Құқық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 10:55, реферат

Описание работы

Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы - реттеуші ықпалын тигізетін әлеуетті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржы-лар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетгі мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып сана-лады.

Работа содержит 1 файл

КР мемл. мен кұкық негіздері.doc

— 413.50 Кб (Скачать)

      5.салықтық зандарды белгіленген тәртіп негізінде және қатаң айқындалған мерзімдерде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептеп шығарылған және есептелінген сомаларын, сондай-ақ міндеттемені орындамаған жағдайда айыппұл мен өсімпұлдарды төлейді.

      Салықтық міндеттемелердің орындалатын уақыты, орны, тәртібі мен тәсілдері күні бұрын әрі нақты белгіленетінін білуіміз қажет.

      Салықтық міндеттемені орындау уақытына жекелеген салықтар мен басқа да төлемдерге қатысты салық салу объектілерін айқындау, тиісті бюджетке аударылатын салық сомасын есептеп шығару және салық сомасын төлеу үшін салық заңында белгіленген уақыт кезеңі немесе шекті мерзім жатады.

      Салықтық міндеттемені орьщдау орны салық төлеушінің салық төлемінің тиесілі сомасын мемлекетке тапсырған жері болып табылады. Салық төлеушінің бюджетке тиісті соманы аудару жөніндегі төлемдік тапсырманы банк мекемесіне тапсырған күні салықтық міндеттемені орындау күні болып есептелінеді.

      Салықтық міндеттемені орындау тәртібі салық төлеушінің мемлекет алдындағы өзінің салықтық міндеттемесін орындауға бағытталған, белгілі бір тәртіптеу механизмдері мен кезектіліктерді ұстана отырып жүзеге асыратын іс-қимылдары болып саналады.

      Салық төлеушінің салық (фискалдық) агенті атқаратын салық төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесі сол салық төлемінің сомасын ұстап қалған күннен бастап орындалған болып табылады.

      Салықтық міндеттемені орындау тәсілдеріне салық заңдарында белгіленген салықтарды төлеуге және мәжбүрлеп төлетуге байланысты жолдар мен әдістер жатады. Осы тәсілдердің заң жүзінде қатаң көрініс табуы тиісті салықтық төлем сомаларының мемлекет кірісіне уақтылы және толы-ғымен түсуін ерікті түрде немесе мәжбүрлеу арқылы қамта-масыз етуге негіз болып табылады әрі кепілдендіреді.

      Салықтық міндеттемелерді тиісінше, өз бетімен және ерікті орындау мына тәсілдер:

  1. салықтарды декларация негізінде төлеу;
  2. салықты патент алу жолымен төлеу;
  3. салықты біржолғы талон негізінде төлеу;
  4. салық төлемінің сомасын енгізу жолымен төлеу арқылы жүзеге асырылады.

      Салықты табыс төлеу көзінде ұстап қалу, салықтық міндеттемені орындау жөніңдегі салық хабарламасы негізіңде салықты төлету, салық төлеуден жалтарушы тұлғалардан салықты мәжбүрлеп алу салықтық міндеттемені мәжбүрлеп орындату тәсілдеріне жатады.

      Салық органының салықтық міндеттемені орындау қажеттілігі жөнінде салық төлеушіге жіберген жазбаша хабары салық хабарламасы деп аталады.

      Салық хабарламасында салық төлеушінің аты-жөні немесе толық аталуы; салық төлеушінің тіркеу нөмірі; салықтық міндеттеменің сомасы; салықтық міндеттеме орындау жөніндегі талап; хабарламаны жіберуге орай негіздеме; шағымдану тәртібі көрсетіледі. Салық хабарламасының нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

      Салық төлеушінің бюджет алдындағы тиісті салықтары бойынша берешектерін өтеу кезектілігі:

  1. Салықтардың бересі сомасын төлеу;
  2. есептелген өсімпұлдарды төлеу;
  3. есептелген айьппұлдарды төлеу-тәртібі негізінде жүзеге асырылады.

      15.5. 4. Мемлекеттің салықтық қызметі

      Салықтар мемлекеттік кірістің (бюджеттің) ең мол түсім көздері болғандықтан олар қандай да болмасын мемлекеттің өсіп-өркендеуінің материалдық негізі болып есептелінеді. Сондықтан салықтық қызмет мақсатының басты бағыты салықтардың көмегімен бюджетке кірістерді тарту арқылы мемлекеттің қазынасын қалыптастыру және мемлекеттің функциялары мен қоғам мүдделерін ақшалай қамтамасыз ету болып табылады.

          Мемлекеттің салықтық қызметі:

  1. мемлекет аумағындағы салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді, олардың түрлерін, ерікті төлеу және мәжбүлеп алу тәртібін белгілеу, салық жүйесі мен салықтық қүрылымдарды қалыптастыру және олардың ойдағыдай қызмет атқаруларьш қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық аясын салықтық реттеу жөніндегі мемлекеттің біртүтас озінің немесе озі айрықша уәкілеттілік берген мемлекеттік органдарының қызметі ретінде;

      барлық салық толеушілердің оздеріне тиесілі салықтық міндеггемелерін дұрыс атқаруларына жағдай жасау және салық әкімшілігін толыққанды жүргізу, оның ішінде салықтық тексерулердің жемісті жүзеге асырылуына басты назар аудару, сондай-ақ занда көзделген сәттердің орын алуына байланысты салықтарды мәжбүрлеп алу жөніндегі арнайы уәкілетті салық органдарының іс-қимылдары мағынасында сипатталынады.

      Салықтық қызмет негізінде өзара тығыз байланысқан қүқықтық және экономикалық қатынастардың жүйесінен тұрады. Жоғарыда айтқандай, мемлекет тиісті заңдар мен басқа нормативтік - құқықтық актілерді қабылдауы арқылы салықтар мен міндетті төлемдерді белгілейді, өзгертеді, жояды және олардың уақтылы, белгіленген мөлшерде бюджетке түсуіне бақылау жүргізеді.

      Осы салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің белгіленуі және алынуы мемлекеттің салықтық қызметіне байланысты болады.

      Салықтық қызметті өздерінің құзыреттеріне орай жүзеге асыратын мемлекеттік лауазымды тұлға мен уәкілетті органдарға:

      ҚР Президенті, Парламенті, Үкіметі, Жергілікті маслихаттар мен әкімдіктер,

          ҚР қаржы полициясы агенттігі, ҚР Қаржы министрлігі,

      Қаржы министрлігінің Салық комитеті және Кедендік бақылау комитеті, Астана, Алматы қалалары және облыстар мен аудандардагы және қалалардағы аудандар бойынша салық органдары жатады.

      Салықтық қызметті жүзеге асыру кезінде қолданылатын жолдар мен тәсілдер:

  1. салықтарды белгілеу;
  2. салықтарды алу;
  3. салықтардың толығымен және уақытылы төленуіне салықтық бақылау жүргізу;
  4. салық төлеушілердің есебін жүргізу;
  5. табысты төлеу кезінде салықтарды үстап қалуды үйымдастыру;

     6. мемлекеттің салық органдарының жүйесі мен 
қызметтерін ұйымдастыру;

  1. салық заңдарын бүзган кінәлі тұлғаларға белгіленген заңи жауапкершілік шараларын қолдану;
  2. салық салу жүйесін, әлеуметгік — экономикалық қатынастарды салықтық — құқықтық реттеуге атсалысу;

            9. салықтық міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қадағалау және қамтамасыз ету сипатында көрініс табады.

      Мемлекет аумағындағы салықтарды белгілеу мына нысандағы құқықтық актілер:

а) Парламент қабылдаған ҚР заңы; 
ә) Президент шығарған ҚР заңы;

     б) ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы арқылы 
жүзеге асырылады.

      Салықтарды белгілеу элементтеріне белгілеу субъектісі, белгілеу нысаны және белгілеу тәртібі жатады. Салықтарды белгілеудің конституциялық қағидаттары мыналар: салықтарды белгілеу және жою кезіндегі өкімет билігінің заң шығару тармағының үстемділігі; салықтарды белгілеу кезінде заңдылықты сақтау; салықтық зандардың конституцияға сә-кес болуы; салықтарды төлеу міндеттілігі; мемлекеттің салықтық қызметінің бұқаралылығы және жариялылығы болып табылады.

          Салық органдарының негізгі міндеттері:

  1. өз құзыретінің шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  2. салықтардың, алымдардың, кедендік және басқа да міндетті төлемдердің тиісті бюджеттерге түсуін қамтамасыз ету;
  3. мемлекеттің фискалдық саясатын қалыптастыруға қатысу және осы саясатты іске асыруға атсалысуға;
  4. халықаралық салық салу мәселелерін тиісінше шешуге байланысты халықаралық салықтық құқықтық қатынастардың белсенді қатысушы мәртебесіне ие болу болып саналады.

      Салықтар белгілі кезеңде, яғни салық жылы ішінде салық салу объектісінен бір мәрте ғана алынады. Салықтарды белгілеу кезінде жеңілдіктер беру мәселелері қоса қарастырылады. Кейде, заңда көзделген жағдайда жергілікті міндетті төлемдерді алыну тәртібін, мөлшерін белгілеу жергілікті өкілді органдарға жүктеледі. Айта кететін тағы бір жәйт, салық салу объектілерін заңға негіздеп айқындау тек шаруашылық, кәсіпкерлік қызметаен айналысатын, табыстары мен мүліктері және көрсететін қызметтері бар субъектілерге ғана қатысты болады.

      Алымдарды белгілеу де мемлекет тарапынан, жоғарғы өкілді орган шығарган нормативтік қүқықтық актінің негізінде жүзеге асырылады. Дәлірек айтсақ, алымдарды белгілеудің жалпы принциптерін ҚР Парламенті айқындаса, ал олардың нақты ставкаларын әкімшілік — аумақтардың ерекшеліктері мен экономикалық жай — күйлерін есепке ала отырып белгілеу ҚР Үкіметіне немесе жергілікті өкілді органдар — мәслихаттарға жүктелуі әбден мүмкін.

      Баждарды белгілеу тек Парламент арқылы, ол қабылдаған заң негізінде жүзеге асырылады. Баж алу объектілері мемлекетгің арнайы мамандандырылған органдары көрсететін немесе жасайтын заңи және басқа да маңызы бар белгілі бір қызметтер болып табылады және сол қызметтерді пайдаланған заңды және жеке тұлғалар баж төлеушілер болып есептелінеді. Баждардың өзіне тән қасиеті ақылы болып келеді немесе біршама - баламалы деген термин қолданылады.

      Салықтарды, алымдар мен баждарды, сондай — ақ басқа міндетті төлемдерді алуды тікелей салық органдары жүзеге асырады. Салық органдары ҚР қаржы министрлігінің Салық комитетінің облыстардағы, аудандардагы мемлекеттік салық органдарынан тұрады. Салықтарды алу, яғни төлеу занда, ҚР Үкіметінің, сондай-ақ салық органдарының нормативтік-құқықтық және нұсқаулық актілерінде көзделген мерзімде жүргізіледі. Салық органдары салық төлеушілер мен салық салынатын және салық салуға байланысты объектілердің есебін уақытылы алу нәтижесінде салықтық міндеттемелердің мерзімінде орындалуына жағдай туғызады.

      Салықтық реттеу салық салу жүйесінде пайдаланылатын арнаулы тәсілдер мен әдістер арқылы құқықтық негізде жүзеге асырылады.

      Салықтық реттеу әдістеріне: салық шегерімдері, инвестициялық салықтық преференциялар, салық демалыстары, салықтық рақымшылық ету, қосарлы салық салуға жол бермеу жөніндегі халықаралық шарттар, салықтық түсімдерді бюджеттер арасында бөлу, тиісті салық ставкаларын таңдау және белгілеу жатады және олар бюджеттік реттеу әдістерімен тікелей байланысты болады.

      Ал салықтық реттеу тәсілдері (стимулдары) жеңілдік беру және санкция қолдану жүйелері негізінде пайдаланылады. Жеңілдік беру жүйесі: аванстық төлемдерді жою; берілген өтініш бойынша салықты төлеу мерзімін кейінге қалдыру; белгілі негіздерге қарай салықтық міндеттемелердің салма-ғын жеңілдету сияқты және т.б. әдістерден тұрады. Санкция қолдану жүйесінде қаржылық айыппұлдар, өсімақылар, салық берешегін мәжбүрлеп алу және әкімшілік айыппұлдар көрініс табады.

          Мемлекеттің салықтық қызметінің мақсаттары:

  1. салық төлеушілердің мүдделерін мемлекеттің салықтық юрисдикциясының шегін ұтымды белгілеу;
  2. салықтардың көмегімен мемлекеттік бюджет кірісіне ақша қаражаттарын тарту арқылы әлеуметтік - экономикалық және әкімшілік-саяси дамудың мемлекеттік бағдарламаларын ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету;
  3. мемлекеттің салық жүйесінің құқықтық негіздерін жетілдіру;
  4. өндіріс аясын және өндірістік қатынастарды тиісінше реттеуді қамтамасыз ету;
  5. шаруашылық субъектілерінің халық тұтынатын тауарларды шығаруға және өнеркәсіп өнімдерін өндіруге бағытталған белсенді қызметтерін жеңілдік беру арқылы ынталандыру;
  6. салық органдары қызметтерінің құқықтық негіздерін, әлеуметтік жағдайлары мен материалдық базасын жетілдіру түрінде көрініс табады.

      Салықтық қызметті жүзеге асыру барысында салықтардың экономикалық мән-жайын білдіретін фискалдық, қайта бөлу, бақылау және реттеуші функциялары да өз рөлдерін атқарады.

      Мемлекет атынан жүзеге асырылатын салықтық (салықтық-бюджеттік) қызмет тек құқықтық негіздерге сүйене отырып атқарылады. Салықтық қызметтің құқықтық негіздеріне, бірінші кезекте ҚР-ның Конституциясы, арнайы қаржылық, салықтық зандар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер жатады. 
 

Информация о работе Құқық негіздері