Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:12, реферат
1. Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – МГК) объектілерін жобалау, құрылысы, пайдалану, консервациялау және таратуға таралады.
2. Талапта қолданылатын қысқартулар 1 қосымшада көрсетілген.
3. МГК объектілері үшін технологиялық регламеттер, өндірістік бақылау туралы ережелар, аварияларды жою жоспарлары (әрі қарай – АЖЖ) әзірленеді.
4. МГК барлау объектілерін пайдалануға және сынау қабылдау орындарына беруді комиссия жүргізеді.
Ұйымның техникалық жетекшісі әрбір нақты жағдайда Технологиялық регламентті әзірлеуге қатысатын өндірістік және техникалық қызметтер, ұйымдарды анықтайды.
3. Регламенттік әрекет ету мерзімі
9. Технологиялық регламенттің әрекет ету мерзімі жобалау шешімдері мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес пайдалану ұйымдарының шешімі бойынша анықталады.
10. Технологиялық регламент келесі жағдайда қайта қарастырылады және толықтырылады:
1) өндірістік және технологиялық жағдайлар өзгергенде;
2) қауіпсіздік декларирлеу шарты өзгерген жағдайда;
3) өнеркәсіп, өрт және экологиялық қауіпсіздік, еңбек және қорашаған ортаны қорғау жөніндегі ережелер мен нормативтік құжаттар өзгергенде;
4) қосымша жобалық шешімдер мен қауіпсіздік талаптары регламентке сәйкес келмегенде;
5) жобалық шешімдер мен МДҚ, көмекші құрылғылар мен ғимараттарды пайдалану процессінде қауіпсіздік шарттарының орындалмауы анықталғанда;
6) технологиялық өнімнің қанағаттанарлықсыз сапасы кезінде;
7) жоғары тұрған ұйымның, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспектордың шешімі және нұсқауы бойынша.
11. Технологиялық регламент өзгерген жағдайда бекіту процедурасы Технологиялық регламент және жобалық құжаттарды дайындау шарттарына сәйкес келеді.
4. Технологиялық регламентті рәсімдеу
12. Технологиялық регламент Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы конструкторлық құжаттар, мәтінді құжаттарға сәйкес рәсімделеді.
13. Әрбір технологиялық регламенттің титуль бетінде және Технологиялық регламенттің барлық құжаттамасы бойынша колонтитулында көрсетіле отырып, нөмірі, индекс немесе ұйымда қабылданған тәртіптегі белгілері беріледі.
14. Титулды беттің ұсынылатын үлгісі:
______________________________
(ұйым атауы)
«БЕКІТІЛГЕН»
_____________________
(лауазымы немесе
______________________
құжат атауы)
«___» ________________
(күні)
Мұнай дайындау құрылғысын
пайдалануға арналған
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ РЕГЛАМЕНТ
______________________________
(объект атауы)
Әзірлеушілер:
(ұйым, лауазымы, аты-жөні, тегі)
Құжат индексі:
Әрекет ету мерзімі:
15. Технологиялық регламенттер даналарының саны, МДҚ, көмекші құрылғылар мен ғимараттарда және басқа бөлімшелерде сақтау шарттары оны пайдаланушылар санына қарай пайдалану ұйым анықтайды.
16. Технологиялық регламенттің ұйымның техникалық қызметімен бекітілген көшірмелері мен үзінділері жеке құрылғылар және МДҚ, көмекші құрылғылар мен ғимараттарда жұмыс істейтін мүдделі ұйымдар басшыларына басшылыққа алу және технологиялық режимді жүргізу үшін беріледі.
17. Қолданыстағы Технологиялық регламентке шикізат сапасының өзгеруімен байланысты, жүктемелердің, режимнің өзгеруіне, қондырғыларды ауыстырумен және басқа шарттарға байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Өндірістік шарттардың негізделген өзгерістері кезінде МДҚ, көмекші құрылғылар мен ғимараттарды модернизациялау және реконструкциялау кезінде жаңа технологиялық регламент әзірленеді.
18. Елеусіз өзгерістер мен толықтыруларды ұйымның техникалық қызметтері енгізеді және ұйымның техникалық жетекшісі бекітеді.
19. Өзгерістер үлгі бойынша рәсімделеді және Технологиялық регламентпен бірге сақталады.
№№ р/н | Бөлім, бет № | Қолданыстағы редакция | Жаңа редакция | Өзгерістер мен толықтырулар негіздемелері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
20. Өзгерістерді тіркеу беті үлгі бойынша жүргізіледі және өзгерістер мен толықтыруларды әрі қарай жазу үшін регламентке енгізіледі.
