Құқық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 10:55, реферат

Описание работы

Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы - реттеуші ықпалын тигізетін әлеуетті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржы-лар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетгі мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып сана-лады.

Работа содержит 1 файл

КР мемл. мен кұкық негіздері.doc

— 413.50 Кб (Скачать)

      Азаматтық құқық қатынастарының ерекшеліктері мыналар болып табылады:

      біріншіден, азаматтық құқық қатынастарының субъектілері заң жүзінде тең құқылы, бір-біріне тәуелсіз, сол арқылы олар басқа құқық қатынастарынан ерекшеленеді;

      екіншіден, азаматтық құқық қатынастары занда көзделген негіздер бойынша да, көзделмеген негіздер бойынша да туындауы мүмкін (Азаматтық Кодекс, 7-бап);

      үшіншіден, азаматтық құқық қатынастарының жағдайлары мен мазмұнын белгілегенде тараптардың келісімі басым болады;

      төртіншіден, ерекшелік бүзылған азаматтық құқықтарды қорғаудың тәртібі мен әдісінің өзіндік өзгешелігінде болып табылады (Азаматтық Кодекстің 9-бабы).

      Азаматтық-құқықтық қатынастардың үш элементі бар больш келеді. Олардың қатарына азаматтық-құқықтық қатынастың мазмұны, субъектілері және объектісі жатады. Кез-келген құқықтық қатынас субъективті құқықтар мен міндеттерді иемденуші қатысушылардың құқықтық байланысы болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынас көлемінде орын алатын субъективті құқықтар мен міндеттердің жиынтығын азаматтық-құқықтық қатынасының мазмұны деп атайды.

      Субъективті құқық дегеніміз құқық берілген тұлғаның ықтимал мінез-құлқының шамасы. Субъективті азаматтық құқық мазмұны жағынан әр түрлі. Субъективті құқықтың мазмүнын субъектіге берілген немесе заңмен рүқсат етілген мүмкіндіктер құрайды.

      Мысалы, меншік құқығы: а) белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін меншік иесіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігін; ә) басқа адамдардың бәрінен олардың сол мүмкіндіктерді жүзеге асыруға меншік иесіне кедергі жасамауын талап ету; б) меншік құқығы бұзылған жағдайда құқық бұзушылықты жою үшін сотқа жүгінуге дейін құқық қорғау тәртібі шараларын пайдалану мүмкіндігін қамтиды (Азаматгық Кодекстің 188-бабы).

      Міндетті тұлғаның тиісті мінез-құлқы шамасын азаматтық-құқықтық міндет деп атайды. Алайда, азаматтық құқықта міндеттер де әртүрлі болатынын ескеру керек. Азаматтық құқық нормаларының көпшілігі диспозитивтік сипатта болады. Алайда азаматтық зандарда тыйым салулар мен бұйырулар сипатындағы ережелер де белгілі. Құқықтың тыйым салу нормалары азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың міндеттерін де айқындайды. Мысалға, тараптардьщ шарттан бір жақты бас тартуын немесе оның ережелерін бір жақты өзгертуге жол бермеу (Азаматтық Кодекстің 401-бабы).

      Әрбір азаматтық құқықтық қатынаста тараптар құқық берілген және міндетті тараптар болып екіге бөлінеді. Әрбір тараптан азаматтық құқықтық қатынасқа бір түлға немесе бірнеше тұлға қатыса алады, мысалы, бірлесіп зиян келтірген тұлғалар бұл зиянды зардап шегушіге өтеуге тиіс. Құқықтық қатынастарға саны анықталған тұлғалар қатысуы мүмкін, алайда кейбір азаматтық құқық қатынастарына міндетті тарап жағынан саны белгісіз тұлғалар қатыса алады, мысалы, автордың, өнертапқыштың құқықтарын бұзудан барша жұрт тартынуға міндетті.

      Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың әр-қайсысының бір мезгілде құқық, берілген және міндетті тарап болуы да жиі кездеседі. Мысалы, сатып-алу, сату шарты бойынша, сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне беруге міндетті және сонымен бірге одан белгілі бір ақша сома-сын төлеуді талап етуге құқылы. Ал сатып алушы бұл соманы төлеуге міндетті ғана емес, сонымен қатар мүлікгі өзінің, меншігіне беруді талап етуге де құқылы.

      Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар құрамы өзгеруі мүмкін. Осы нәтижеге әкелетін құбылыс құқықтық мирасқорлық деп аталады. Құқықтық мирасқорлық деп құқықтар мен міндеттердің бір тұлғадан - алғашқы құқық иесінен екінші тұлғаға — құқықтық мирасқорға ауысуы түсініледі, бүл ретте соңғысы құқық қатынастарында алғшқы қатысушының орнын басады.

      Құқықтық мирасқорлық әмбебап (жалпы) не сингулярлық (жекеше) болуы мүмкін. Жалпы құқықтық мирасқорлық бір заңдық актінің нәтижесінде құқықтық мирасқордың барлық құқық қатынастарында (құқықтық мирасқорлыққа жол берілмейтінін қоспағанда) құқықтық ізашарының орнын басатынымен сипатталады. Мысалы, заңды тұлғалар қосылған жағдайда олардың құқықтары мен міндеттері, Азаматтық Кодекстің 46-бабына сәйкес, жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады; мұраны қабылдауына байланысты мұрагерлер қайтыс болған адам қатысқан мүліктік құқық қатынастарының субъектілеріне айналады.

      Жекеше құқықтық мирасқорлық - қандай да болсын бір құқықтық қатынастағы немесе бірнеше құқық қатынастағы құқықтық мирасқорлық. Айта кетсек осындай мирасқорлық тұлға өзінің үшінші жаққа талап қою құқығын басқа тұлғаға берген жағдайда орын алады (Азаматтық Кодекстің 345-бабы). Жекеше сипатта болатын құқық қатынастарында (есімге, авторлыққа және т.б. жеке сипаттағы құқықты баска адамдарға ауыстыруға болмайды). Заңнамада құқықтық мирасқолыққа жол берілмейтін жағдайлар тікелей қарастырылуы мүмкін.

      Осымен біз қатынастың мазмұнына субъективтік құқықтар мен міндеттердің жиынтығы ретінде сипатама бердік. Қалған екі элементті: субъектілерді және объектілерді келесі тарауда қарастырамыз. Әзірше азаматтық құқықтық қатынастар қалай жіктелетінін қарап өтейік.

      Азаматтық құқық қатынастар: а) мүліктік және мүліктік емес; ә) абсолютті және арақатысты; б) заттық және міндеттемелік болып жіктеледі. Азаматтық-құқықтық қатынастарды жіктеудің басқа негіздері де бар, бірақ аталғандарды ең маңызды негіздер деп атауға болады, себебі, осылар қатынастар топтасуының басым бөлігін көрсете алады.

      Бұлайша бөлудің негізіне әртүрлі белгілері анықталғандықтан, құқықтық қатынас бір мезгілде мүліктік, абсолютті, заттық (мысалы, меншік құқық қатынасы) не мүліктік, салыстырмалы, міндеттемелік (мысалы, заем шартынан туындайтын құқық қатынасы) және т.б. бола алатынын айту қажет.

      Азаматтық құқық қатынастары мүліктік қатынастар мен мүліктік емес қатынастарға бөлу мынаған негізделген: мүліктік құқық қатынастарының белгілі бір экономикалық мазмүны бар, сонымен бірге мүліктік емес құқық қатынастарының мұндай мазмұны болмайды және жеке адамның кейбір материалдық емес мүдделерін (есіміне құқығын, ар-ожданын және басқаларын) қамтамасыз етеді.

      Азаматтық құқық негізінен алғанда мүліктік қатынастарды реттейтіндіктен, азаматгық құқық қатынастарына қатысушылар көбінесе мүліктік құқықтардың иелері ретінде әрекет етеді. Осындай құқықтарды, әдетте, басқаға беруге болады, яғни олар басқа адамға жекеше не жалпы құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы мүмкін.

      Жеке құқықтар оларды иеленушілердің жеке басынан ажырамайды. Оларды басқа адамға беруге, не жалпы құқықтық мұрагерлік бойынша ауыстыруға болмайды. Мысалы, ар-ождан құқығы, авторлық құқық осындай болады.

      Құқық қатынастары абсолютті және арақатысты болып бөлінуін қарайық. Бүлайша бөлу қатысушылардың байланысы белгісіне негізделген. Субъективті азаматтық құқығы бар тұлғаларға міндетті тұлғалардың беймәлім тобы қарсы тұратын құқықтық қатынастар абсолютті болып табылады.

      Мүліктік (мысалы, меншік құқықтық қатынасы) және жеке мүліктік емес құқықтық қатынастарда (мысалы, авторлық шығарма немесе өнертабыс жөнінде пайда болатьш қүқықтық қатынастар) абсолютті болуы мүмкін. Меншік иесі шығарма немесе өнертабыстың авторлары олар жөнінде құқықтарын жүзеге асыра алады. Қалған тұлғалардың бәрі міндетті болады. Олардың негізгі міндеті меншік иесінің немесе интеллектуалдық меншік иесінің өз құқықтарын жүзеге асыруына кедергі етпеуде болып келеді.

      Құқыққа ие тұлғаға міндетті тұлғалардың белгілі тобы қарсы тұратын құқық қатынастары арақатысты деп саналды. Олар бірнешеу болуы мүмкін, бірақ олар әрқашанда дәл анықталған болады. Мысалы, азаматтар немесе заңды түлғалар жасасқан шарттан туындайтын құқық қатынастары ара-қатысты.

      Заттық және міндеттемелік құқықтық қатынастар. Заттық және міндеттемелік құқық катынастары арасындағы айырмашылық мынадан аңғарылады: заттық құқықтық қатынастар абсолютті сипатта болады. Заттық құқықтық қатынастардың ең негізгі түрі бұл меншік қатынастары. Сонымен бірге өзге заттық қатынастар бар. Заттық құқықтық қатынаста құқық иесі және зат араларында тікелей және сол қатынастағы негізгі құқықтық байланыс пайда болады.

      Міндеттемелік құқықтық қатынастарда олардың объекгісі міндетті (борышкердің) іс-әрекеті болуы жөн, олар арақатысты. Құқыққа ие тұлғаның (несие берушінің) мүдделері өзіне қарсы тұратын борышкердің белсенділігін керек етеді, оның әрекеттері арқылы қанағатгандырылады. Аталғандай әрекеттер қатарына мүлікті беру, ақша төлеу, жұмыс орындау және т.б. сондай іс-әрекеттер түрінде болуы мүмкін.

      Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу негіздері.

      Азамаггық құқық қатынастарының туындауына заңдық фактілер негіз болады. Азаматтық кодекстің 7-бабында әртүрлі зандық фактілер азаматтық құқық қатынастар пайда болу негіздері ретінде көзделген. Бүл тізбенің бәрін түгел қамтылмайтынын атап өту қажет. Өйткені азаматтық құқықтар мен міндеттер қолданылып жүрген зандарда тікелей көзделмеген, бірақ, оның жалпы негізі мен мағынасына қайшы келмейтін өзге де заңдық фактілер негізінде пайда болып, өзгеріп және тоқтатылып отырады.

      Заңды фактілер дүниеде орын алатын фактілер, яғни олардың болмысы ақиқат. Занды факт - азаматтық құқық нормаларында көзделген факт. Өмірде толып жатқан қүбылыстарында қандай фактінің заңдық күші болатынын және қандайының заңдық күші болмайтынын нақ сол нормалар анықтайды. Демек, занды факт - азаматтық құқық нормалары негізінде белгілі бір заңдық салдарға әкеп соғатын факт.

      Заңды фактілерді топтастыру. Зандық фактілерді түрлері бойынша басты бөлінісі оларды адамдардың ықтиярымен болатын әрекеттер қатарына және адамдардың ықтиярына қарамай, оған тәуелсіз болатын оқиғалар қатарына жатқызу. Осы себептен оларды әрекет және оқиға заңды фактілеріне бөледі.

      Әрекеттер, өз кезегінде, заңды және заңсыз болып бөлінеді. Қолданылып жүрген заңның немесе басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзатын әре-кетгер заң жүзінде теріс әрекетгер деп түсініледі. Зиян келтіру жөніндегі әрекеттер, құқықтық тәртіпке адамгершіліктің негіздеріне қарсы мақсатпен жасалған мәміле және т.б. заң-сыз болып табылады (Азаматтық Кодекстің 158-бабының 1-тармағы).

      Азаматтық заңдардың талаптарына сәйкес келетін әрекеттер заң жүзінде дұрыс әрекеттер болып табылады. Мысалға, заңға сәйкес жасалған сатып алу-сату, сыйға тарту, тасымалдау, жеткізіп беру және т.б. сияқты әртүрлі азаматтық-құқықтық мәмілелерді алуға болады.

      Өз кезегінде заңды әрекеттердің бәрі заңдық актілер мен занды қылықтарға бөлінеді. Азаматтық құқықта азаматтық құқық қатынастарының пайда болуына, өзгертілуіне немесе тоқтатылуына бағытталған заң жүзінде дұрыс әрекет заңдық актілер деп аталады. Азаматтық-құқықтық заң актілерінің негізгі түрі мәміле (шарт) болып табылады. Азаматтық Кодекстің 147-бабына сәйкес азаматтар мен занды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді анықтауға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады. Сол сияқты Азаматтық Кодекстің 380-бабында шарт жасасқан кезде азаматтар мен занды тұлғалар ерікті болады деп көрсетілген.

      Азаматтық құқық қатынастарын дамытуға, азаматтық-құқықтық актілерді қоспағанда, өзге де құқық салаларының нормаларына сәйкес жасалатын заң актілерінің ықпал етуі мүмкін және олар ықпал етеді де. Атап айтқанда, Азаматтық Кодекстің 7-бабында азаматтық құқықтар мен міндеттердің әкімшілік актілерден пайда болуы көзделген. Мысалға азаматты жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу актісін алуға болады.

      Заңды қылық - занда белгілі бір әрекет нақ сондай зардап шектіруге бағытталғанына немесе бағытталмағанына қарамастан, белгілі бір заңдық зардаптарға байланыстырылатыны заң жүзінде дұрыс әрекет. Мәселен, занды қылықтар қатарына шығармашылық кәсіп қызметкерлерінің айтып келгенде әдеби немесе музыкалық туындылары, жасалатын әрекеттері жатады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Құқық негіздері