Алғы сөз

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 07:53, реферат

Описание работы

Адам баласының мындаған жылдық тарихында егіншілікті игеруде көп тәжірибе жинақталды. Әр түрлі климаттық-топырақ аймақтарында егілетін дақылдардың күндылығын, бейімдшігін, кажеттілігін білуге арналған блтыл болжамдар мен қол жеткен табыстар, ұрпақтаи ұрпаққа беріліп отырды. Мысалы, Орта Азияда жүзім, өрік,шие,Грузияда субтропикалық дақылдар, Молдавияда жеміс, жүзім, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шыгыс облыстарында жеміс-жидек және жүзім өсіру ата кәсіпке айналған.

Работа содержит 1 файл

Жидек дақылдары.doc

— 502.00 Кб (Скачать)

    Таңқурайдың ылғалға мұқтаждығы  әсіресе жаздың бірінші жартысында  жоғары болады . қазақстаның өңтүстік  оңтүстік – шығыс аймағында  вегетациалық өсіу кезеңдерінде  гүлденге дейін І рет , шілдедле  – 2 рет , өнім пысу кезінде – 1 рет , жалпы 5 – 7 рет суарады . күзде сабақтрын иер алдында , терең тынғыру кезінде дақылдардың суықа төзімділгін арттыру үшін негізгі агротехникалық шаралардың бірі тереңдетіп суару ( гектерына 400- 500 м ) мөлшерінде .

     Тыңайтқыштар негізінен келесіндей мерзімде берледі : көктемде өркендер жақсы өсіу үшін амиак селитырасы І га және калий тұзы 0.7 га , жидектерді жинап алғанан кейін келесі жылдың өнімдерін қалыптастыру үшін амииак селитрасы 3 – 4  га енгізледі . күзде бұтақтарды қысқы суықтан сақтау үшін , оларды жерге қарай иеді . екінші жылы ерте көктемде , топырақтар жыбый бастағанда , иілген бұтақтарды қайта қалпына келтырып , жоғары көтерді . Сынған зақымданған және өнім берген екіжылдық сабақтарды кесіп алып тастайды . ал өнбей қалған бұтақтарды қайта отырғызады .

    Таңқурай  бұтасы түбінен жаңадан шығып  келе жатқан сабақтарға зиян келе жатқан сабақтарға зиян келтіріп алмас үшін, оның түбін 4-5 см тереңдікке қопсытады. Одан кейінгі топырақты және өсімдікті  күтіп-баптау жұмыстары алғашқы жылғы сияқты жүргізіле береді. Басты міндет – топырақтағы қажетті мөлшердегі ылғалды, қоректік заттарды сақтап қалу, уақтылы арамшөптерін тазалап отыру.

    Егер  күзде екіжылдық жеміс берген сабақтары қиылмаған болса, көктемде оларды түбінен қиып алып тастайды. Қалған жеміс салатын сабақтардың жоғарғы жағын 10-15 см етіп қысқарта шырпиды (13, 14 суреттер).

    Вегетация кезеңінде топырақты қопсытып өідеу  үшін КРН-2,8 және КРН-2,8А қопсытқыштары  немесе ФГШ-200 және ФА-0,76 фрездері қолданылады. Арам шөптерге қарсы суыртпақтар арасын 6-8 см тереңдікте қопсытады, ал қатар арасындағы және қатар ішіндегі аралықтардың арам шөбін қолмен тазалайды. Бірақ соңғы кездері, таңқурай плантациясындағы қол еңбек шығынының көп бөлігін қамтитын осындай жұмыстарды жеңілдету үшін арамшөптерге қарсы химиялық гербицидтер (симазин, амин тұзы) пайдаланылады. Симазинді көктемде қолданғанда таңқурай жапырақ жаймай тұрып, топырақты аударғаннан кейін 1 гектарға 10 кг мөлшерінде енгізеді. Тамырлары өте терең кететін арамшөптерге (шырмауық, қамыс, құмай т.б.) симазин әсері онша болмайды. Мұндай арамшөптермен қарсы күрестетоларға жақсы әсер ететін 2,4 Д амин тұзы (1 гектарға 100 л судағы әсерлі зат түріндегі ерітіндісі) қолданылады.

    Таңқурай  өнімі негізінен қолмен жиналады. Өнімді жинау жұмыстары жылдық шығынның 50-70%-ын қамтиды. Жидектері бір мезгілде піспейтін болғандықтан, бұл жұмыстар күрделі, әрі қиын. Сорттық ерекшеліктеріне, жидектердің тұтынуға лайықты пісуіне қарай таңқурай жемісін әрбір 2-3 күнде, жалпы 4-8 жинайды. Жидектер тасымалданатын болса жеміс сағағымен, ал өнімді жас күйінде пайдаланатын болса, сағақсыз жинауға болады.

    Өнімді  жинау үшін сиымдылығы 2-2,5 килограмдық  ыдыстар қолданылады, бірақ мұндай ыдыстардың сыйымдылығы 4 килограмнан  аспауы қажет. Жидектерді бір ыдыстан екінші ыдысқа аударып салуға болмайды. Жидектерді жинап алғаннан кейін, күн көзіне қалдырмай, дереу сақтайтын орынға немесе көлеңке жерге апарып қою керек. Олрады жинап алғаннан іске асыруға дейінгі аралықта 5-10оС температурада 1 тәулік, ал 1-2оС температурада 3 тәулікке дейін сақтауға болады.

    АҚШ-да таңқурай жидегін сақтауда жылу дезинфекциясы  қолданылады. Жиналған жидектерді ыдысымен температурасы 49оС болатын ыстық суға батырып 2 минут ұстайды. Суын сорғытқаннан кейін жидектерді мұздатқышқа салып, 1 аптаға дейін жақсы, жас күйінде сақтауға болады. Сол сияқты оларды мұздатып сақтауға да болады. Мұндай тәсілдегі өңдеу ТМД және шет елдерде кеңінен пайдаланылады.

    Таңқурайдың кең тараған сорттары: Новокитаевская, Вислуха, Нововсть Кузьмина, Огонек, Алматинская, Барнаульская, Награда т.б.

    Вислуха – Ресейлік сорт (Қазақстанның Талдықорған облысы мен солтүстік шығыс, орталық облыстарында аудандастырылған.

    Бұталары  биік, ептеп салбыраңқы, атпа бұтақшалары  мен майда тікендері өте көп. Суыққа, қуаңшылыққа төзімді. Орта есеппен әрбір гектардан 29-45 центнер өнім алынады.

    Жидектері орташа (1,7-2г), пішіні домалақ, кейде  сопақша, түсі қызыл, қышқылтым тәтті, хош иісті. Жидектері шілденің бірінші  онкүндігінде піседі.

    Новость Кузьмина – Ресейде белгісіз таңқурай сортының тұқымынан шығарылған. Қазақстанда Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырлған,

    Бұталары  биік, орташа аумақты, өркендерінің басы салбыраңқы келеді. Жоғарғы жағында  тікендері аздау, ал төменгі жағында  көбірек. Атпа сабақтары аз, түсі ашық, жасыл. Суыққа төзімділігі нашар. Өнімділігі орташа есеппен әр гектардан 19-35ц.

    Жидектері ірі (2-2,2г), пішіні ұзынша оймақ тәрізді, түсі қызыл күрең, нәзік, тәтті, хош  иісті. Жеміс тосап, шырын, джем т.б. дайындау үшін пайдаланылады. Жидектері шілденің үшінші онкүндігінде піседі.

    Новокитевская – Украин жеміс шаруашылығы институтында шығарылған. Қазақстанда Алматы, Қостанай, Ақмола облыстарында аудандастырылған.

    Бұталары  орташа, өркендері жуан, жемісті  мол салады, тіреуішке байлауды қажет  етпейді. Суыққа, қуаңшылыққа төзімді. Өнмі мол, орта есеппен әрбір гектардан 105-158 ц жидек жиналады.

    Жидектері ірі (2,3-2,6г), пішіні сопақша, тығыз, ашық қызыл, тәтті. Жидектері ерте піседі.

    Феникс – Американдық сорт. Қазақстанда Алматы, Талдықорған облыстарында аудандастырылған.

    Бұталары  орташа өседі, өркендері тік, тікендері  сирек. Суыққа төзімді. Өнімі орташа – әрбір гектардан 24-62,9ц.

    Жидектері орташа (1,8-2,1г), домалақ, қызыл қоңыр, жемісі тығыз, қышқылтым тәтті. Жидектері  шілденің бірінші онкүндігінде піседі, жеміс жас күйінде пайдалануға да, қайта өңдеуге де жақсы.

    Барнаульская – М.А.Лисавенко атындағы Сібір жеміс шаруашылығы институтында шығарылған. Қазақстанда Қарағанды, Жезқазған облыстарында аудандастырылған.

    Бұталары  биік өседі, өркендері тік, жоғары жағы салбыраңқы. Суыққа төзімді. Өнімділігі әр гектардан орташа есеппен 111,6 ц.

    Жидектері орташа (1,9-2,1г), түсі ашық, қызыл, еті  тығыз, қышқылтым тәтті, жемістері  бір мезгілде жаппай піседі.

    Кримзон маммут – Американдық сорт. Қазақстанда Қостанай, Ақмола облыстарында аудандастырылған.

    Бұталары  биік, өркендері тік өседі, суыққа төзімділігі орташа. Орта есеппен  әр гектардан 49-63,1ц өнім алынады.

    Жидектері орташа (1,7г), түсі қызыл күрең, пішіні кең бүйірлі, дәмді, хош иісті. Жемісі жас күйінде де, қайта өңдеуге де пайдаланылады.

    Бақылау сұрақтары

  1. Таңқурай бұтасының құрылымы.
  2. Таңқурайды көбейту жолдары.
  3. Таңқурай бұтасын суықтан қорғау әдістері.
  4. Таңқурай дақылын отырғызатын жерді дайындау, тыңайтқыш беру және отырғызу сұлбасын анықтау.
  5. Таңқурай дақылының сорттарына сипаттама беру.
 

    Қарақат

    Қарақат дақылының ішінде көп тараған  түрлеріне қара, қызыл, сары, ақ түстілері  жатады. Оның ішіне кең орны алған  қара қарақат, ХІ ғасырдың өзінде-ақ белгілі  бола бастаған.

    Қарақат жидек адықлыдары арасында өте бағалы болып саналады. Оның ерекшелігі – жалпы көпшілікке кеңінен таныстығы, химиялық құрамы жағынан жидектерінде әр түрлі витаминдердің көп мөлшерде шоғырлануы болып табылады.

    Е.М.Степановтың  мәліметтері бойынша жидектің шикі салмағына есептегенде С витамині 300-500 мг, Р витамині – 50 мг, А провитамині – 0,7 мг және В витамині 0,06 мг пайыз болды. Құрамындағы С витаминінің мөлшері итмұрыннан және актиниядан аздау болса да, бүлдіргеннен бес есе, таңқурай мен түшаладан 7-8, алма мен алмұрттан 10-20; жүзімнен 100 есе артық болады. Қара қарақаттан қайта өңделіп дайындалған заттар құрамындағы С витамині бұзылмайды және аз дәрежеде ғана бұзылады. Қарақаттың қызыл, сары түсті түрлері маңыздылығы жағынан қара қарақатқа қарағанда төмендеу.

    ТМД елдерінде қарақаттың жалпы көлемі 66 мың гектар, ал Қазақстанда 3 мың гектарға жуық.

    Қарақат тасжарған тұқымдастар қатарына, Ribes туысына жатады.

    Қара  қарақаттың сорттары негізінен, екі (Еуропалық  және Азиялық) түр тармағынан пайда  болған.

    Еуропалық түр тармағы ТМД елдерінің  Еуропа бөлігінде (Қырым мен Оралдан басқа) өсіріледі. Сібірдің қара қарақаты Еуропалық түрлерімен салыстырғанда суыққа, ылғалдың жетіспеушілігіне төзімдірек болып келеді. Олар Сібірде және Орта Азияда кеңінен тараған.

    Қарақаттың  қызыл, ақ сорттары келесі түрлерден пайда болған: кәдімгі, қызыл және жартасты.

    Қазақстанда жидек дақылдарының ішіндегі ең көп  тарағаны – қарақат. Мысалы, қарақаттың қара қарақат түрінен басқа келесі түрлері де кездеседі: түрлі түкті, қара қошқыл, қылшықты, әр түрлі талшықты, тасты т.б.

    Қарақат биіктігі 2-2,5 м болып келетін көпжылжық  бұта (15-сурет). Сорт ерекшеліктеріне, қолданылатын агротехникалық шараларға байланысты қара қарақат түптері 16-24, қызыл қарақат 10-15 дана әр түрлі жастағы бұтақтардан  тұрады. Бұтақтардың тіршілік ету  ұзақтығына қарай, олардың табиғи алмастырылуы әр түрлі мерзімдерде өтеді, ол қара жемісті сорттарында жылдам болса, сары түрлерінде ақырындау.

    Қарақаттың  алмасу өркендері, сабақтардың түбінде  қалыптасқан бүршіктерден бүршіктерден пайда болады. Негізінен бұта түбінен балақ шыбықтар көптеп өседі, шыбықшалар түпте неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым түп берік болады. Олардың ең мықтысы тамырға жалғас шыбықтар.

    Түптегі бұтақтар саны сортқа, түптің жасына байланысты. Жас түптер түбір бұтақшаларын қалыптастырмайды, олар 4-5 жасқа келгенде ғана қалыптастыра бастайды.

    Қарақаттың  өзіне тән ерекшелігі – түбір  бұтақшаларының қарқынды өсуі, ол әсіресе  бірінші жылдары қатты байқалады, ал келесі жылдары өсу қарқыны  аздап толастайды. Қарақат сорттары бұтасының өсу ерекшеліктеріне 3 топқа бөлінеді. Бірінші топ сорттары бұтасының тармақталуы нашар, өркендерін қайта қалпына келтіру қасиеттері жоғары (Сентябрьская Даниэля және басқалары). Екінші топ сорттары бұтасының тармақталуы күшті өркендерін қайта қалпына келтіру қасиеттері төмен; тармақталуы күшті (Босковский Великан, Память Мичурина және т.б.), ал үшінші топ сорттары бұтасының тармақталуы және өркендерін қайта қалпына келтіру қасиеттері орташа (Лия плодородная және т.б.). Бұтақтардың жақсы тармақталуы үшін шырпу жұмыстарын жүргізу қажет (16, 17 суреттер).

    Қарақаттың  барлық түрлерінің ортақ қасиеті  – оларда жеміс беретін өркендерінің 4 түрі болуында; аралас, жемісті, шоқ  бүршікті және сақиналы бұтақшалар. Аралас өркендердің ұзындығы 15-85 см аралығында, ал жемісті өркендер 10-15 см, шоқ бүршікті және сақиналы бұтақшалардың ұзындығы 2-3 см-ден 4-5 сантиметрге дейін болады.

    Қарақаттың  үш түрлі бүршіктері болады: бұйыққан бүршік-бұтақтардың түбінде қалыптасады, олар негізгі бұтақтар өзгеріске  ұшыраса ғана оянып, жаңа бұтақтар береді. Өркен бүршіктер жазғы кезде бұтақтардың күшті өсу кезеңінде қалыптасады, бұл бүршіктерден көктемде күшті өркендер дамиды. Гүл бүршіктері – аралас, ол генеративті және вегетативті мүшелерден тұрады.

    Таңқурай  мен бүлдіргенге қарағанда қарақат  ерте гүлдейді. Гүлдеу мерзімі 10-20 күнге созылады. Гүлдегеннен кейін 2 ай өткенде өсімдіктердің жидегі пісе бастайды (18-сурет).

    Қуаңшылыққа төзімділігі және күтімді онша қажет  етпейтіндігі жағынан жидек дақылдары  арасында сары жылтыр қарақат ерекше көзге түседі. Ол қолайсыз жылдардың өзінде де, жыл сайын тұрақты, мол өнім береді. Әр түрлі жаңдайда өсе беруге мейлінше бейім болғандықтан сары қарақат соңғы жылдары орталық және батыс Қазақстанда, жеміс-жидек бақтарында кеңінен таралып келеді.

    Қарақаттың  негізгі тамыр жүйесі топырақ-климат жағдайларына және топырақтың дайындалу сапасына қарай негізінен 30-60 см тереңдікте орналасады, жекелеген қаңқалық тамырлары 150 см тереңдікке дейін барады. Қарақат түрлерінің ішінде қара қарақат құрғақшылыққа төзімсіздеу, ал сары қарақат оған қарағанда төзімдірек.

Информация о работе Алғы сөз