Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:12, реферат

Описание работы

1. Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – МГК) объектілерін жобалау, құрылысы, пайдалану, консервациялау және таратуға таралады.
2. Талапта қолданылатын қысқартулар 1 қосымшада көрсетілген.
3. МГК объектілері үшін технологиялық регламеттер, өндірістік бақылау туралы ережелар, аварияларды жою жоспарлары (әрі қарай – АЖЖ) әзірленеді.
4. МГК барлау объектілерін пайдалануға және сынау қабылдау орындарына беруді комиссия жүргізеді.

Работа содержит 1 файл

Документ.doc

— 19.50 Кб (Скачать)

12) платформаның әрбір жағынан бір есікті биіктігі 2,5 м жұмыс алаңының жабуымен және жұмыс алаңы жағынан екі жақты есікпен;

13) кранблокпен:

Кранблоктың осымша шығырдың диаметрі 13 мм болатын канат астында 1 ролигі болады, машина кілттері ілініу астында диаметрі 10 мм арқан астында екі ролик және гидравликалық кілтке арналған құралдары болады;

14) авариялық дыбыс және жарық сигнал беру (бір агрегатта сигнал берудің екі түрін қолдануға жол беріледі);

15) электрлі ауа құрғатудың пневможүйесімен;

16) кабел ролигін ілуге арналған агрегат мачтасындағы құралдармен;

17) құрал-жабдықтар жинағы бар трубаларды тікелей орнату құрылғысымен және диаметрі 60, 79, 89 мм сорғыш-компрессорлық трубалармен жұмыс істеуге арналған құралдармен;

18) трубалармен штангілерді бұрау және босату механизмдерімен, ұңғымалар жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдармен;

19) ұңғымаларды жөндеуге арналған агрегеттарды жарақтандыру ретінде қолданылатын болат арқандар «Жүк көтергіш крандар құрылысы және қауіпсіз пайдалану ережелерінің» талаптарына сәйкес келеді және МСТ 3241 және  МСТ 18899 сәйкес арқандарды дайындау – кәсіпорындарының сертификаты немесе сертификат көшірмесі болады.

Сертификаты жоқ арқандарды алу кезінде оларды көрсетілген стандарттарға сәйкес сынайды.

894. Тальдік арқанның мықтылық қорының коэффициенті (арқанның үзілу күшінің тальдік арқанның жүрісі ұшының тартылу күшіне қатынасы) екіден кем емес.

895. Арқан жағдайына бақылау жасалады. Бақылау қарауларының жиілігі жұмыс жағдайының сипатына байланысты және арқанның техникалық жағдайына сәйкес техникалық жетекші анықтайды.

896. ПРС арналған агрегаттар талдік жүйесін жарақтандыру үшін, бітіп кеткен арқандарды мұнаралар мен мачталарды көтеру, тартпаларды, жұмыскерлерді және көтеруге арналған жүк көтергіш арқандарда дайындау және оларды қорғаушы арқандар ретінде қолдануға жол берілмейді.

897. Тальдік арқандарды электр дәнекерлеу қолдана отырып пайдалануға жол берілмейді.

898. Мұнараларды, мачталарды монтаждау, демонтаждау, жөндеу түсіру көтеру операцияларын орындау тәуліктің жарық уақытында, жел жылдамдығы 15 м/с кем емес болғанда, қатты қар көшкіні, нөсер, көктайғақ, көрінуі 50 м артық кездегі тұман болмағанда орындалады.

 

 

3-бөлімше. Ұңғымаларды бітеу

 

899. Қайта герметизациялаумен байланысты жөндеу жұмыстары алдында (сағалық арматураны ауыстыру, жер асты қондырғыларын жөндеу) ұңғымалар бітеледі (қажет болғанда). Бітеуден кейінгі тоқтау уақыты 1 сағаттан кем емес.

900. Ұңғымалар ЖҰЖ болғанда ұңғымаларды жөндеуге қабылдау туралы актіге қол қойылғаннан кейін бітеледі.

901. Бітеу алдында жер асты қондырғылары ұзындығы 25 м кем емес ұңғымаларды бітеуге арналған трубақұбырлармен жабдықталады. Трубақұбырлар кері қалқаншалармен және бақылау-тіркеу аппаратураларын қосуға арналған құрылғылармен жабдықталады. Трубақұбырлар мен арматуралар ұңғымалар сағаларында қысымы күтілетін максималды қысымнан 1,5 есе артық сумен толтырылады. Қысымды желілер жедел ағытылатын қосылыстар трубаларынан жасалады.

Құрылғының жуу шлангісі диаметрі 80 мм кем емес ілгіштер шлангінің барлық ұзындығы бойынша әрбір 1-1,5 м орналасатын болат жұмсақ арқанмен қорғалады. Ұштары шлангінің қарсы фланцтеріне бекітіледі. Үзілістердің алдын алу мақсатында сорғыш агрегатта шлангіге рұқсат етілетін қысымнан   25 % төмен ескерту қалқаншасы орнатылады.

Болтты қосылыстар өзіндік босатылу мүмкіндігін болдырмайды.

902. Ұңғымаларды бітеу алдында жөнделетін ұңғымалардың екі көлеміне тең көлемдегі қажетті параметрлердің бітеу сұйықтарының қоры қарастырылады. Қорлар ұңғымаларда немесе бітеу трубақұбырларына жедел қосуға арналған тікелей жақын орналасқан орындарда сақталады.

903. Қысымы гидростатикалық қысымнан жоғары барлық қабатты ұңғымалар және фонтандау жағдайы сақталатын ұңғымалар немесе қысымы гидростатикалық қысымнан төмен болатын қабатты қысымдағы газ-мұнай-су пайда болу ұңғымалары бітеуге жатады.

904. Бітеу сұйығының тығыздығы қабатты қысымнан:

10 – 15 % тереңдігі 1200 м дейінгі ұңғымалар үшін (интервалы 0-ден   1200 м дейін), бірақ 15 кгс/см 2 (1.5 МПа) артық емес;

5 – 10 % тереңдігі 2500 м дейінгі ұңғымалар үшін (интервалы 1200-ден 2500 м дейін), бірақ 25 кгс/см 2 (2.5 МПа) артық емес;

4 – 7 % тереңдігі 2500 м дейінгі ұңғымалар үшін (интервалы 2500-ден жобалық тереңдікке дейін), бірақ 35 кгс/см 2 (3,5 МПа) артық емес шамаға жоғары болатын гидростатикалық қысым сұйығының бағанын жасау есебінен анықталады.

905. Ұңғымаларды бітеу кезінде қабатты гидрожару қысымынан немесе қабаттың сұйықты сіңіру қысымынан артық болмайтын гидростатикалық динамикалық қысым (мұнайды ұңғымалардан бітеу сұйықтары арқылы шығару кезінде) пайда болады.

906. Құрамында күкіртсутегі болатын көмірсутегін күкіртсутегі бар бейтараптауы болатын сұйықтармен бітейді.

907. Қабатты флюидтің өзіндік ұңғымалар сағаларына түсу мүмкіндігін болдырмайтын тау-кен-геологиялық жағдайлары бар кен орындарында бітеусіз ПРС жүргізуге жол беріледі.

908. Бітеулер жүргізгеннен кейін ұңғымалар сағалары ПРС кезінде ұңғымаларды бақылау мен басқаруды қамтамасыз ететін бекітілген ЖҰЖ сәйкес және авариялық жағдайларда кен орындарында бұрғылау мен пайдаланудың геологиялық-техникалық шарттарын ескере отырып, тастауға қарсы қондырғылармен жабдықталады.

909. Тастауға қарсы қондырғыларды орналастыру және байлау сызбасын ұйым әзірлейді.

910. Тастауға қарсы қондырғыларды орналастырғаннан кейін максималды күтілетін көлемге тең, бірақ пайдалану колоннасының толтыру қысымынан жоғары емес қысымдағы сумен толтырылады. Тастауға қарсы қондырғыларды толтыру пайдалану колоннасының техникалық жағдайы, қабатты флюид (газ факторы) құрамы және қондырғы паспорты ескеріле отырып, АҚҚ өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

911. Мұнай газ пайда болу белгілері байқалған кезде ПРС тоқтатылады, ұңғымалар қайта бітеледі. Жұмыстарды жандандыруға ұйымның техникалық жетекшісі рұқсат береді.

912. ПРС жөніндегі жұмыстар үзілістер кезінде ұңғымалар сағалары сенімді жабылады (герметизацияланады).

913. Мүмкін мұнай газ пайда болулардың алдын алу және жою кезінде бітеу сұйығының үстеп құю блогы орналастырылады және оны ұңғымалар сағасымен өзіндік құйылу немесе сорғыш (ұңғымаларды жууға арналған агрегаттар) арқылы құйылуды қамтамасыз ететіндей есеппен байланады. Ұңғымаларды трубалардан көтеру үстеп құюмен және сағадағы деңгей сақталатындай болып жүргізіледі. Үстеп құю ыдысы градуировкасы бар деңгей өлшегішпен жабдықталады.

914. Ұңғымалардың сағалық арматурасын демонтаждау алдында трубалық және труба сыртындағы кеңістік қысымы атмосфералыққа дейін төмендетіледі.

915. Сағалық арматураны бұзу көрнекті орналастырылған ұңғымалардан газ бөлінуін тоқтату және олардың сұйық деңгейінің тұрақтылығын тексеруді тоқтатқаннан кейін жүргізіледі. ЖҰЖ ұңғымалардан сұйық ағынының болмауын тексеру үшін сағалық арматураны бұзғаннан кейінгі технологиялық тоқтау уақытының ұзақтығы көрсетіледі.

916. Бригада персоналы мұнай газ пайда болуын анықтау белгілеріне тұрақты бақылау жүргізеді және технологиялық регламентке сәйкес ұңғымалар сағаларының герметизацяилануын жүргізеді.

917. Трубалық кеңістікті герметизациялау үшін көпірлерде аудармалары бар, шар бұрандасы, кері қалқаншасы немесе ашық жағдайдағы авариялық ысырмалар, белгіленген қысымға толтырылған және қызыл түске боялған трубалар жинағы болады.

918. Жұмыс жоспарында ПРС алдында алдын ала бітеу жүргізу қарастырылмаған кенжарлық қалқанша – кескішпен жабдықталған ұңғымалар тоқтатылады, қысым атмосфералыққа дейін арттырылады және үш сағаттан кем емес уақытта ұңғымалар қалқанша – кескіш немесе басқа каналдар арқылы ағындар болмауына тексеріледі.

919. Қалқанша-кескіштерді ревизиялау жөніндегі жұмыстар завод-дайындаушы нұсқамасы және кәсіби тапсырыстар бойынша орындалады.

 

 

4-бөлімше. Түсіру - көтеру операциялары

 

920. Ұңғымаларды жөндеуге арналған көтергіш агрегаттардың түсіру көтеру операцияларын басқару пульті агргегаттарда және жұмыс алаңдарында орналасқан мачта, мұнара, ұңғымалар сағалары, шығырлар және басқа механизмдер жақсы көрінетін қауіпсіз орындарда орналастырылады.

921. Салмақты индикациялаусыз (индикатор) сорғыш-компрессорлық трубаларды (әрі қарай-СКТ) ұңғымалардан көтеру немесе ұңғымаларға түсіру, ұңғымалар тереңдігіне байланыссыз трубаларды қарау және тартумен байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Таразы индикаторының дұрыс жұмыс істеуі ПРС басталуы алдында тексеріледі.

Түсіру көтеру жұмыстарын:

1) дұрыс жұмыс істемейтін қондырғылар мен құрылғылар, бақылау-өлшеу құралдары (жазатын құралдар, манометрлер және басқалар);

2) вахтаның толық құрамы болмағанда;

3) жел бағыты 15 м/с артық және тұман мен қар көшкінінде көрінудің жоғалуы;

4) мұнай газ пайда болуы;

5) ЖҰЖ болмауы кезінде жүргізуге жол берілмейді.

922. Түсіру - көтеру жұмыстарында мұнай газ пайда болу анықталған кезде ПРС бригадасы ұңғыманы қайта бітейді және әрі қарай ЖҰЖ сәйкес, әрі қарай әрекет етеді. Қайта бітеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, ұңғымалар сағалары герметизацияланады және әрі қарай аварияларды жою жоспарына сәйкес әрекет етеді.

923. Мүмкін мұнай газ пайда болудың алдын алу және жою үшін ұңғымаларды жуу агрегаттары немесе түсіру - көтеру операциялары кезінде үстеме құю ыдыстары труба сыртындағы кеңістікке тұрақты қосылған, ал ұңғымалар сағаларында тастауға қарсы қондырғылар орнатылған.

924. СКТ ұңғымаларға түсіру алдында әрбір труба шаблондалады. Трубалар бұрандаларға бұрау алдында металл щеткамен тазартылады және ЖҰЖ көзделген қорғаныс қабатымен (графитті майлау, сурик, арнайы герметик және басқалар) жабылады.

925. СКТ трубаның барлық резбалық бөлігіне бұралады және түбіне дейін тығыз бекітіледі.