ИӨзг. | Парақ (беттер)нөмірі | Құжаттағы барлық парақ (бет) | Құжат № | Алып жүретін құжаттың кіріс № | Қолы | Күні | |||
өзгертілген | ауыстырылған | жаңа | жойылған | ||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
5. Технологиялық регламент мазмұны
21. Технологиялық регламент мазмұнына МДҚ, көмекші құрылғылар мен ғимараттардың жұмыс циклі бойынша бөлімдер енгізіледі:
1) өндірістік объектілердің жалпы сипаттары;
2) бастапқы шикізат, материалдар, реагенттер, дайындалатын өнімдердің сипаттары;
3) өндірістік көлемнің технологиялық процессінің және техникалық сызбасының сипаттамасы;
4) техникалық режим нормалары;
5) технологиялық процесті бақылау және автоматтау;
6) өндірістік объектілерді қалыпты және авариялық жағдайда қауіпсіз іске қосу және тоқтатудың негізгі талаптары;
7) өндірісті қауіпсіз пайдалану. Аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесі және қауіпті жағдайдағы әрекеттер;
8) өнім өндіру кезіндегі қалдықтар, ағынды сулар, атмосфераға тастаулар, оларды жою әдістері, қайта өңдеу;
9) технологиялық қондырғының, реттеуші және қорғаныс қалқаншаларының, басқару жүйесінің қысқаша сипаттары;
10) нормативтік-техникалық құжаттар тізімі;
11) өнім өндірудің технологиялық сызбасы (графикалық бөлігі);
12) МДҚ, көмекші құрылғылар мен ғимараттарды, олармен байланысты объектілерді орналастырудың ситуациялық жоспары.
6. Технологиялық регламент тарауларының мазмұны
22. Өндірістік объектілердің жалпы сипаттамасы:
1) өндірістік объектілер атауы, оның мақсаты, пайдалануға берілу жылы, орналасқан орны, ведомостволық бағыныстылығы;
2) технологиялық регламентті әзірлеген және жобаны орындаған ұйым атауы;
3) технологиялық объектілер желілер (ағындар) саны және олардың мақсаты.
23. Бастапқы шикізат, материалдар, реагенттер, дайындалатын өнімдердің сипаттары:
1) өнімнің техникалық атауы, нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес сапасы;
Пайдалану саласы. Мәліметтер 1 - кесте үлгісі бойынша келтіріледі.
1-кесте
Бастапқы шикізат, материалдар, реагенттер,
дайындалатын өнімдердің сипаттары
№ р/н | Дайындалатын өнімнің шикізат, материалдар, реагенттерінің атауы | Мемлекеттік немесе салалық стандарт, ұйым стандартының нөмірі | Тексеруге міндетті сапа көрсеткіштері | ГОСТ, ОСТ бойынша нормалар (қажетіне қарай толтырылады) | Дайындалатын өнімді пайдалану саласы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ескерту: Тексеру үшін сапа көрсеткіштеріне металдар тот басуын, адам организміне және қоршаған ортаға зиянды және қауіпті басқа заттар бөлу мүмкіндігі бар аралық өнімдегі және дайын өнімдердегі компоненттердің шикізатта болуын реттейтін көрсеткіштер енгізіледі.
2) шикізаттар, реагенттер, дайын өнімдер және өндіріс қалдықтарының жарылыс өрт қауіптілік және улылығы бойынша қасиеттері «Өндірісті қауіпсіз пайдалану» тарауында келтіріледі.
24. Өндірістік объектілердің технологиялық процесстері мен технологиялық сызбасының сипаты:
1) регламенттің графикалық қосымшасы болып табылатын сызбасына сәйкес, технологиялық процесстердің сипаты, бірізділігі, сипаты тарауда келтіріледі;
2) технологиялық сызбаның сипаты процестің негізгі технологиялық параметрлері (температура, қысым, процеске қатысатын және технологиялық сызба құрамына енгізілген негізгі қондырғылар) көрсетіле отырып, шикізаттың түсуінен бастап, технологиялық процесс сатылары бойынша келтіріледі. Сызба мазмұны бойынша автоматтандыру және блокировкалау, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныстың негізгі жүйелері көрсетіледі.
25. Технологиялық режим нормалары:
1) үзіліссіз және мерзімді процестерге арналған технологиялық режим нормалары 2 кестедегі үлгі бойынша келтіріледі;
2-кесте
Технологиялық режим нормалары
№ р/н | Процесс сатысының, қондырғылар, атаулары, редим көрсеткіштерінің атауы | Сызбадағы аспап позициясының нөмірі | Өлшеу бірлігі | Технологиялық параметрлердің рұқсат етілген шектері | Өлшеу аспаптарының талап етілетін нақтылық класстары | Ескерту |
1 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу