Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:12, реферат

Описание работы

1. Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – МГК) объектілерін жобалау, құрылысы, пайдалану, консервациялау және таратуға таралады.
2. Талапта қолданылатын қысқартулар 1 қосымшада көрсетілген.
3. МГК объектілері үшін технологиялық регламеттер, өндірістік бақылау туралы ережелар, аварияларды жою жоспарлары (әрі қарай – АЖЖ) әзірленеді.
4. МГК барлау объектілерін пайдалануға және сынау қабылдау орындарына беруді комиссия жүргізеді.

Работа содержит 1 файл

Документ.doc

— 19.50 Кб (Скачать)

798. Ұңғыманы игеру және оны пайдалануға іске қосуды күту алдында фонтанды арматура шектеріндегі ысыомалар мен жұмыс айқастырмалары шығысы алдындағы ысырмалар жабылады. Труба сыртындағы кеңістіктегі қысымның өзгеруіне мерзімді бақылау жасалады.

799. Өндіру ұңғымаларын және ұңғыма маңындағы қондырғыларды автоматтау жүйесі:

1) дистанционды басқару және диспетчер пультінің щитіне шығарылған бітегіш арматураның қалпына сигнал беруді;

2) ұңғымаға реагент беру және мүмкін авариялық жағдайда оның берілуін тоқтату, технологиялық параметрлердің авариялық ауытқулары туралы сигнал беруді;

3) режим бұзылған жағдайда ұңғымаларды автоматты ажыратуды;

4) өнім ағыны кезінде оларды автоматты ажырататылатын кәсіпшілік объектілеріндегі ауа ортасының жағдайына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

 

 

8-бөлімше. Мұнай, газ және газ конденсатын жинау

және дайындаудың технологиялық процестері

 

800. Күкіртсутегі бар МГК барлау үшін қауіпсіздік шаралары қарастырылады:

1) қондырғылар, трубақұбырлар, аппараттар, резервуарларды ингибиторлық қорғау;

2) адамдарға және қоршаған ортаға әсер етуді болдырмайтын күкіртсутегін бейтараптау, зиянды және қауіпті заттарды пайдаға асыру тәсілдері мен қондырғылары;

3) қондырғылар, трубақұбырлар, аппараттар, резервуарлар, арматуралар, БӨҚАҚ, металл конструкциялары мен фундаменттерінің тозу және тот басу жағдайын тексеру әдістері мен мерзімділігі;

4) бейтараптаушылар түрлері, күкіртсутегін бейтараптау әдістері мен технологиясы, реагенттер шығыны;

5) технологиялық ортадағы күкіртсутегі мен бейтараптаушы реагентінің болуын бақылау әдістері;

6) жұмыс аумағын және ғимараттардың желдету әдістері мен құралдары;

7) адамдар мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар;

9) мұнай, газ және газ конденсатынан күкіртсутегін бөлу және бейтараптау технологиясы;

10) қауіпті және авариялық жағдайларды ескерту және алдын алу жөніндегі шаралар;

11) аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесі;

12) өнімдер мен қалдықтарды герметикалық ыдыстарда күкіртсутегі бейтараптауға дейін жинау және сақтау тәртібі және әрі қарай пайдаға асыру.

801. Күкіртсутегі бар технологиялық процесстерді автоматизациялау жүйесі:

1) ұңғымаларды, аппараттарды, қондырғыларды, технологиялық  желілерді, құрылғыларды технологиялық ортаны газ жинағыш жүйесіне және факельді желіге көшіру арқылы авариялық жағдайда автоматты және қолмен ажыратуды;

2) кезекші оператордың пультінен технологиялық желіні, құрылғыны, қондырғыны дистанционды тоқтатуды және күкіртсутегі бөлінуін болдырмайтын қауіпсіз жағдайға ауыстыруды;

3) технологиялық процесстің негізгі параметрлерін дистанционды бақылау және үздіксіз автоматты тіркеуді;

4) технологиялық ортаның қысымын және басқа параметрлерін қауіпсіздіктің рұқсат етілетін шегінде автоматты реттеуді;

5) ауа ортасы газдануының, датчиктердің орналдасу орындарындағы және оператор пультіндегі хабарлаудың ескерту сигналдарын берумен күкіртсутегін анықтаудың белгіленген рұқсат етілген технологиялық параметрлерінің өзгеруі кезінде автоматты дыбыс және жарық сигнал берулерін қарастырады.

802. Технологиялық процесстердің қауіпсіздігі үшін қондырғылар, трубақұбырлар, резервуарлар, фланцті қосылыстар, арматуралар, люктер герметикалығы және күкіртсутегі бөлінуі мүмкін көздерін тексерудің кестесі ұйымның техникалық жетекшісі бекіте отырып жасалады.

803. Аппараттар мен ыдыстардан сұйықтарды дренаждау герметикалық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі.

804. Күкіртсутегі бар өнімдерді қайта тасымалдауға арналған сорғыштар тот басуға қарсы орындаудағы герметикалық тығыздағышпен қамтамасыз етіледі.

805. Сорғыш және компрессорлық құрылғылар айдалатын сұйықтарды төгуге арналған және жуу немесе дегазизациялауға қолданылатын, күкіртсутегінің бөліну қауіпсіздігін болдырмайтын құрылғылармен жабдықталады.

806. Мұнай, газ және конденсат дайындау құрылғысының ағынды сулары күкіртсутегі мен басқа зиянды заттарды санитарлық-гигиеналық талаптармен белгіленген нормаларға дейін тазарту және нейтрализациялауға жатады.

807. Күкіртсутегі бар мұнай және суды авариялық төгу кезінде бейтараптау үшін және әрі қарай пайдаға асыруға арналған жабық ыдыстарда жүргізіледі. Төгу орындары ШЖК, ЗШЖК тұрақты тексеріле және журналға жазыла отырып, зиянды заттар белгілері жойылғанға дейін бейтараптайтын жуу құралдарымен тазартылады және жуылады. Жұмыстар ТО ЖҚҚ пайдалана отырып орындалады.

808. Технологиялық қондырғыларды ашу және қайта герметизациялауға дейін пирофорлы қалдықтарды дезактивациялау жөніндегі шаралар іске асырылады.

809. Қондырғылар, резервуарлар, ыдыстар, трубақұбырларды қарай және жөндеу алдында пироворлық қалдықтардың өзіндік жануын болдырмау мақсатында сумен булау және жуу жүргізіледі. Пирофорлы қосылыстарды дезактивациялау үшін осы қосылыстардан қауіпсіз тазартуды қамтамасыз ететін беттік-белсенді заттар немесе басқа әдістер негізіндегі көбікті жүйелер қолданылады. Жұмыстар наряд-рұқсат беру бойынша жүргізіледі.

810. Ыдыстар мен аппараттар ішінде жұмыс істеуге жанатын және зиянды заттардағы күкіртсутегі болуы ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ, ҰҚҚ қолдана отырып, ШЖК, ЗШЖК артық болмағанда, газдануды тұрақты бақылау және наряд-рұқсат беру бойынша рәсімдеумен, жұмыс жүргізу орнындағы қауіпсіз жағдайды тексергеннен кейін және құтқару жұмыстарының мүмкіндігін қамтамасыз еткеннен кейін кірісуге жол беріледі.

Пирофорлы қалдықтарды тазарту, дезактивациялау, қондырғыларды қарау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу шарттары жұмысты ұйымдастыру жоспарында және технологиялық регламентте көрсетіледі.

Жөндеу жұмыстары кезінде пирофорлы қалдықтардың өзіндік жануының алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі талаптары орындалады, технологиялық қондырғылар элементтері жуу құрамдарымен және күкіртсутегін бейтараптаушылармен өңделеді.

811. Қауіпті объектілер пирофорлы қалдықтардың жануын ескерту және жою жөніндегі өрт қондырғылармен жұмысты ұйымдастыру жоспарына және наряд-рұқсат беруге сәйкес қамтамасыз етіледі.

812. Бу беру ыдыстар мен аппараттардағы қысым барлық уақытта атмосфералық қысымнан бірнеше артық болатындай болып беріледі. Бу шығыны ыдыс және аппарат үстіне шығу бойынша бақыланады.

Аппараттар, ыдыстар, резервуарларды булау уақытындағы бет температурасы 600 С төмен емес.

813. Булау ұзақтығы әрбір қондырғының тип өлшеуішіне жеке технологиялық регламентте белгіленеді, бірақ 240 сағаттан кем емес. Аппараттарды булау - люктер жабық, резервуарлар – ауа өту клапаны ашық кезінде жүргізіледі.

814. Булау кезеңінің соңында тиісінше 3-6 сағат бойы оттегінің болуы       3-8 % көлемді бу ауа қоспасымен мөлшерленген мөлшерлеу құрылғысы (бақылау шығын өлшеуіш) арқылы қондырғыға берілетін пирофорлы қалдықтарды (олардың ауа оттегісімен бақыланатын тотығуы) дезактивациялау жүргізіледі. Булау аяқталғаннан кейін қондырғы жоғарғы деңгейге дейін сумен толтырылады. Толтырудан кейін пирофорлы қалдықтардың баяу тотығуын қамтамасыз ету үшін су деңгейі 0,5 м/с артық емес жылдамдықпен төмендетіледі.

Қоршаған ауаның теріс температурасы кезінде қондырғыны жуу (толтыру) жылыту немесе булы сумен жүргізіледі.

815. Жуу аяқталғаннан кейін қондырғылар ауамен желдетіледі (бірінші кезекте будың аз түсуі кезінде). Қондырғыларды желдету люктерді атмосфералық ауаның қарқынды қозғалуын болдырмау үшін жоғарыдан бастап ашылады.

816. Ішінде жұмыскерлердің болуы талап етілмейтін, механизирленген тәсілмен (мысалы, су тартқы және сорғыз құрылғысы бар қырғыш арқылы төменгі люклаз арқылы) іске асырылатын қондырғыларды пирофорлы қалдықтардан тазарту жөніндегі жұмыстарды оны алдын ала буламай және дегазизациялаусыз технологиялық регламентке сәйкес жүргізуге жол беріледі. Бұл жағдайда қондырғылар жанатын өнімнен босатылады, барлық трубақұбырлардан ажыратылады, ішкі кеңістік орта және жоғары еселік ауа-механикалық көбікпен толтырылады және тазарту жұмыстары процессінде қондырғының көбікпен тұрақты толтырылуы қамтамасыз етіледі. Жұмыстар орындалу кезінде статикалық электр пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайлар қамтамасыз етіледі.

817. Қондырғылардан алынатын қалдықтар су қабаты астында немесе ыстық булар мен газдар пайда болуы мүмкін орындардан алыс орналасқан ыдыстар ылғал күйде болады.

818. Қондырғыларды тазарту аяқталғаннан кейін, пирофорлы қалдықтар объектілер аумақтарынан ылғал күйде алынады және жобаға сәйкес пайдаланылады.

819. Объектілерде үлкен геометриялық көлемдегі газ және өнім құбырлары болған жағдайда, оларды қалыпты жұмыс режимінде әрбір секцияда 2000-4000 м3 артық емес күкіртсутегі болу шартында, автоматты бөлінген құрылғыларды орналастыру арқылы секциялайды.

 

 

9-бөлімше. Персоналға және қорғаныс құралдарына

қойылатын талаптар

 

820. Күкіртсутегі бар қауіпті объектілерге қызмет көрсететін персонал күкіртсутегімен, зиянды заттармен улануды ескерту жөніндегі қауіпсіздік және улану кезінде зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету шараларын оқуда және білімін тексеруден өткізіледі.

821. Күкіртсутегі бар объектілердегі жұмыстарға оқшаулаушы типтегі тыныс алу аппараттарында жұмыс істеуге жарамдылығы туралы медициналық қорытындысы бар, ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ, ҰҚҚ, газ сигнал берушілерді білу және пайдалану оқуынан және тексеруден өткен қызметкерлерге жол беріледі.

822. Осы Талаптың 11-қосымшасына сәйкес жұмыс істеушілердің хабарласуына арналған түсінікті сигналдар жүйесі қолданылады.

823. Бақылау тұлғасының жұмыс басталуы алдында жұмыскерлерді метеорологиялық жағдайлар және авариялық жағдайда қауіпті жағдайдан шығу бағытымен таныстырады және жел бағытының өзгеруі туралы уақытында хабарлайды.

824. Күкірт сутегі бөлінуі және жұмыс аумағы ауасында жиналуы мүмкін жағдайдағы жұмыстар біреуі екіншісін сақтандыратын екі орындаушыдан кем емес адамдар санымен жүргізіледі.

Құдықтарды жұмыстар үш адамнан кем емес бригадамен (бір жұмыс істеуші және екісақтандырушы –дублер) жүргізіледі.

