Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:12, реферат
1. Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – МГК) объектілерін жобалау, құрылысы, пайдалану, консервациялау және таратуға таралады.
2. Талапта қолданылатын қысқартулар 1 қосымшада көрсетілген.
3. МГК объектілері үшін технологиялық регламеттер, өндірістік бақылау туралы ережелар, аварияларды жою жоспарлары (әрі қарай – АЖЖ) әзірленеді.
4. МГК барлау объектілерін пайдалануға және сынау қабылдау орындарына беруді комиссия жүргізеді.
870. Күкіртсутегі бар қабаттарды ашу бұрғылау мен персоналдың ашуға дайындығы тексерілгеннен және орнатылғаннан кейін, мұнай және газдың (ашық фонтан) авариялық тасталуы жағдайында газдануы мүмкін аумақта да жұмыс істеушілерді, тұрғындарды қорғау жөніндегі шаралардың орындалуын бақылау тұлғасының жетекшілігімен тексергеннен кейін жүргізіледі.
Тексеріс ұйымының техникалық жетекшісі төрағалық етуімен ұйымның бұрғылау комиссиясымен іске асырылады. Тексеріс нәтижелері актімен рәсімделеді.
871. Күкіртсутегі бар қабаттарды бұрғылау кезінде осы Талаптың 16-қосымшасына сәйкес қолданыстағы әдістердің бірімен бұрғылау ерітіндісіндегі күкіртсутегі және сульфидтердің болуы бақылауға алынады. Олар анықталған жағдайда бұрғылау ерітіндісі бейтараптаумен өңделеді.
872. 878-тармаққа сәйкес келетін кен орындары объектілерінде өнімділік деңгейжиектерін бұрғылау тот басу төзімділік орындаудағы шар бұрандалы турба үстінен және астынан орнатыла отырып жүргізіледі.
873. Бұрғылау көпірлерінде диаметр және мықтылық сипаттары бойынша бұрғылау колоннасының жоғары секциясына сәйкес келетін престеуші трубалар болады. Трубалар ашық қалыптағы шар бұрандасымен, бұрғылау немесе орама колоннасының өткізгішімен жабдықталады және сары түске боялады. Тастауға қарсы қондырғының манифольдалы желісіне трапты – факельді құрылғы қосылады.
874. Газ пайда болуларын ерте анықтау мақсатында:
1) циркуляция болмаған жағдайда ұңғымалардағы жуу сұйығы деңгейінің;
2) бұрғылаудың механикалық жылдамдығының және қысымды желідегі қысымның;
3) қабылдау ыдыстарындағы ерітінді деңгейінің және науалардағы бұрғылау ерітіндісінің жылдамдығының;
4) ертіндідегі газ болуының, бұрғылау ерітіндісіндегі сульфидтердің болуың тығыздығының өзгерістеріне бақылау жүргізіледі.
875. Мұнай газ пайда болулары кезінде ұңғымалар сағалары герметизацияланады және әрі қарай жұмыстар АЖЖ сәйкес жүргізіледі.
876. Өнімділік қабатты ашу әмбебап және біреуі кесетін плашкалы болып келетін, үш плашты превентор болғанда жүргізіледі. Превенторлы құрылғыны байлау сызбасы өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен және АҚҚ келісілген.
877. Өнімділік қабатты бұрғылау және игеру кезінде қандай-да бір эксперименталды және тәжірибелік жұмыстар АҚҚ келісілген және ұйымның техникалық жетекшісімен бекітілген бағдарлама бойынша жүргізіледі.
878. Ұңғымаларды сынау кезінде аумаққа бөтен адамдардың және көлік құралдарының кіру мүмкіндігін болдырмайтын бақылау – жіберу пункті орналастырылады.
879. Керн қабылдауыштан кернды шығару алдында осы жұмыспен байланыссыз персонал қабылдау көпірінен шығарылады.
880. Кернді шығару және өңдеумен айналысатын персонал оқшаулаушы газға қарсы құралдарымен және резина қолқаптармен жабдықталады.
881. Керн үлгілері күкіртсутегіне төзімді материалдардан жасалған герметикалық контейнерлерге салынады.
882. Керн қоймасы стационарлық газ сигнал берушілермен және желдеткіш жүйесімен жабдықталады.
21-бөлім. Мұнай және газ ұңғымаларын жер асты жөндеу
1-бөлімше. Дайындау және мұнара монтаждау жұмыстары
883. Ұңғымаларды жер асты жөндеуге беру және оларды жер асты жөндеуден кейін қабылдау актімен рәсімделеді.
884. Ұңғымалардың әрбір жер асты жөндеуіне ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен жұмыстарды ұйымдастыру жоспары (әрі қарай-ЖҰЖ) әзірленеді. Қажет болған жағдайда, мұнай газ су пайда болу қауіптілігі туындаған жағдайда немесе ашық фонтандар кезінде, күкіртсутегі қабатты флюиді болғанда авариялық құтқару фонтанға қарсы қызметімен келісіледі.
ЖҰЖ енгізіледі:
1) ұңғымалар конструкциясы туралы және орама колонналарды цементтеу туралы мәліметтер;
2) жер асты және жер үсті қондырғылар сипаттары;
3) ұңғымалар пайдаланудың қысқаша сипаттамасы, ағымдағы қабатты қысым мен температура, қабатты қысымды өлшеудің соңғы күні және оның шамасы;
4) ұңғымалар жұмысының күтілетін технологиялық көрсеткіштері, жөндеуден кейінгі ұңғымалар;
5) жұмысты қауіпсіз өндіру жағдайлары, өнеркәсіп, өрт және пайдалану қауіпсіздігі, еңбек және қоршаған ортаны қорғау, мұнай газ су пайда болуының алдын алу және ашық фонтандар жөніндегі шаралар;
6) көтергіш құрылғыны, сағалық және тастауға қарсы қондырғыларды орналастыру сызбасы, ұңғымалардағы жұмыс алаңының құралдары мен жарақтандырылуы;
7) бітеу және цементтеуге қажетті сұйық көлемі мен тығыздығы;
8) жуу сұйықтарын өңдеу және дегазациялауға арналған құралдар.
885. ЖҰЖ мұнай және газ ұңғымаларын жер асты жөндеу кезінде ұңғымалар ерекшеліктеріне (құрылықта, теңізде, мұнай. Газ және осыған ұқсастардағы токсикалық компоненттер) байланысты өрт сөндіру, байланыс, қауіпті және зиянды өндірістік факторларды бақылау құралдары, санитарлық-гигиеналық жағдайлар, электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұңғымалар сағаларының қондырғылары, токсикалық компоненттерді (күкіртсутегі, көміртегінің екі тотығы және басқалар) белгілей отырып, қауіпті аумақтар, жарылыс-өрт қауіпсіздігі шарттары, санитарлық-қорғаныс аумақтары қарастырылады.
Сыртқы ауа температурасы, ПРС тоқтатылатын немесе жұмыста үзілістер ұйымдастырылатын осы климаттық аудандағы жел бағытының шектік мәндері.
ЖҰЖ ұңғымалар ерекшелігіне сәйкес келетін әдіс бойынша ұңғымаларды бітеу есептері қоса тіркеледі. Жер асты жөндеу жұмыстарын жүргізу алдында персонал ЖҰЖ қол қойып таныстырылады.
886. Жұмысты тікелей орындаушылармен тіркеу журналдарына жаза отырып, техника және фонтанға қарсы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтар жүргізіледі.
887. Жөндеу жүргізу алдында қондырғыларды қарау және қондырғылар жинағының, құралдар мен құрал-жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру, тиеу, тасымалдау, түсіру және оны ұңғымалар сағасына орналастыру, мұнараларды (мачта), көпірлер, стеллаждар, жұмыс алаңдары, көпірлерде тасымалдау және трубалар стеллаждары, штанг, сорғыш орналастыру, арқандарды және кронблоктарды қарау, тальді механизмдерді жарақтандыру және оның элементтерін майлау, мұнаралар жағдайын тексеру, тартпаларды бекіту, баспалдақтарды, едендерді, көпірлерді, стеллаждардың жағдайын алдын ала тексеру жүргізіледі.
Ұңғымаларды жөндеу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
2-бөлімше. Көтергіш агрегат
888. Көтергіш агрегаттың, мачтаның мұнараның жүк көтерімділігі, рұқсат етілетін желдің жүктемесі жөндеу процесінде күтілетін максималды жүктемеге сәйкес келеді.
Ұңғымаларды жөндеуге арналған құрылғылар, агрегаттар, қондырғыларды (әрі қарай-құрылғылар) тасымалдау және құрылыс-монтаждау жұмыстары келесі шарттар орындалған жағдайда жүргізіледі:
1) белгіленген тәртіппен бекітілген жұмысты ұйымдастыру жоспарының болуы;
2) құрылғылардың қозғалу трассасының дайындығын тексеру және электр желілерінің, темір жол қатынасының, трубақұбырлардың, басқа да коммуинкациялардың және мұнай газ өндіру объектілерінің инфрақұрылымдар объектілерінің қиылысу шарттарының тиісті ұйымдармен келісімінің болуы;
3) жауапты тұлғаларды ( мердігерлер, қосалқы мердігерлер) олардың қауіпсіздік талаптарын орындау жөніндегі функцияларын көрсете отырып тағайындау.
Ұңғымалардағы құрылғылар мен қондырғыларды жылжыту белгіленген тәртіппен тағайындалған бақылау тұлғасының жетекшілігімен жүргізіледі.
Жұмысты ұйымдастыру жоспарында көрсетілетін көрінушілік пен қауіпсіздікті шектейтін қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қондырғыларды тасымалдауға және монтаждауға жол берілмейді.
Құрылғылар, қондырғылар, қосалқы объектілердің орналасуы бекітілген сызбаға сәйкес келеді. Персоналға арналған ғимарат ұңғымалар сағасынан қауіпсіз аумақта мачта (мұнара) биіктігінен плюс 10 м кем емес қашықтықта орналастырылады.
Жер асты және жер үсті коммуникацияларын орналастыру сызбасын ұйым-тапсырыс берушінің маркшейдерлік қызметі бекітеді және орындаушыға дайындау және жөндеу жұмыстары басталғанға дейін беріледі.
889. ПРС алдында ұңғымалар сағасында мұнарадан жөндеу кезінде мөлшері 4 х 6 м және мачтамен жөндеу кезінде мөлшері 3 х 4 м жұмыс алаңы орналастырылады.
890. Алаңдарға қойылатын талаптар:
1) алаң еденін қалыңдығы 4 мм кем емес рифленген, қималанған немесе дәнекерленген металл табақтардан дайындайды;
2) алаң еденінің сенімді тіреуі және көтергіш агрегатқа бекітуге арналған құралдары болады;
3) алаңның ұңғымалар сағаларына төгілетін сұйықтарды жинау мен төгуге арналған ыдысымен құрылғысы болады;
4) алаң желдің басым бағыты ескеріле отырып, ұңғымаларға қатысты жел жағынан орналастырылады;
5) жұмыс алаңы көпірлермен және стеллаждармен жабдықталады.
Көпірлер ені 1 м кем емес. Жер бетінен көпірлер биіктігі 0,5 м олардың түсетін орындар жасалады.
Стеллаждар ұштары ілініп тұрмайтындай трубалар мен штангілер салу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
891. Агрегаттың жұмыс алаңының биіктігі превенторларды ұңғымалар сағасына орналастыруға мүмкіндік береді.
892. ПРС арналған жылжымалы агрегаттар жұмыс алаңында зауыт-дайындаушының нұсқаулықтарына сәйкес орнатылады. Агрегаттар қондырғылары жарылыстан қорғану орындауында қолданылады.
893. ПРС арналған агрегат:
1) бақылау-өлшеу құралдарымен соның ішінде салмақ индикаторымен, жабдықталған, түсіру-көтеру операцияларының басқару пультімен;
2) көрінетін орында ілінген металл тақтайшасы бар мачтамен (мұнарамен). Тақтайшада дайындалу күні, зауыт-дайындаушы, құрылғының зауыт нөмірі, мачтаның жүк көтергіштігі (номинальды), мачтаның техникалық жағдайы келесі тексерудің мерзімі көрсетіледі.
Мачталар (мұнара) болат арқаннан жасалған бекітуге арналған құрылғымен жабдықталады. Тартпаларды бекіту күні, диаметрі және орны агрегат паспортында анықталады;
3) шығырмен;
шығырды басқару сызбасында:
жүк көтергіштікті шектеуші;
шығыр барабанының (бальдік блокты қарсы итергіш) қозғалысын блокировкалау арқылы тальдік блокты көтеру биіктігін автоматты шектеуші;
тежеуіш жүйесі қарастырылады;
4) шассиді көлденең жағдайға орналастыруға мүмкіндік беретін дистанционды басқару;
5) тальдік блокты фиксациялауға және мачтаны қозғау кезінде зақымданудан қорғауға арналған құрылғы;
6) гидроқондырғы элементтерінің істен шыққан уақытында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дистанционды басқару;
7) іштен жану двигательдерінің ұшқын сөндіргіштерімен және двигательге (ауа жинағыш) ауа кіруінің шұғыл жабу кезінде тосқауылдар;
8) двигательді авариялық ажырату құрылғысы;
9) жарықтандырумен жабдықталады.
Жарықтандыру ротордың 100 - лк, шығырдың – 75 лк, тальдік блок – 30 лк, қабылдау көпірлер -10 лк жарықтандырылуын қамтамасыз ететін жарылыс қауіпсіз орындауда орындалады.
Жұмыс орындары мен жөнделетін ұңғымалардың аумақтарын жарықтандыру санитарлық нормалар мен өнеркәсіп қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келеді.
Әуе және кабельді электр желілер, трансформаторлар және тарату құрылғылары, электр құрылғылармен және қондырғылар, диэлектрикалық құралдар электр қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді. Кабельдер жер асты салу орындары қауіпті аумақтар шекарасында, жолдар мен басқа коммуникациялар қиылыстарында қауіпсіздік белгілермен орналастыралады.
Электр желілерінің, мұнай газ су құбырлары және жарылыс өрт қауіпті объектілердің қауіпті аумақтарында жұмыстар ұңғымалар жөндеу жөніндегі жауапты жетекші берген наряд-рұқсат беру бойынша жүргізіледі.
Электр энергиясын берумен, электр қондырғыларын пайдаланумен байланысты құрылғылар мен жер үсті қондырғылардың өнеркәсіп қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жерге қосулары мен найзағайдан қорғануы болады.
Құрылғыда жұмыс жүргізетін персоналдың өнеркәсіп қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес біліктілігі мен рұқсаты болады.
Ұңғымада журнал мен наряд-рұқсат беруде тіркей отырып, қауіпті аумақта орналасқан өлшеу құралы мен ұңғымалардан бітегіштер қою арқылы мұнай газ құбырларының артық қысымын ажырату және алудан кейін жұмыстардың топтық алаңдарындағы жұмыстар жүргізіледі. Ажырату орындарында ескерту жазулары мен қауіпсіздік белгілер орнатылады.
Электр сорғыштармен жабдықталған топтық алаңдардағы жұмыс істеу кезінде қауіпті аумақта орналасқан жабдықталған ұңғымалардың, электр кабельдері эстакадалардан (бағандардан) алынады және оқшаулаудың сақталуын және жұмыс істеуші персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тыстармен жабылады.
Қауіпсіз аумақтағы ұңғыма құрылғылары мен жөндеу қондырғыларын монтаждаудан кейін іске қосылады;
10) ол бойынша жоғары жұмыскерлерді қауіпсіз көтеруге арналған құралдары бар және оның авариялық эвакуациялануына арналған құрылғылары бар баспалдақтармен;
11) механикалық құлыптары бар гидравликалық тіреу домкраттарымен және олардың астына фундаментті балкалармен;
Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу