Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:12, реферат

Описание работы

1. Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – МГК) объектілерін жобалау, құрылысы, пайдалану, консервациялау және таратуға таралады.
2. Талапта қолданылатын қысқартулар 1 қосымшада көрсетілген.
3. МГК объектілері үшін технологиялық регламеттер, өндірістік бақылау туралы ережелар, аварияларды жою жоспарлары (әрі қарай – АЖЖ) әзірленеді.
4. МГК барлау объектілерін пайдалануға және сынау қабылдау орындарына беруді комиссия жүргізеді.

Работа содержит 1 файл

Документ.doc

— 19.50 Кб (Скачать)

17) күкірт сутегі әрекетіне төзімді және орама коллоналарды цементтеуге арналған геологиялых техникалық шарттарға жауап беретін тампонажды қоспалар.

701. Күкірт сутегі болатын қабаттарды ашу, ұңғымаларды жерасты жөндеу (әрі қарай ҰЖЖ) және ұңғымаларды қүрделі жөндеу (әрі қарай ҰКЖ) кезінде ұңғыма сағасынан жел жағынан 65-70 м қашықтықта орналасатын газ қорғаныс және құтқару құралдары, құралдар, дәрі-дәрмектер қорын сақтауға арналған жылжымалы қойма ( вагон-үй, фургон) жабдықталады.

702. Жану немесе адамдардың улануын болдырмау мақсатында пирофорлық қалдықтарды қоқыстар және керндерді көму жоба бойынша жүргізіледі.

703. Мұнай, газ конденсат құбырларының суасты өту бөліктерін зерттеу сүңгуірлер қызметі күштерімен жылына бір реттен жиі емес жүргізіледі, мұнай, газ конденсат құбырларының өтетін орын жармаларында су айнасын және төмен қарай ағыс бойынша сырттан қарау трассаларды қарау журналында бергілене отырып, ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.

 

 

 

3-бөлімше. Құрылысқа, аумақтарға, өндірістік объектілерге және ғимараттарға қойылатын талаптар

 

704. Қауіпті өндірістік объект құрылысын қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушы (тапсырыс беруші):

1) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге бақылау тұлғасын тағайындайды;

2) мердігерге бекітілген және өндірістік қауіпсіздік сараптамасынан өткен жобалау құжаттаманы мердігер және екінші мердігерге жұмыстарды орындау үшін қажетті мөлшерде береді;

3) жұмыс орындаушылардың қондырғылар мен материалдарды жеткізіп берушілердің қажетті рұқсат құжаттарының болуын тексеру;

4) жобадан ауытқу, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін материалдарды пайдалану және жұмыстарды орындау анықталған кезде жұмысты тоқтатады және орындаушыларға анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқау береді.

705. Мұнай, газ және газ конденсат кен орындарын игеруге арналған тау-кен орындарының аумақтары бөлінген және белгіленген тәртіппен рәсімделген.

706. Күкірт сутегі жоғары болатын мұнай, газ және газ конденсат кен орындарына арналған тау-кен аумақтарында өндірістік және мұнай, газ және газ конденсат өндірумен байланысты емес басқа объектілерді салуға жол берілмейді.

707. Өнеркәсіптік алаң, өнеркәсіптік ғимараттардың технологиялық қажеттілікпен және жобада қарастырылғаннан басқа жертөле, тереңдетулер, жабылмаған траншеялар және каналдар болмайды.

708. Өндірістік объектілер мен ғимараттар күкірт сутегі бөліну мүмкін көзіне қатысты жел жағынан орналасады.

709. Күкірт сутегі бар кен орындарында ұңғымалар сағасынан бұрғылау сорғыштарына дейінгі қашықтақ 30 м кем емес. Сорғыш ғимараты циркуляциялық жүйенің ашық учаскелерінен тұтас қабырғалармен бөлінген.

710. Геофизикалық қондырғылар (зертхана, көтергіш) ұңғыманы зерттеуге арналған автомобиль двигателінен шығыр сымы бар құрылғы ұңғымалар сағасынан 25 м кем емес қашықтықта орнатылады.

711. Ғимараттардың орналасуында тұйықталған және жартылай тұйықталған аулалардың болуына жол берілмейді. Ғимараттың негізгі шығатын орны қондырғы және құрылғыдан қарама-қарсы жаққа бағытталады.

712. Бұрғылау және өнеркәсіп алаңдары аумақтарында жел бағытын (конус, флюгер және басқалар) анықтауға арналған жақсы көрінетін құрылғылар орнатылады. Қараңғы уақытта құрылғы жарықтандырылады.

Бұл құрылғылардың саны типтері және орнату орны жобада анықталады.

Объектіде жарық жақтары көрсеткіштерінің болуы қарастырылады.

713. Трубақұбырларды қосу дәнекерлеу. Фланцты қосуларды арматуралармен құралдарды тіреуге жақын орналастыру орындарында қолдануға жол беріледі.

714. Персоналы бар ғимараттарда:

1) қондырғылар мен трубақұбырлардың, оларда БӨҚАҚ, қорғаныс, бітегіш реттеу құрылғылары көрсетіле отырып, орналасудың технологиялық сызбасы, күкірт сутегі датчиктерін орналастыру және ауа ортасын бақылау нүктелерінің орналасу сызбасы;

2) авариялық қоймалар газ қауіпсіздігі аралдары, өрт құралдары, жұмыскерлердің қорғаныс құралдары (әрі карай ЖҚҚ), адамдар және көліктер қозғалысының негізгі және қосалқы бағыттары авариялық жағдайда ауадағы күкірт сутегінің таралу және жиналу орындарының басым бағыттары, байланыс және хабарлау құралдары көрсетіле отырып, объект сызбасы;

3) АҚҚ, өрт күзеті және медициналық санитарлық бөлім телефон номерлері көрсетілген хабарлау сызбасы;

4) АЖЖ жедел бөлігі ілінеді.

715. Өндірістік объектілер газ қауіпті орындар және оларға жақын орналасқан аумақтар (соның ішінде кіре-беріс жолдар), қолданыстағы мұнай, газ, мұнай және конденсат құбарларының трассалары қауіпсіздік белгілерімен және жазуларымен қамтамасыз етіледі.

716. Күкірт сутегі бар газдарды атмосфераға жандырмай немесе бейтараптамай шығаруға жол берілмейді.

717. Аппараттар және ыдыстардың жұмыс және резервті қорғаныс қалқаншаларынан газдың тасталуы факельді жүйеге жүргізіледі.

718. Күкірт сутегі бар сұйықтарды бейтараптамай анық кәріз жүйесіне төгуге жол берілмейді.

719. Күкірт сутегі бар сұйықтардың төгілуі мүмкін өндірістік ғимараттар оны судың үлкен мөлшерімен жуу және жабық кәріз жүйесіне шығаруға арналған құрылғымен жабдықталады.

720. Вахталық кен орындарын орналастыру жобасында белгіленген қашықтықта ЖҚҚ тыс орналастырылады.

721. Вахтаның тағам дайындау және қабылдауға, жұмыстан бос уақытта демалуына арналған ғимараттар ұңғыма сағасынан 200 м кем емес қашықтықта орналасады.

722. Күкірт сутегі жоғары болатын кен орындарын да оны барлаумен байланысты объектілер салынады. Кен орнының шегінде уақытша және тұрақты объектілер құрлысының тізімі жобада анықталады.

723. Бұрғылау құралдарының өндірістік объектілерінің ғимараттары ШЖК жеткен кезде күкірт сутегіне датчиктерден қосылатын механикалық әсер ететін қиылысқан тұрақты жұмыс істейтін тартпа желдеткішпен жабдықталады.

724. Қызмет көрсететін персоналдың мерзімді болатын ғимараттарында ғимараттың сыртынан қолмен іске қосылатын газ анализаторлар және желдеткіш құрылғылар орнатылады.

Кен орны шегінде жұмыс істейтін персонал ұйым диспетчерімен сенімді екі жақты телефон немесе радиобайланыспен (тұрақты шығарумен), ал газ қауіпті объектіде тікелей жұмыс істейтіндер - ұйым диспетчерімен, көлік ұйымымен, ЖҚҚ қосымша телефон байланысымен қамтамасыз етіледі.

 

 

4-бөлімше. Қондырғыларға, механизмдерге, құралдарға қойылатын талаптар

 

725. Кен орындарын барлау, бұрғылау, әзірлеу және орналастыру процесінде өндірістік объектілерде қолданылатын техникалық құрылғыларды өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын ескеретін жобалық (конструкторлық) құжаттарға сәйкес аттестацияланған ұйымдар дайындайды.

726. Күкірт сутегіне әсер ететін техникалық құрылғылар технологиялық процесстер параметрлері және тот басу - агрессивті орта сипаттары ескеріле отырып таңдалады. Техникалық құрылғыларды пайдалану саласы стандарттық және сульфитті - тот басу шатынауға (әрі карай СТШ) төзімділігі осы Талаптың 13-қосымшасында көрсетілген.

727. Төзімді СТШ қондырғылар паспорттарында көрсетілген ортада қолданудың ұйым – дайындаушының кепілдігі көрсетіледі.

Бұл кепілдіктер ингибиторлық корғанысты бұзбайды.

728. Қондырғыларды таңдаудың белгіленген критерийлерінен елеусіз ауытқулары кезінде тот басу ингибаторларын міндетті түрде беру және бақылау сынауларын жүргізу мерзімін қысқарта отырып, тот басу агрессивті ортада стандартты қондырғылар пайдалануға жол беріледі.

729. Технологиялық қондырғылар сепарациялық (және сорғыш қондырғылар, ыдыстар) процесстерді реттеудің бақылау құралдарымен, блокировка жүйесімен сынама алу құрылғыларымен, тот басу ингибиторларын енгізуге арналған штуцерлермен жабдықталған.

Технологиялық қондырғылар жұмысын бақылау технологиялық регламентке сәйкес іске асырылады.

730. Күкірт сутегі бар сұйықтар ыдыстары (резервуарлар), бұрғылау құрылғыларының циркулярлық жүйе ыдыстары жоғары шектік деңгей сигнал берушілерімен, сұйық деңгейін дистанционды өлшеу құрылысымен және төменгі сынама алушымен жабдықталған.

731. Күкірт сутегі әсер ететін жағдайда пайдаланылатын мұнай, газ және конденсат жинау, дайындау және тасымалдау жүйесінің технологиялық қондырғылар және трубақұбырларын, пайдалану және лифтілік колонналарын ұңғыма ішіндегі және басқа қондырғыларды тот басудан қорғау үшін тот басу ингибиторлары, арнайы жабулар және тот басу белсенділігін азайтудың технологиялық әдістері қолданылады.

732. Алдында күкірт сутегі әсер еткен тастауға қарсы қондырғылар манифольдасы бұрғылау трубалары, лифт трубалары трубақұбырлар оларды қайта пайдалану алдында тот басу өнімдері қалдықтарынан тазартылады, дефекторскопияланады және толтырылады.

733. Күкірт сутегі әсер етуі жағдайында пайдаланылған қондырғыларды, оның бөлшектері мен бөлшектерін бейтараптау және жуудан (булау) кейін жүргізіледі.

734. Аралық колонналарды және тастауға қарсы қондырғыларды герметикалығына тексеру АХҚ өкілінің қатысуымен, ал пайдалану колоннасы және фонтанды арматураны АХҚ және тапсырыс беруші өкілінің қатысуымен акты жасай отырып жүргізеді.

735. Жарылыс қауіпті аумақтарда орналасқан технологиялық құрылғыларды (сорғыш, компрессорлық және басқа) электр қондырғыларының, бұрғылау құрылғы және ұңғымаларды жөндеу құрылғыларының жарылыстан қорғану деңгейі жарылыс қауіпті аумақ классына, жарылыс қауіпті қоспа санаты мен тобына сәйкес келеді.

