Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 14:53, курсовая работа

Описание работы

Шаруашылықтың нарықтық жүйеге ауысуы – бұл кәсіпкерлік түріндегі экономикаға ауысу деген түсінікті береді. Мемлекеттегі кәсіпкерліктің дамуына жағдайлар жасау өтпелі экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі. Осыған байланысты елдегі кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды алатын аса қажетті қатынастардың бірі болып отыр.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7

1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік институтына жалпы сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10
1.1 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қатынастарына жалпы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10
1.2 Кәсіпкерлік қатынастардағы құқықсубъектілігі. . . . . . . . . . . . . . 19

2 Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу . . . . . . 33

2.1 Кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық- ұйымдастыру нысандары . . . . . . . 33
2.2 Кәсіпкерлік іс-әрекетін тіркеу және лицензиялау. . . . . . . . . . 46
2.3 Кәсіпкерлік қатынастарды тоқтату ерекшеліктері. . . . . . . . . . 55
2.4 Қазақстан Республикасындағы бірлескен кәсіпорынның құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 73
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікке сипаттама.doc

— 518.50 Кб (Скачать)

Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың "әлеуметтік байланыстар ілімі" [47; 56], А.А. Пушкиннің "ұйымдастыру ілімі" [48; 95] , Е. А. Сухановтың "мақсатты мүлік"14 тәрізді ғылыми тұжырым-дарыда айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, занды тұлғаға "адамдардың қатысы" жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді.

Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті занды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.

Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіругетырысып, заңды тұлғаның сыртында оньщ құқықтары мен міндеттерін "жасырын" атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.

Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де өртүрлі теориялық көзқарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф. Савиньи "фикция теориясының" негізін қалады [49; 89]. К.Ф. Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады.

Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды.

Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шы-ғарылған субъектісін алға тартады. Ал неміс ғалымы Гирке [50; 98] болса, "органикалық теорияның" тұжырымын ұсынып, занды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.

Заңды тұлға туралы ілімде (теорияда) осындай әр қилы пікірлер кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі.

Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмеңдепдей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес.

Коммерциялық занды тұлғаны пайда табуды кездейтін ұйым десек қателеспейміз.

Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерниялық емес ұйым деп танылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 2-бабы).

Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабьшың 2-тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады.

Сонымен, бірлескен кәсіпорын дегеніміз Қазақстанда тіркелген және тұтасымен Қазақстан заңына бағынатын, отандық және шетелдік капиталмен құрылып қызмет атқаратын, заңды тұлғаның белгілеріне негізделген шаруашылық бірлестік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында мемлекет кәсіпкерліктің ауқымды дамуына жол ашатын мүмкіндіктер туралы айтқан болатын. Нақ осы кәсіпкерлер Экономиканы жаңғыртатын қозғаушы күш болып саналады деген. Осыған байланысты Елбасы Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізуді және сол бағдарламаны «Бизнестің жол картасы – 2020» деп атауды ұсынды [51]. Бұл бағдарламаның басты мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, ең алдымен шағын және орта кәсіпкерліктің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс  орындарын ашу болады.

Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерліктің қайта дамуы туралы көп айтылып жатыр. Бірақ, нақты айтатын болсақ, бүгінгі Қазақстанның өмірінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайында, кәсіпкерліктің қайта дамуының туынды түрде әрекет жасаудың, біздің мемлекетімізде мүмкін. Кәсіпкерлікке арналған шарттардың әрбір қоғамда бар болымен қатар, осындай кәсіпкерлік корпустың қоғамда бар болуы –бұл сән алымы ғана емес. Бұл азаматтардың экономикалық деңгейдегі бостандықтарының көрсеткіші және билік құрылымының өкілдері жағынан кәсіпкерліктің озық сипаты шағылысуы көрінеді, экономикалық саясатты анықтайтын, дамытатын және іске асыратын, сонымен қатар кәсіпкерлік тұрғысынан да қарастырылады.

Қазақстанның болашағы –кәсіпкерлікте, деген көпшілікке тартқан пікірмен келісуге болмайды. Қазақстанның болашағы – біздің барлығымыздың қолында және көп жағдайларда біздің тұрмыстық тиімді тұжырымдаманы арттырудың қабілеттілігімен анықталады. Бірақ  Қазақстанның болашағы- кәсіпкерлерге де байланысты [52]. Сондықтан да- осы экономика нысанының қызметімен айналысам деушілер, өздерінің кәсіпкерлер жүйелерін орындау барысында кәсіптік түрде жүзеге асырулары қажет.

Мемлекет экономикалық ұйымдармен айналысу керек, бірақ ол оның шаруашылық қызметіне тікелей араласпау керек, сонымен қатар өзі кәсіпкерге айналмау керек. Мемлекет саяси ұйым ретінде қалу керек, экономиканы реттеу үшін: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдары арқылы жүзеге асырылуы керек. Ерікті (кәсіпкерлік) және жүйелендірілген (басқарушылық) қызмет түрлері бір бірімен саналы түрде болуы керек.

Қандайда бір жаққа артықшылықтың пайда болуы бостандықтың шектелуі, кәсіпкерлік қызметін буындыру немесе бостандықтың шексіз болуы, индивидтің рұқсатының артықшылығын білдіреді, осының барлығын қоғам (мемлекет) ұйымының жойылуына әкп соғады.

Көбінесе кәсіпкерліктің дамуы мемлекеттің жалпы қоғамның мүддесін қорғау үшін қажетті және қатаң анықталған биліктің баланс мүдделерін қамтамасыз алатындай, ал қалғанын қоғам мүшелерінің көзқарастары бойынша, кәсіпкерлерді қосып алғанда жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлердің бостандықтарын болдырмау немесе сақтау мәселесінде емес, бұл бостандықтың шектері туралы болу керек. Кәсіпкерліктің бостандығы және осының негізінде нарықтың қалыптасуы- Қазақстан экономикасының даму жолы аса тиімді болады.

Осы жазылған жұмысты қортындылай келе, төмендегідей тұжырымдар жасаймын:

Ең бастысы кәсіпкерліктің мәнін толық ашатын  анықтама беретін болсақ, Кәсіпкер- ынта мен жаңалық негізінде толық экономикалық жауапкершіліктен қорықпайды, тәуекелге баруға және болашақта қосымша табыс түсіретіндей етіп, басқа өнідіріс факторларын тиімді түрде біріктіруге қабілетті ұдайы өндірістің субъективтік факторы.

Диплом жұмысымызда қарастырылған негізгі ережелер яғни кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ұйымдық-құқықтың нысанын қайсы бірімен құрылып нарыққа шықпас бұрын заң талаптарын сақтай отырып тіркелуі керек.

Қазақстан Республикасының негізгі заңнамаларына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің құқықсубъектілік деп тану үшін ол лицензиялау үрдісінен, мемлекеттік тіркеуден өту қажет екенін анықтадык.Бұл онын азаматтық құқық нормаларымен реттелетін талап болып табылады.

Жоғары да айтылғандай Бизнес жол картасы бағдарламасына сай шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесін тиімді ұйымдастырудың бір бағыты кластерлік жүйе негізінде өміршең инфрақұрылымдық жүйелерін құру.

Қазақстан үшін шағын және орта кәсіпкерліктің маңызы зор, өйткені ол көп мәселе шешеді. Кіші бизнестің әлеуметтік-саяси маңынасы да зор: ол қоғамның тұрақтылығының кепілі болып табылатын «орташа» таптың даму негізі. Сондықтан да еліміздің ертеңі осы кәсіпкерлер қолында деп есептейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1                    Қазастан Республикасының Азаматтық Кодесі.- Алматы: ЖШС «Баспа», 2001.- 400 б. // www.zakon.kz.

2                    «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 31.01. 2006 жыл. // www.zakon.kz.

3                    Предпринимательское право: учеб. пособие/ под ред. С. А. Зинченко, Г. И. Колесника. - Ростов н/Д: Феникс, 2001. - 479с..

4                    Қазақстан Республикасы Президентінің 2.05.1995ж. ”Шаруашылық серіктестіктер туралы” Заң күші бар Жарлығы// www.zakon.kz

5                    Қазақстан Республикасы Президентінің 19.06.1995 “Мемлекеттік кәсіпорын туралы” Заң күші бар Жарлығы// www.zakon.kz.

6                    Антоненко Е. Правовые основы предпринимательства/ Антоненко Е. //Предприниматель и право. - 2000. - №17-18. - C. 18.-С.7-8.

7                    Бизнес и право: Правовое регулирование предпринимат.деятельности. - Алма-Ата: Гылым;Ассоц."Казинпресс", 1992. - 416 c.

8                    Галиев Т. Правовое регулирование предпринимательской правосубъективности несовершеннолетних: методологический аспект/ Т. Галиев. - Астана: Парламент РК, 2005. - 175 с.

9                    Право и предпринимательство в Республике Казахстан. - Алматы: Жеті жарғы, 1994. - 144с.

10Гражданское право. Учебник. Часть 1. /Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого. - М.: Проспект, 1998. -С.127.

11 Грешников И.П. Понятие юр. лица в гражданском праве и

законодательстве. Автореферат дисс. на сосиск. учен. степ. к.ю.н. Алматы, 1997, 12б.

12               Қазақстан Республикасының 13.05.2003 ж. “Акционерлік қоғамдар туралы” Заңы. // www.zakon.kz.

13               Акцияға мемлекеттік тіркеу эмиссиясы тәртібі туралы, акция эмиссиясын жою және оларды шығару есебін бекіту туралы ҚР-ң 29.11.1966 жылдан бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия ережесі. // www.zakon.kz.

14               Қазақстан Республикасының 16.01.2001 ж. “Өндірістік кооператив туралы” Заңы. // www.zakon.kz.

15               Сборник “Предпринимательство и право”, Издательскийдом “БИКО”, Алматы 2001

16               Қазақстан Республикасының 17.04.1995 ж. (29.10.2002 жылғы өзгертулерімен қоса) ) Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есепке алу тәртібі туралы” Заңы// www.zakon.kz.

17               Лаптев В.В. Проблемы предпринимательской (хозяйственной) правосубъектности/ Лаптев В.В. //Государство и право. - ISSN 0132-0769. - 1999. - N11. - C. С.13-21

18               Приходько И.А. Молодому предпринимателю: Новое в законодательстве о собственности,аренде,земле/ Приходько И.А.. - М.: Мол.гвардия, 1991. - 190 с

19               Грузинов В., Грибов В. Предпринимательство формы и методы организации предпринимательской деятельности // Экономика предприятия. – М., 2002г. 5-6 с.

20               Орлова В. Фирменное наименование и товарный знак:соотношение прав //Закон.-2000.-N4.-С.43-47.-ISSN 0869-4400.

21               Ахметбекова С.А. Предприниматель как участник гражданского оборота //Вестник КазГУ.Серия юридическая.-2000.-N3.-С.50-56.

22               Правовые основы перехода к рыночным отношениям: Аренда,акционерные общества,предпринимательство,защита прав предприятий/ авт. Е.А. Суханов, авт. В.В. Витринский, авт. С.А. Герасименко, авт. И.В. Авилина. - М.: Экономика и право. - 1991Т.1. - 359 с.

23               Қарағанды облысы бойынша әкімшілік тіркеуіндегі 1999 жыл 1 қаңтар мен 2003 жыл 1 қаңтар кезеңіндегі заңды тұлғалар бойынша негізгі көрсеткіштер. Қарағанды: Б., 2003

24               Коммерческое право. Учебник /Под ред. Попондопуло В., и Яковлевой    В.Ф. – СПб., 1997г. 97 c.

25               Шапира Ж. Международное право предпринимательской деятельности/ Шапира Ж.. - М.: Прогресс:Универс, 1993. - 159 с.

26               Гражданское право: Учебник./ Под ред. Цыбуленко З.И. – М.: Юристь, 1998 г. 85 с.

27               Сулейменов М.К. Становление и развитие права внешнеэкономической деятельности Республики Казахстан/ Сулейменов М.К. //Вестник КазГУ:Сер.Юридическая. - ISSN 1563-0366. - 2001. - N3. - C. С.31-38

28   Гражданское право РК, Учебное пособие (ч. Общая), 2-е изд., доп.и изм. / Отв. ред. Г.И. Тулеугалиев, К, С. Мауленов. - Алматы:» Данкер»,.1999. с 4.

29             Пушкин А А. Правовые формы управления промышленностыо в СССР.
— Автореф. докт. дисс. — Харьков, 1964.с 28.

30   Грешников И.П. Классификация организаций с правами юридического лица Правовой режим коммерческих и некоммерческих организаций / В кн. Общая часть Гражданско­го кодекса Республики Казахстан (сборник статей, комментариев). - .Алматы: Изд-во КазГЮИ, 1996, С 5.

31               Аскпазий С.И. 06 основаниях правовых отношений между государствен-ными социалистическимиорганизациями.// Учен. зап. Ленингр. Юрид Ин-та Вып. ІҮ. -Л., 1947, C. 33

32               ВенедиктовА.В. Государственная социалистическая собственность. М.-Л., 1948, 665-бет.

33               29.01.2010 ж. «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу –Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикаксы Президентінің Қазақстан халқына жлдауы.

34               Жизнин С.З. Как стать предпринимателем?: Предпринимателю о предпринимательстве (американский опыт)/ Жизнин С.З.. - М.: Новости, 1990. - 134с.

35               Жилинский С.Э. Предпринимательское право(правовая основа предпринимательской деятельности): Учебник для вузов/ Жилинский С.Э.. - 2-е изд.,испр.и доп.. - М.: Изд.группа НОРМА-ИНФРА-М, 1999. - 662с.

36               Лаптев В.В. Некоторые проблемы предпринимательского (хозяйственного) права //Государство и право. - 2005. - №5. - C. С. 102-110

37               Лаптев В.В. Проблемы предпринимательской (хозяйственной) правосубъектности/ Лаптев В.В. //Государство и право. - ISSN 0132-0769. - 1999. - N11. - C. С.13-21

Информация о работе Кәсіпкерлік іс - әрекет қатынастарын құқықтық реттеу