы.doc

— 378.50 Кб (Скачать)

  Жанама қасақаналық кезінде, кей уақытта қылмысты салдардың орын алуына саналы түрде жол беру (немесе оларға немқұрайды қарау) бұл салдардың орын алуын тілемеумен бірлесіп келеді. Мысалы, тұлға жәбірленушінің үйінде болмаған кезін пайдаланып одан өшін алу мақсатымен, түнде үйіне өрт қояды және ол ұйде жәбірленушінің қартайған әке-шешесінің бар екенін алдын-ала біліп отырады. Бұл жерде кінәлі қарттардың өртке шалынбай, одан аман-есен қалып шыға алатындығына сенуі мүмкін. Ал егер бұл сенім қылмысты салдардың орын алуының алдын алатындай нақты бір жағдайлардың болуын көздемеген болса, бұл - жанама қасақаналықтың жәбірленушілердің өліміне саналы түрде жол беру түріндегі еркіне қарай сәтінің айқын көрінісі. Бұл жағдайда тұлға аяқ астынан болып қалуы мүмкін әлде бір кездейсоқтыққа сенеді (соның арқасында жәбірленушілердің өлмеуі мүмкін болатындай). Алайда, А.А. Пионтковскийдің өте орынды айтқанындай «бұл кімге сену» - бұл түкке де сенбеу деген сөз1. Осыдан шығатын түйін - жәбірленушілер қаза болған жағдайда, мүлікті өртеу арқылы қасақана жоюдан басқасы, жанама қасақаналықпен ауырлататын мән- 

_______________________________________

1Пионтковский А-А. Учение о преступлении по советскому уголовному праву.С 358.

жайлар  арқылы кісі өлтіру деп бағалануы тиіс.

  Қасақаналықты тікелей және жанама деп бөлудің - қылмыстарды бағалау, қылмысгық жауаптылықты және жазаны жеке басқа қарай бейімдеу үшін маңызы үлкен. Мәселен, формальды құрамдас, яғни құрамына белгілі бір қылмысты салдар кірмейтін қылмыстар, Тек тікелей қасақаналықпен ғана жасалуы мүмкін. Мысалы. қауіпті жағдайда қалдыру, яғни жасының кішілігіне, кәрілігіне, аурулығына, өзінің  шарасыздығына байланысты өмір мен денсаулық үшін қауіпті жағдайда қалып, әрі өзін-өзі қорғай алу мүмкіндіктерінен айырылғандарды тұлғаның кепе-көрнеу көмексіз қалдыруы, егер кінәлінің ол тұлғаға көмек көрсете алу мүмкіндігі, ол туралы қамқорлық жасау міндетті болса немесе өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті жағдайға өзі әкелген болса, осының нәтижесінде жабірленуші ауыр салдарға ұшырай ма, жоқ па, оған қарамастан, қылмыс аяқталған дел мойындалады. Бұл жағдайда кінәлінің психикалық қатынасы оның қоғамдық қауіпті әрекетсіздігіне (қауіпті жағдайда қалдыру) ғана қатысты анықталады және бұл әрекетсіздіктің қоғамдық қауіптілігін түсінуімен, өз міндетін атқарудан бас тартқысы келгендігінен білінеді. Қасақаналықтың тікелей және жанама болып бөлінуінің ең маңызды іс жүзіндегі мағынасы - бұлай бөлудің қасақана кінәні абайсыздықтан болған кінәдан ажыратып алу үшін маңыздылығында, себебі дәл осы жанама қасақаналық абайсыз кінәнің бір түрі болып табылатын қылмыстық жеңілтектікпен ұласушы психикалық қатынас болыл табылады. Және де, дәл осы жанама қасақаналық пен  қылмысты  жеңілтектіктің  ортасында,  қасақаналық пен абайсьндықтың «қақ айырылатын» жігі жатыр.

  Қасақаналықты тікелей және жанамаға бөлудің қылмысқа оқталуды аяқталған қылмыстан ажырату үшін де үлкен маңызы бар. Себебі, қылмыстық құқық теориясы мен сот тәжірибесі қылмысқа оқталу мүмкілдігін тікелей қасақаңалықпен жасалған қылмыстар төңірегінде ғана шектейді. Мысалы, М.Ч-ны өлтіруге әрекеттенгені үшін сотталады. Кінәлі, өшін алу үшін, жәбірленушінің мойнына  пышақпен  ұрады.  Ол  екінші  соққысын беруге ыңғайланғанда, жәбірленуші қарсылық көрсетіп бұл соққысы әлсіз ғана тиеді. Ол бұдан кейін де соққы беруге ұмтылғанымен Ч-ның көмек сұрап айқайлаған дауысына жүгіріп келген адамдар оған жол бермейді. РФ Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніңдегі Сот алқасы М. жәбірленушінің мойнына пышақ сала отырып және екінші рет пышақ жұмсауға ұмтылып өз әрекеттерінің қоғамдық қауіпті сипатын түсіне білді, жабірленушінің өліп кететінін алдын-ала біле тұра, оған саналы түрде жол берген,   яғни   жанама   қасақаналықпен   әрекеттенген   дегенге сүйене отырып, М.-ның әрекетін денеге қасақана түрде ауыр зақым келтіру деп қайта бағалаған. Алайда РФ Жоғарғы Сотының Төралқасы бұл шешіммен келіспей, кассациялық анықтаманы бұза отыра, кінәлінің қасақаналығының мазмұны туралы мәселені шешер кезде, соттың «жасалған қылмыстың барлық жағдайларының жиынтығына сүйенуі керек екендігін, атап айтқанда, қылмыстың тәсілі мен қаруын, жаралар мен басқа да дене зақымдауының санын сипатын, орнын (мысалы. адамның өмірлік маңызы бар мүшелері болуы мүмкін), қылмыстық әрекеттердің тоқтау себептерін және т.б. ескеруі керектігін» атап өтті1. Бұл қылмыстың жасалу жолдарын мұқият зерттеу ісі осы шешімнің дұрыстығын растай түсті. Өмірлік маңызы бар саналатын мүше - мойынға пышақ жұмсау, екінші рет тек бөтен адамдардың араласуынан ғана беті қайтарылған қатты соққыға ұмтылыс және қазіргі заманғы дәрігерлік көмектің арқасында ғана денеге тиіп үлгерген пышақ ізінің ауыр салдарының бетін қайтару жағдайларының барлығы жиыла келіп, М. жәбірленушінің өліп кету мүмкіндігін алдын-ала көре білгендігін және де дәл осындай салдардың орын алуын қалағандығын, яғни тікелей қасақаналықпен әрекеттенгендігін дәлелдейді. Олай болса, кінәлінің әрекетін Жоғарғы Сот Төралқасы кісі өлтіруге оқталғандық деп орынды бағалаған.

  Сонымен қатар, қасақаналықты тікелей және жанама деп бөлудің - жазаны жеке басқа қарай бейімдеу үшін де маңызы бар. Жалпы ереже бойынша, тікелей қасақаналықпен жасалғаи қылмыстардың қауіптілігі жанама қасақаналықпен жасалғандарға қарағанда жоғары деп есептеледі. Бұл бірінші аталған жағдайда кінәлінің санасы мен еркі қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасап қылмысты салдар келтіруге тікелей бағытталғандығымен байланыстырылады. 

_____________________

1БВС РСФСР. 1991 №1. С.6

  Заң шығарушы қасақаналықтың тікелей және жанама сияқты екі түрін атаумен шектеледі. Алайда, қылмыстық құқық теориясы мен сот жұмысына, қасақаналықтың басқа да түрлері белгілі. Мәселен, пайда болу уақыты бойынша қасақаналық алдын-ала ойластырылған және аяқ астынан пайда болған сияқты түрлерге бөлінеді.

  Алдын-ала  ойластырылған қасақаналық - қылмыс жасау туралы қабылданған ниет пен сол қылмыстың өзі бір-бірімен, белгілі бір уақыт аралығымен бөлініп тұратындығымен сипатталады. Осы уақыт аралығында субъект қылмыс жасау жоспары мен тәсілін (орны, уақыты, құрал мен тәсіл және т.б.) ойластырып, құрастырумен болады.

  Аяқ астынан пайда болған қасақаналық - (аяқ астынан) кенеттен пайда болып бірден жүзеге асырылумен сипатталады. Теория жүзінде, жалпы ережелер бойынша, алдын-ала ойластырылған қасақаналықпен жасалған қылмыс, аяқ астынан пайда болған қасақаналықпен жасалғаннан қауіптірек деп саналады.

  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі аяқ астынан пайда боған қасақаналықпен жасалған қылмысты екі-ақ жағдайда азырақ қауіпті деп санайды. Бұл - мұндай қасақаналық аффектнің әсерінен пайда болғанда орны алады. Мәселен, заң шығарушы аффект күйінде кісі өлтіру немесе денсаулыққа ауыр не орташа дәрежеде зиян келтіруді жеңілдетуіш жағдайы бар қылмыстардың дербес құрамына белген (ҚК-нің 98 108-баптары). Аталған жағдай: жаза тағайындау кезінде жәбірленушінің қылмысқа себепші болған, заңға қарсы не аламгершілікке қарсы әрекеттері сияқты жеңілдетуші жағдайлар аясында ескерілуі мүмкін.

  Кінәлінің өзі жасайтын іс-әрекеттің қоғамдық қауіпті салдары туралы түсінгінің айқындылығы мен дәрежесіне қарай қасақаналық анықталған және анықталмаған болып бөлінеді. Анықталған қасақаналық тұлғаның өзі жасайтын қоғамдық қауіпті    әрекетінің    немесе    әрекетсіздігімің    сипатын    және салдарының мөлшерін анық түсінуімен сипатталады. Сонымен қатар, анықталған қасақаналық кінәлінің жалғыз ғана қылмысты салдардың орын алуын көре білуі, яғни қарапайым және кінәлі екі немесе одан да көп қылмысты салдардың орын алуын мүмкін екендігін көре білетін - екі ұшты болып келеді. Мысалы, пышағын жүрекке жұмсайтын кісі өлтіруші, өлімнің орын алатынын алдын-ала біліп, қарапайым анықталған қасақаналықпен әрекеттенеді. Ал пышақты жәбірленушінің ішіне салатындар екі ұшты қасақаналықпен әрекет жасайды, себебі осының салдарынан жәбірленушінің не өлетіндігін, не оның денсаулығына ауыр зақым келетіндігін біле тұра, бұл салдардың кез келгенінің орын алуына саналы түрде жол береді.

  Анықталмаған  қасақаналық кезінде кінәлі тұлға  қылмысты салдарды көре білгенімен - нақтыламаған. Бұл - қолданылуы әр түрлі салдарға әкеліп соқтыратын қарулар мен құралдарды пайдалана отыра, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қол сұғушылық кезінде болуы мүмкін. Мысалы, жәбірленушінің басынан таяқпен ұру, оның басын таспеп ұру, аяқпен бастан, кеудеден, іштен ұру. Мұндай жағдайларда әр түрлі салдардың, өлімнен - денсаулыққа жеңіл зақым алуға дейін орын алуы мүмкін. Қылмыстық құқық теориясы мен сот тәжірибесі мұндай жағдайларда жауаптылықтың шын мәнінде келтірілген салдарға байланысты анықталатынына сенеді, себебі, кінәлі бұл салдардың кез келгенінің орын алатынын көре білді және олардың орын алуына саналы түрде жол берді. Алайда, мұндай бағалау тек анықталмаған қасақаналық анықталған жағдайда ғана негізгі больш табылады. Егер нақты бір жағдайда, жәбірленушінің басынан таяқпен ұру кезінде оны өмірден айыруға бағытталған тікелей қасақаналық анықталса, жәбірленушіге шын мәнінде келтірілген онша ауыр емес зиянның өзінде (айталық, денсаулыққа орташа ауыр зақым келтіру) қасақака кісі елтіруге оқталғандық деп бағалау керек. 

1.3. Абайсыздық және  оның түрлері.

  Сот тәжірибесі абайсыз жасаған қылмыстарға  қарағанда, айтарлықтай кең тарауына байланысты, қасақана жасалған қылмыстармен көбірек ұшырасады. Алайда, бүгінгі күні абайсыздықтан жасалатын қылмыс саны тұрақты түрде өсіп келе жатқандығын атап өту керек. Оның үстіне ғылыми-техникалық прогресс жағдайында әсіресе техниканы пайдалану аясындағы арнайы ережелерді  бұзуға байланысты қылмыстардың, сол сияқты, экологиялық қылмыстардың қауіптілігі елеулі түрде арта түседі.

  Абайсыздық - бұл кінәнің ерекше түрі, яғни кінәлінің  өзі жасаған әрекеттерінің не әрекетсіздігінің зиянды салдарына психикалық қатынасының ерекше түрі. Объективті жағына қылмысты заңмен қарастырылған белгілі бір қоғамдық қауіпті салдар кіретін, яғни материалдық құрамы бар қылмыстар ғана абайсыздықтан жасалуы мүмкін. ҚР ҚК-де абайсыздықтың екі түрі қарастырылған: 1. Меңмеңдік. 2. Немқұрайлық.

  Қазақстан Республикасыньщ Қылмыстық кодексінің 21-бабының 2-ші бөлігіне сәйкес, егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс меңмендікпен жасалған қылмыс деп танылады. Меңмендікпен, яғни жеңілтектікпен қылмыс жасаған тұлғаның істегенінің салдарына психикалық қатынасы абайсыз және қасақана кінәнің басқа түрі сияқты, интеллектуалдық және еркіне қарай сәттерден тұрады. Интеллектуалдық сәт тұлғаның өз әрекетінің не әрекетсіздігінің қоғамдық қауіпті салдары орын алу мүмкіндігін алдын-ала көре білуімен сипатталады. Еркіне қарай сәт, бұл - салдардың алдын алуға негізсіз артық сенумен сипатталады. Мысалы, машинаны басқарып келе жатқан жүргізуші жылдамдықты ұрықсат етілген мөлшерден асырыл жібереді де, осыған орай ол белгілі бір сәтте машинаны тежеп үлгере алмайды. Ақырында, ол жаяу жүргіншілердің біреуін басып кетіп өлімге ұшыратады.

  Меңмендіктің  заңды тұжырымдамасында оның интеллектуалдық  сәті тікелей және, әсіресе, жанама қасақаналықтың интеллектуалдық сәтінен жақын. Екі жағдайда да тұлға өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алатындығын алдын-ала көріп біледі. Алайда, заң шығарушының қасақаналықты суреттеген кезде қолданатын алдын-ала көре білу түсініктің, шынайы мазмұнының дәл осы түсінікті кінәнің абайсыз түрінің тағы бір түрі болып келетін менмендікті суреттеуде қолдануынан түбірлі айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық алдын-ала көре білудің сипатында. Қасақаналық кезінде (тікелей немесе жанамасында бірдей деңгейде) алдын-ала көре білу нақты сипатқа ие болса, меңмендік кезінде ол - абстрактілі түрінде. Мұның мағынасын бұлайша түсіндіруге болады: қасақаналық кезінде кінәлі тұлға тап осы кезде, белгілі жерде, белгілі жағдайларда жасалған өзінің нақты әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) сөзсіз немесе болуы ықтимал нәтиже орын алатынын алдын-ала көре біледі. Жәбірленушінің кеудесіне пышақпен ұра отыра, тұлға дәл осы соққы (оның соққысы), осы пышақпен соғу жәбірленушіні өлімге ұшырататынын алдын-ала көре білген. Ал қылмыстық меңмендік кезіндегі интеллектуалдық сәттің мазмұны тіпті басқа. Тұлға өзінің әрекетінің (әрекетсіздігінің) қылмысты салдарының әйтеуір бір орын алатынын жалпылама түрде алдын-ала көріп біледі. Мысалы. жүргізуші машинаны ұрықсат етілген жылдамдықты асыра пайдалана отырып, бұл ісінің жаяу жүргіншіні соғуына апаратынын жалпы (негізінде) көріп біле алады және бұл көріп білу нақты емес, жалпы, яғни абстрактілі сипатқа ие. Тұлға көрсетілген қауіпті салдарды жалпы алдын-ала көріп біле тұра, оның өзінің де басында осындай жағдай болуы мүмкіндігін мүлдем есіне алмайды. Ол мұндай салдар басқа жүргізушілер тап келген жағдайларда орын алады деп ойлап, өзі үшін олардың алатындығын тіпті қаперінде де болмайтындай көреді, себебі ол өзі сияқты тәжірибелі жүргізушілер мұндай жағдайда ұшырамайды. яғни ол жаяу жүргіншімен қақтығысса, оған залал келтірудің алдын-ала алады деп үміттенеді.

Информация о работе Кінәсіздік презумпциясы