736. Орама және лифтілі колонналар трубаларының сапасы кернеулік астында сульфитті шытынауға төзімділігіне кепілдік беретін техникалық шарттарға сәйкес келеді, сертификатпен расталады. Трубалар үлгілерін болаттың химиялық құрамы және басқа сапа көрсеткіштері бойынша сертификатқа сәйкес келуі арнайы әдіс бойынша зертханалық жағдайда тексеріледі.

737. Орама, сорғыш компрессорлық, бұрғылау жетекші трубалар жөніндегі трубалық колонналар элементтерін сақтау, тасымалдау пайдалануға дайындау, жеткізіп берушілердің нормативті құжаттамасы жөніндегі нұсқамаларына сәйкес жүргізіледі.

738. Жер үсті қондырғылар мен трубалар қабырғаларының қалыңдығының өзгеруін бақылау арнайы құралдармен жүргізіледі.

Бақылау орны мен мерзімділігі технологиялық регламентте анықталады.

739. Сырттай қараудан басқа қондырғылар мен трубалардың тот басу жағдайын бақылау:

1) бақылау үлгілерін орнатуымен;

2) тот басу жылдамдығы датчиктері бойынша;

3) тот басуды бақылау тораптары бойынша;

4) сутек зондтары бойынша;

5) ультрадыбыс және магнитті қалыңдық өлшеуіштермен іске асырылады.

Тот басуды бақылау әдістері, мерзімділігі және нүктелері қондырғылар және трубақұбырлардың әр түрі үшін жоба нұсқамаларына сәйкес технологиялық регламентте белгіленеді.

 

 

5-бөлімше. Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу

 

740. Күкірт сутегі бар ұңғымалардағы, ашылған қабаттардағы кәсіби- геофизикалық жұмыстар (әрі қарай – КГЖ) АҚҚ келісілген және геофизикалық ұйымның техникалық жетекшісімен және ұйым тапсырыс беруші бекіткен жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жүргізіледі.

741. Жұмысты ұйымдастыру жоспарында қосымша:

1) ұңғымаларды жуу мерзімділігі және жуулар арасындығы КГЖ циклінің максималды ұзақтығы;

2) бақылау жасайтын тұлғалар көрсетіле отырып, жұмыс аумағы ауасындағы және бұрғылау ерітіндісіндегі күкірт сутегінің болуын бақылау кестесі;

3) күкірт сутегі бейтараптаушылармен және тот басу ингибиторларымен бұрғылау ерітіндісін өңдеу жөніндегі мәліметтер;

4) бұрғылауда геофизикалық қондырғыларды (зертхана, көтергіш) орналастыру сызбасы, жер рельефін, жел бағытын және басқаларды ескере отырып, оларды эвакуациялаудың мүмкін жолдары.

742. Геофизикалық партияның (отряд) ұңғымаға шығуына рұқсат беру тиісті акт жасала отырып, жұмыстарды орындауға дайындығы тексерілгеннен кейін, геофизикалық ұйымның техникалық жетекшісімен бір реттік тәртіппен жүргізіледі.

743 КГЖ алдында күкірт сутегі бөлінуі мүмкін жағдайда авариясыз жұмыс жүргізу үшін ұңғыманы ұйым тапсырыс берушіге дайындайды:

1) ұңғымадағы бұрғылау ерітіндісі күкірт сутегін бейтараптаушымен өңделеді;

2) барлық жоспарланған КГЖ кешенін жүргізу уақытында жууды орындауға жеткілікті бейтараптау қоры болады.

744. КГЖ ұйым тапсырыс беруші АҚҚ өкілінің қатысуымен акт жасай отырып, ұңғыма қондырғы және байланыс қорының жағдайын тексергеннен кейін жүргізіледі.

Ұңғымаларды шаблондау уақытында аттыру-жару жұмыстарын (әрі қарай АЖЖ) жүргізу алдында аттыру интервалындағы гидростатикалық қысым анықталады. Егер өлшенетін гидростатикалық қысым қабат кысымынан 5-10 % кем емес болған жағдайда КГЖ жол беріледі.

745. Ұңғымаларды бұрғылау процесінде трубалық сынаушылар мен күкірт сутегі бар қабаттарды сынау жөніндегі жұмыстар жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жүргізіледі.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу