Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 10:55, реферат
Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы - реттеуші ықпалын тигізетін әлеуетті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржы-лар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетгі мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып сана-лады.
Мемлекетгік қаржылық бақылау мемлекетгік бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың атқарылуын, ақша айналымының ұйымдастырылуын, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарызы мен мемлекеттік резервтердің жай-күйін, қаржылық және салықтық жеңілдіктердің берілуін тексеру түрінде жүзеге асырылатын қызмет болып табылады.
Мемлекетик қаржылық бақылаудың негізгі міндеттеріне: 1. қаржылық зандардың сақталуын қамтамасыз ету; 2. қаржы жүйесінің тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету; 3. қаржылық тәртіпгің сақталуын қамтамасыз ету; 4. мемлекетгің қаржылық ресурстарын занды және тиімді пайдалануды қам-тамасыз ету; 5. қаржылық тәртіптің бұзылуын жою; 6. мамандандырылған қаржылық органдардың өздеріне жүктелген міндеттерді бұлжытпай атқарылуына қолғабыс ету; 7. қаржылық қатынас субъектілерінің мемлекет алдындағы өз қаржылық міндеттемелерін уақтылы және мүлтіксіз орын-дауларына қолғабыс ету жатады.
Қаржылық бақылаудың негізгі әдістері: қаржылық жоспарлардың есептеулерін тексеру; алғашқы қаржылық қүжаттарды тексеру; бухгалтерлік есеп регистрындағы жазбаларды тексеру; статистикалық және бухгалтерлік серу; тауарлық - материалдық құндылықтарды, негізгі қорларды және қолма - қол ақшаларды жартылай немесе жаппай түгендеуді жүзеге асыру; кредиттік - қаржылық мекемелердегі ақша құжаттарының шынайылығын тексеру; өндірістегі материалдық шығындар мен басқа да мән — жайлардың негіздемелеріне сараптамалық баға беру; құқық қорғау органдары мен соттардан түсетін ақпараттарды талдау және қорытьщды беру; қаржылық операцияларды жүргізуге қатысы бар лауазымды тұлғалар мен азаматтардан ауызша және жазбаша түсініктеме алу; банкке және басқа кредиттік мекеме-лерге ресми сұраныс жасау; ревизия жатады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің аяларына байланысты қаржылық бақылау: ақша айналымы аясындағы бақылау, валюталық бақылау, бюджеттік бақылау, салықтық бақылау, мемлекеттік банктік қызмет аясындағы бақылау, мемлекетгік сақтандыру аясындағы бақылау және мемлекетгік салалық қаржылар аясындағы бақылау түрінде жүзеге асы-рылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық — шаруашылық қызметтерін (олардың барысында зандылықтың сақталуын, мақсатқа сәйкес және тиімді болуын), олардың алғашқы ақша қүжаттарын және бухгалтерлік жазбаларын зерделеуге негіздей отырып тексеру ревизия жүргізу болып табылады.
Қаржылық - құқықтық жауапкершілікгі құқықтық реттеу мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында көрініс табатын қаржылық құқық бұзушылықтарды және соларды жасағаны үшін қолданылатын заңи жауапкершілік түрлерін сондай-ақ оларды қолдану қағидалары мен түрлерін белгілейтін қаржылық құқықтық институт болып табылады.
Қаржылық құқық бұзушылық деп, қаржылық заңдардың нормаларымен белгіленген және олар ойдағыдай орындалмаған жағдайда нақты заңи жауапкершілік түрлері көзделінген өздеріне тиесілі қаржылық міндеттерін тиісінше орындамағандарына байланысты көрініс табатын қаржылық қатынасқа қатысушылардың құқыққа қайшы іс-әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) айтуға болады.
Қаржылық құқық бұзушылық: құқыққа қайшылығы; кінәлілігі; зардаптың болуы; құқыққа қайшы әрекет пен соның нәтижесінде туындаған залал-зардаптардың арасындағы себептік байланыс; жазаға тартылуы сияқты белгілерімен сипатталынады.
Қаржылық құқық бүзушылықтардың:
Қаржылық - құқықтық жауапкершілік қаржылық -құқықтық нормалардың әмірлі талаптарын атқаруға байланысты өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамаған үшін қаржылық құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғаларға қолданылатын, негізінен алғанда материалдық мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары болып саналады.
Мемлекеттік қаржылар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін мына келесідей: қаржылық — құқықтық, әкімшілік - құқықтық, қылмыстық - құқықтық сияқты заңи жауапкершілік түрлері қолданылады.
Әкімшілік — құқықтық жауапкершілік шарасы әкімшілік айыппүл болып табылады. Қылмыстық құқықтық жауапкершілік шаралары айыппүл, түзеу жүмыстары, бас бостандығынан айыру, оған қоса мүліктерін тәркілеу түрінде көрініс табады.
Қаржылық — банкттік қызмет деп қоғамдық — мемлекетгік материалдық мүдделер мен дықтарды қамтамасыз ету үшін Қазақстанның Ұлттық Банкі мен басқа да мемлекеттік несиелеу ұйымдардың мемлекетгің банк жүйесін жетілдіруге, мемлекетгік банктердің ақшалай ресурстарын қалыптастыруға және оларды мемлекетгің орталықтандырылған ссудалық қорлары ретінде пайдалануға бағытталған, сондай-ақ банктік заңдармен көзделген банктік операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыру жөніндегі қызметтерін айтамыз.
Қаржылық — банктік құқықтың пәніне Қазақстанның Ұлттық Банкі мен басқа да мемлекеттік банктерінің, сондай-ақ ҚР тиісті заңдары бойынша мемлекеттің қаржылық агенттері болып табылатын мемлекеттік емес банктердің банктік қызметтерінің барысында туындайтын қоғамдық (банктік) қатынастар жатады.
Қаржылық - банктік құқық капитал рыноғында орталықтандырылған ссудалық қор ретінде пайдаланылатын мемлекеттік банктердің ақшалай ресурстарын қалыптастыру және жүмсау барысында туындайтын банктік қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың бөлімі, яғни айрықша қар-жылық — құқықтық институт болып табылады.
Қаржылық - сақтандыру қызметі мемлекеттің сақтандыру жүйесіндегі алдын алу және қалпына келтіру шараларын жүзеге асыру, сақтандыру жағдайларының туындауына орай заңды және жеке тұлғаларға келтірілген залал - зардаптардың орнын толтыру мақсатында арнайы ақшалай қорларды (сақтандыру резервтерін) қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру ұйымдарының іс-қимылдары ретінде сипатталады.
Қаржылық - сақтандыру құқығының пәніне еліміздегі сақтандыру ісін ұйымдастыру және мемлекеттік міндетті сақтандыруды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттің сақтандыру резервтерін қалыптастыру және болу барысында туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Сақтандыру нысандары:
Қаржылық - сақтандыру құқығы мемлекеттің қаржылық — сақтандыру қызметінің барысында, яғни еліміздегі сақтандыруды ұйымдастыру, мемлекеттік міндетті сақтандыруды жүзеге асыру және мемлекеттің сақтандыру резервтерін қалыптастыру және оны болу барысында туындайтын сақтандыру қатынастарын реттейтін қаржылық құқықтың бөлімі.
Қаржылық - шаруашылық құқығының пәні деп, мемлекеттік орталықтандырылмаған қаржыларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды айтамыз.
Мемлекеттік орталықтандырылмаған қаржылар мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің тиісті ақша қорларының жиынтығы, сондай-ақ олардың осы ақшалай қорларын қалыптастыру және бөлу процесінде туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы мағынасында түсіндіріледі.
Сонымен, қаржылық — шаруашылық құқығы мемлекеттің орталықтандырылмаған ақша қорларын тиісті қаржылық - құқықтық мақсаттарды көздей отырып қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтьш айрықша қоғамдық қатынастарды реттейтін қаржылық - құқықтың бөлімі болып табылады.
15.2. Қаржылық - құқықтық қатынастар.
Қаржылық құқықтық қатынастар деп мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында, қаржылық-құқықтық нормалардың негізінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, яғни қаржылық құқық нормаларымен реттелінген мемлекеттік қаржылық қатынастарды айтамыз.
Осы айтылған жәйттерге байланысты, бірден қаржылық - құқықтық қатынастарды сипаттауға көшпестен бұрьн қаржылық - құқықтық нормалардың мән-жайларына тоқтала кетуіміз керек.
Сонымен, қаржылық - құқықтық нормалар -мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарға қатысушылардың жүріп — тұру қағидаларын белгілейтін, сондай-ақ өздерінің мән-жайына байланысты материалдық және ұйымдастырушы болып бөлінетін құқықтық нормаларға жатады. Материалдық қаржылық - құқықтық нормалар материалдық объектісі ретінде ақшалай қозғалысты білдіретін қаржылық қатынастарды реттейді. Ал ұйымдастырушы қаржылық - құқықтық нормалар қаржылық қызметтің процедуралары мен нысандарын белгілейді және қаржылық құрылымдарды айқындайды.
Сонымен бірге, өздерінің реттеуші ықпалын тигізетін әралуан қаржылық қызмет аяларына қатысты қаржылық құқықтық нормаларды бюджеттік - құқықтық нормалар, валюталық - құқықтық нормалар, қаржылық - банктік құқығының нормалары, қаржылық — шаруашылық құқығының нормалары, салықтық - құқықтық нормалар деп нақтыландыруға болады.
Осы қаржылық — құқықтық нормалар мына келесідей ерекше белгілерімен сипатталады: 1. Олар мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан белгіленеді және мемлекеттік
— өктем сипатта болады. 2. Олар қаржылық қатынастарға қатысушылардың қайсы біріне субъективтік құқық беру, ал басқаларына заңи міндет жүктеу арқылы тек сол қатысушылардың жүріс - тұрыстарын реттейді. 3. Олар тиісті заңи нысандағы актілермен, яғни қаржылық заң актілерін шығару арқылы ғана белгіленеді. 4. Бұлжытпай, тиісінше орын-далуы мақсатьщда олар мемлекетгің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі. 5. Олар мән-жайларының мұқият баяндалуымен, диспозицияларының толық құрылуымен және айрықша мазмұндалуымен ерекшелінеді. 6. Олар тиісті қатысушылардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерін туындатады және мемлекеттің материалдық мүдделерін қамтамасыз етуге себін тигізеді. 7. Олар мемлекеттің құқық жүйесіндегі басқа құқықтық нормаларға қарағанда құрамдарында есептеу нормаларының болуымен айрықшаланады. 8. Олар басқа құқық салаларының құқықтық нормаларымен салыстырғанда өздерінің тікелей мақсат бағдарымен және жүйесінде көбінесе императивтік және құзыреттер белгілейтін нормалардың болуымен ерекшеленеді.
Қаржылық - құқықтық қатынастар: бюджеттік; қаржылық - банктік; қаржылық - сақтандыру; қаржылық -шаруашылық құқықтық қатынастары; материалдық қаржылық - құқықтық қатынастар; ұйымдастырушы қаржылық - құқықтық қатынастар; біржақты - өктем қаржылық -құқықтық қатынастар; шартты қаржылық құқықтық қатынастар; реттеуші қаржылық - құқықтық қатынастар; қорғаушы қаржылық - құқықтық қатынастар болып бөлінеді.
Қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілеріне: мемлекеттің біртүтас өзі; әкімшілік — аумақтық құрылымдар; мемлекеттің уәкілетті органдары; жергілікті мемлекеттік басқару органдары; заңды тұлғалар (мемлекеттік және мемлекеттік емес, коммерциялық және коммерциялық емес, резидент және резидент емес); жеке тұлғалар (азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар) жатады.
Қаржылық — құқықтық қатынастар: 1. Олар тек мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында, мемлекеттің қаржылық қатынастарды құқықтық реттеуінің нәтижесінде туындап, өркендейді. 2. Осы қатынастардың міндетті әрі түрақты субъектілері қаржылық және басқа да өктем өкілеттіктері бар мемлекеттік уәкілетті органдар болып табылады. 3. Осы қатынастардың объектісіне ақшалар немесе ақшалай міндеттемелер жатады. 4. Олар, негізінде ұлттық табысты болу барысында туындайтындықтан әрқашанда бөлу сипатында болады. 5. Бұл қатынастар мемлекеттің ақша жүйесін, оның қаржылық құрылымдарын қалыптастыруды, мемлекеттің ақшалай қорларын жоспарлауды ұйымдастыруды және оны пайдалану процесіне бақылау жүргізуді білдіреді. 6. Олар мемлекеттің материалдық базасын қалыптастыру барысында туындайтындықтан экономикалық сипатта болады. 7. Олар мән-мағынасы бойынша экономикалық қаржылық қатынастар, ал нысаны бойынша қаржылық — құқықтық қатынастар ретінде көрініс табатын бірыңғай қоғамдық қатынастарды көрсетеді.
Мемлекеттік орган тек мына келесідей жай-жағдайларды сақтағанда ғана қаржылық құқықтық қатынастың субъектісі болып есептелінеді: бұл субъект жеткілікті көлемде тиісті өктем қаржылық өкілеттік берілген мемлекеттік орган болып саналады; осы органның қызметі мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру процестерін көрсетуге тиіс; осы органның қызметтері жалпы мемлекеттік мүдделермен айқындалады; осы қызметтердің барысында мемлекеттің функциялары жүзеге асырылады; осы қызметтердің барысында туындайтын қатынастар өздерінің экономикалық және құқықтық белгілері бойынша қаржылық қатынастар болып табылады.