825. Күкірт сутегі бөлінуі мүмкін жағдайдағы жұмыстар кезінде жұмыс жетекшісі (бақылау тұлғасы) барлық қатысатын тұлғалардың тізімін жүргізеді.

826. ЖҚҚ жұмыс істейтін персонал ұйым диспетчерімен екі жақты телефон немесе радиобайланыспен (тұрақты байланыстағы), ал газ қауіпті объектілерде тікелей жұмыс істейтіндер – АҚҚ кезекшісі қосымша тәуелсіз байланысымен және эвакуацияға арналған көлік құралымен қамтамасыз етіледі. Барлау алаңдарын авариялық – құтқару қызметтерімен (әрі қарай – АҚҚ) тәуелсіз байланыспен қамтамасыз ету ұңғыма құрылысының жобасында анықталады.

827. Персонал ауадағы күкірт сутегінің концентрациялануын бақылау құралдарымен және газ қауіпті объектіде зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған құралдармен және оның ЖҚҚ осы Талаптың 12 қосымшасына сәйкес қамтамасыз етіледі. Әрбір қызметкер оқшаулаушы газға қарсы құралдармен қамтамасыз етіледі.

828. Өнім сынамасын алу жобада көрсетілген орындарда штаттағы сынама алушы құрылғыларды қолданыла отырып жүргізіледі.

Бұл кезде қызметкерлер оқшаулаушы газға қарсы құралдармен жабдықталады.

Күкіртсутегі бар ортадан ағын арқылы сынама алуға жол берілмейді.

829. Күкірт сутегі бөліну жағдайында авариялық жағдай кезіндегі жұмыстар күкіртсутегінен қорғауды қамтамасыз ететін арнайы киімдерді немесе оқшаулаушы киімдермен жүргізіледі.

830. Арнайы киімдерді сақтауға арналған ғимараттар желдеткіші және біріншісі – арнайы киімдерді шешуге және сақтауға, екіншісі - газға қарсы құралдарды шешуге және жеке гигиена киімдерін сақтауға арналған екі аралас бөлмеден тұрады.

831. Ашық фонтандар пайда болуы мүмкіндігімен байланысты жұмыстар (өнім қабатын ашу, ұңғымаларды перфорациялау, ағын шақыру, гидродинамикалық зерттеулер және басқалар) АҚҚЖ өкілінің қатысуымен бақылау тұлғасының жетекшілігімен жүргізіледі.

Осы жұмыстарды жүргізу кезінде медициналық-санитарлық бөлімшелер, өрт бөлімшесі өкілдерінің қатысуы және өрт бекеттерін қою өрт күзет және медициналық санитарлық бөлімшелермен келісу арқылы ұйымның техникалық жетекшісімен анықталады.

832. АЖЖ персоналды жинау және эвакуациялау орындары, ауа ортасын бақылау тәртібі мен мерзімділігі, ЖҚҚ мен авариялық құралдар орындары, авариялық жағдайдағы қауіпсіздік шаралары мен қызметкерлер әрекеттері, авария туралы хабарланатын тұлғалар мен ұйымдардың (телефон нөмірлері мен хабарлау және шақырудың басқа құралдары көрсетілген) тізімі, оларға хабарлау тәртібі анықталады. АЖЖ қоса тіркеледі:

эвакуациялау жоспарлары кен орындары орналасқан кәсіпорындар мен объектілер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы объектілері және елді-мекендер үшін әзірленеді.

Эвакуациялау жоспарында қауіпті газдану көздері, жинау пункттері, жолдары (маршруттар), әртүрлі метеожағдайларда эвакуациялау тәсілдері мен соңғы пункттер, көрсетілген шараларды іске асыру жөніндегі лауазымды тұлғалардың әрекет ету тәртібі анықталады.

833. Мүмкін аварияларды жедел жою мақсатында және кен орындарын барлау мен әзірлеу кезінде адамдарды қорғауды қамтамасыз ету мақсатында кен орындары объектілерін салу, пайдалану, АҚҚ және жергілікті әкімшілік органдардың авариялық жағдайларды жою, жұмыс істеушілерді, тұрғындарды және транзитті жолаушыларды қорғау мен эвакуациялау жөніндегі шараларын іске асыратын ұйымдардың бірлескен жоспары бекітіледі және енгізіледі.

834.Төмендегілерді реттейтін бірлескен іс -әрекеттер жоспары:

1) бірлескен іс-әрекеттер жоспарына қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдар тізімі;

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу