Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:12, реферат
1. Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – МГК) объектілерін жобалау, құрылысы, пайдалану, консервациялау және таратуға таралады.
2. Талапта қолданылатын қысқартулар 1 қосымшада көрсетілген.
3. МГК объектілері үшін технологиялық регламеттер, өндірістік бақылау туралы ережелар, аварияларды жою жоспарлары (әрі қарай – АЖЖ) әзірленеді.
4. МГК барлау объектілерін пайдалануға және сынау қабылдау орындарына беруді комиссия жүргізеді.
2) кәсіпорындар, ұйымдар және адамдарды атмосфераның ластану қауіптілігі және авариялық жағдайлардағы мүмкін әрекеттері туралы хабарлаудың тәртібі мен техникалық құралдары;
3) АЖЖ ескере отырып, авариялық объектілердегі бірінші кезектегі бірлескен әрекеттер;
4) атмосфераның ластануы мүмкін аумақтарын анықтау, белгілеу және бақылау;
5) авариялық жағдайда адамдарды қорғау және эвакуациялау жөніндегі кәсіпорындардың АҚҚ өрт бөлімшесінің және жергілікті әкімшілік органдардың бірлескен іс-әрекеттері.
Бірлескен іс-әрекеттер жоспарын кен орындарын барлауды іске асыратын кәсіпорын әзірлейді және мүдделі ұйымдармен және жергілікті атқару органдардың келісімі бойынша оның жетекшісі бекітеді.
835. Персонал күкіртсутегі бар ұңғымаларды бұрғылауды, мұнай, газ және газ конденсатты өндіру, дайындау, тасымалдау және сақтауды, құрылыс, жөндеу, іске қосу жөндеу жұмыстарды, басқа қызметкерлер осы жұмыстар кезінде көрсетілген объектілерде ЖҚҚ осы Талапты орындауды іске асырады.
836. Өнімді қабатты ашу, перфорация, ағын шақыру, гидродинамикалық зерттеулер және басқа қауіпті операциялар жөніндегі жұмыстар бақылау тұлғасының жетекшілігімн жұмыстарды ұйымдастыру жоспары бойынша жүргізіледі.
837. Жұмыс аумағындағы күкіртсутегінің ШЖК жоғары анықталған:
1) оқшаулаушы тыныс алу құралын (газға қарсы құралдар) кию;
2) жұмысқа жауапты тұлғаға, қауіпті аумақтағы персоналға хабарлау;
3) АЖЖ сәйкес газдануды жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды іске асыру;
4) бірінші кезектегі шараларды қабылдаумен байланысты емес қызметкерлердің қауіпті аумақтан шығуы және эвакуация жоспарымен белгіленген жиналу орнына бағытталу;
5) газдануға тұрақты бақылау жүргізу.
Жұмыстың жауапты жетекшісі немесе атқарушы дабыл сигналын және хабарлауды белгіленген тәртіппен жүргізеді.
АЖЖ бойынша бірінші кезектегі шараларды орындағаннан кейін аварияларды жою жөніндегі әрі қарай жасалатын жұмыстар объектілер жұмыскерлерін қатыстыра отырып, авариялық құтқару қызметінің жоспары бойынша жүргізіледі.
838. Газ қауіпті объектілер жұмыс істейтін мердігерлік ұйымдардың персоналы жұмыс орны мен түрі ескеріле отырып, ұйым персоналы үшін белгіленген оқудан өткізіледі және білімдері тексеріледі, әрі жеке газ сигнал берушілер, ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ, ҰҚҚ пайдаланады.
839. ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ, ҰҚҚ, газ сигнал берушілер саны мен типтері әрбір объектілерде жұмыс ерекшелігі және қызметкерлерді арнайы киімдермен, арнайы аяқ-киімдермен және басқа қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету нормалары ескеріле отырып, жобада анықталады.
Санитарлық-қорғаныс аумақтары шегіндегі құрылыс және басқа ұйымдардың қызметкерлерін ұжымдық және жеке қорғау құралдары және қауіпті жағдайда қамтамасыз ету тәртібі бірлескен іс -әрекеттер жоспарында анықталады.
840. Қызмет көрсетуші тұлғалар оқшаулаушы тыныс алу аппараттарын күкірт бөлінуі мүмкін жағдайда жұмыс орындау технологиясы қарастырылған операцияларды орындау кезінде, АЖЖ және технологиялық регламенттерге сәйкес авариялық жағдайлар болғанда, алғашқы қимылдарды орындау кезінде қолданады.
841. Тыныс алу аппараттары қызметкер мөлшеріне қарай анықталады. Әрбір аппаратқа формуляры бар паспорт салынады және қызметкердің аты-жөні, тегі көрсетілген этикетка тіркеледі. Паспортта тыныс алу аппаратының дұрыс жұмыс істеуі және сынау мерзімі туралы жазулар жүргізіледі.
842. Газ қорғаныс құралдары аттестацияланған ұйымдарда дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес тексеріледі.
843. Жұмыс орындарында ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ, ҰҚҚ, газ сигнал берушілерді тексеру жөніндегі дайындаушының техникалық құжаттары болады.
844. Газ қауіпті объектілерде газ қорғану құралдарының резервтік қоры, саны және типтері жұмыс істеушілердің саны, орындалатын жұмыстар ерекшелігіне қарай анықталады.
845. Резервті құралдар тізімін ұйым әзірлейді және авариялық-құтқару қызметімен келісіледі,
846. Өнеркәсіп қауіпсіздігі ережелері талаптарының орындалуын бақылау өндірістік бақылау туралы ережеге сәйкес ерекше жағдайларды ескере отырып іске асырылады.
847. Күкіртсутегі бар қауіпті объектілер персоналын оқыту бағдарламасы:
1) күкіртсутегінің және басқа зиянды заттардың қасиеттері мен адам организміне әсері;
2) ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ, ҰҚҚ мақсаты, құрылғысы, пайдалану ережелері;
3) қауіпсіздік белгілері, сигнал беру түстері, авариялық хабарлау сигнал берулер;
4) жұмыс аумағы ауасын бақылау тәртібі, әдістері мен құралдары;
5) ЖҚҚ, ТО ЖҚҚ, ҰҚҚ пайдалану арқылы қауіпсіз шаралар мен жұмыс әдістері;
6) қауіпсіздік шаралары мен мүмкін авариялық жағдайларды әеркет ету тәртібі;
7) зардап шегушілерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету әдістері мен құралдары;
8) АЖЖ құрамы, өндірістік бақылау және хабарлау жүйесі қарастырылады.
10-бөлімше. Ауа ортасын бақылау
848. МГК барлау объектілері аумақтарында жел бағытын және жылдамдығын анықтауға арналған құрылғылар орнатылады. Қараңғы уақытта құрылғылар жарықтандырылады. Орналастыру орындары әркет ету жоспарында көрсетіледі.
849. Жұмыс аумағына күкіртсутегінің бөлінуі мүмкін құрылғыларда, ғимараттарды және өнеркәсіп алаңдарында (бұрғылау құрылғысы, өндіру ұңғымалары, мұнай және газ деңгейін өлшеу жөніндегі құрылғылар, кәсіби манифольдалар, мұнай және газ дайындау құрылғылары және басқалар) ауа ортасын тұрақты бақылау автоматты, стационарлы газ сигнал берушілермен және күкіртсутегінің қауіпті концентрациясының сигнал беруімен, күкіртсутегі жиналу орындарында тасымалданатын газ сигнал берушілермен және газ анализаторлармен осы Талаптың 14-қосымшасына сәйкес іске асырылады.
850. Стационарлы газ сигнал берушілер датчиктерін орналастыру орындары газ тығыздығы, қолданылатын қондырғылар параметрлері, оның орналасуы және жеткізіп берушілер ұсынымдары ескеріле отырып, кен орындарын орналастыру жобасында анықталады.
Бұрғылау құрылғыларында датчиктер бірінші науа жүйесінде роторда, вибро илегіште сорғыш ғимаратында (2 дана), қабылдау ыдыстарында (2 дана) және персонал демалатын ғимаратта орналастырылады.
851. Стационарлық газ анализаторлардың диспетчер пунктіне (басқару пульті) шығатын дыбыс және жарық сигналы болады, датчиктер орналасатын орындарда монтаждау алдында және белгіленген мерзімде пайдалану процессінде мемлекеттік тексерістен өткізіледі.
852. Кәсіби аумақтардағы ауа ортасын бақылау диспетчер пунктке, АҚҚ шығарыла отырып автоматты жүргізіледі.
853. Объектілерде күкіртсутегі концентрациясы тасымалданатын газ сигнал берушілермен немесе газ анализаторлармен өлшеуді ұйымның жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес оқытылған персонал, ал авариялық жағдайда АҚҚ жүргізеді. Өлшеулер нәтижелері осы Талаптың 15-қосымшасына сәйкес «Ауа ортасын бақылау журналына» жазылады.
854. Автоматты бақылаумен қатар, қызмет көрсету персоналы тасымалданатын газ анализаторлармен ауа ортасын бақылауды жүргізеді:
1) зиянды заттары бар газдар мен сұйықтар қайта айдалатын ғимараттарда - әрбір төрт сағат сайын;
2) зиянды заттар бөлінуі және жиналуы мүмкін ғимараттарда, бөлінуі және жиналуы мүмкін орындардағы сыртқы құрылғыларда – ауысымда бір реттен жиі емес;
3) бөліну көздері болмайтын, бірақта сырттан зиянды заттар түсуі мүмкін ғимараттарда – тәулігіне бір реттен жиі емес;
4) стационарлық газ сигнал берушілерді орналастыру қажеттілігі жоқ қызмет көрсету персоналы тұрақты болатын орындарда – ауысымда екі реттен жиі емес;
5) мерзімді қызмет көрсетілетін орындарда – жұмыс алдында және жұмыс процессінде;
6) резервуарлық паркте, резервуарлардың әрбір каресінің ортасында, бекіту маңында одан резервуардың осьтік желілерінен жел жағынан 5-10 м қашықтықта – ауысымда бір реттен кем емес;
7) газдалған аумақтағы авариялық жұмыстар кезінде – 30 минутта бір реттен жиі емес.
АЖЖ сәйкес авариялық жағдайды жойғаннан кейін зиянды заттардың, күкіртсутегінің жиналуы мүмкін орындарда ауаның қосымша талдауы жүргізіледі.
855. Елді-мекендердегі ауа ортасын бақылау стационарлық нүктелерде және жылжымалы зертханаларда ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес іске асырылады.
Талдау нәтижелері:
1) анализдерді тіркеу журналында;
2) сынама алу картасында (сынамаларды алу мәліметтері, орны, процесі, жел бағыты мен күші, метерологиялық жағдайлар мен басқалар) жазылады.
19-бөлім. Ұңғымаларды консервациялау және жою
856. Ұңғымаларды жою кезінде (пайдалану колоннасымен немесе ол болмағанда) өнім қабаты оның барлық қуаттылығы бойынша төбесінен 100 м цементпен жабылады.
Егер жойылатын ұңғымалардың пайдалану колоннасы түсірілмесе, онда соңғы аралық колоннаның башмагында биіктігі 10 м кем емес цемент көпір орнатылады.
857. Ұңғымаға түсірілген соңғы колоннада түйістіру құрылғысы болған жағдайда (пайдалану немесе аралық) секциялар қиылысуы интервалында түйісу орнынан 50 м төмен және жоғары цемент көпір орналастырылады.
858. Цемент көпірін әрбір орнатуы алдында ұңғымалар бейтараптаушымен өңделген тығыздығы күкіртсутегі бар қабатты ашу кезінде ерітіндінің тиісті тығыздығына сәйкес келетін бұрғылау ерітіндісімен толтырылады.
859. Көпірлер орнатуға арналған тампонажды материалдар тот басуға төзімді және күкіртсутегі қабаттар интервалындағы орама колонналарды цементтеуге арналған ұңғымалар құрылысының техникалық жобасында қарастырылған талаптарға сәйкес келеді.
860. Цемент көпірлердің болуы және мықтылығы бұрғылау құралын түсіру және тиеумен тексеріледі. Жүктеме шамасы қолданылатын цементке арналған рұқсат етілетін қысым ескеріле отырып белгіленеді.
861. Ұңғыма сағалары тарату жұмыстары аяқталғаннан кейін колонна басымен және тот басу – төзімді орындаудағы жоғары қысымды ысырмамен, трубалық және колонна аралық кеңістіктегі қысымды бақылауға арналған арналармен жабдықталады. Ұңғымалар сағалары маңында 2 х 2 мөлшердегі қоршауы бар алаңдар жабдықталады. Қоршауларда, ұңғымалар нөмірі, бұрғылау, аяқталу мерзімі, күкіртсутегі болуы мүмкіндігі туралы ескертетін «Қауіпті, күкіртсутегі» жазуы ілінеді.
862. Жою жұмыстарын жүргізгеннен кейін бір айдан соң, алты айдан соң және әрі қарай жылына бір реттен жиі емес мерзімділікпен кейін трубалық және колонна аралық кеңістіктегі қысым, ұңғымалар сағасы маңындағы және жақын орналасқан төменгі орындарда ауада күкіртсутегі болуы бақылауға алынады. Өлшеулер нәтижелері тиісті актілермен рәсімделеді.
863. Ұңғымалар сағаларында қысым пайда болған уақытта жоспар бойынша қосымша оқшаулау жұмыстары жүргізіледі.
864. Консервациялау кезінде ұңғымалар бейтараптаушымен өңделген ерітінділермен толтырылады. Перфорация интервалында биіктігі 100 м кем емес цемент көпірі орналастырылады. Лифтілі колонна цемент көпірінің үстіне 50 м кем емес көтеріледі немесе ұңғымадан шығарылады.
Цемент көпірі орналастырылғаннан кейін трубалық және трубадан тыс ұңғымалар кеңістіктері бейтараптаумен өңделген ерітіндімен толтырылады.
865. Консервирленетін ұңғымалардың арматуралар ысырмаларының штурвалдары алынады, шеткі фланцтер бітегіштермен жабдықталады, манометрлер анықталады және патрубкалар герметизирленеді.
866. Консервирленген ұңғыманың сағалары осы Талапқа сәйкес қоршалады.
20-бөлім. Ұңғымаларды бұрғылау және бекіту
867. Бұрғылау Талапқа сәйкес әзірленген берілген ұңғымалар құрылысына арналған техникалық жобасы болғанда жүргізіледі.
868. Ұңғымаларды бұрғылау процесінде оның геологиялық сипатын, су, мұнай және газ деңгейжиектері, барлық стратиграфикалық деңгейжиектер бойынша қабат және соңғы қысымдарды нақтылау жөніндегі зерттеулер жүргізіледі.
869. Флюид, күкіртсутегі болатын қабаттарды ашу алдында (қабатқа дейін және ашудың барлық мерзіміне 50-100 м артық) және ашудың барлық мерзіміне:
1) геологиялық-техникалық бақылау (әрі қарай-ГТБ) орнатылады;
2) бұрғылау аумағының маңында (кіре-беріс жолдарында, бұрғылау және басқа аумаққа өту орындарда) қауіпсіздік белгілер орнатылады;
3) жұмыс аумағындағы ауада күкіртсутегі болуын бақылау құралдарының дұрыс жұмыс істеуі, ЖҚҚ болуы және дұрыс жұмыс істеу тексеріледі;
4) бұрғылау ерітіндісі бейтараптаумен өңделеді;
5) персоналдың АЖЖ білуі және ЖҚҚ қолдана алуы, дәрігерге дейінгі көмек көрсету алуын тексеру нұсқаулық беру журналында тіркеле отырып жүргізіледі;
6) ұңғыманың екі көлемінен кем емес мөлшердегі бұрғылау ерітіндісімен өңдеу үшін жеткілікті нейтралдайтын күкіртсутегінің материалдары мен химиялық реагенттерінің бұрғылау қорымен қамтамасыз етіледі;
7) АҚҚ өкілдерінің эвакуациялауға арналған көлігінің тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылады;
8) бұрғылауда және цементтеу аппаратының жұмысқа тұрақты дайындығы қамтамасыз етіледі;
9) авариялық жағдайда қызметкерлердің қауіпті аумақтан шығу маршруттары анықталады;
10) цементтік көпір орналастыруға жеткілікті мөлшердегі цемент бұрғылау қоры қамтамасыз етіледі. Цементтің ұстау және мықтылық мерзіміне сынау 10 күнде бір реттен жиі емес.
Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу