Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 10:55, реферат
Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы - реттеуші ықпалын тигізетін әлеуетті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржы-лар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетгі мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып сана-лады.
Мемлекеттің қаржы жүйесін құрайтын қаржылық-экономикалық институттар: 1. бюджет жүйесі (республикалық және жергілікті бюджеттер); 2. бюджеттен тыс мақсатты қорлар; 3. мемлекеттік сақтандыру қаржылары; 4. мемлекеттік банктердің қаржылары; 5. мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің және мемлекеттік басқару органдарының қаржылары түрінде көрініс табады.
Мемлекеттің қаржылық құрылымын арнайы мамандандырылған және өздеріне тиесілі қаржылық өктем өкілеттіліктерін жүзеге асыратын мына мемлекеттік органдар:
І.ҚР Қаржы министрлігі; 2.ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті; З.ҚР Қаржы министрлігініңі құзырындағы аудандық қаржы бөлімдері мен облыстық қаржылық басқармалар; 4.ҚР Ұлттық Банкі;
5.ҚР Ұлттық Банкісінің банктік және сақтандыру қадағалауы департаменті бағалы қағаздар рыногын реттеу департаменті төлемдік баланс және валюталық реттеу департаменті құрайды.
Мемлекеттік қаржылық реттеу мемлекеттің қаржы жүйесінің ойдағыдай қызмет атқаруын, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өзара қарым-қатынастарын айтарлықтай деңгейде қамтамасыз ету мақсатында оған (қаржы жүйесіне) ұйымдастыру сипатында және бағытталған түрде ықпал ету болып саналады.
Қаржылық реттеудің әдістеріне: мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамын қалыптастыру; қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақшалай қорлардың түрлері мен бағдар-бағыттарын айқындау; мемлекеттік кірістерді қаржы жүйесі буындарының арасында бөлу; мемлекеттік шығыстарды қаржы жүйесі буындарының арасында бөлу; өз қарамақтарына бекітілген ақшалай қордың функциясын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың құзыреттерін белгілеу; ақшалай қорларды қалыптастыру және бөлу процестерін жоспарлау; мемлекетгік қорлардан бөлінетін ақша қаражатгарының пайдаланылуына бақылау жүргізу; қаржылық зандарды бүзғаны үшін қаржылық-құқықтық жауапкершілік белгілеу және занда белгіленген тәртіппен осы жауапкершілікке тарту жатады.
Ақша жүйесінің құқықтық негіздері еліміздің ақша жүйесін, соның ішінде ұлттық валюта жүйесін белгілейтін, сондай-ақ оның қоғам мен мемлекет мүдделеріне сай тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ететін қаржылық құқықтың институты болып табылады.
Осы институт реттейтін объект ретінде мына: ақша жүйесінің құрылымы; ақша жүйесін ұйымдастырудың қаржылық-құқықтық аспектілдері; валюталық реттеу сияқты үш элемент көрініс табады.
Ақша жүйесі деп тарихи қалыптасқан және тиісті ұлттық заңдармен бекітілген еліміздегі ақшалар айналымын ұйымдастыру нысанын айтамыз. Ақша жүйесінің элементтеріне: ресми ақша бірлігі; ақша түрлері; ақшаларды әмиссиялау (шығару) тәртібі; валюта айналымының режимі; ақша айналымын ұйымдастыру жатады.
Ақша бірлігі еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөніндегі қызметті атқаратын және ұлттық валютаның аталымын көрсететін мемлекет тарапынан белгіленген ақша, яғни Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — Қазақстан теңгесі болып табылады.
Ақшалардың түрлері дегеніміз занды төлем құралы болып табылатын ақшалар мен олардың номиналдары.
Ақшалар қағаз ақшалар және металл монеталар түрінде көрініс табады.
Мемлекетіміздегі бірден-бір негізгі әмиссиялық орталық алтынмен қамтамасыз етілмеген банкноттарды және ұсақтаушы мэнеттерді мемлекет атынан шығаруды жүзеге асыратын Қазақстанның Ұлттық Банкі болып табылады.
Ақша айналымы тауарлар, сондай-ақ тауарсыз төлемдер мен
есеп айырысу айналысына қызмет көрсететін қолма-қол және қолма - қол емес нысандағы ақшалардың қозғалысын білдіреді. Ақша айналымын реттеу әдістеріне ақшалай операцияларды реттеу және ақшалай операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындау жатады.
Мемлекеттік қаржылар аясындағы ақшаларға тән функциялар қаржылық міндеттемелер бойынша есеп айырысу құралы және мемлекеттің ақша қорларына жұмылдырылуына байланысты қазына жинақтау құралы сипатында болады.
Ақша айналымын тұрақтыландыру ақша реформаларын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Ақша реформаларын жүргізу кезінде: нуллификация, деноминация, девальвация және ревальвация сияқты әдістер қолданылады.
Нуллификациялау - айналымнан құны жойылған ақшаларды алып тастап, онын орнына жаңа валюта енгізу, деноминациялау - айналымдағы ақшаларды белгілі бір арақатынастарын қолдана отырып жаңадан шығарылған ақшаларға айырбастау арқылы ақшалардың құнын өзгерту және массасын азайту, девальвациялау — айналымдағы ұлттық валютаның ресми курсын төмендету, ревальвациялау - ұлттық валютаның курсын, басқа елдердің валюталарымен салыстырғанда ресми түрде жоғарылату сипатында жүргізіледі.
Ақша жүйесінің құрамдас бөлігіне ұлтгық валюта жүйесі жатады. Ұлттық валюта жүйесі деп, халықаралық валюталық құқық нормаларын есепке ала отырып ұлттық валюталық зандармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысанын айтамыз.
Ұлттық валюта жүйесі халықаралық валюталық жүйемен тығыз өзара қарым-қатынаста және еліміздің экономикасы мен сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы дәрежесіне тәуелді болады.
Халықаралық валюталық жүйелердің тарихи даму кезеңдеріне орай мынадай түрлері болған:
Ұлттық валюта айналымына, сондай-ақ шетелдік валюталарға қатысты мемлекет тарапынан белгіленіп, қойылған шектеулер валюта айналымының режимі деп аталынады.
Негізінде, валюталар толығымен айналыста болатын (еркін
жүретін); жартылай айналатын (жартылай еркін жүретін); айналысқа түспейтін (тұйықталған) болып бөлінеді. Қазақстан валютасы жартылай айналыста болатын валюталар қатарына жатады.
Валюталық монополия валюталық құндылықтармен мәміле жасау жөніндегі тек мемлекеттің құзырындағы нарықтық айырықша қатынастар мен халықаралық валюталық қордың талаптарына сәйкес шектелген құқық болып табылады.
Қазақстандағы валюталық құндылықтарға: шетелдік валюта, номиналдары шетел валютасымен көрсетілген толем құжаттары мен бағалы қағаздар, толығымен тазалау процесінен өткен алтын құймасы және резиденттер мен резидент еместердің арасындағы операцияларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ұлттық валюта, сондай-ақ номиналдары ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар мен төлемдік құжаттар жатады.
Мемлекеттің валюталық монополиясының объектілері ретінде мынадай төлемдік құжаттар мен бағалы қағаздар: 1. шет елдік банктердің чектері, аккредитивтері және пластикалық карточкалары; 2. шет елдік бактердің депозиттік сертификаттары; 3. шет мемлекеттердің заемдық облигациялары; 4. шет мемлекеттердің қазыналық бондары мен вексельдері; 5. шетелдік акционерлік қоғамдар компаниялардың акциялары; 6. шет елдік занды тұлғалардың облигациялары түрінде көрініс табады.
Валюталық реттеудің негізгі әдістері: валюталық реттеу объектілерін айқындау; валюталық операцияларды жүргізудің қағидаларын белгілеу; мемлекеттің валюталық монополиясының объектілерін айқындау; мемлекеттің валюталық монополиясының объектілерімен жасалынатын операцияларды жүзеге асыруға хақы бар мемлекеттік органдардың құзыреттерін белгілеу; валюталық операцияларды, оның ішінде шетелдік валютамен жасалынатын операцияларды жүзеге асыруға хақы бар занды тұлғаларды мемлекетгік тіркеу; валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қызметтерді лицензиялау; резиденттердің тысқары жерлерден шетел валютасымен беретін және алатын ссудалары (борыштары) мен несиелерін тіркеу; валютамен жасалынатын операцияларға бақылау жүргізу; белгілі бір валюталық операцияларды жүргізуге салынатын тыйымдар мен қойылатын шектеулерді белгілеу сипатында жүзеге асырылады.Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару мемлекеттік қаржыларға қатысты тиісті қызметтерін жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік және арнайы қаржылық органдардың жүйесін айқындайтын, сондай-ақ олардың осы саладағы құзыреттерін белгілейтін қаржылық-құқықтық институт болып табылады.
Мемлекетгік қаржылар саласындағы уәкілетгі мемлекетгік органдар жүйесінде:
А. Мемлекеттегі өкілді билік органдар:
1.жоғарғы
заң шығарушы және өкілді орган - ҚР
Парламенті;
2. жергілікті өкілді органдар - Мәслихаттар.
Ә. Мемлекеттің атқарушы билік органдары:
1.жалпы қүзыретгі орталық атқару органы - ҚР Үкіметі;
6. жергілікті
әкімдіктердің бөлімдері мен басқармалары.
Б. мемлекеттің арнайы мамандандырылған
қаржылық-
экономикалық органдары:
Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару деп мемлекеттік қаржылар аясындағы өзекті мәселелерді шешуге, алға қойылған мақсат-міндеттер мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін қаржылық механизмнің ынталандыру тәсілдері мен басқа да жолдарын және санкцияларын қолдану арқылы мемлекеттің қаржылық қызметінің аясындағы барлық субъектілердің, сондай-ақ қарамақтарында мемлекетгің ақша қаражаттары бар уәкілетті органдардың жүріс-түрыстары мен іс-қимылдарына жоспарланган және бағдарланған негізде реттеуші-ұйымдастырушы ықпал етуді айтамыз.
Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері қаржылық жоспарлауды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және жабу жөніндегі негізгі қағидаларды белгілейтін қаржылық құқықтық институт болып табылады.Қаржылық жоспарлау мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу жөніндегі экономикалық процестерді, сондай-ақ қаржылық жоспарларды әзірлеу, қарау, бекіту және атқарылуын ұйымдастыру процестерін жоспарлы түрде басқару немесе қаржылық жоспарларды әзірлеу, қарау, бекіту және атқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті және арнайы мамандандырылган органдардың тиісті зандарда көзделіп, белгіленген қызметтері түрінде көрініс табады.
Қаржылық жоспарлау объектісі ақшалай қор болып табылады. Ал осы ақшалай қорлардың жиынтығы мемлекеттің қаржылық ресурстарын құрайды.
Қаржылық жоспарлаудың міндеттері: ақшалай қорлардың қалыптастырылу көздері мен жалпы көлемін айқындау; ақшалай қорларды пайдаланудың басымды бағыттарын айқындау; қажетті қаржылық резервтерді қүру; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттарын экономика секторлары мен салаларының және әкімшілік-аумақтық құрылымдардың арасында бөлудің ұтымды пропорциясын белгілеу болып саналады.
Қаржылық жоспарлау сатыларына: 1. қаржылық жоспардың жобасын әзірлеу; 2. қаржылық жоспардың жобасын қарау; 3. қаржылық жоспарды бекіту; 4. қаржылық жоспарды атқаруды ұйымдастыру және оның атқарылуына бақылау жүргізу; 5. қаржылық жоспарды (кірістері мен шығыс-тарын) жабу және қаржылық жоспардың атқарылуы жөнінде есеп беру жатады.
Жоспарлы-қаржылық актілер қаржылық жоспарлаудың заңи нысаны және қаржылық-құқықтық актілердің бір түрі болып табылады, сондай-ақ мынадай белгілерімен ерекшеленеді: қоғамдық қатынастарды реттейді; олардың атқарылуы мемлекетгің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі; белгілі бір құқықтық мән-жайларды туындатады; міндетті түрде атқаруға жататын әмірлі-талап сипатында болады.
Жоспарлы-қаржылық актілердің ҚР Парламентінің заңы, жергілікті Мәслихаттардың нормативтік шешімдері, ҚР Үкіметінің нормативтік қаулысы, министрдің бұйрығы, кәсіпорынның бірінші басшысының бұйрығы сияқты құқықтық нысандары болады.
Қаржылық жоспарлар: Республикалық бюджет, жергілікті бюджеттер, министрліктер мен ведомстволардың қаржылық жоспарлары, мемлекеттік кәсіпорындардың қар жылық жоспарлары, мемлекеттік мекемелердің шығыс сме-талары, ҚР Ұлттық Банкісінің қаржылық жоспары, мемлекеттік сақтандыру ұйымының қаржылық жоспары, мемлекеттік банктің қаржылық жоспары, мемлекеттің валюталық жоспары түрінде көрініс табады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудьщ құқықтық негіздері деп қаржылық бақылауды жүргізуге уәкілетті органдарының жүйесін айқындайтын және олардың мемлекеттік қаржылық бақылау аясындағы құзыреттерін белгілейтін, сондай-ақ қаржылық тексерулерді жүргізу тәртібі мен нысандарын белгілейтін қаржылық құқықтық институтын айтамыз.
Осы институтті құрайтын құқықтық нормалар: бақы-лау қызметінің барлық аспектілерін заң жүзінде мұқият негіздейді; бақылау органдарының құқықтық мәртебелері мен жүйесін айқындайды; мемлекеттік қаржылық бақылаудың аумағы мен шегін айқындайды; мамандандырылған мемлекеттік органдардың қаржылық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіліктерінің көлемін белгілейді; мемлекеттік бақылау органдарының қызметтерін ұйымдастыру қағидаларын белгілейді; қаржылық тексерулердің түрлерін, нысандарын, әдістерін және тексеру жүргізу тәртібін белгілейді.