Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:12, реферат

Описание работы

1. Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – МГК) объектілерін жобалау, құрылысы, пайдалану, консервациялау және таратуға таралады.
2. Талапта қолданылатын қысқартулар 1 қосымшада көрсетілген.
3. МГК объектілері үшін технологиялық регламеттер, өндірістік бақылау туралы ережелар, аварияларды жою жоспарлары (әрі қарай – АЖЖ) әзірленеді.
4. МГК барлау объектілерін пайдалануға және сынау қабылдау орындарына беруді комиссия жүргізеді.

Работа содержит 1 файл

Документ.doc

— 19.50 Кб (Скачать)

746. Әрбір партия барлық қызметкерлер үшін (плюс біреуі резервті) тасымалданатын газ сигнал берушілермен немесе газ анализаторларымен немесе оқшаулаушы газға қарсы құралдармен қамтамасыз етіледі.

747. Геофизикалық зертханалармен көтергіштерде оқшаулаушы газға қарсы құралдар мен газ сигнал берушілер (газ анализатор) механикалық зақымдалымбайтын жеке ұялы жәшіктерде орналастырылады. Жәшіктерде «Газға қарсы құрал», «Газ сигнал беруші» нақты жазулар болады. Жәшік құлыппен жабылмайды.

748 Геофизикалық зертханалар мен көтергіш салондарының терезелері жұмыс алаңын жақсы бақылауды және жедел желдетуді қамтамасыз етеді.

Геофизикалық көтергіштің шығыр бөлімшесі ұңғымадан геофизикалық кабелді көтеру кезінде онда күкірт сутегінің жиналуының алдын алу үшін желдету құрылғысымен жабдықталады.

749. Күкірт сутегінің болуы туралы сигнал беру құрылғысының көрінуі мен естілуіне қиындық туғызатын жағдайдағы жұмыс кезінде (жел, қар, тұман және тағы басқа) қажетті ЖҚҚ және байланыс құралдарымен жабдықталатын және нұқаулықта қарастырылған құрылғыларды бақылайтын жұмыскерлер тағайындалады.

750. Қиындатылған жағдайдағы КГЖ, ұңғымалардағы авариялық жағдайды жою жөніндегі АЖЖ геофизикалық ұйым тағайындаған бақылау тұлғасының тікелей басшылығымен орындалады. Жарылыс құралдарын қолдана отырып (баулы тарпеда және басқалар) аварияны жою кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы             19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген Жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын басшылыққа алынады.

751. Көтерілетін геофизикалық кабель бұрғылау ерітіндісінен үздіксіз жуылады немесе тазартылады.

752. Бұрғылау ерітіндісімен ластанған ұңғымаларда жұмыстар аяқталғаннан кейін геофизикалық зертханалар мен көтергіштер салондарының ұңғымалық құралдары блок-баланс, датчиктерін қосу сымдары едендері сумен жуылады және қажет болғанда тот басу ингибиторларымен немесе бейтараптаушымен өңделеді.

753. Газ ұңғымаларында (газ ортасы) КГЖ лубрикатор қолдану арқылы жүргізіледі.

 

 

6-бөлімше. Ұңғымаларды игеру және гидродинамикалық зерттеу

 

754. Ұңғымаларды игеру және зерттеу бақылау тұлғасының қатысуымен жүргізіледі.

755. Мұнай, газ және конденсат ұңғымаларын игеру және зерттеу жүргізу алдында АҚҚ келісілген ұйым-тапсырыс берушінің техникалық жетекшісі бекіткен жұмысты ұйымдастыру жоспары жасалады.

Жұмысты ұйымдастыру жоспарында жұмыс істеушілер саны, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар, авариялардың алдын алу шаралары, жұмыс аумағы ауасында күкіртсутегінің болуын бақылау кестесі және ШЖК артқан жағдайдағы шаралар көрсетіледі. Жоспармен игерумен және зерттеумен байланысты барлық жұмыскерлер таныстырылады.

756. Жұмысты ұйымдастыру жоспарына желдің кез-келген бағытындағы авариялық газдануы мүмкін жағдайда қауіпті аумақтан шығу маршруттары көрсетіле отырып, қондырғылар, машиналар, механизмдердің орналасу сызбалары, объектілердің ЖҚҚ және жақын орналасқан елді мекендерде орналасу сызбалары тіркеледі.

