Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 07:53, реферат
Адам баласының мындаған жылдық тарихында егіншілікті игеруде көп тәжірибе жинақталды. Әр түрлі климаттық-топырақ аймақтарында егілетін дақылдардың күндылығын, бейімдшігін, кажеттілігін білуге арналған блтыл болжамдар мен қол жеткен табыстар, ұрпақтаи ұрпаққа беріліп отырды. Мысалы, Орта Азияда жүзім, өрік,шие,Грузияда субтропикалық дақылдар, Молдавияда жеміс, жүзім, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шыгыс облыстарында жеміс-жидек және жүзім өсіру ата кәсіпке айналған.
Қара жемісті шетен биіктігі 2 м-ге дейін (кейде 3 м) жететін көпжылдық бұта түрінде өседі. Өскен сайын жинақы түрінен жайылмалы түрге енеді. Ересек түптерінің диаметрі 1,5-2 м-ге дейін болады, Бір ерекшелігі - өркендерін қайта қалпына келтіру қасиеті жоғары. Ересек түптерде 10-нан 90-ға дейін бұтақтар болады. Жаңа өркендер бұтақтардың түбінен (алмасатын өркендер) және өсімдік тамырларынан (атпа сабақтар) пайда болады. Түп және жапырақтарының пішіндері бойынша қара жемісті шетеннің қарапайым шетеннен аздап айырмашылықтары бар. Оның жапырақтары түгелімен элиптикалық немесе жұмыртқа тәрізді болып келеді, Өскелең вегетативті өркендердің жапырақтары ірі (ұзындығы 6-8 см, ені 4-6 см), ал жеміс бұтақшаларындағы жапырақтар одан майдалау (ұзындығы 4-6 см және ені 2,5-3,2 см), сағағының ұзындығы 10-15 см. Жапырақ тақтасының беті жылтыр, ал жапырақтары қабықшалы болады. Орталық желке жапырақ сабағының түсі — қара-қошқылды. Жапырақ қолтықтарында бүршіктер қалыптасып, одан шықкан өркендер әр түрлі құрылымда болып келеді.
Қара жемісті шетен жапырағының 3-4 жабыңқы, қабыршалы және соншама жапырақтары болады. Гүлдері табақша тәріздес гүлшоғына жинақталған. Өркеннің жоғары жағындағы бүршіктерінен қалыптасқан гүл шоқтарында 20-ға дейін, ал бүйіріндегі гүл шоғырларында 14-ке дейін гүлдері болады. Гүлдері қос жынысты, онша үлкен емес (диаметрі 12 мм), күлтесінің түсі ақ, күлте жапырақшасы мен тостағанша жапырақшасының саны 5-тен аталықтары -18-20 және бірнеше аналығы болады.
Қара жемісті шетен шекілдеуікті дақылдар сияқты сақиналы, найза түр бұтақшаларда, жемісті шыбықтарда және аралас еркендерде жеміс салады. Әрбір жастағы бұтақтар жеміс қалыптасуына байланысты, өзіне тән қатынаста болады, Мысалы, 2 жылдық бтақтарда жеміс қалыптасуының басым көпшілігі аралас өркеңдерде болса, үш жылдық бұтақтар - аралас өркендерде және жеміс шыбықтарында, төрт жылдық бұтақтарда - неізінен сақиналы- бұтақшаларда, аралас өркендерде және аздап жемісті шыбықтарда, ал 8-10 жылдық бұтақтарда өркендерде, сақиналы бұтақшаларда жиі қайталап салуымен сипатталады. Көпжылдық сақиналы бұтақшалары басым бұтақтардың небары 20%-ы ғана жеміс салады, ал 4
жыддық жас бұтақтардың 38-60%-ына дейін жеміс сала алады. Жемістері домалақ, сопақша пішінді, түсі қара қошқыл (балауызданған). Жемістерінің диаметрі 3,5-6 мм, орташа. салмағы 1-1,5 гр. Әрбір жемісте орта есеппен 5 жарамды жақсы дамыған дәндері болады (27 сурет).
Гүлдеу мерзімі айыйда, өркендерінің ұзындығы 10-15 см болған кезде басталады. Гүлдеу ұзақтығы 10 күнге дейін созылады. Өз бетімен тозанданғанда да гүлдері жақсы түйіндер сала адады.
Қара жемісті шетен жарық сүрйгіш сондықтан тығыз орналастырған жағдайда, бір-бірін көлеңке түсіретін болғандықтан, өнімділігі төмендеп кетседі. Өсімдіктерді қолайлы орналарсыуы және жүйелі түрде шырпып отыру олардың жарық пайдалануын жақсартады. Қара жемісті шетен жылуға онша көп талап қойылмайды. Жылылық температуралар жиынтығы 1550°С болғанның өзінде, жақсы жеміс бере алады.
Гүл шоғыры және түйіндері, кеш болатын көктемгі үсіктерді көтере алады. Шетен ылғалды жақсы көтереді сондықтан да топырақ және ауа ылғалдылығы оньй өнімділігін арттыруда үлкен роль атқарады. Тамыр жүйесінің жер бетіне жақын орналасуына және ылғалды көп қажет етуіне байланысты, Жер арты сулары жақын орналасқан алқаптарға ортырғызған дұрыс. Шетеннің піскен жемістерінің құрамында 74-83% су, 18% құрғақ ерігіш заттар болады. Ергіш заттар құрамында 6,2-10,8% қант кездеседі. Жеміс құрамында қышқыл онша көп болмайды 0,7-1,3%, пісер алдында 0,6% болса толық піскенде 0,35% болады. Сондай-ақ жеміс құрамында С, Р, РР, В витаминдері және каротйн т.б кездеседі. Витмаминдердің мөлшері жағынан жемісті және жидекті дақылдар ішінде қара жемісті шетенге ешқайсысы теңдесе алмайды. Кара жемісті шетен егістігін отырғызатын орын таңдаған кезде жер бедері тегіс жерлерді, сондай-ақ әр турлі бағыттағы беткейлерді қарастыруға болады. Бірақта тамыр жүйесі топырақ бетіне жақын орналасқандықтан және ылғалды көп талап ететіндігін ескере отырып, көбіне солтүстің беткейде орнасласқан алқапты таңдайды. Көптеген тәжірибе жұмыстарының қорытындьлары бойынша, кдра жемісті шетенді беткейдің жоғарғы жағындағы жерлерге отырғызу, тек суық жерлерден қорғайтын, жақсы табиғи және жасанды қорғау алқаптары болған жағдайда ғана мүмікін болатын болса, беткейдің төменгі жағындағы жерлерге (терең Сайлы, өзен және көп жағалауларына) отырғызу, ауа ағысы қозғалысының жақсы болуына байланысты екендігі дәлелденген. Қара жемісті шетенді отырғызудың және оған топырақты дайындаудың басқа жидекті дақылдардан оншалықты айырмашылыты болмайды, тек топырактың кұнарлы және көп жылдық арам шөптерден таза болуы қадағаланады. Көшет отырғызу көктемде және күзде жүргізіледі. Отырғызуға дайындық кезінде түп көлемін және механикалық құралдарды қолдану мүмкіншілігін ескеру - отырғызу жұмыстарына қойылатын басты талаптардың бірі. Бүл олардың барлық тіршілік ету кезеңдерінде өндеу жүмыстарының дұрыс жүргізілуі не мүмкіншілік туғызады. Отыргызу сұлбасы 4хЗм.
Олардың интенсивті егістігін отыргызу, әрі өнім ұлғайту мақсатында қатардағы түптер санын екі есе отырғызуға болады, яғни отырғызу сұлбасы 2,5x4 м. мұндай тежірибе қортындылары бойынша алғашқы 5-6 жылда егістіктің белгілі бір көлемінен мол өнім алып, тиімділігін жоғарылатуға болатындығы дәлелденді.
Шетенді топырағымен қоса, механикалық жолмен (экскаватор, волокуша көмегімен) басқа жерге көшіріп отырғызу, олардың өсуіне және жеміс салуына айтарлықтай кедергі келтірмейді, Жаңа жерге көшіріп отырғызылған түптер тіршілік ету қасиетін жоғалтпай, сол жылдың өзінде-ақ жақсы өнім бере алады. Олардың себінділерін тамыры өзіндік көшеттермен салыстырғанда тереңдетіп отырғызуға болмайды, өйткені терең отырғызылған өсімдік тамырларынан көптеген балақ шыбықтар өсіп шығады да оларды алып тастау үшін көп шығын жұмсалады.
Қара жемісті шетенді көшіріп отырғызғанда қолмен немесе бульдозермен көлемі 0,5-0,8 м шүңқырлар казылады, әр шұңқырға 10-12 кг қара шірік салып, топырақпен араластырады. Көшіріп әкелген шетен түптерін шұңқырларға орналастырып, қисайған жерлерін түзетіп, оны топырақ қарашірік қоспасымен көміп, тығыздайды сосын іле-шала суғарады. Топырак бетін көңмен немес шымтезекпш жабады. Шетен мәденй дақылдар қатарына кейінгі жылдада ғана қосылғандықтан, әр түрлі тыңайтқыштарды қолдану тәсілдері, оларды енгізу мөлшері әлі де болса толығымен шешілмеген сұрақ. Бірак, та көптеген щаруашылықтардың озық тәжірибелері: жемісті шетен егісінің әр гектарына 2 жылына бір рет органикалық тыңайтқыштар, жылсайын әр гектарға 9 кг әсерлі заттар турінде фосфорлы және тыңайтқыштар беруді ұсынады. Механикалық тәсілмен енгізу үшін көң лақтыратын РПТУ - 2,ОА, ал минералды тыңайтқыштар үшін НРУ-0,5 машинасы пайдаланылады. Жас егістіктерде тыңайтқыштар қолданылады, ол екі мерзімде нормасы қар еріген кезде, қалғанын қарқыны күшейген кезде гектарына 90- 100 кг , әсерлі зат түрінде беріледі.
Егер
де өсімдіктердің сыртқы түрінен
азот тыңайтқыштарының жетіспеушілігі
байқалатын болса, оңда бүкіл егістікті
мочевинаның 0,2-0,3 % ерітіндісімең бүрку
қажет. Жоғарыда айтып кеткендей, қара
жемісті шетенде өнімді өркендердің көп
қалыптасуына және өркендерін қайта қалпына
келтіру қасиетінің жоғары болуына байланысты
6-7 жылдан кейін түптері тым қалыңдап кетеді.
Мұндай жағдайда өркендерге жарық түсуін
жақсарту мақсатында бұтаның жер үсті
бөлігінің қатар ішіндегі енін, әсіресе
түп жағында 1-1,3 м аралықта ұстау қажет.
Ол үшін сирету кезінде ең қауіпты, қолайлы
және біркелкі өркендерін калдырып, қалғандарың
шырпып отырады. Тамыр жүйелерінен атпа
сабақтар қалыптасуын бәсеңтетеді. Шетен
жидктері бір мезгілде пісетіндіктен,
бір рет жинап алынады. Пісу мерзімі - тамыздың
басы қыркүиектің аяғы аралығында өңдеуге
арналған жидектерді гүл табақшадан бөліп
жинап алады. Жидектер ұзақ уақыт сақталатын,
болсаса, оларды табақшасымен қоса табанындағы
орналасқан сақыиналы бұтақшаларын зақымдамайтындай
етіп түсіріп алады. Түптердің жапырақ
реңінінен күрт ерекшеленуі жемістердің
жинауды едәуір жеңілдетеді. 7 сағатта
80 кг-ға дейін жеміс жинап алуға болады.
Итмұрын (Шиповник)
Итмұрын ждектері табиғи поливитаминді концентрат болып саналады. Оның құрамында С, Р,К, В2, Е, провитамин А (каротин) т.б. пайдалы заттар бар. Сондықтан витамин шығаратын зауыттар бұл өсімдік бағалы шикізат болып саналады.
Итмұрын немесе жабайы раушан гүл, раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Ол барлық ТМД елдердің терреториясына таралған. Бұрынғы КСРО- ның Еурропалық бөлігінде, Жайық орташа жағалауында, шығыс Сібірде, Қиыр шығыста кездеседі. Олар өнеркәсіптік мақсатта өсіріледі. Олардың екі: қара раушан гүлді және қатпарлы раушан гүл түрлері белгілі.
Қара раушан гүлді (Cinnamomea L.) түрі - биіктігі 2 м-лік бұта түрінде өсетін өсімдік. Жіңішке өркендері мен бұтақшаларының қабығы қара түсті, гүлдері жалқы, қара қызыл түсті, пішіндері әр түрлі. Итмұрын жарық сүйгіш өсімдік, сондықтан ол орманның шет жақтарында жақсы өседі. Түптерінің тіршілік ету қабілеті 20-25 жылға созылды. Табиғи жағдайда қалың тоғай болып өседі. Ол тұқымы арқылы және жыныссыз көбейеді. Түптің басты тамырлары 10-20 см тереңдікте орналасқан, топырақ бетіне көлденең болып келетін, ұзындығы 3 метірге жететін қуатты көген тамырлары болады. Итмұрынның бір түбірі 3кг, 1 гектары 700-1000кг өнім бере алады.
Қатпарлы раушан гүлді (Rosa rugosa) түрі - Қиыр шығыста кеңінен таралған, биіктігі 1,5м-ге жететін қуатты түптер қалыптастырады. өркендері майда тікеншелермен жабылған.
Гүлдері қош иісті, қызыл сарлғыт, ақ түсті болып келеді, диаметірі 8м-ге жетеді. Гүлдену мамырдан басталып, күзге дейін созылады, ал құрғақшылық жылдары мүлде гүлдемейді. Жемістері бір мерзімде піспейді. Оларды жинап алу екі мерзімде жүреді.
Бір түптен 4-5кг, ал 1га-дан 3000кг-ға дейін өніім жинап алуға болады. Олардың егстік көлемінің басым көпшілігі өзен жағалауында орнастырылады, ал бақтарда ылғалы жоғары жерлер таңдап алынады. Топырақ таңдау жүйесі итмұрын дақылына ұқсас келеді. Итмұрын егістігін орналастыру үшін тамыр шыбықтары пайдалануға болады. Ол үшін отырғызудан бұрын 5-10 күн ұзындығы 10-15см болатын тамыр шыбықтарды (қалемшелерді) итмұрын тоғайынан дайындайды. Қалемшелерді 25-50 данадан буып, тасмалдауға ыңғайлы болу үшін қаптармен немесе пленкамен орап тастау керек. Қалемшелерді күрекпен немесе соқамен, 10-15см тереңдікте, көлденеңіне отырғызады. Қалемшелер отырғызған алқаптың топырағы арамшөптерден таза және атпа бұтақтары шығып болғанша борпылдақ болғаны жөн. Итмұрын тұқымының өнуі өте қиын болғандықтан тұқымымен көбейткен кезде, жемістерін жинап болған соң одан бөліп алған тұқымдарды міндетті түрде стратификациялау керек. Егер күз ұзаққа созылатын болса, алдын ала 2-50 температурада ұзақ уақыт өнделген тұқымдарды ерте мерзімде егу жақсы нәтиже береді. отырғызу үшін екіжылдық жақсы себінділер дайындалады. Тамыр қалемшелері және себінділер үшін отырғызу сұлбасы келесідей 0,75х2,5-3м (гектарда 5000 дана) немесе 1х2,5-3м (1 гектарда 4000-3333 дана). Итмұрын егістігі отырғызғаннан кейін екінші жылы жеміс сала бастайды. Көшеттерді отырғызып болғаннан кейін бұтаұ ұзындығының 1/3 бөлігін кесіп, қысқарта шырпиды, ал келесі жылдары түпте 10-12 бұтақ қалыптастырып, күшті тамырлы өркендер қалдырылады. Итмұрынның бір ерекшелігі, тамыр өркендері бір ылда өсіп, бұтақтанбайды. Күзге қарай бірінші қатарлы өркенддендердің жоғарғы жағында гү шоғыры және кеш пісетін жемістері дами бастайды. Бір жылдық өркендер пайда болған жылы кесіліп қысқартылмайды. Итмұрынның барлық түрлерінің тамырлы өрендерінің келесі көктемде бұтақтануын күшейту үшін 60-100см биіктіте қысқарта шырпу жұмыстарын жүргізеді. Алдымен, қалыңдап кеткен түптерді артық атпа бұтақтарды шырпып, сиректетіп тастайды, ескі бұтақтарды шырпу немесе толық кесу арқылы жасартады. Олардың рнына түптер құрамында қутты тамырлардың атпа бұтақтарын қалдырады. Олардың 5-10 тармақты бірінші қатардағы бұтақтарды қалыптастырады. Күзге қарай әрбір бүйірлік жанама бұтақтар 3-5-тен жеміс береді. ал шінші жылы көктемде бүйірлік бұтақтарды шырпып 2-4 данасын қалдырады. Оның нәтижесінде әрбір3 жылдық бұтақтардың 15-тен 25 тармақтарында орта есеппен 85-100 жидектен болады. 4-5-ші жылғы көктемде діңгекте орналасқан барлық біржылдық өркендер 2-4 бүршікке қысқартыла шырпылады.
Итмұрын дақылының маңызы тек жидектерінде ғана емес. Көтеген түрлері сәндік өсімдік ретінде, кептірілген түрлері шәй,, витаминді сусындар ретінде пайдаланылады.
Сермене (Лимонник)
Бұл өсімдіктің ерекше қасиеттерін анықтаған Ресейдің Қиыр шығысындағы аңшылар болатын. Олардың кептірілген жидектерінің бір шымшымын тамақ ретінде пайдаланудың өзі - ақ, тәулік бойы аң аулайтын аңшыларды шаршатпайды екен. Сонымен бірге сермене түнде көздің көру қабілетін күшейтеді. Сондықтан жергілікті тұрғындар серменің жидегін қысқа қарай көп мөлшерде дайындап алады.
Олардың тұқымының, жапырақтарының және сабақтар қабығының құрамынан схизандрин заты табылып, оның жүйке, тамыр жүйелеріне қоздырғыш ретінде әсер ететіндігі анықталды. Оның әсері бүкіл әлемге белгілі Бразилия жаңғағы "Кола" тәрізді, бірақ ешқандай зиянды жақтары жоқ. Оның жидектерінен емдік тұнбалар, ал тұқымынан алынған дәрі-дәрімектер (таблеткалар) организмнің күшін сақтап, сергітеді, еңбек ету мүмкіншілігін арттырады.
Қытайдың серменесі немесе Шизандра (Schisandra Chineusis Buill) ТМД елдерінің аралас орманды жерлерінде, Қиыр шығыста, Қазақстанның ботаникалық бақтарында және көшеттіктерде, үй іргесіндегі алқаптарда әуесқой бақ өсірушілер қолымен өсіріледі. Оның қуатты сабақтарының ұзындығы 10-15м және диаметрі 1-1,5см-ге жетеді. Өркендері икемді, майысқақ, жоғары қарай, бір - бірімен араласып өседі. Ағаштардың бұтақтарын, діндерін орап алады. Қабықтары ұзына бойы созылған көптеген жасымықтармен жабылған. Олардың ескі сабақтары қара - қоңыр түсті, қатпарлы қабықшалары түлегенде түсіп қалады, ал жас сабақтары сарғыш жылтыр және тегіс болып келеді. Қысқартылған өркендердің жапырақтары шоғырланып орналасады.
Жапырақ сабағы жеңіл, етті, ашық-жасыл түсті эллипс тәрізді немесе жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 5-10см, ені 3,5см жетеді. Сына тәрізді табаны мен жапырақ сабағы сарғылт және қызыл болып келеді. Гүлдері жұпар иісті, дара жынысты, бір ұялы, кейде қос жынысты болып келеді. Гүл астынан көмкеріліп жауып тұратын желектер 6-9 күмбезді, балауыз тәрізді ақ болып, диаметрі 2см-ге жетеді. Аталық гүлднрінде 4-7 жыныс мүшелері болады. Аналық гүлдері көптеген (10-48 дана) дөңгелек жеміс жапырақшаларымен көмкеріліп, ұзартылған цилиндр тәрізді жасыл түсті гүл табанға орналасады. Жоғарғы түйіндері екі ұялы, аналы аузы қозғалмай бір орында тұрады. Жидектері ашық қызыл, бір - екі тұқымды, шырынды, шар тәрізді, диаметрі 5-10мм болады. Тұқымы жылтыр, бүршік тәрізді, қабығы қалың сары және ақ, сарғылт болып келеді. Тұқымының тұқым қабығының және тамырларының өзіне тән дәмі болады және лимон иісі шығып тұрады. Ол мамырдың екінші жартысында маусым басында гүлдеп, қыркүйек - қазан айларында піседі. Серменені тұқымымен көбейтеді, көктемде стратификацияланған тұқымдар себіледі.