Алғы сөз

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 07:53, реферат

Описание работы

Адам баласының мындаған жылдық тарихында егіншілікті игеруде көп тәжірибе жинақталды. Әр түрлі климаттық-топырақ аймақтарында егілетін дақылдардың күндылығын, бейімдшігін, кажеттілігін білуге арналған блтыл болжамдар мен қол жеткен табыстар, ұрпақтаи ұрпаққа беріліп отырды. Мысалы, Орта Азияда жүзім, өрік,шие,Грузияда субтропикалық дақылдар, Молдавияда жеміс, жүзім, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шыгыс облыстарында жеміс-жидек және жүзім өсіру ата кәсіпке айналған.

Работа содержит 1 файл

Жидек дақылдары.doc

— 502.00 Кб (Скачать)

          Минай Шымырев – Белорус жеміс, көкөніс және картоп шаруашылығы институтында шығарылған. Қазақстанда Алматы, Талдықорған, Қостанай, Көкшетау облыстарында аудандастырылған.

          Бұталары биік өседі, орташа аумақты. өркендері жуан, салбыраңқы, жасыл, жылтыр. Суыққа төзімді. Жемісі мол, жыл сайын береді. Орта есеппен әр гектардан 130-200 ц өнім алынады.

          Жидектері ірі (1,2 г), күліңгір, еті қышқыл тым тәтті, жемісі ерте піседі.

          Голубка – М.А.Лисавенко атындағы сібір жеміс шаруашылығы институтында шығарылған. Қазақстанда Көкшктау, Солтүстістік Қазақстан, Семей және Орал облыстарында аудандасиырылған.

          Бұталары да, оның аумағы да орташа өнімділігі орта есеппен  әр гектардан 106-162 ц жетектері ірі домалақ күйде сопақша.

          Еті жасылдау, орташа қышқыл тым тәтті. Жемісі ерте піседі.

          Пилот Александр  Мамкин – Белорус жеміс, көкөніс  және картоп шаруашылығы институтында шығарылған. Шығыс Қазақстанда аудандастырылған. Бұталары биік, қалың, тығыз. Суыққа төзімді. Өнімі мол, жыл сайын салады. Орта есеппен әрбір гектарда 113 ц өнім алынады.

    Жетектері ірі (1,01 г), домалақ, қоңырлау келген, ерте қышқыл тым тәтті. Жемістері орташы мерзімде піседі.

    Стахановка  Алтая – М.А.Лисавенко атындағы сібір жеміс шаруашылығы институтында шығарылған. Қазақстанда Семей, Шығыс Қазақстан, Көкшетау Ақмола облысында аудандастырылған.

      Бұталары тығыз, орташа өседі.  Суыққа төзімділігі орташа. орта  есеппен әр гектардан 70-120 ц  өнім алынады. Жиектері ірі  (0,6-1,1 г), қабығы жұқа, қышқылтым тәтті сапасы жақсы. Жемістері орташа мерзімде піседі.

    Память  Мичурина – И.В.Мичурин атындағы орталық генетикалық лабораторияда шығарылған. Қазақстанда Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында аудандастырылған.

    Бұталары  сирек, биік өседі, орташа аумақты, суыққа төзімділігі орташа. Орта есеппен әрбір гектардан 120-150 ц өнім алынады.

    Жидектерінің  салмағы 0,5-0,7 г, қышқылтым тәтті, жемісі жас күйінде және қайта өңдеу  үшін пайдаланылады.

    Приморский  чемпион – Қиыр Шығыста шығарылған Қазақстанда Қарағанды облысында аудандастырылған.

    Бұталары  биік, аумақты. Суыққа төзімді. Өнімділігі орташа, әрбір гектардан орташа есеппен 42 ц өнім алынады.

    Жидектері ірі (1г), қалың түк басқан. Жұмсағы  шырынды, қышқылтым, хош иіссіз. Жемісі негізінен қайта өңдеу үшін пайдаланылады, ерте піседі.

    Красный крест (Қызыл қарақат) – Американдық сорт. Қазақстанда Семей, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында аудандастырылған.

    Бұталары  орташа өседі. Кең аумақты, салбыраңқы. Суыққа өте төзімді. Өнімділігі орташа есеппен әр гектардан – 48-80ц жидектері орташа, майда 0,4г түсі ашық қызыл, қышқылтым, жемісі негізінен қайта өңдеу үшін пайдаланылады, кеш піседі.

    Алтайская красная – шыққан тегі белгісіз. Қазақстанда Алматы, Талдықорған облыстарында аудандастырылған.

    Бұталары  орташа өседі, жартылай салбыраңқы, суыққа өте төзімді. Әр гектардан орташа есеппен 75ц өнім алынады. Жидектердің  салмағы (0,5г), түсі айқын қызыл, домалақ, сәл сопақша келеді. Қышқылтым  тәтті. Жемісі жас күйінде және қайта  өңдеу үшін пайдаланылады.

    Узбекская крупноплодная  – Өзбек жеміс жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында шығарылған. Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Талдықорған облыстарында аудандастырылған.

    Бұталары  өте биік өседі, жартылай салбыраңқы. Суыққа төзімді. Мол өнімді, орта есеппен әр гектардан 150-200ц өнім алынады.

    Жидектері ірі (2г), пішіні домалақ, кейде сопақша, түсі қоңыр көктен қараға дейін ауытқиды. Жемісі жас күйінде және қайта  өңдеу үшін пайдаланады. 

    ТҰШАЛА

    Жидек дақылдары ішіндегі, қара топырақсыз алқаптарды, кеңінен тараған жидек түрінің бірі. Тұшала ертеден бері өсіріліп келеді. Оны «солтүстік жүзімі» деп те атайды.

    Жаңадан пісіп жиналған жидектерінде 0,1мг/% Авитамині, 0,04мг/% В витамині және көпмөлшерде 51мг/% С витамині болады. Тұшала тасжарған туысына жатады, қазіргі кезде 52  түрі белгілі. Негізінен жабайы түрлері Европада Азияда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада кездеседі. Мәдени сорттардың шығу тегіне бір Европалық, бес Американдық түрлері қатысқан. Қазақстанда тұшаланың жабайы өсетін Алтайлық түрі ғана кездеседі, ол Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында кеңінен тараған. Бұл түрі ақұнтақ ауруына шалдықпайды, сол себептен селекцияда үлкен маңызы бар.

    Тұшала  жайындағы бірінші деректер ХІІ  ғасырдағы әдебиеттерде кездеседі. Мәдени жағдайда кеңінен таралуы ХІХ ғасырда байқалады. Бұл кезде Ұлыбританияда көп жылдық және жаппай селекциялаудың арқасында, тұшаланың ірі жемісті сорттары көптеп шығарылып, олар мұнда ең сүйікті жидекке айналды. Кейінірек бұл дақылдың ұзақ уақыт бойы Америкалық ақ ұнтақ (сферотека) ауруымен қатты зақымдануы, оның Евровада кең дамуына үлкен зиян келтірді.

    Тұшала  көпжылдық бұтақ тектес өсімдік. Биіктігі 0,5м-ден 2м дейін барады. Ол айрықша қолайлы жағдайларда 15-20 жылға дейін тіршілік ете алады. Тұшала өркендерінде ұзындығы 4тен – 18мм ге дейін болатын әр түрлі жуандықта, пішінді және әртүсті тікендері болады.

    Тұшала  аралас өркендерде, сақиналы және шоқ  бүршікті бұтақшаларда жеміс салады, олар қолданылған агротехника, өсімдік  биологиясына қарай, 2-10 жылдан 15 жылға дейін тіршілік етеді. Аралас өркендер тұшала жеміс бұтақшаларының арасындағы ең өнімді бөлігі болып табылады.

    Олардың ұзындығы 12-15см жетеді. Тұшала өнімінің 60-70% 1-2 жылдық, 10-15% 3 жылдық, ал қалқандары көпжылдық бұтақтарда қалыптасады. Тұшаланың вегетациялық кезеңі өте ерте басталады. Түбінен шыққан өркендері вегетативті және репродуктивті болып бөлінеді. Вегетативті өркендердің ұзындығы 50 см-ге дейін жетеді. Оларға тамырдан өсетін (нөлінші қатарлы бұтақтар) немесе қаңқалар бұтақтардың төменгі жағындағы бұйыққан бүршіктерден шыққан өркендер жатады. Мұндай өркендердің бүршіктері вегетативті болып келеді.

    Тұшаланың жеміс өркендерінің бүйіріндегі  және жоғары жағындағы бүршіктері вегетативті, әрі репродуктивті болады. Репродуктивті  бүршіктері аралас, олар жеміс салумен қатар, бірнеше алмасатын өркендер де береді. Тамыр маңайында және аз да болса аралас өркендерінде, вегетативті бүршіктері орналасады. Олардан жапырақты өркендер өсіп шығады. Бұл бүршіктер аралас гүл бүршіктерімен салыстырғанда үшкірлеу, көлемі аздау болып келеді. Гүлбүршіктері күшті өсетін, өткен жылғы өркендері де аралас өркендер сақиналы бұтақшаларда жинақталады. Гүлбүршіктерінің өсіп дамуы барлық басқа жидек дақылдарына ұқсас жүреді. Гүлдерінде өте әдемі көрінетін тостағанша жапырақшасы күлтежапырақшасы, аталық және аналықтарды қалыптастырады.

          Вегетациялық кезең  бастағаннан гүлдеуге дейін – 20-20 күн өтеді. Гүлдеу кезеңінің ұзақтығы, ауа-райына, сортына, агротехникалық шараларға, т.б. жағдайларға 10-18 күн аралығында.

          Негізгі тамыр жүйесі 30-60 см тереңдікте орналасқан кейбір тамырлары 1 м тереңдікке дейін кетеді. Ал түптен жан жағына таралуы 50-60 см, кейде 2-2,5 м-ге дейінгі аумақты қамтиды.

          Тұшаланың өндірістік плантациясынан жер таңдау кезінде, оның қара қарақатпен қызыл қарақатқа қарағанда салыстырмалы түрде құрғақшылыққа төзімділігі төмендеу болатындығын ескерген жөн.

          Сондай ақ қарақат  және таңқураймен салыстырғанда  тамыр жүйесінің тереңірек орналасуына  байланысты, уақытша ылғалдылық тапшылығына  төзе алады. Осы жағдайларды ескере отырып, бұл дақылды басқа жидек дақылдарына қарағанда беткейдің жоғарылау жағына орналасады.

          Тұшала топырақтың барлық түріне өсіп, жеміс бере алады, әрі топырақ қышқылдығына төзімді  болып келеді, бірақ-та PH-5,5 болатын  топырақтарда жақсы жеміс береді.

          Тұшала 25-300С дейінгі аязға төзе алады, бірақ-та температура оданда төмендесе, мысалы 350С аязда үсіп кетеді, суыққа шыдамдылығы өткен жылғы өсімдіктің тіршілік уақытындағы өсу жағдайларында қолданылған агротехникаға жүргізілген уақытына өнім шамасына, түптердің ауру зиянкестермен зақымдауына байланысты. Нашар дамыған түптер немесе плантациялар - 150С аяздың өзіне үсіп кетуі мүмкін. Сондықтанда суыққа төзімділігін арттыру мақсатындағы күтімді, барлық агротехникалық шараларды уақтылы жүргізіп отыруы қажет.

          Тұшала вегетативті  тәсілімен және ұрық арқылы көбейеді. Ұрық арқылы көбейту негізімен селекцияда қолданылады. Негізгі көбею түрі вегетативті: көлденең және доға тәрізді  сұлатпа сабақтары, жасыл және сиректелген  қалемелер арқылы. Оның ішінде көлденең сұлатпа сабақтарымен көбейту тәсілдері кеңінен тараған. Бұл тәсілмен бір түптемеден елуге дейін атпа сабақтар алуға болады. Сұлатпа сабақтары арқылы көбейткенде түптерді үнемі жасырып тұру мақсатында, аналық түпте 3-4 жеміс салатын бұтақшаларды қалдырып, қалғандарын кесіп тастайды. Осындай тәсілмен шырпу жүргізгенде, жас бір жылдық өркендер жақсы дамиды. Аналық егістіктен жыл сайын тамырларына сұлатпа сабақтамаларды бөліп алу мақсатында ол бір орында көп жыл бойы пайдаланылатындықтан, топырақ қоректік заттарға кедейленіп, өсімдіктер әлсіреп қалады. Сондықтан топырақтағы қоректік заттар қорына қарай жыл сайын әр гектарға 40-60 т көң, 90-120 кг фосфорлф, калилі тыңайтқыштарды әсерлі зат түрінде енгізіп отыруы қажет.

          Тұшаланы көлденең сұлама сабақтарымен көбейту үшін, ерте көктемде, әрбір түптен жақсы дамыған 10-15 біржылдық өркендер (тамырға жақын орналасқан) таңдап алынады. Бұта түбіне жақынырақ жерден тереңдігі 4-5 см етіп арықтар қазылады. Таңдап алынған өркендер арықтар түбіне көлденеңінен орналастырып, бірнеше жерден түйрегіштермен бекітеді. Көлденең орналасқан сабақтардан өсіп шыққан өскіндердің ұзындығы 80-16 см-ге жеткенде топырақпен қара шірік араластырып қопсытып, өркеннің орта биіктігіне дейін түбін көмеді 10-12 күн өткенде қопсытуды және түбін көмуді тағы қайталайды.

          Аналық плантация  жаз бойы топырақтың борпылдақ және ылғалды күйде болуын қадағалау  қажет.

     Қыркүйек  айында атпа сабактарды аналық түптерден  бөліп, қазып алып, олардын ескі бүгақтарык жекелеген түптерге бөледі. Сұламасабақтарды тамыр жүйесінің куаттылыгына қарай сорттап, егістіктерде, көиіеттіктерде одан әрі қарай осіру үшін пайдалаңады,

     Догалы  сұлатпа сабақтармен көбейткенде, түптің жанынан теревдігі 10 см болатын шүнкыр қазып, оған өркеннің майысқан ортаңгы бөлігін енгізіп, түйреп, оны топырақ және қарашірік қоспасымен көмеді. Өркендердің түп жағы және жогарғы белігі топырақ бетінде қдаады. Тік сұлатпа сабақтармен көбейту үшін кәктемде аналық түптерді жер бетінен 5-8см биіктікте қысқартып, жасыл шырпу жүргізеді. Одан әрі өскен әркендерді, көдценең сұлатпа сабақтармен көбейткендей жаз аіі^Іары ішінде 2-3 рет кдйталап крпсытып, түбін көмеді (20 сурет) Күзде, тамырланған сүлама сабақтарды тұптен бөліп алып, школкаға отырғызады.

     Түшаланың вегетациялық кезеңі басқд жидек  дақылдарына қараганда өте ерте басталады, сол себептен оларды отырғызуды ерте көктемде, қыскд мерзім ішівде жүргізу керек,

     Жидек шаруашылыгында тұщала кебінесе 2,5-3x1«  1,5м сүлбасымен отырғызылады, Біржьшдық көшеттерді отырғызу, қолмен немесе механикалық төсілмен жүргізіледі.

     Механикгиіық  тәсілмен отыргызганда СШН-3, СЛН-2 машинапары пайдаланылады. Жеке қожалықтарда, жер  көлемі онша кеп болмаған жағдайларда, шеңбері 50-60см5 тереңдігі 25-ЗОсм болатын ш^қьір қолмен қазып, көшет сонда қолмен отырғызьшады.

     Плантациядағы топырақ күтімі, оньг суару, тыңайтқыш енгізу, гербидцидтер қолдану, қатар араларыи арам шөптен таза ұстау қарақатқа қолданылатын афотехникалық шараларға үқсас болып келеді.

     Түшала  бүтасын қалыптастыру кезіндсгі  шырпу жүмыстарының басты мақсаты - түпте орналаскдн өр тұрлі жастагы бүтақтарды жасарту (25 сурет). Сорттың биологиялық ерекіігеліктеріне қарай, түп 15-20 қатарлы бүтақтардаи кдлыптасады. Ол бүтақтар негізінси 3-4 жәие 5 жылдық бүтақгарда орналасқаи (26 сурет),

     Тұшала  өнімділігі көптеген жидек дақылдарымен салыстырғаңда жоғары, биологиялық ерекшеліктеріне қарай әр гектардан 150-300 центңерге деішн жидек бере алады, Егер де отырғызатьш орын дұрыс таңдалып агротехникалық жұмыстар дер - кезіңде жүргізіліп, плантация мол өнімді сорттардан құрылған болса олардың әр гектардан орташа өнімділігі, 100-150 центнерге дейін жетеді, ал жекелеген тәжірибе бөліктерінде  өнімділігі  әр  гектардан 250-350  центнерге дейін болған.

Информация о работе Алғы сөз