757. Фонтанды арматура қарама-қарсы жақтарға бағытталған екі үрлеу шығыстармен қосылған. Ұзындығы 100 м кем емес әрбір шығыс ұңғыма сағасынан және факельді құрылғымен дистанционды от алумен қосылады.

Трубалар мен бұрулардың резьбалық қосылыстарының түрлері болжамды қысымға сәйкес келеді, максимальды қысымнан 1,25 шамаға толтырумен герметикалыққа сыналады және орнатылады.

Бұрмалар бетон немесе металл бетондалған бағандарға бекітіледі, бұл жағдайда бұрылыстар мен ілінулерге жол берілмейді. Бұрмаларды бекіту тәсілі жергілікті кернеулігінің пайда болу мүмкіндігін болдырмайды.

758. Фонтанды арматураға ұңғымаларды трубалық және турбадан тыс кеңістік арқылы бітеу үшін желіге қосылады.

Бітеу желілері кері қалқаншалармен жабдықталады. 200 м3/т кем газ факторлы мұнай құбырлары үшін желілер ұзындығы 50 м болады. Барлық басқа жағдайда бітеу желісінің ұзындығы 10 м кем емес.

759. Зерттеуге арналған құрылғылар ыдыстары (сепараторлар) жұмысқа қосқанға дейін, пайдалану процесінде мерзімді, жөндеуден кейін Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 219 бұйрығымен бекітілген қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың құрылысы мен қауіпсіз пайдалану Ережелеріне сәйкес техникалық куәландыруға жатады.

760. Толтыру алдында құрылғы толтыратын ортадан босатылады және оны ұңғымамен қосатын трубақұбырлардан бітегіштер арқылы ажыратады.

761. Құрылғыны пайдалану процессінде ағу, жұмыс қысымының артуы, БӨҚАҚ істен шығуы, қорғаныс қалқаншасының дұрыс жұмыс істемеуі анықталған жағдайда, ұңғыма жаратылады және ондағы қысым атмосфералыққа дейін төмендетіледі.

762. Құрылғының қорғаныс қалқаншасы (бөлетін диафрагма) факельді құрылғысы бар жеке трубақұбырлармен мұнай, газ, конденсат және басқа сұйықтарды ұстау торабы арқылы қосылады. Бұл жағдайда қалқаншалардың біреуі іске қосылған кезде, ұстау торабы арқылы мұнай, конденсаттардың кері ағындары алынып тасталады. Газда күкірт сутегі 8 % артық болғанда факельді жүйе орнатылады.

763. Ұңғыманы игеру алдында ұңғыманы игеруге арналған жұмыстарды ұйымдастыру жоспарына сәйкес, ұңғымадағы ерітінді көлемін ескермей тиісті тығыздықтағы ұңғыманың екі көлемінен кем емес мөлшердегі бұрғылау ерітіндісінің қорын, материалдар қоры мен химиялық реагенттер қоры қамтамасыз етіледі.

764. Күкірт сутегін ингибирлеуге және нейтралдауға, өнімді пайдалануға арналған қондырғылар болмаған жағдайда пайдалану ұңғымаларын игеруге және зерттеуге жол берілмейді.

765. Өнімдерді пайдаға асыру болмаған жағдайда, бейтараптаусыз немесе жануды тұрақты қолдай отырып, жандырусыз барлау және пайдалану ұңғымаларын игеруге және зерттеуге жол берілмейді.

766. Күкірт сутегі бар газды жандыру кезінде елді-мекендер немесе өнеркәсіп объектілері атмосферасының жерге жақын орналасқан қабатының зиянды заттарының концентрациясы санитарлық нормадан артық болмайтын шарттармен қамтамасыз етіледі.

767. Ағындар мен зерттеулерді шақыру жарық уақытта, жақын елді-мекендерден жел бағыты кезінде және бақылау тұлғасының жетекшілігімен жүргізіледі.