926. ПРС бастау алдында станок тербелмесі бар ұңғымаларда ілмегі бар тальдік блок өту үшін өтетін жерді кронблоктан ұңғымалар сағаларына дейін босатады. Ол үшін станок-тербеліс балансирінің басы артқа қарай жіберіледі немесе бір жағына қарай бағытталады (конструкциясына байланысты).

927. Балансир басын артқа тастау, бір жаққа қарай бағыттау және жұмыс қалпына қайтару, арқан ілмегін алу және кигізу жұмыскерді станок-тербелменің балансиріне көтеру мүмкіндігін болдырмайтын құралдар арқылы жүргізіледі.

928. Тальдік блоктың немесе ұршықтың үлкен габаритінде түсірі көтеру операциялары кезінде олардың станок-тербелменің балансиріне тиюін болдырмау үшін шатун қисық шиптен ажыратылады және балансирді бұрылған немесе шеткі жоғары қалыптқа артқа тасталған балансир қойылады. Бұл жағдайда сальникті (полировкаланған) штоктың арқанды ілмегі бір жаққа қарай бағытталады және ілініп тұрған қалыпта тербелмеуі және бригадаға жарақтандыру, арқанды ауыстыру, және жөндеу жұмыстары кезінде кедергі келтірмеуі үшін арқанды ілмек станок –тербелменің бағанына бекітіледі.

929. Тиегіш ортадан тепкіш электр сорғышымен жабдықталған ұңғымаларды жөндеу алдында кабельдер ажыратылады, кабельді роликтердің бекітілу сенімділігі және оның орналасу дұрыстығы тексеріледі.

930. Тиегіш ортадан тепкіш электр сорғышының кабельі бар барабан көтергіш агрегатының басқару пультінен және жұмыс алаңынан көрінетін аумақта орнатылады.

931. Кабельді роликпен бір тіке жазықтықта және ұңғымалар сағасында орналасқан барабанға кабельді орау және тарқату механизацияланған. Кабель орамдары барабанға дұрыс қатарлармен оралады.

932. СКТ көтеру және түсіру жылдамдығын СКТ салмағы, техникалық жағдайына, ұңғымаларға бітеу сұйықтарын үстеме құю, ұңғымалардан сұйықтарды төгу жылдамдығына, жел жылдамдығына байланысты жұмыс уақытында бақылау тұлғасы анықтайды.

933. СКТ көтеру кезінде СКТ жалпы ұзындығы және көтерілген трубалар мөлшері өлшенеді. СКТ түсіру кезінде СКТ түсіру тереңдігі және түсірілген трубалар мөлшері өлшенеді, өлшеулер мәліметтері «Трубалар өлшемдері» журналына жазылады. Ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен үлгідегі журналда әрбір трубаның диаметрі, қабырғаларының қалыңдығы және ұзындығы көрсетіледі.

934. Муфтілер бүйірлерінің пайдалану колоннасының ішкі қабырғаларына, үштіктер мен айқастарға тиюін болдырмау үшін бағыттаушы түтікшелер қолданылады.

Сорғыш штангілерді ұңғымаларға түсіру алдында олардың әрқайсысы қаралады, резьбалары метал щеткалармен тазартылады және графитті майлаулармен майланады.

935. Болаттың әртүрлі маркілерінен жасалған штангілерді араластыруға жол берілмейді. Штангілер көпірлерде орналастырылады және ұңғымаларға ПРС ЖҰЖ бекітілген жинақтауына сәйкес ұңғымаларға түсіріледі.

936. Штангілердің сатылы колонналарын түсіру кезінде ЖҰЖ нұсқаулары орындалады.

937. Ұңғымаларға түсірілген штангілер өлшенеді, өлшеулер мәліметтері ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен үлгідегі «Трубалар өлшемдері» журналына жазылады. Журналда әрбір түсірілген штангінің диаметрі, ұзындығы, болат маркісі көрсетіледі.

938. Ақаулары бар трубалар мен штангілер жарамсыздандырылады және жөндеу аяқталғанға дейін көпірлерден алынады.

939. Диаметрі 51 см артық сорғыш-компрессорлық трубаларды көпірлерге шығару және олардан көтеру, егер әрқайсысының ұзындығы 16 м артық болмаса, екі трубамен жүргізіледі, ал түсіру көтеру ғимараттарының тіктігі 22 м кем емес және мұнаралар дарбазалары трубалардың еркін өтуіне мүмкіндік береді. Трубаларды екі трубамен көтеру және түсіру кезінде орта муфта бекітіледі.

940. СКТ көтеру және түсірудің ұзақ үзілістері кезінде ұңғымалар сағалары герметизацияланады (жабылады).

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу