Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:12, реферат

Описание работы

1. Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – МГК) объектілерін жобалау, құрылысы, пайдалану, консервациялау және таратуға таралады.
2. Талапта қолданылатын қысқартулар 1 қосымшада көрсетілген.
3. МГК объектілері үшін технологиялық регламеттер, өндірістік бақылау туралы ережелар, аварияларды жою жоспарлары (әрі қарай – АЖЖ) әзірленеді.
4. МГК барлау объектілерін пайдалануға және сынау қабылдау орындарына беруді комиссия жүргізеді.

Работа содержит 1 файл

Документ.doc

— 19.50 Кб (Скачать)

631. Газдардың бөлінуі мүмкін орындарда зиянды заттары бар ауаны соруға арналған құрылғылар орналастырылады.

Автоматты іске қосумен жабдықталған желдеткіштер ескерту жазуларымен қамтамасыз етіледі.

632. Желдеткіш құрылғыларға дайындаушы немесе ұйым белгілеген үлгідегі паспорт пен жөндеу және пайдалану жөніндегі журналдар рәсімделеді.

633. Қондырғыларға қызмет көрсету және жөндеу кестесінде желдеткіш құрылғыларына қызмет көрсету және олардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру жөніндегі тиісті жұмыстар қарастырылады. Объектілерді желдеткіш құрылғыларының сәйкес келмеуі және дұрыс жұмыс істемеуі кезінде қабылдауға жол берілмейді.

634. Электр станцияларының ғимараттарында, тарату құрылғылары мен пункттерінде, аралас жарылыс қауіпті ғимараттарда ауаның тұрақты келуін қамтамасыз ететін желдеткіш қарастырылады.

635. Жарылыс өрт қауіпті және жарылыс қауіпті емес ғимараттарға қызмет көрсетуге арналған желдеткіш құрылғылар оларды бір камераға орналастыру кезінде жарылыстан қорғалатындай электр қондырғылармен жабдықталады.

636. Желдеткіш камераларда жұмыс және резервті желдеткіш болған кезде ажыратқыш қалқаншаларды орналастыру қарастырылады.

637. Желдеткіш камераларының ғимараттарын олардың қолданылуына байланыссыз мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.

638. Ауамен жылыту құрылғысын қиылысқан желдеткішпен бірге орналастыру кезінде ауаны рециркуляциялауға жол берілмейді.

639. Желдеткіш құрылғылар технологиялық регламентке және жөндеудің жоспарлы-ескерту кестесіне сәйкес пайдаланылады және қызмет көрсетіледі.

Желдеткіштер, желдеткіш құрылғысының корпусы және ауа құбырлары іске қосу алдында дұрыс жұмыс істеуіне, герметикалығына және қауіпсіз пайдалану шарттарына, ауа ортасының жағдайына сәйкес келуіне тексеріледі.

640. Желдеткіш құрылғыларының жұмысына өндірістік бақылау пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес журналда тіркей отырып жүргізіледі. Бұзушылықтар анықталған және оларды жою кезінде АЖЖ бойынша әрекеттер жасалады.

641. Желдеткіш бітегіштерді, шиберлерді, қиылысқан немесе тартпа саңылауларды жабуға, сырттарын шешуге, желдеткіштерді тоқтатуға және іске қосуға, АЖЖ қарастырылған қауіпті және авариялық жағдайлардан басқа жұмыс жетекшісінің нұсқауынсыз басқа да әрекеттер жасауға жол берілмейді.

642. Желдеткіш құрылғыларының техникалық жағдайына және жұмыс істеуінің санитарлық тиімділігіне бақылау жасауды объектілер жетекшісі тағайындаған тұлғалар жүргізеді, лауазымдық және өндірістік нұсқаулықтарда көрсетіледі.

643. Өндірістік және көмекші ғимараттарға арналған ауаны кондиционирлеу әкімшілік және жедел басқару, электр техникалық қондырғылар, БӨҚАҚ ғимараттарында дайындаушының техникалық құжаттарында көрсетілген пайдалану және қызмет көрсетудің техникалық шарттары бойынша қарастырылады.

644. Қолайсыз климаттық жағдайлар аумақтарында жұмыс аумағы ауасының параметрлері желдеткіш құралдарымен қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет көрсетуші персонал тұрақты болатын ғимараттарда ауаны кондиционирлеу қарастырылады.

645. Ауаны кондиционирлеуге арналған қондырғыларды таңдау ғимараттың ауа ортасына қойылатын талаптарына сәйкес жүргізіледі. Ылғалдылықты реттеуді талап етпейтін ғимараттар үшін автономды кондиционирлер қарастырылады. Көлемі үлкен ғимараттар үшін шағын климат құралдары мен құрылғылары қолданылады.

 

 

17-бөлім. Өрт қауіпсіздігі

 

646. МГК барлау объектілерінде жобада белгіленген өрт қауіпсіздігі жөніндегі шарттар мен талаптар орындалады.

647. Объектілерге арналған қауіпсіздік қашықтықтары жобада көрсетіледі.

Отпен қыздыру аппараттарының қашықтықтары осы Талаптың                8-қосымшасында көрсетілген.

Өндірістік ғимараттар мен имараттардан авариялық немесе дренажды ыдыстарға дейінгі қашықтық жобада қарастырылады.

ЖОС және ЖС арналған жер үстіндегі авариялық (дренажды) ыдыстар жанбайтын қабырғамен немесе биіктігі 0,5 м кем емес құлатулармен қоршалады және пеш алаңынан 15 м кем емес қашықтықта орналастырылады.

Жер асты авариялық (дренажды) ыдыстар пеш алаңдарынан 9 м кем емес қашықтықта жеке немесе басқа дренажды ыдыстармен бірге (бір алаңда) орналастырылады.

648. Қауіпті объектілер аумақтары биіктігі 2 м, қақпаның ені 4,5 м көлік және өрт техникасы өтетінде шарбақтармен қоршалады.

Қоршаудан объектілерге дейінгі қашықтық 5 м кем емес.

Аумақтар қоршаулары бойымен сырт жағынан жарылыс өрт қауіпті объектілерді, ЛЖС және ЖС резервуарлы парктері үшін ені 10 м, жер үсті желілерден және өсімдіктерден бос өртке қарсы жолақ қарастырылады.

649. Факель бағаны маңындағы аумақтар биіктігі 7 м, радиусы 15 м жер опырылуымен қоршалады.

Факельді құрылғы аумағы биіктігі 1,6 м шарбақпен қоршалады.

Факельді бағаннан қоршауға дейінгі және факельді бағандар арасындағы қашықтық жылу техникалық есеп мәліметтер бойынша, 30 м кем болмай қабылданады.

650. Газ конденсатының ыдыстарын, сепараторларды, қондырғыларды, құдықтар және жобада көрсетілмеген факель маңындағы аумақ қоршауларын шегінде басқа да тереңдетулер құрылғыларын орналастыруға жол берілмейді.

651. Жер үсті газ құбырларын факельді құрылғы алаңында орналастыру жанбайтын тіреулермен және минималды қашықтықта жүргізіледі.

652. Топты орналастыру кезінде бір немесе бірнеше ұңғымалар сағаларының аумақтары биіктігі 1 м бровкалар ені валдың үсті бойынша 0,5 м болатын құлаулармен қоршалған.

Ұңғымалар саны 8 артық болатын топтар алаңдары периметрінің максималды ұзындығы бойынша қарама қарсы жаққа орналастырылған екі кіре беріспен қамтамасыз етіледі.

653. Су айдындары су тартқысы орнынан басталатын қашықтық:

1) отқа төзімділіктің I және II дәрежелі ғимараттарына дейін -10 м;

2) отқа төзімділіктің III, IV және V дәрежелі ғимараттарына дейін және жанатын материалдар қоймаларына дейін - 30 м;

3) өрт қауіптілігі бойынша А,Б,В,Е санаттарындағы өндірісі бар ғимараттар мен имараттар үшін – 20 м;

4) жанатын сұйықтары бар резевуарларға дейін – 40 м;

5) жеңіл жалындайтын сұйықтар мен сығылған жанатын газдары бар резервуарларға дейін - 60 м.

654. Су айдындарының қабылдайтын құдықтары мен гидранттары бар құдықтар автомобиль жолдарының шетінен 2 м артық емес қашықтықта орналасады, ал олардың 2 м артық орналасқан уақытында 12х12 кем емес алаңдары бар кіре берістермен қамтамасыз етіледі.

655. Өрт резервуарлары немесе су айдындары олардың радиусындағы объектілерге қызмет көрсету шартына байланысты орналасады:

1) автосорғыштар болғанда - 200 м;

2) мотопомп болған кезде, момотпомп типіне байланысты 100-150 м.

656. Ғимараттар мен имараттар осы Талаптың 10-қосымшасына сәйкес алғашқы өртке қарсы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Жоғары қысымды су құбырынан өрт гидранттарымен және жылжымалы құралдармен өрт сөндіру объектілер аумақтарында орналасқан сыртқы жарылыс өрт қауіпті құрылғыларда қарастырылады:

1) мұнайды дайындау құрылғыларында;

2) мұнай мен мұнай өнімдерінің резервуарлы парктерінде;

3) газ дайындау құрылғыларында;

4) мұнай сорғыш және газ компрессорлық станцияларда;

5) сығылған көмір сутек газдары қоймаларында;

6) ОЖС, ЖС және СУГ төгу - құю теміржол эстакадаларында.

Алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өрт сөндіру орталық жинау пунктінің аумағынан тыс орналасқан объектілерде қарастырылады:

1) өлшеу және сепарациялық құрылғылар;

2) сығатын сорғыш станциялар (тіке болат резервуар типіндегі резервуарлары жоқ);

4) химиялық реагенттерді беру және тот басу ингибаторларын орналастыру;

5) қабаттық және жаңбырлы суларды тазарту ғимараттары;

6) газ тарату станциялары, газды өлшеу және тазарту пункттері;

7) тазарту және диагностикалық құрылғыларды қабылдау және іске қосу алаңдары;

8) кен орындары аумақтарында орналасқан ғимараттар.

657. Өрт лафетті бағандар:

1) сыртқы жарылыс өрт қауіпті құрылғыларды – жанатын газдары, ОЖС және ЖС болатын биіктігі 30 м дейінгі колонналы аппараттарды қорғау үшін;

2) шикізат, тауарлы және аралық қоймаларда (парктерде) жанатын газдары, ОЖС және ЖС болатын шар және көлденең (цилиндрлік) резервуарларды қорғау үшін орналастырылады.

Биіктігі 30 м артық колонналы аппараттарды өрт кезінде аралас қорғау қарастырылады: 30 м биіктікке дейін – лафетті бағандармен, 30 м жоғары – сумен суландару жүйелерімен.

658. Сумен суландырудың стационарлық құрылғылары сыртқы жарылыс қауіпті және өрт қауіпті технологиялық құрылғыларда, сығылған газдардың сфералық және көлденең (цилиндрлік) резервуарларында және резервуар алаңының жоспарланған белгісінен негізгі биіктігін қоса алғанда, ал технико-экономикалық негіздеме кезінде төмен биіктіктерде қабырға биіктігі 12 м артық шикізат және тауарлы резервуарларда, биіктігі 30 м артық биіктігі колонналы типтегі аппараттардың өрт кезінде қызуынан және деформациялануынан қорғау үшін орналастырылады.

659. Ашық алаңдарда орналастырылған сорғыштар мен газ компрессорларды өрттен қорғау өрт гидранттарынан суландыру арқылы қарастырылады.

660. Технологиялық құрылғыларды, тауарлы-шикізат және аралық қоймаларды, төгу-құю терминалдарын (эстакадалар) өрттен қорғауға және өрт сөндіруге арналған сулар қоры өртті сумен жабдықтаудың сорғыш станциясы аумағында орналасқан екі резервуардан кем емес резервуарда сақталады.

661. Өрт сөндіру жүйесінің бағандарына апаратын трубақұбырлардың бітегіш штурвалдары құдықтар жабуы үстіне шығарылады.

Колонналы аппараттар мен резервуарлардың суару жүйесіне апаратын су айдындарында суды төгуге арналған төгу бұрандалары орналастырылады.

662. Стационарлық көбікті өрт сөндіру құрылғыларын қолдану негізделген жағдайда жобада қарастырылады.

663. Стационарлық көбікті құрылғыларды:

1) қорғалатын ғимараттарда орналасқан датчиктер-хабарландырулардан автоматты;

2) қорғалатын ғимараттарда (шығатын жерлерде) немесе оларға жақын және операторлықта орналасқан батырмалы іске қосушыдан дистанционды;

3) көбікті сорғыш станциясының ғимаратынан жергілікті қолмен іске қосу сызбалары бойынша жүргізіледі.

Стационарлық көбікті құрылғыларды автоматты және дистанционды іске қосу көбікті сорғыш станция ғимаратынан жергілікті қолмен іске қосумен қайталанылады.

664. Жинаудың орталық пунктінде орналасқан ОЖС және ЖС ашық сорғыштары және газкомпрессорлары үшін алаң мөлшері 500 м2 және одан жоғары болғанда жеңдерді көбіктің тасымалданатын генераторларына қосу үшін бұрандалары мен қосу бастары болатын баған бұранда орналасқан ерітінді құбыры желісінен тұратын көбікпен сөндіру құрылғылары қарастырылады.

Ерітінді құбырларының желісі көбік құрылғыларының сорғыш станцияларына тұрақты қосылумен қарастырылады.

Технологиялық құрылғыда көбікті сорғыш станция болмаған жағдайда, ерітінді құбырларын, оларға өрт кезінде жылжымалы өрт сөндіру құралдарын қосу мүмкіндігі болатын ашық сорғыш станциясының сыртына шығару қарастырылады.

Ерітінді құбырлары желісіндегі баған-бұрандалар 30 артық емес қашықтықта орналастырылады.

Стационарлық көбікті құрылғылардың ерітінді құбырлары желісін көбікті сорғыш станциясына тұрақты қосу кезінде операторлықтан батырмалы іске қосудан және ашық сорғыштардағы баған-бұрандалардан құрылғыны дистанционды іске қосу қарастырылады.

665. Ғимараттың немесе сорғыш станциясының II төмен емес отқа төзімділік дәрежесі, қондырғыларды, су құбырларын, кәріздерді, ішіндегі минималды температурасы 50 С төмен емес есептелген жылытуды монтаждауға жеткілікті ені болатын сыртқы есік ойықтары, тұрақты қолданыстағы желдеткіш, электрмен жабдықтау және қондырғыларды жөндеуге арналған көтергіш көлік құралдары болады.

Сорғыш ғимараттар конструкцияларында және басқа өрт сөндіру құрылғыларында полимерлі жылытқыштар мен жабулар қолдануға жол берілмейді.

666. Бір стационарлық көбікті құрылғы арқылы бірнеше ғимараттарды немесе имараттарға және ашық технологиялық құрылғыларға қызмет көрсетуге жол беріледі. Көбікті құрылғының өрт байқалған уақыттан құралдарды жану ошақтарына беруге дейінгі іске қосу үшін берілетін максималды уақыт               3 минуттан артық емес.

667. Сыртқы және ішкі ерітінді құбырларды көбіктен тазарту және ерітінді құбырларын көбік құрылғысымен жұмыс істегеннен кейін жуу үшін желінің төмендетілген орындарында орналастырылатын төгу бұрандаларына 0,005 кем емес еңіспен салынады.

668. МГК барлау объектілерінде ғимараттың 500 м3 кем көлемінде ОЖС, ЖС және СУГ сорғыштарында, қойма ғимараты еденінің 500 м2 кем аумағында ОЖС, ЖС және СУГ қоймаларында және ғимараттан тыс орналасқан ОЖС, ЖС және СУГ сорғыштары және еден ауданы 500 м2 дейінгі аумақтағы компрессорлықта технологиялық бу болмаған жағдайда жартылай стационарлық құрылғыларды қолдана отырып, көбікпен өрт сөндіру қарастырылады.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу