Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 10:55, реферат
Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы - реттеуші ықпалын тигізетін әлеуетті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржы-лар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетгі мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып сана-лады.
Нормалардың жалпы және ерекше бөлім нормаларына бөлінуінің мәні мынада. Жалпы бөлім нормалары азаматтық-құқықтық реттеудің біркелкі өлшемдерін орнатуға көмектеседі. Мысалы, мерзімдер туралы жалпы ережелер міндеттемелерге болсын, мүрагерлік қатынастарына болсын бірыңғай қолданылады. Егер қажет болса, онда, заң шығарушы тиісті тәуелді салаларға, институттарға арнайы нормаларды еңгізеді және жалпы нормалардан өзгеше реттеуді қарастырады.
Жалпы бөлім нормаларының болуы оларды бірнеше рет қайталау қажеттілігінен босатады. Сондықтан салалық құқықтық реттеу үнемді болады, оның сапасы жоғарылай-ды.
16.2. Азаматтық заңнама және оның жүйесі
Азаматтық заңнама құрамына 1994 жылы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодекс (жалпы бөлім) және 1 шілдеде 1999 жылы қабылданған Азамаггық Кодекс (ерекше бөлім) кіреді. Азаматтық Кодекс азаматтық құқықтың негізгі қайнар көзі. Онымен бірге азаматтық заңнама құрамына кодекстің 3 ба-бында аталған бірнеше нормативтік актілер кіреді.
Азаматтық Кодекс (жалпы бөлім) 405-бапты біріктіретін 24-тараудан тұрады. Азаматтық Кодекстің ерекше бөлімі 406 баптан басталып 1124 баппен аяқталады. Ерекше бөлім 38 тарауды біріктіреді.
Азаматтық Кодекстің қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлі зор. Ол қазіргі заманда бүкіл нарық экономикасының құқықтық негізін қалыптастырады. Басқаша Азаматтық Кодексті экономикалық конституция деп атайды.
Осыған орай Кодекстің кейбір қасиеттеріне назар аударайық. Біріншіден, тек Азаматтық Кодекс азаматтық-құқықтық реттеудің нысанасын құрайтын қоғамдық қатынастарды толығымен реттейді. Барлық басқа азаматтық құқықтық заңдар және өзге нормативтік актілер Азаматтық Кодексте бастамасын табатын құқықтық ретгеуді жалғастырады, дамытады. Сондықтан, Азаматтық Кодекс және өзге азаматтық заңнама нормалары өзара бағынышты.
Азаматпық Кодексіің заңнама ішіндегі рөліне сәйкес оның заңды күші анықталады. Басқа азаматгық заңнама актілеріне қарағанда Азаматтық Кодекстің жоғары заңды күші бар. ҚР Азаматтық Кодексінің 3 бабының 2, 3 тармақтарына сәйкес:
Банктер мен олардың клиенттері арасындағы қатынастар, сондай-ақ клиенттер арасындағы банк арқылы қатынастар азаматгық заңдармен осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіп бойынша реттеледі".
Азаматтық заңнама негізінен жалпы республикалық болып табылады. Азаматтық Кодекстен басқа оның құрамына соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтары, Парламенттің қаулылары, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулылары кіреді. Осы денгейлерді заң актілерінің қатарына жатқызады. Сондай-ақ Азаматтық Кодекстің 1-бабының 1,2, тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары. Бүл денгейлерді заңдардан төмен тұратын норматив тіркес - "подзаконные нормативные акты"). Олардың өзге де түрлері бар, толық тізімі "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 ж. 24 наурыздағы N 213-1 Қазақстан Республикасының Заңының 3,4 баптарында анықталады.
Азаматтық заңнамаға Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары жатқызылуы мүмкін. Жергілікті деңгейде мәслихат-тардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері қабылданып қолданылуы мүмкін.
Төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің әр-қайсысы жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге тиіс, бірақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары аталған сатыдан тыс түрады.
Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеудегі бір елеулі ерекшелік бар, ол жария құқықтық салаларда орын алуы мүмкін емес. Азаматтық қатынастар, егер әдеттегі құқықтар, соның ішінде іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін (сөз әдет-ғұрыптар туралы - Ж.Ғ. ескертпесі).
Азаматтық-құқықтық қатынастар халықаралық шарттармен реттелуі мүмкін. Олардың ішкі заңнамадан гөрі жоғары заңды күші болады. Егер Қазақстан Республикасы қатысу-шысы болып табылатын халықаралық шартта Қазақстан Республикасының азаматтық зандарындағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, аталған шарттың ережелері қолданылады. Халықаралық шарттан оны қолдану үшін республика ішінде құжат шығару талап етілгеннен басқа жағдайларда, азаматтық қатынастарға Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар тікелей қолданылады. Барлық салалық заңдар үшін 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының үлкен мәні бар. Әрбір салалық құқықтық реттеу КР Конституциясында өз бастамасын табады. ҚР Конституциясы 4 бабының 2 тармағына сәйкес: "Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады". Онда азаматтық құқық нормалар да бар. Атап айтқанда, 6-бапта Қазақстанда мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің танылатыны және тең дәрежеде қорғалатыны белгіленген. Азаматтардың жеке меншігі мәселелері Конституцияның 26-бабында қарастырылған.
Азаматтың ар-намысы, қадір-касиеті және абыройлы аты, оның бостандығы мен жеке өміріне ешкімнің тиіспеуі, жеке және отбасылық құпия, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф және өзге де хабарлар сияқты рухани қазыналар жөнінде туындайтын жеке мүліктік қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізі Қазақстан Респуб-ликасы Конституциясының 16-18 баптарында бастамасын табады.
1995 жылы ҚР Президентімен азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін көптеген заң күші бар жарлықтары қабылданды. Олардың сол кезде заңнамада орын алған ала дақтарды азайтудың мәні үлкен болды және көбісі қазіргі кезде де ҚР заңдары ретінде күшін сақтап қалған. Бүл үшін кейін сайланған ҚР Парламенттері аталған заңдық актілерге өзгерістер мен толықтырулар еңгізген, соның ішінде атауларын да өзгерткен. Мысалы, "Шаруашылық серіктестіктері туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255; "Мүнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350; "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" 1995 ж. 19 маусымдағы № 2337; "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жы-лғы 23 желтоқсандағы; "Жекешелендіру туралы" 1995 ж. 23 желтоқсандағы № 2721 Қазақстан Республикасы Заңдарының және т.б. кейбір заңдардың тарихы осындай.
Кейінгі жылдары ҚР Парламенті азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін көптеген манызды заңдар қабылда-ды. Олардың ішінде "Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы" 1999 ж. 21 шілдедегі № 450-1; "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 ж. 13 шілдедегі № 422-1; "Күзет қызметі туралы" 2000 ж. 19 қазандағы№ 85-Н; "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 ж. 29 маусымдағы № 217-И; "Автомобиль жолдары туралы" 2001 ж. 17 шілдедегі № 245-11; "Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы" 2002 ж. 24 маусымдағы № 330-11; "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-Н; "Секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы № 126-ІИ; "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219-ІП; "Ақпараттандьіру туралы" 2007жылғы 11 қаңтардағы № 217-ПІ Заңдар.
Азаматтық-құқықтық актілердің бірыңғай талқыланып олардың жүзеге асуында маңызды рөлге ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары ие болып келеді. Олардың арасында мыналарды атауға болады: "Қазақстан Республикасы соттарының банкроттық туралы заңды қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2000 ж. 28 сәуірдегі № 3; "Соттардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Республика заңдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" 1999 жы-лғы 9 шілдедегі № 9; "Түрғын үйге меншік құқы туралы зандарды қолданудың кейбір мәселелері туралы" 1999 жылғы 9 шілдедегі№ 10; "Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы" 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3; "Соттардың авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі кейбір заңнормаларын қолдануы туралы" 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 Нормативтік қаулылары.
16.3. Азаматтық заңдардың қолданылуы
1. Азаматтық заңдардың уақыт бойынша қолданылуы. Азаматтық заңнама актілерінің өзге де заңнама актілері сияқты уақыт бойынша қолданылуының бірнеше ережелері бар. Ең алдымен, нормативтік актілер қабылданып күшіне енеді. Бүл "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 ж. 24 наурыздағы№ 213-1 Қазақстан Республикасы Заңының нормаларының тікелей сілтемесіне сәйкес болады, немесе осыған қатысты нормативтік актіде, оны күшіне еңгізу туралы нормативтік актіде қарастырылған тікелей норма болады. Яғни, басқаша айтсақ заңға қайшы келмейтін жағдайларда нормативтік актіні күшіне еңгізу сәтін анықтау оны қабылдайтын органның өз құзырында болып келеді.
Сол заңның 30-бабында барлық зандарды, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатьш халықаралық шарттардың жарияланатыны туралы айтылады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып келетіні көрсетіледі.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 36-бабында нормативтік актілердің күшіне енетін мерзімдері белгіленген. Мысалы, біліктілік талаптарын, қызмет түрлерін лицен-зиялаудың ережелерін және экспорта мен импорта лицен-зиялануға тиіс жекелеген тауарлар тізбелерін бекітетін нормативтік құқықтық актілер осы актілер ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күндік мерзім өткенге дейін қолданысқа еңгізіле алмайды.
Егер зандардың өзінде оларды күшіне еңгізудің өзгеше тәртібі белгіленбесе, азаматтық заңдар өздері жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бір мезгілде күшіне енеді.
Азаматтық Кодекстің 4-бабында азаматтық зандардың кері күші болмайтыны және олар күшіне еңгізілгеннен кейін пайда болатын қатынастарға қолданылатыны туралы ереже белгіленген. Азаматтық заң актілерінің ол күшіне еңгізілгенге дейін пайда болған қатынастарға зандық күші бүл оларда тікелей көзделген жағдайларда тарайды.
Азаматтық Кодекстің 4-бабының 2-тармағында азаматтық заң актісі күшіне еңгізілгенге дейін пайда болған қатынастар бойынша ол оны күшіне еңгізгеннен кейін пайда болтан құқықтар мен міндеттерге қолданылады деген ереже белгіленген. Азаматтық Кодекстегі жоғарыда келтірілген ере-жеде ерекшелік жасаған. Мәселен, Азаматтық Кодекстің 383-бабында тараптар үшін шарт жасалғаннан кейін зандарда шарт жасалған кезде қолданылғаннан гөрі өзгеше міндетті ережелер көзделсе, жасалған шарт ол шарттар жасалмастан бүрын пайда болған қатынастарға қолданылады делінген.
Азаматтық-құқықтық нормативтік актінің күшіне ену кезімен қатар оның қолданылуын тоқтату кезеңінің де маңызы зор. Көптеген жағдайларда азаматтық-құқықтық нормативтік актілер бүрын қолданылып келген нормативтік актінің күшін жоятын немесе оның мазмұнын өзгертетін жаңа нормативтік актінің қабылдануы нәтижесінде өз күшін жояды. Мәселен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің "Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін (жалпы бөлім) күшіне еңгізу туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен "Меншік туралы", "Көсіпорындар туралы", "Кепіл туралы" заңдардың күші жойылды деп танылды.
Азаматгық зандардың кеңістікте және адамдар тобы бойынша қолданылуы туралы айтайық. Жалпылама азаматтық-құқықтық нормативтік актілер Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. Алайда нормативтік акт шығарған орган сол актінің қолданылу аумағын шектеуі мүмкін.
Азаматтық зандар адамдардың тобы бойынша да нақ осылайша қолданылады. Атап айтқанда, азаматгық заңдар Казакстан Республикасының азаматтары мен занды тұлғаларына қолданылады. Мысалы, Азаматтық Кодекстің 3-бабының 7-тармағында заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдік жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар азаматтық заңдарда Қазақстан Республикасьшьщ азаматтары мен занды тұлғалары үшін қандай құқықтар мен міндетгер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға қақылы және сондай міндеттерді орындауға міндетті екені туралы айтылған.
Кейде нормативтік актінің өзінде оның барлық тұлғаларға емес, белгілі бір адамдар тобына ғана қолданылатыны белгіленеді.
16.4. Азаматтық қүқық қатынасының ұғымы және оның ерекшеліктері.
Азаматтық құқық қатынасы құрылымының азаматтық құқық түсінігі үшін зор маңызы бар. Бүрын айтылғандай қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік қатынастар, сондай-ақ қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтармен және міндетгермен байланысатьш мүліктілермен байланысты (байланысты емес) жеке мүліктік қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады, оларға азаматтық-құқықтық нормалардың әсері тиеді.
Көрсетілгендей заңды байланыс арқылы бір түлға екіншісінен талап ету құқығын алады, ал соңғысы заң ережелерінде айтылғандарды орындауға, мысалы, белгіленген ақшалай соманы төлеуге міндеттенеді.
Сонымен, азаматтық құқық нысанасы болып табылатын мүліктік және жеке мүліктік қатынастарды реттеу мынада, азаматық құқық нормалары бүл катынастарға қатысушылардың көрінетін немесе көрінуге тиісті мінез- құлқын анықтайды.