Алғы сөз

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 07:53, реферат

Описание работы

Адам баласының мындаған жылдық тарихында егіншілікті игеруде көп тәжірибе жинақталды. Әр түрлі климаттық-топырақ аймақтарында егілетін дақылдардың күндылығын, бейімдшігін, кажеттілігін білуге арналған блтыл болжамдар мен қол жеткен табыстар, ұрпақтаи ұрпаққа беріліп отырды. Мысалы, Орта Азияда жүзім, өрік,шие,Грузияда субтропикалық дақылдар, Молдавияда жеміс, жүзім, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шыгыс облыстарында жеміс-жидек және жүзім өсіру ата кәсіпке айналған.

Работа содержит 1 файл

Жидек дақылдары.doc

— 502.00 Кб (Скачать)

     Тұшала  жидектері басқа жидек дақылдарымен салыстырғанда толық және техникалық пісу дәрежесінде жиналады.

     Тұшала  өнімін жинау бұтақтарының тікенді  болып келуіне байланысты өте  күрделі әрі қиын жұмыс. Өнімді механикалық жолмен жинап алуда бір қатар техникалық және технологиялық қиыншылықтар, әсіресе сілку /вибрация/ әдісінде жидектердің тікендерден зақымдануы көп кездеседі.

     Жидектерді  жинау үшін, ЭЯМ-200-8 машинасы қолданылады. Қазіргі кезде өнімді көбінесе қолмен тереді, қолды зақымдамас үшін қолғап киген жөн.

     Қазақстанда аудандастырылған тұшала сорттары: Смена, Изумруд, Мысовская 17, Мысовская 37, Хаутон, Челябинский зеленый, Юбелейный, Финикс, Красный крупный тағы басқалары жатады.

     Смена - Москва жеміс шаруашылығы институтында шығарылған. Қазақстанның Алматы облысы мен солтүстік облыстарында аудандастырылған.

     Бұталары  биік өседі, аумақты, бұтақшаларында тікендері аздау. Суыққа өте төзімді, ақ ұнтақ ауруына да шалдыға бермейді. Орта есеппен әр гектардан 66-140 центнер өнім алынады.

     Жидектерінің  түсі — қызғыш, пішіні домалақ. Асханалық сорт.

     Мысовский 17 - Москва жеміс шаруашылығы институтында шығарылған. Қазақстаңда Талдықорған, Қызылорда, Қарағанды, Актөбе, Атырау облыстарында аудандастырылған.

     Бұтақтарының өсуі орташадан биікке дейін ауытқиды, бұтақшалары түгелдей тікенді. Суыкқа, куаңшылыққа, сондай-ақ ақ ұнтақ ауруына төзімді. Өнімділігі орта есеппен әр гектардан 60-150 ц.

     Жидектері орташа /2,8г/, сопақша, түсі жасыл, сыртында балауыздары көк болады. Жемістері жас күйінде пайдалнылады, қышқылтым тәтті. Ерте пісетін сорт.

     Мысовский 37 - Москва жеміс шаруашылығы институтында шығарылған. Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Талдықорған, Алматы облыстарында аудандаетырылған. Ерте пісетін сорт.

     Бұталары  өте биік, қуатты, тікендері көбіне бір-бірден орналасқан. Суыкқа, қуаңшылыққа, ақ ұнтақ ауруына төзімді. Орта есеппен әр гектардан 23-53 ц өнім алынады.

     Жидектері орташа /2,5-Зг/, сыртында түктері бар. пшіні домалақ, әбден піскен кездегі түсі қызылқоңыр, сыртында балауыздары болады. Жемістері жас күйінде және қайта өңдеу үшін пайдаланылады,

     Хаутон  - Американдық сорт. Семей және Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.

      Бұталары  орташа өседі, бұтақшалары тікенді, доға тәрізді иілген. Суыққа, қуаңшылыққа және ақ ұнтақ ауруына төзімді. Әр гекгардан орта есеппен 44-116 ц өнім алынады.

     Жидектері ұсақ /1,6-2г/ пішіні домалақ, түсі күңгірт  қызыл, қышқылтым-тәтті. Жемісі жас күйінде және қайта өңдеу үшін пайдаланылады.

     Памяшь  королевы - Алтай тәжірибе станцасында шығарылған. Қазақстанда Орал, Талдықорған, Шығыс Қазақстан облыстарында аудандастырылған.

     Бұталары  аласа, қалың, тікендері қысқа, жіңішке. Суыққа және ақ ұнтақ ауруына төзімді. Әр гектардан орта есеппен 45-150 ц өнім алмнады.

     Жидектері орташа /2,2- 3,1 г/, пішіні домалақ, түсі ақшыл сары жасыл, түсі көк, тәтті. Жемісі жас күйінде және қайта өндеу үшін пйдаланылада. Ерте пісетін сорт.

      Челябинский зеленый - Челябинскі жеміс-көкөніс селекциисы станциясында шығарлған. Қазақстанның солтүстік облыстарыңда аудандастырылған. Бұталары орташа өседі, салбыраңқы. Жас бұтақшаларында  тікенді, ал өнім беретін   бұтақшаларында тікендері  өте  сирек кездеседі.  Суыққа төзімді,  ақ ұнтақ ауруына төзімділігі орташа. Мол өнімді, орта есеппен әр гектардан 100-160ц өнім алынады.

     Жидектер орташа /2,5-3 г/, түсі ашық жасыл, тәтті. Жемісі жас күйінде және қайта өңдеу үшін пайдаланылады. 
Орташа мерзімді сорт. 

        Бақылау сұрақтары: 

1    Тұшала дақылының халық шаруашылығындағы  маңызы. 
2.   Тұшала түбінің құрылымы. 

3    Тұшала дақылын көбейту жолдары.

4    Тұшала дақылының өнімін жинау ерекшеліктері. 

    СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ЖИДЕК  ДАҚЫЛДАРЫ

     Кейінгі жылдары бақ дақылдары ішінде шырғанақ өсімдігі кеңінен таралып келеді. Оны мәдени дақыл ретінде отырғызып, өсіріп-өндіруді М.А.Лисавенко атындағы Сібірдің бақ шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ұсынған. ТМД елдерінде шырғанақ егілген жер 6000 гектарға жетеді. Жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу қызметкерлерінің көмегімен оның жаңа сорттары шығарылып, өнеркәсіптік бағытта көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында, Сібірдін топырағы мен табиғаты болып келетін Қазақстанның солтүстік өсірудің негізі қаланды.

     Шырғанақ  дағдылы жеміс-жидек дакылдарының ішінде адам организміне қажетті витаминдерге, органикалық қышқылдарға, сондай-ақ биологиялық заттарға өте бай. Мысалы оның жемісінде (пайызбен есептегенде) 2,44 органикалық қышқыл, 6,77 қанттар, 316 мг/% аскорбин қышқылы, 10,9 каротин, 14,3 мг Е витамині болады, Шырғанақ түрлерінің сорттарында С витаминінің мөлшері 480 мг/%, ал Р витаминін 2900 мг/%-ке дейін жетеді. Осылармен қатар жемістерінде В1 В2 ВС / фолий қышқылы/ витаминдері бар.

     Жемістерінде 8,8%-дан, ал дәндерінде 12,5%-ға дейін шырғанақ майы болады, одан өте жоғары емдік-дәрілік препараттар дайындалады. Оларды әртүрлі ісік, жүйке, теміреткі, қан қысымы ауруларына, дененің мүшелері үсікке шалдыққанда, ішкі құрылыс зақымдалғанда, соңдай-ақ басқа да көптеген ауруларға ем ретінде өте көп қолданады.

      Шырғанақ жапырақтары, гүлдері  халық медицинасында ревматизмге, іш ауруына, ал дәнінің қайнатпасы жақсы іш жүргізетін ем ретінде қолданылады. Оның жемстері жаңа піскен күйінде жеуге келмейді, негізінен қайта өңдеу үшін пайдаланылады.

     Шырғанақ  итшомырт тәрізді жиде тұқымдастарына жатады. Ол дара жынысты, қос үйлі, желмен тозанданатын өсімдік. Аталық өсімдіктердегі гүл бүршіктер саны аналық бүршіктерге қарағанда 2-3 есе артық болады. Жеміс бүршіктері отырғызылғаннан кейін, жыл бойы өсу кезінде қаллыптасады. Тамыр жүйелері топырақ деңгейімен 0,5-1 м тереңдіктерде орналасады. Тамырлары әлсіз тармақганып, үзың өседі. Шырғанақ жарықты сүйгіш өсімдік, топырақта ылғал жеткілікті болған жағдайда жоғарғы температураға және ауаның төменгі ылғалдылығына төзімді келеді. Топырақтың құрғақ болуы, әрі жоғарғы температура өсімдіктің өсуін әлсіретіп, өнімділігін төмендетеді. М.А.Лисавенко атындағы Сібірдің бақ шаруашыльңы ғылыми-зерттеу институтының технологиясы бойынша шырғанақ егістігіне жеңіл сазды және құмды топырактар жарамды. Өсімдіктерді отырғызар алдында таңдап алынған жерге органикалық тыңайтқыіытар енгізеді. Отырғызудың қолайлы мерзімі - ерте көктем. Отырғызу сұлбасы 4х2м және 4х1м. Алтай сорттары үшін, бір гектарға отырғызылған жалпы өсімдіктер санының 6-7 пайызы аталық өсімдіктер болуы қажет. Аналық әсімдіктердің қатар ішіндегі әрбір бесіншісі аталық өсімдік болғаны дұрыс.

     Шырғанақ  дақылының аталық өсімдіктері жеміс салмайды, сондықтан да жерді үнемдеу мақсатында әуесқой бағбандар саяжайларда, аналық есімдіктің бір-екі бұтағына аталық өсімдіктің қалемшелерін ұластыру тәсілін пайдаланады,

  Жел тозаңды 100 метрдей жерге апара алады, бірақта аталық түптен аналық өсімдіктердің қашықта орналасуы, өнімнің төмендеуіне әкеп соғады. Шырғанақ көшетін орман ағаштарын отырғызатын машиналардың көмегімен, немесе алдын ала қазып, дайындалған арықтарға қолмен отырғызуға болады. Көшеттерді тік ұстап, тамыр мойыншасын жер бетінен 10-15 см терендеу етіп отыргызу қажет. Шырғанақ отырғызғаннаң кейін 3-4 ші жылдары жеміс сала бастайды. Алтай сорттары түптерінің биіктігі 2,5 м немесе одан да жоғары болады, Шырғанақтың жасына қарай жыл өткен сайын, есіресе құрғақшылық болған жылдары өркендердің өсу карқыны төмендейді. Сондықтан отырғызылған ағаштардың 10 жылдан асқандарын шырпып отырады. Қатараралықтағы топырақгарды өндеуде ықшам трактордар, арнаулы қыршыуыштар (культиваторлар), кескіштер (плоскорез) пайдаланылады. Топырақты қопсыту, қатараралықтың орта бөлігінде, өсімдік түбінің айналасынан 4-5 см қашықтықта, 15 см-ге дейінгі тереңдікте жүргізіледі. Күзде, жемісті жинап болғаннан кейін, қатараралықтың қопсыту терендігін 20 см-ге дейін ұлғайтуға болады. Бұл өзі көктемгі еріген қар суын және суарған ылғалды сіңіруге мүмкіндік жасайды.

    Республиканың оңтүстік-шығыс облыстарында шырғанақ дақылы соңғы жылдары көбірек өсіріледі. Мұнда өсімдіктердің фузариозды солу ауруымен зақымдануы жоғары. Жер асты сулары жақын орналасқан жерлерде, әсіресе ауруларға төзімсіз сорттардың отырғызу салдарынан, шырғанақ дақылы қатарының сиреп қалу қаупі туып отыр. Мүның өзі Сібір аймақтарына қарағанда жергілікті табиги-климат жағдайларының едәуір қолайсыздау екендігін байқатады. Өйткені олардың аталық формалары Алтай сорттарынан қалыптасудан басталған. Сондықтан өсімдіктері  кез келген шамадан тыс күрт ауытқу әрекеті,ең алдымен ол тамыр жүйелеріне әсер етеді. Жергілікті жағдайда топырақ өңдуге тамырлардың зақымдануы, өсімдіктердің фузариозды солу себебі, өсу жағдайының Сібірге қарағанда айтарлықтай төмен екендігінде. 1989 жылы, алғашқы рет шырғанақты зерттеу жұмыстарының қорытындалары, Алматы облысының Жандосов совхозынан алынған болатын. Совхоз территориясы теңіз деңгейінен 960 м биіктікте орналасқан, топырағы қарақоңыр, саздақ болып келеді, қарашірік мөлешері 2,8 %, РН-7,8. Бұл тәжірибенің ерекшілігі - оңтүстік-шығыс аймақтарының егістіктеріндегі катараралықты дұрыс ұстап, топырақты мәдени жолмен шымдау болып саналады. Мұнда екінші жылғы көктемде, қатарарлығына астық түқымдастарының қоспалары немесе бұралып өсетін ақ беде себіледі. Қатараралықта 40-тан 100 см-ге дейін жүйек жасалады. тамырлы қабаттағы ауа және су алмасу тәртібін жақсартады. Суарған кезде су тамырлы топырақ қабатының сыймдылығы толық 100 % болуы қадағаланады, суару алдында топырақтың ылғал деңғейі саздақ топырақтарда 70 ал жеңіл құмдақ топырақрарда 60% болуы ескеріледі. Күзгі кезде егістік алқаптарда ылғалды сақтау мақсатыңда көп мөлшерде суарады. Олардың суару мөлшері топырақтың ылғалдану дәрежесіне қарай әр гектарға 500- 800 м2 аралығында ауытқып отыруы мүмкін.

      Көшеттерді  отырғызар алдында, топырақты дайындар кезінде жеңіл және қоректік заттары аз топырақтарда әр гектарға- 40-60 -тонна органикалық тыңайтқыш, ал топырақты терең седбу кезінде 120-150 кг фосфор және 100-120 кг калий тыңайтқштары әсерлі зат түрінде енгізіледі. Отырғызғаннан кейін жас плантациа әр 2-жыл аралығында жоғарда берілген тыңайтқыш мөлшерінің жартысына жуығын енгізіп отыру қажет.

     Ал  жеміс салатын егістіктерде тыңайтқш мөлшері - екі есе арттырыл- ады азот - 120, фосфор - 180, калий - 120 кг/га. Олар    күзде   немесе ерте    көктемде    енгзіледі. Вегетациялық   өсуі    мерзімінде, ақ  зең    раңырауқұлақ ауруларына төзімділігін арттыру мақеатында, әр гектарға; 100 литр суға 200-100г марганец және мырыш тұздарын ерітіп шашады.

     Шырғанақғың тамыр жүйесі топырақтың беткі қабатына жақын орналасады, жемісті өсімдіктер тәрізді ағашбөрікбасінің шетіне қарай жан-жаққа тарап кетеді. Тамырларының басым көпшілігі жеңіл топырақтар қабатында 60 см, тығыз топырақтарда .40 см-ге дейін барады.

     Шырғанақ  жарықты суйгіш өсімдіктер қатарына жатады. Сондықтан оларды отырғызарда шеткі, жарық жақсы түсетін орындарға орналастырылған жөн. Бақ қорғайтын алқаптар шырғанақ өсімдіктерінең 2,5 м қашықтықта оңтүстік-шығыс немесе батыс жақ шеттерінен отырғызады.

     Жеміс түптерінің қартаюына байланысты кейбір өркендер қурап қалады, жемістерін жинап алғаннан кейін оларды алып тастап отырады. Шырғанақ жидегін жинау, қолмен және әр түрлі икемдегі құралдар (сымды қармақтар, механикаландырылған вакуумды агрегаттар) көмегімен жүргізіледі. Жиналмай қалған шырғанақ жидектері, түпте қыс бойы жақсы сақталады, әрі бұзылмайды.

     Шырғанақ  жыл сайын тұрақты өнім береді. Ересек түптің орташа өнімділігі, мысалы жабайы өсетін Алтай сорттарында 3-5 -кг, Алтай тәжірибе станцасы шығарған селекциялық сорттарында 16 кг ең жоғарғы онімділік 24 кг-ға дейін жетеді.

     Көбірек тараған шырғанақ сорттары: Новость  Алтая, Дар Катуни, Витаминная, Обильная, Превосходмая, Масличная т.б.

Қара  жемісті шетен (Арония черноподная)

      Қара жеміс шетенінің шығу тегі Солтүстік Америка болып саналады. Ол жидек дақылдары арасында, әсіресе соғыстан кейінгі жылдары кеңінен тарала бастады. Оның кеңінен таралуы, жемістерінің тағамдық және технологиялық қасиеттеріне, ерте жеміс салуына, жоғары және тұрақты өнімділігіне байланысты. Жемістерінің құрамында едәуір мөлшерде Р-тәрізді катехиндер, витаминдер, микроэлементтер, қант қышқылдары, илік, пектинді және т.б. заттаң болады. Оның жемістерінен технологиялық өндеу кезінде, тағамдық  заттарды бояйтын, ешқандай теңдесі жоқ бояғыш заттар шғарады. Олардан тосап, джем, әртүрлі сусыңдар, шараптар дайындалады. Қазіргі кезде қара жемісті шетеннен витамин өнеркәсібінде адамдарды гипертония, атеросклероз және басқа да жүике ауруларынан емдейтін препараттар дайындай бастады, Сонымен қатар ол гүлдеу уақытының ұзақтығына байланысты, сәндік өсімдіктер ретінде пайдаланыдады. Гүлдері әуелі ақ-қызғылт тусті, кейіндеу жасыл және қан қызыл түсті болып келеді. ТМД елдерінде бұл өсімдік ботаниктерге 100 жылдан астам уақыттан бері белгілі.

     Орыс  ғалымдары Э.Регель, Р.П.Шредер, И.П.Мичурин, М.А.Лисавенко қара жемісті шетенді себу, көбейту, олардың жаңа сорттарын шығару, оның құндылығын насихаттау жөнінде біраз тыңғылықты жұмыстар атқарды. Казіргі кезде бұл дақыл Рессйдің қара топырақты аймақтарыңда, Алтай өлкесінде, ТМД-ның басқа да елдерінде, ботаникалық әуесқой бақтар мен көшеттіктерде кең көлемде енгізіле бастады және тәжірибе жұмыстарының ауқымы ұлғайды.

Информация о работе Алғы сөз