Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 07:53, реферат
Адам баласының мындаған жылдық тарихында егіншілікті игеруде көп тәжірибе жинақталды. Әр түрлі климаттық-топырақ аймақтарында егілетін дақылдардың күндылығын, бейімдшігін, кажеттілігін білуге арналған блтыл болжамдар мен қол жеткен табыстар, ұрпақтаи ұрпаққа беріліп отырды. Мысалы, Орта Азияда жүзім, өрік,шие,Грузияда субтропикалық дақылдар, Молдавияда жеміс, жүзім, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шыгыс облыстарында жеміс-жидек және жүзім өсіру ата кәсіпке айналған.
Тұқымды стратификациялаудың мазмұны - 2,5-3 ай бойы 5-80 температурада ылғалды топырақтарда ұстап тұру. Сермені вегетативті жолмен де көбейтуге болады. Мұнда жапырақ, сабақ сияқты өскіш мүшелері, жасыл қалемшелері қосымша тамырларының кесінділері, көген сабақтарымен және түптерін бөлу арқылы көбейтеді, мұндай өсімдіктер, аязға төзімдірке болып саналады.
Сермен отырғызғаннан кейін төртінші жылы жеміс салады. Жұмсақ жидектерінің дәмі өте қышқылтым келеді, қабығы тәтті, тұқымының тіл күйдірерлік дәмі болады,ал жидектері тұз татиды. Ол қытай медецинасында "бес дәмді жидек" деп аталады. Сермен жемістерінде органикалық қышқылдар лимонды (9,4-11,36℅), алмалы (7,6-8,4℅) және шарап (0,8℅ жуық), сондай-ақ емдік заттар ехизандрин болады, жеміснде 1,5℅ қант, тонидтер, бояйтын заттар т.б. заттар болады.
Эфир майларының мөлшері қабығында 2,60-3,21℅, тұқымында 1,6-1,8 және сабақтарында 0,2-0,7℅ болады.
Олардың тұнбаларын және тұқымының ұнтақтарын мидың және дененің физикалық шаршауын басу үшін пайдаланылады. Ол жүректің соғу жылдамдығын, тыныс алуды реттейді. Олардың жемістері жаңадан жиналған немесе кептірілген күйінде пайдаланылады. Бұл дақылдың ерекшелігі - оны тығыз орналастыруға болады. Бір гектар егістікке 10000 дана өсімдік отырғызылады. Қатар ішіндегі қашықтыы 0,65м және қатараралық қашықтығы 1,5м болады. Мұндай қатараралықта жай трактор агрегатарын қолдану мүмкін болмайтындықтан, қатараралықты 2,5-3м-ге дейін ұлғайтуға болады.
Бөріқарақат (Барбарис)
Бөріқарақаттың әр түрлі сабақтысы /Berberis L vulgaris/. Тарбағатай Жоңғар және Іле Алатауының етектерінде өссе, ал сопақша түрі /B. Orelanga/ Қазақстанның оңтүстігінде кеңінен таралған. Тікенді бұтақтарының биіктігі 1,5-2м, бұтақтары тіп-тік өседі, бұтақтарының әлсіз тікендері бар. Гүл шоғыры - шашақ гүлді, түсі сары, жидектерінің дәмі қышқылтым, құрғақтау, эллипс тәрізді болып келеді. Өсімдіктің барлық мүшелерінің құрамында алколоид болады. Тамыр қабығымен жапырақтарынан берберик, колмоин, полубалин, ятроррицин және оксиактон тәрізді дәр-дәрімектер бөліп алуға болады. Тәжірибелік зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, бөріқарақат тұнбасы қан тоқтататын, қан қысымын төмендететін, жүректің соғуын реттейтін қасиеттермен ерекшеленеді.
Қызамық (Брусника)
Қызамық - Vaceinium vitisidaca L. Ол көбінесе Семей, Шығыс Қазақстан облыстарында өседі. Бұталарының ұзындығы 25см, жерге жайылып өсетін, тамыр сабақтары және тік өсетін бұтақты сабақтары болады. Ұзындығы 0,5-0,3см, жоғарғы жағы қара көк, жылтыр, ал төменгі жағы ашық сары, күңгірт, бытыранқы қоңыр нүктелерімен көмкерілген, гүлдері қысқаша гүл сағағында орналасқан, екі гүл серігінен тұрады. Жоғарғы жағындағы гүл шоғына жинақталады, тостағаншасы 4 бөлікті, гүл тәжісінің ұзындығы 4-6,5мм. Қоңырау пішіндес сырт жағы тіс тәріздес, ақ сары реңді.
Аталық жыныс мүшесінің майда 8 секілді жіптері бар. Аналық жынысы аналық мойнмен бірігіп, гүл біткен күлтесі ашық қызыл түсті. жидегі жылтыр, диаметірі 8мм болады, жоғарғы жағында кеуіп қалған тостағаншасы бар. Тұқымы қызғылт- қоңыр түсті,жарты ай тәріздес. Мамыр және маусымда гүлдейді, тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жапырақтар құрамында 9% дейін арбутин, гидрохипон, гиперип және танин бар. Ал жидектер құрамында 10,4% қант, 2,1% органикалық қышқылдар олардың арасында лимон, алма, басқа бензол, сірке, қымыздық, кете май қышқылдары, сондай - ақ глюкозид, вакцинин, иденохлорид т.б. заттар кездеседі. Тұқым құрамында глицириндерден бастап липолав және липелон қышқылдарынан тұратын май болады. Қызамық жапырақтарының тұнбалары бүйректегі тасқа, ревматизмге витаминозға қарсы қолданылады. Жидектерінен тосап дайындауға болады.
Аласа жапон бекесі (Айва японская)
Бұл дақылдың аз таралғандығы болмаса, Келешегінен зор үміт күттіретін дақылдарының бірі. Ол өзінің жылдам жеміс салуымен және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді. Жемiстерiнiң құрамында көп мөлшерде органикалық қышқылдар бар, хош иістi болып келедi. Олардың жемiстерi шарап жасайтын өнеркесiптерде бағалы шикiзат ретiнде қолданылады. Жапон бекесiнiң бiрнеше түрлерi бар,олар биiк және аласа жапон бекесi (Сhaenomels Jароniса) болып бөлiнедi. Аласа жапон бекесi биiк түрiмен салыстырғанда -көлемi кiшiлеу қысқа төзiмдiлiгi одан жоғары болып келедi. Ол жапонияның таулы аудандарында пайда болған. Аласа жапон бекесi ТМД елдсрiнде бұрын сәндiк өсiмдiктер ретiнде пайдаланылып келген, 1982 жылдан Латвияда оларды жидек дақылы ретiнде өсiрiп, бiраз тыңғылықты жұмыстар жасалған. Казiргi кезде жидек дақылдары түрлерiн өсiруде Жапон бекесiнiң маңызы зор. Жемiс шаруашылығында, жапон бекесiнiң жаңа сорттары әлi шығарылып болмағандықтан, оны практикада тек көшеттал есебiндс ғана пайдаланады. Жапон бекесi биiктiгi 60-100см болатын бұта. Жекелеген көшетгер биiктiгi 1,5-2 м-ге жетедi. Бұтақтары кеңінен жайьтлып өседi, негiзгiлерi топырақ бетiне жақын орналасады. Бұтақтарында сирек орналасқан, ұзындығы 1 см-дей болатын қылтанақтары бар. Жас өркендердiң қабықтары кедiр-бұдырлы. Жапырақтары кең жұмыртқа тәрiздi үшкірленген немесе 3-5см болады. Басқа да жемiс дақылдары сияқты сирек жапырақ серiгi Аласа жапон бекесi жапырақтарының сыртқы түрi мәңгі жасыл өсiмдiктердi еске салады. Екпе шыбықтарды отырғызғаннан кейiн, үшiншi жылы жемiс сала бастайды. Өсiмдiктер мамыр айында гүлдейдi, жаппай iрi отты-қызыл гүл тiзбегiмен жабылып гүлдеуi бір айға созылалы. Мұның өзi бал арасын қызықтырып, оларды жұмыс атқаруына көп мүмкiншiлiк бередi. Беке жемiсi жалған көп тұқымды, жуан және еттi, етiнiң сыртқы жағы гүл тұғырынан пайда болады. Жемiстерi қыркүйектiң аяғында пiседi. Аласа жапон бекесi жемiстерiнің пiсу мерзiмi әр түрлi. Жемiс пiшiндерi де әр түрлi алма алмұрт және шалқан тәрiздi болыы келедi, түстерi: сары, сары-қызыл, ашық-жасыл, жасыл. Әрбiр Жемiсте 5-8 тұқым бар, олардың пiшiндерi созылыңқы, қоңыр түстi болады. Жемiстiң орташа салмағы 20-30г, ал жекеленген екпе шыбықтарда одан да көбiрек болуы мүмкiн. Әр түптен орташа 3-4кг өнiм алуға болады.
Жапон бекесiн отырғызу үшін желден қорғалған алқаптарды таңдау қажет, ондай жерлерде қар көлемi,едәуiр дережеде сақталады, бұл өсiп тұрған өсiмдiк бақтары қысқы кездегi болатын төмегi температуралардан сактауға мүмкiншiлiк жасайды. Жапон бекесi әртүрлi топырақтағы қажеттi мөлшерде сумен қамтамасыз еткен жағдайда жақсы өседi. Топырақ ертiндiсi орташа әлсiз қышқылды (РН -6) болса, бекенiң өсуiне қолайлы жағдай туады.
Аласа жапон бекесiнiң көптеген популяцияларынан iрi жемiстi және қысқа төзiмдi түрлерi әлi де болса алынбаған сяқты. Дақылды одан әрi көбейту тек тұқмдарды себу арқылы жүргiзiледi. Олардың тұқымының өсу энергиясы жоғары. Себiлгеннен кейiн, күзде жақсы көгерiп шығады. Ал көктемде алдын ала 40-50 күн шамасында стратификацяланған тұқымдарды сепкенде ғана жақсы көгеріп шығады.
Аласа жапон бекесiне алмұртты ұластырып, ерте жемiс салатын өсiмдiктердi алуға болады. Оларды егстiгiн отырғызу, ерте көктемде бүршiк жарудың басында жургiзiледi. Күзде отырғызудан жақсы нәтиже шығады. Көшеттiктерге қарағанда екпе шыбықтар онша терең емес етiп отырғызылады. қатардағы өсiмдiктердiң бiр-бiрiнен қашытығы 0,5-1м, ал өсiмдiктер қатар аралығы 2,5-3м. Қоректену алаңы игерiлгенше оларды қатар аралығына отамалы дақылдар егуге болады. Топырақы дайындау жұмыстары қарақат немесе таңқурай тәрiздi жүргiзiледi. Жапон бекесi түптерiн қалыптастыру және шырпу мынадай мақсаттарда жүргiзiлед:
бұтақтарды
бiркелк орналастыру жарық
Шырпудың мұндай тәсiлi жемiс салудың үш жылдық қатайып сиректелген бөлiгiнде жүргiзуiне негiзделген. Бiрiншi жылы бiржылдық өркендер өсiп шығады, екiншi жылы олар тармақтала бастайды, олардан жемiстi бұтактар және жас өркендер пайда болады, үшiншi жылы гүлдерi және жемiстерi пайда болады. Жапон бекесiнiң жақсы қалыптаскан түбiнде әр түрлi жастағы 10-15 қаңалқ бұтақтары болуы керек. Бесжылдық бұтақтар түбiн күзде немесе көктемде шырпу қажет, өйткенi олардың өнiмдiлiгi төмендеп кетедi, әрi бiр-бiрiне көлеңке түсiрiп, жарық азаяды. Сонымен бiрге олардың өскiндерiндегi жаңадан шықан және тiк өсiп тұрған бұтақтарын кеседi, өйткенi қармен жабылып көмiлмеген бөлiгi үсiп кетуi мүмкін.
Ең бағалы бұтақтарға 15-20см-лiк биiктiкте бұтақтар жатады. Оларды қолдан майыстырып жатқызып, қыс кезiнде қармен жақсылап жабады. Түптегі әртүрлi жастағы өркендер санын үнемi тұрақты түрде ұстап тұру қажет. Жемiс салып болған бесжылдық бұтақтарды алып тастап, оларды жақсы жетiлген өркендерi бар біржылдық бұтақтармен алмастырып отырады. Жапон бекесiнiң жемiстерiн жинауды қыркүйектің аяғында бастап, күзгі үсік түскенге дейiн жалғастырады. Оның құрамында қант онша көп болмаса да, илiк заттарға бай, ол жидектің дәмін жақсартып, оны өндеуде үлкен роль атқарады. Оның құрамында пектиндi затгар мен С витаминi, басқа жемiс жидектерге қарағанда екі есе көп болады.
Жапон бекесi сусындар, лимонадтар, шараптар, тосап, компот дайындауда қоспа ретiнде пайдалынылады.
Қара жидек (Черника)
Қарапайым қара жидек -қызамықтар тұқымдасына жатады. Шығыс қазахстан облысының орманды тауларында, Алтайда, теңiз деңгейiнен 1200-1400 биiктiктег аудандарда кеңiнен тараған. Биiктiгi 15-40 см жартылай бұта тектес өсiмдiк. Сабақтары жатаған, одан жасыл кырлы өркендер тармалады. Жапырақтары кезектi, қысқа сағақты, жылтыр ашық-жасыл, жұқа, эллипс немесе жұмыртқа тәрiздi, жиегi тiстi, ұзьндығы 10-20 мм, қыста түстіп қалады. Гулдерi жақсы, гүл сағағы қысқа болады, тостағаншасының шет жағы жазылып кетдi. Гул тәжісі құмыра-шар тәрiздi, жасыл сары, төрт-бес кезектi, 8-10 аталық ұрықтардан тұрады, тозаң ұстайтындары ұзын, қосалқы болып келедi. Гүл түйiндерi төрт-бес ұялы. Жидсктерi шырынды, шар тәрiздi, диаметрi 10 мм, түсi қара-көк, мамырда гулдеп, шiлде-қыркүйекте пiсіп бастайды. Жидектерi мен жапырақтары емдеу үшін паидаланылады. Жидектер құрамында пирокатехин туындысы, илiк зат, антоциандар, глюкозидтер, монометилді эфир - дильфинидин және мольвидин олардың қоспалары "меритиллин", 7% органикалық қышқылдар (лимон, алма, хинди сүт, қымыздық), сондай-ақ 30%-ке дейін С (6мг/%), каротин (0,75-1,6мг/%) және В (0,04мг/%) витаминдері бар. Ал тұқымдар құрамында 30% май, 18% протейн болатын болса, жапырақтарында пирокатехиннің туындысы илік заты (20% дейін), арбутин 1,6мг, гидрохипон және аскорбин қышқылы 250мг/% болады. Қара жидек жемістері асқазан- ішек жолы бұзылғанда қан тоқтататын диеталық құрал ретінде қолданылады. әсіресе балалардың іші өткен кезде өте пайдалы.
Ырғай (Ирга)
Ырғай
Раушан гүлділер тұқымдастарына жатады,
оның 25 шақты түрі бар. Көп кездесе
бермейтін өсімдіктердің
Жапырақтары бүтін дөңгелекті және сопақ пішінді болып келеді. Ырғай мамыр айында гүлдейді, гүлдері мойылдың түсіндей болады және оның ерекшелігі көктемгі кеш түсетін 5-70С-қа дейінгі суықты көтере алады. Ол бал араларын еліктетеін өсімдіктер қатарына жатады.
Жемістері шілденің ортасында немесе тамыздың басында, әр түрлі уақытта піседі. Жидектерінің дәмі тәтті, піскен жемістері қарайып кетеді.
Атпа тамырларынан отырғызғанда 2-3-ші жылдары жеміс салады, ал тұқымнан көбейтсе 4-5 жылдары жеміс сала бастайды. Өнімі мол, орташа өнімділігі әр гектардан 40-60ц.
Ырғай өте сәнді, сыртқы жағдайларды онша көп талғай бермейтін өсімдіктер қатарына қосылады, олар әртүрлі қышқылдықта және механикалық құрамда болатын топырақтарда өсе береді. Ылғалдылығы мол аймақтарда жақсы дамиды. Қазақстан жағдайында көптеген дақылдармен салыстырғанда құрғақшылыққа төзімдірек. Ырғай бұтасы жылдам өседі, он жылдық жасында өзінің дамуының ең жоғарғы деңгейіне жетеді. Саңырауқұлақ және басқа да зиянкестерге шыдамды және зақымданған биологиялық ерекшелікгінің бірі жас кезінде (5 жылға дейін) көлеңкеге шыдамды.
Ырғай ұзақ жасайтын жемісті бұталар қатарына жатады, бұталары 60-70 жыл бойы тіршілік ете алады. Өзінің бағалы биологиялық ерекшеліктеріне қарай қатаң топырақты-климатты аймақтарда лайықты орнын таба алады. Жеміс бақтарының территориясында немесе жидекті егістіктерде ырғайды отырғызу үшін қысқы суыққа, желдің әсеріне көбірек ұшырайтын жерлер таңдап алынады, оның үстіне ол қарды жақсы ұстап тұра алады. Ырғайды отырғызғанда онымен бірге тұшала, таңқурай, қарақатты отырғызуға болады. Мұнда ол қосымша желден қорғау ролін атқарады. Топырақтарды дайындау және ырғайды себу, оырғызу жидекті-бұталы өсімдіктер тәрізді жүргізіледі. Топырақ-климат жағдайларына байланысты отырғызу сұлбасы 4х4, немесе 4х6м.
Дақылдың биологиялық ерекшелігіне қарай және қатараралық талаптарын орындау үшін өсімдіктерді орналастыру үлгісі 2,5-3х5м-ге дейінгі аралықта болуы мүмкін. Ырғайды өндірісте отырғызу, ол көшеттікте өсіргенге қарағанда 5-8см тереңірек жүргізіледі. Отырғызып болған соң көктемде бұтақтарын 4-6 бүршіктерін қалдырып шырпиды. Алғашқы үш жылда егістікті жақсылап күту, топырақтарды дер кезінде өңдеп, тыңайтқыштар қолдану қажет. Төртінші жылы, жеміс сала бастағанда жеміс салмағынан өркендері жерге қарай бүгіліп кетпес үшін түптерін көтеріп байлап немесе тіреп қояды. Жемістері бір кезгілде піспегендіктен, өнімдерін жеміс шоқтарын жинап алу бірнеше рет жүргізіледі. Түптердің ағашбөркіне 10 жасқа дейін ешқандай күтімнің қажеті жоқ. Жазғы ыстық және құрғақ кездерде өнімдерді жинап алу екі рет жүргізілсе, құрғақ және жауын-шашын мол жылдары 3-4 рет жүргізіледі. Тұқымдарын алу үшін жемістерін бүтін шоқтарымен жинап, құрғатады. Мұндай жағдайда шоқтарды қайшымен қиып алады. Жидектердің толық пісуінің белгісі: қолмен қысқанда жарылып, шырынының жеңіл бөлінуі.