768. Қабаттардан ағындар шақыру және бітеу кезінде қамтамасыз етіледі:

1) бақылау тұлғасының және АҚҚ жедел тобының ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес тұрақты тәуліктік кезекшілігі;

2) эвакуациялаға арналған көліктің тәуліктік кезекшілігі;

3) цементтеу агрегаттарының жұмысқа тұрақты дайын болуы;

4) тұрғындардың авариялық тастаулар болу кезінде әрекетттерге дайын болуы.

769. Ағындар болмаған жағдайда ұңғымаларды игеру:

1) табиғи немесе жолдағы мұнай газдарын;

2) күкіртсутегі мен көмір қышқыл газына инертті екі және көп фазалы көбіктер;

3) оттегінің 2 % артық емес көлемдегі үлесі болатын инертті (түтін) газдар;

4) күкіртсутегі мен көмір қышқыл газына инертті аз тығыздықтағы сұйықтарды қолдана отырып жүргізіледі.

Осы мақсаттар үшін ауаны қолдануға жол берілмейді.

770. Іштен жанатын двигательдердің қақпақша трубалары, соның ішінде ұңғыма маңындағы автомобильдер, тракторлар және басқа техникалар ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.

771. Өлшеу және үрлеу үшін шығару торабындағы бұрандалар оларды толық ашып және жауып пайдаланылады. Толық ашылмаған бұрандалар арқылы жұмыс істеуге жол берілмейді.

772. Сұйық ағынын реттеуге арналған құрылғылар диафрагмасын ауыстыру жұмыс аумағындағы ауаға алдын ала талдау жасай отырып, ұңғыманы жапқаннан кейін 15 минуттан кейін жүргізіледі.

773. Ұңғымаларды зерттеу және игеру кезінде оқшаулаушы тыныс алу аппаратынсыз сағаларға, құрылғыларға, трубақұбырларға тарату пульттарына, сепарациялық құрылғыларға жақындауға жол берілмейді.

774. Жел бағыты жақын орналасқан елді мекендерден, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы объектілерінен болғанда ұңғымаларды игеруге жол беріледі.

775. Өзеннің жайылма аумақтарында, су тасқыны кезінде ұңғымаларды игеруге жол берілмейді.

776. Тереңдік зерттеулер кезінде қолданылатын сымдар тотбасуға төзімді, тұтас болады.

777. Сымды ұңғымадан алғаннан кейін немесе оны кезекті түсіру алдында асы үлгідегі сым иілгіштікке зерттеледі. Сымның иілгіштігі жол берілетін шамалардан төмен болғанда, тереңдік құралын ұңғымаға түсіру үшін оны әрі қарай пайдалануға жол берілмейді.

778. Шығару торабының бұрандасын ашу алдында, тереңдік құралын ұңғымаға түсіру (көтеру) алдында осы операциямен байланысты емес қызметкерлер жел жағына қарай қауіпсіз қашықтыққа шығарылады.

779. Шығыс торабында бұрандалар ашылады және лубрикатордан құралдар алынады және оларды оқшаулаушы газға қарсы құралдар арқылы бөлшектейді.

780. Ұңғыманы иегеру немесес зерттеу аяқталғаннан кейін құралдарды, аппаратураларды, арнайы киімдерді күкіртсутегі бейтараптаушымен және жуу құралдарымен технологиялық регламентке сәйкес өңдеу жүргізіледі.

781. Жұмыс аяқталғаннан кейін, жұмыс аумағында күкіртсутегінің болуын бақылау және сағалық арматураның герметикалығын тексеру жүргізіледі.

 

 

7-бөлімше. Ұңғымаларды пайдалану және жөндеу

 

782. Жер үсті қондырғысының диаметрі 10 м кем емес және ұзындығы   10 м кем емес қор коэффициентімен толтырылған, күтілетін максималды қысымнан 1,25 тең үрлеу және авариялық (ұңғымаларды бітеу үшін) желілері болады. Желілер кері қалқаншалармен жабдықталады және бақылау-тіркеу аппаратурасына қосуға мүмкіндігі болады.

783. Тығыздағыш конструкциялар мен материалдардың элементтері ұзақ пайдалану кезінде агрессивті ортаның сенімді оқшаулауын қамтамасыз етеді.

784. Құрамында:

1) қабылдау қалқаншасын және бітеу тығынды орнатуға арналған ниппелі;

2) пайдалану колоннасын қорғауға арналған пакер, циркуляциялық қалқанша, ингибиторлы қалқанша, қалқанша-кескіші бар ұңғымаларды кенжарлық игерусіз фонтанды тәсілмен пайдалануға жол берілмейді.

Пакерлерді орналастырғаннан кейін герметикалыққа сыналуға жатады, ал пакер үстіндегі труба сыртындағы кеңістік ингибиторлық сұйық ерітіндісімен толтырылады.

785. Барлау ұңғымаларында пайдалану және лифтілі колоннаны тиісті ингибирлеу кезінде ұңғымалық кенжарлық қондырғысыз игеру және зерттеуге жол беріледі.

786. Фонтанды арматураның шектерінде орналастырылған орталық ысырмаларды және сағадан шығатын бүйірлі ысырмаларды басқару - бірінші саға маңындағы қалқанша – кескішпен дистанционды және автоматты.

787. Ұңғымаларды пайдалану лифтілі трубалар бойынша іске асырылады.

788. Пайдалану процесінде дайындаушының техникалық құжаттарына және технологиялық регламентке сәйкес қалқанша – кескішті жұмыс істеуге мерзімді тексеру жүргізіледі.

789. Қалқанша-кескішті орналастыру және оны жұмыс істеуге тексеру актімен рәсімделеді.

790. Ұңғымалар мен шлейфтер күн сайын құрамында екі оператордан кем емес, өздерімен бірге тыныс алу аппараттары, ауа және байланыс бақылау құралдары болатын мобильді бригада қарау кезінде тексеріледі.

791. Сағалық арматурада күкіртсутегі болатын мұнай, газ ағыну анықталған жағдайда басқару пультінен ұңғыманы тиісті бітегіш немесе – сағалық қалқанша –кескіш арқылы жабады. Ұңғыманың тастау желісінен күкіртсутегі ағуы анықталған жағдайда тастау желісіндегі ысырманы ұңғыманың басқару пультінен, кіріс ысырманы өлшеу құрылғысында жабады. Бұл жағдайлар туралы ұйымның техникалық жетекшісіне және АҚҚ қызметкерлеріне жедел хабарланады.

792. Герметикалық кезінде ұңғымаларды пайдалану, колонна аралық саңылаулар (қысым) мен жер үсті қондырғыларының дұрыс жұмыс істемеуіне жол берілмейді.

Колонна арасындағы қысым анықталған жағдайда зерттеулер жүргізіледі және қайта ағулар себептерін анықтау және жою жөніндегі шаралар қабылданады.

793. Сағаларды қайта герметизациялаумен байланысты жөндеу жұмыстарының алдында (сағалық арматураны, жер үсті және жер асты қондырғыларды ауыстыру) ұңғымаға жұмыс жобасына немесе жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес келетін тығыздықтағы күкіртсутегі бейтараптаушымен өңделген сұйық айдалады. Ұңғымадағы жөндеу бекітілген және келісілген жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес, қауіпсіздік шаралары орындалғаннан кейін жүргізіледі.

794. Сағаны қайта герметизациялаумен байланысты жөндеу кезіндегі фонтанды ұңғыма сағасында кесетін плашкасы бар превенторы бар тастауға қарсы қондырғы орнатылады.

Саға қондырғысының сызбасы авариялық-құтқару қызметімен келісіледі.

795. Мұнайгаз пайда болу қасиеттері байқалған кезде ұңғымадағы жөндеу жұмыстары тоқтатылады және қиындауларды жою жөніндегі шаралар қабылданады.

Мұнайгаз пайда болуларды жойғаннан кейін және қайталама мұнайгаз пайда болуларының алдын-алу шараларын қабылдағаннан кейін кәсіпорын  жетекшісі жұмысты қайта бастауға рұқсат береді.

796. Бұрғылау қондырғысын пайдалана отырып, КГЖ кезінде технологиялық регламенттер талаптары басшылыққа алынады.

797. Ұңғыма сағаларын қайта жабдықтау жөніндегі жұмыстар үзілісінде, айқастырмаларды, тастауға қарсы қондырғыларды, фонтанды арматураларды ауыстыру кезінде ұңғыма сағасын ашық тастауға жол берілмейді.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу