Құқық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 10:55, реферат

Описание работы

Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы - реттеуші ықпалын тигізетін әлеуетті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржы-лар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетгі мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып сана-лады.

Работа содержит 1 файл

КР мемл. мен кұкық негіздері.doc

— 413.50 Кб (Скачать)

          Бюджеттік құқықтың өзіне тән құқықтық нормалары

      бар.

          Олар мынадай белгілермен ерекшелінеді:

  • бұл нормалар мемлекет тарапынан белгіленеді және олардың атқарылуы мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі;
  • бұл нормалар қатынастарға қатысушыларға заңи міндеттер жүктейді және өктем билік береді;
  • бұл нормалар әрқашанда мемлекеттік құзыретті органдардың қандай да болмасын нормативтік құқықтық актілерінде, заңдарда, жарлықтарда, өкімде, қаулыда көрініс табады;
  • бұл нормалар қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған;
  • бұл нормалардың құрамында өте сирек кездесетін норма түрлері есептеу нормалары (кірістер мен шығыстардың сандық көрсеткіштері, т. б.) ұшырасады;
  • бүл нормалар көбініесе өктем-әмірлі сипатта болады;
  • бұл нормалардың біршама бөлігі құзырет белгілеу нормаларын құрайды;
  • бұл нормалардың көбі тиісті қаржылық зандарға байланысты, тек бір жылдың көлемінде ғана заңи күшінде болады.

      Осы құқықтық нормалардың жиынтығы бюджеттік құқықты құрайды. Мемлекеттік бюджеттен тыс ақша қорлары еліміздің нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты мемлекеттік қаржылардың маңызды құрамдас элементі ретінде көрініс тауып отырғаны белгілі. Осы қорлардың құрылуы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық даму процестерінің талаптарына сәйкес келеді.

      Бюджеттік тапшылықтардың орын алуына байланысты мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстардың бір бөлігін бюджеттен тыс қорлар ретінде қалыптастыру, бір жағынан, бюджеттен жұмсалатын шығыстарды азайтса, екінші жағынан, айтарлықтай мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат-салысатын болды. Бюджеттен тыс қорлардың басты сипаттамасы өтпелі кезенде мемлекеттің қаржыларын тиімді және мақсатқа сай пайдалану болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар тікелей пайдалануға қолайлы қаржылар болғандықтан, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық инфрақүрылымға тигізер ықпалына қарай бірінші кезекте қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі болып бөлінеді. Ал құқықтық тұрғыдан қарастырсақ, Қазақстан Республикасының заңдарына, Президенггің жарлықтарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларының талаптары негізінде құрылатын бюджеттен тыс қорлар бар. Оларда осы қорларды қальштастыру көздері де бірден белгіленеді. Сонымен, бюджеттен тыс қорлар деп Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Республикалық және жергілікті бюджеттің қарамағына жатпайтын, сондай-ақ қатаң мақсатқа бағытталған ақша қорлары нысанында қалыптасатын ақшалай қаражаттар қорларын айтамыз.

      Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы бірден-бір мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры және Ұлттық қорды жатқызуға болады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржы-қаражаттары негізінен бүкіләлемдік экономика аясында әлсін-әлі туындайтын кейбір жәйттерге орай шикізат секторы бойынша жоспарланған түсімдердің белгіленген көлемде алынбауына байланысты көрініс табуы мүмкін бюджет тапшылығын жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға жұмсау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерге берілетен түсімдер немесе ресми трансферттер түрінде пайдаланылады.

      Негізінен ишкізат секторы ұйымдарынан алынатын мына салықтар мен міндетті төлемдердің: 1. заңды тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс салығының; 2. қосылған құн салығының; 3. бонустардың; 4. роялтидің; 5. жасалған келісім-шарттарға орай өнімді бөлу бөлігіндегі ҚР үлесінің республикалық және жергілікті бюджеттерге жоспарланған мөлшер-ден артық түсірілген сомаларының 10 проценті ресми трансферттер ретінде Ұлттық қордың кірісіне аударылады.

      15. 5. Бюджеттік-құқықтық қатынастар аясындағы салықтық құқық

          15.5. 1. Салықтық құқық құқықтық құрылым ретінде.

      Мемлекеттің материалдық мүддесі мен қоғам өмірінің айрықша аясының тоғысатын жері, көбінесе объективті қаржылық-құқықтық құбылыс ретінде жарқын көрініс табатын салық салу саласы мемлекеттің салықтық құқығының реттеуші ықпалының ауқымы болып табыяады.

      Мемлекеттің салықтық құқығы әрқашанда мынадай екі негізге:

  • экономикалық салықтық тиісті іс-қимылдар мен қатынастарды регламенттейтін ҚР Конституциясьша және салықтық заңдарға;
  • салық салу жүйесінің ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының халықаралық құқықтық стандартгарына сүйенеді.

      Салықтық құқық мемлекеттің салық саясатының негізін айқындай отырып жалпы саяси климатқа сай келетін фискалдық әкімшілік жүргізу мәдениетін қалыптастыруға себін тигізеді.

      Салықтық құқық өзінің салықтық құқықтық реттеу әулетінің (күш-қуатының) реттеуші ықпалының ауқымындағы қоғамдық қатынастары, салықтық-құқықтық реттеу әдістері, жүйесі және дереккөздері арқылы көрініс табады.

      Салықтық құқықтың пәні деп, мемлекеттің салықтық қызметінің барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Осы қоғамдық қатынастар салық салу жүйесін белгілеу, салық әкімшілігін жүргізетін уәкілетті мемлекеттік органдар жүйесін айқындау, салықтық міндеттемелерді дау, салықтық міндетгемелерді орындауға байланысты қажетті жағдайлар жасау, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану, халықаралық салықтық шарттарда көзделген мақсаттарды жүзеге асыру, салық органдары мен басқа уәкілетті мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдар және т.б. барысында салық салу саласында туындайтын салықтық қатынастар болып табылады.

      Салық салу саласындағы қатынастар материалдық және ұйымдастыру салықтық қатынастары болып екіге бөлінеді. Материалдық салықтық қатынастар өздерінің мынадай:

  • мемлекет болмысьшың мызғымас берік ірге тасын (материалдық негізін) қалаушы қатынастар;
  • жалпы ұлттық табысты бөлу нәтижесінде салықтық кірістің біржақты ағымдарын (қаражаттарын) мемлекет пайдасына бағдарлайтын қатынастар;
  • мемлекет болмысына байланысты туындайтын айрықша экономикалық әрі базистік қатынастар;
  • мүліктік-заттай сипатта болатын және оларға қатысты меншік құқыгының алмасуын, мемлекет меншігіне айналуын көрсететін қатынастар;
  • мемлекеттік бюджет жүйесінің негізін құрайтын экономикалық қатынастар сипатындағы айрықша қаржылық қатынастар;
  • ақшалай нысандағы (кейде заттай күйіндегі) құнның біржақты қозғалысын білдіретін қатынастар;
  • салықтық міндеттемелердің нақты белгіленуіне орай жекелей-айқындалған қатынастар;
  • көбінесе тұрғылықты-тұрақты көрініс табатын қатынастар;
  • тек құқықтық нысанда болатын қатынастар түріндегі сипаттамасымен ерекшелінеді.

          Ал ұйымдастыру салықтық қатынастары:

  • салық салу саласында жүргізілетін фискалдық мониторингке қатысты;
  • мемлекеттің салықтық құрылымы мен салық жүйесін қалыптастыруға және олардың тиісінше қызмет атқаруларын қамтамасыз етуге байланысты;
  • материалдық салықтық қатынастардың ойдағыдай қалыптасып, дамуын қамтамасыз етуге байланысты;
 
      
  • салықтық қызмет процедураларын белгілеуге және қолдануға байланысты;

      мемлекет пен салық органдарының, салық органдары мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының арасындағы вертикалдық және горизонталдық байланыстарға қатысты;

      - мемлекеттік стратегиялық салықтық жоспарлау мен болжамдау процестеріне қатысты және т.б. материалдық салықтық қатынастардың тиімділігін көздейтін қатынастарға байланысты туындайды.

      Сонымен, салықтық құқық мемлекеттің салықтық қызметінің процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

      Салықтық құқық мемлекеттің салық жүйесінің фискалдық нысандарын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан негіздей отырып белгілеуге атсалысады.

      Салықтық құқықтың маңызы мен мән-жайларын мына келесідей жәйттерден байқауға болады:

  • мемлекеттің болмысы мен өзіне тән функцияларын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етудің заңи негізі болып табылады;
  • мемлекеттің салықтық саясатын іске асырудың негізгі құралы болып табылады;
 
      
  • салықтар мен бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер мемлекеттің салықтық құқығының негізінде бөлінеді;
  • халықтың өмір сүру ортасына және әлеуметтік ахуалдарының деңгейіне тікелей ықпал етеді;
  • салықтардың болмысының негізі болып табылады;
  • қоғам болмысының әлеуметтік-экономикалық әл ауқатьш арттырудың берік ірге тасы және қоғам өркениеттілігі мен мәдениетінің елеулі элементі болып саналады;
  • материалдық бюджеттік құқықтық қатынастардағы мемлекеттің салық жүйесінің трансферттік қабілетін белгілі бір дәрежеге көтеруі арқылы салықтық кірістерді қамтамасыз етеді.

      Салықтық - құқықтық реттеу әдістері салық салу саласы мен тиісті салықтық қатынастар аясындағы салықтық іс-қимылдар мен оқиғаларға қатысты, сондай-ақ белгіленген тәртіптер мен негіздерге байланысты мемлекеттік өктем билік-императивтік әдіс және келісім, шартты-диспозитивтік әдіс түрінде қолданылады.

      Мемлекеттің салық жүйесінің ұйымдастырылу қүрылымы императивтік сипатта болғандықтан салықтық құқық аясында көбінесе әмірлі билік әдісі-императивтік әдіс пайдаланылады.

      Осы императивтік салықтық-құқықтық реттеу әдістері мына:

      а) салық салу саласындағы салық төлеушілер мен өзге де 
қатысушылардьщ жүріс—тұрыстары мен қажетті іс-әрекеттері 
мемлекет тарапынан (әдетте уәкілетті мемлекеттік органдар) 
қабылданған нормативтік және жекелей салықтық-құқықтық 
актілердің әмірлі-талапты нұсқамаларымен шартталынған;

      ә) салық төлеушілер мен салық органдарының және өзге де қатысушылардың нормативтік-құқықтық актілерде көрініс тапқан мемлекеттің әмірлі-талабын орындаудан бас тартуға хақылары жоқ;

      б) салықтық қатынасқа қатысушы салық төлеушілер мен 
салық органдарының өзара құқықтары мен міндеттері 
мемлекеттің әмірлі-талабының және тиісті нормативтік- 
құқықтық актінің негізінде нақты әрі мұқият белгіленген;

      в) мемлекеттің әмірлі-талабы мен өзге де салықтық 
міндеттерін орындау мәжбүрлеу механизмімен қамтамасыз 
етілуіне орай тиісті салықтық міндеттемелерді мәжбүрлеп 
орындату уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан біржақты 
әмірлі түрде не болмаса сот арқылы жүзеге асырылады.

      Міне, мемлекет тарапынан салықтарды белгілеу және оларды мәжбүрлеу арқылы қайтарымсыз-баламасыз алу барысында қолданылатын императивтік (әмірлі билікші) әдіс осы салықтық құқық аясында таза түрінде көрініс табады. Салықтарды келісімсіз, қайтарымсыз-баламасыз, мәжбүрлеп алу салық төлеушілердің материалдық жай-күйлері мен мүдделеріне нұқсан келтіргенімен бүл жерде императивтік әдістен басқа әдісті қолдану мүмкіндігі болмайды. Алайда, мемлекеттің салықтық қызметінің аясында әлсін-әлі пайдаланылатын диспозитивтік әдістің бар екенін жоққа шығара алмаймыз.

      Осы диспозитивтік құқықтық реттеу әдісінің мынадай өзіне тән белгілері болады:

      - салықтық қатынастағы тараптардың құқықтары мен міндеттері осы қатынастарды реттейтін салықтық заң актілерінің және жазбаша шарт нысанында ресімделген екі жақтың келісімінің негізінде қалыптасады;

  • осыған орай салықтық қатынастар шартты сипатта болады және тараптардың екіжақтық міндетгемелерін білдіреді;

      мемлекеттің салық төлеушіге тигізетін реттеуші ықпалы тек біржақты - өктем мәжбүрлеу нысанында ғана емес, сонымен қатар экономикалық стимулдар мен материалдық мүдделеу арқылы қызықтыру нысанында көрініс табады;

  • диспозитивтік құқықтық реттеу әдісінің көмегімен реттелінетін салықтық қатынастардың заңи нысаны болып табылатын салықтық шарт екі тараптың өзара құқықтары мен міндеттерін туындатады;
  • салық органдары мен салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері аздап болса да теңестірілген және шарт сипатындағы жауапкершілікпен толықтырылуы мүмкін.

      Мәселен, осы айтқандарымызға байланысты жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекетке төлейтін бонустарын алсақ. Қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы болып бөлінетін бұл арнаулы төлемдердің ставкалары мен түпкілікті мөлшерлері және төлеу мерзімдері мен тәртібі тек келісім-шарт негізінде айқындалып, белгіленеді.

      Диспозитивтік әдіске қатысты тағы бір жәйтті мысал ретінде айтуға болады. Белгілі бір салық төлеуші мен салық органдарының (басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуы мүмкін) арасында жасалған инвестициялық салықтық келісім-шарттың талаптарына сай және инвестициялық жобалар (бағдарламалар) шеңберінде жаңа өндірістер құрған, жүмыс істеп тұрғандарын ұлғайтып, жаңартқан және басқа да негізгі қүралдарды жаңадан пайдалануға енгізген салық төлеушілерге сол келісімшартқа сәйкес инвестициялық салық преференциялары (әдетте корпорациялық табыс салығы мен мүлік салығы бойынша) беріледі.

Информация о работе Құқық негіздері