Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 07:53, реферат
Адам баласының мындаған жылдық тарихында егіншілікті игеруде көп тәжірибе жинақталды. Әр түрлі климаттық-топырақ аймақтарында егілетін дақылдардың күндылығын, бейімдшігін, кажеттілігін білуге арналған блтыл болжамдар мен қол жеткен табыстар, ұрпақтаи ұрпаққа беріліп отырды. Мысалы, Орта Азияда жүзім, өрік,шие,Грузияда субтропикалық дақылдар, Молдавияда жеміс, жүзім, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шыгыс облыстарында жеміс-жидек және жүзім өсіру ата кәсіпке айналған.
Қысқа төзімділігі шығу тегіне, өсірілетін аймағына, күтімге, агротехникаға, өсімдіктер жасына т.б. жағдайларға байланысты. Шығу тегіне қарай Еуропалық сорттары Солтүстік аудандарда үсікке шыдамсыз, ал жергілікті және Сібір түрлері шыдамды келеді. Қарақатты отырғызуға ылғалды, ойпатты жерді таңдаған жөн. Таулы жердің сайлы сағалары өте қолайлы келеді. Ал ашық учаскелерде отырғызылған қарақаттың жеміс бүршіктері үсіп кететін болғандықтан, түйіндері жаппай түсіп қалатындығы байқалып жүр, соның салдарынан өнімі де күрт төмендеп кетеді. Қарақатты отырғызар алдында топырақ беті тегістеліп, бөлтектерге бөлінеді.
Басқа жидек дақылдарымен салыстырғанда қара қарақаттың өсіп-өнуіне топырақ ылғалдылығы жақсы әсер етеді. Аздаған көлеңкені онша елемейді. Ылғалдың шамадан тыс артық болуы аса көп зиян келтіруі мүмкін. Тарихы жағынан көп жылдық жабайы өсетін қара қарақат түрлері өзен, бұлақтар бойында, жер бедерінің төмендеу, ылғалданған жерлерінде қалыптасқан. Бұл олардың тамыр жүйелерінің онша терең емес жерде орналасуына, сондай-ааздаған құрғақшылықтың өзіне төзімсіз болуына себепші болды. Сонымен қатар қара қарақат үшін ауа ылғалдылығы жеткілікті болуының да маңызы зор.
Ауыр сазды, ылғалы көп және суық топырақтарға қарағанда қопсытылған, борпылдақ, құнарлылығы жоғары топырақтарда жақсы өседі. Қарақатқа күлденген, сортаңданған, қышқылды, батпақтанған, сондай-ақ арам шөптер көп өсетін топрыақтар жарамайды, әлсіз қышқылды (рН – 6-6,5) топырақтар қолайлы.
Бүлдірген мен таңқурайға қарағанда қарақат жарықты онша көп талап етпейді, бірақ та жарық жақсы түсетін, желден қорғалған жерлерде жақсы өнім береді. Жазғы температураның өте ыстық болуы қолайсыз әсер етеді.
Қарақат өсімдігі көктемде ерте оянады. Алматы облысы жағдайында наурыздың аяғында, сәуірдің басында бүршік ата бастайды. Сәуірлің екінші жартысында гүлденуі басталып, ол 10-20 күнге созылады. Гүлденуден соң екі ай өткенде жидектері пісе бастайды.
Қарақат дақылы бір жерде 20-25 жылға дейін өсе алады, бірақ та плантациясын 12-15 жыл ғана тиімді пайдалануға болады. Қарақат плантациясын орналастыру үшін тегіс, желден қорғалған, суаруға қолайлы болатын алқаптарды таңдап алады, жер асты суларының тереңдігі жер бетінен бір метр төмен орналасуы ескерілуі қажет.
Қарақатты отырғызар алдында топырақты дұрыс өңдеудің маңызы өте зор. Көшеттерді отырғызу үшін жерді ППН-40, ППН-50 арнаулы соқаларымен 40-60 см тереңдікте жыртып, алдын ала органикалық және минералды тыңайтқыштар енгізеді. Әр гектарға органикалық тыңайтқыштар 60-80 тонна, суперфосфат 6-8 ц, калий тұздары 2-8 ц-ден беріледі. Тыңайтқыш енгізуге РПТМ-2, РПТУ-20А, РУ-4 арнаулы машиналары қолданылады.
Қарақатты отырғызуға арналған бөлтектің ауданы 6-8 гектар болғаны жөн, одан кейін бөлтекті 1-2 гектардан тұратын клеткаларға бөледі, суаруға қолайлы болу үшін клетканың ұзындығы 100 метрден аспауы керек.
Қарақаттың өндірістік плантацияларын отырғызу үшін аурудан таза, стандартқа сай, бірінші репродукциялы, біржылдық немесе екіжылдық екпе шыбықтар қолданылады.
Қарақаттың екпе шыбықтарын (көшеттерін) арнаулы аналық плантацияда көбейтеді. Көбейту жолдары әртүрлі – жасыл және сүректелген қалемшелері, сұлама сабақтары арқылы арқылы және т.б. (19, 20-сурет).
Республиканың жидек шаруашылықтарында қара қарақатты жиі отырғызудың технологиясы жетілдіріліп, олардың өнімділігін арттыру мүмкіншіліктері жасалып келеді. Қарақат көшеттері жиі отырғызылғанда келесідей отырғызу сұлбасы қолданылады: 2,5-*х0,6-0,7м (бір гектарда 4,7-6,7 мың дана), ал келешекте олар бұдан да тығыз орналастырылуы мүмкін: 2,0-2,2х0,7м (гектарына 2,8-4,0 мың дана).
Қарақат көшеттерін күзде немесе көктемде отырғызады. Көктемгі отырғызу ерте, бүршік жарудан бұрын жүргізеді. Күзгі отырғызу қыркүйек-қазан айларында, топырақ қатып қалмай тұрып, 20-30 күн бұрын жүргізеді, мұндай жағдайда өсімдіктердің жақсы өнуіне қолайлы мүмкіндік туады.
Көшеттерді қолмен немесе механикалық тәсілдермен отырғызуға болады. Механикалық тәсілдермен отырғызғанда СШН-3, СЛН-1 отырғызғыш машиналары қолданылады.
Қарақат көшеттерін жеміс дақылдарының екпе шыбықтарымен салыстырғанда 5-10 см тереңірек отырғызу қажет. Отырғызғаннан кейін жер беті бөлігінде 2-3бүршігін қалдырып, көшеттерді қысқарта шырпиды.Отырғызу мерзіміне қарамастан, оларды шырпу тек көктемде жүргізіледі.Жаңадан отырғызылған қарақат плантациясын іле-шала қарықпен немесе ЭКВ-1,8 және РЖ-1,7 машиналарымен суарады, сондай-ақ АНЖ-2 автоцистернасын қолдануға болады.
Плантацияны күтіп-баптау.
Қарақат
плантацияларында қатар аралықтарының
және қатар жүйелерінің
Қатар ішіндегі арамшөптермен қарсы күресу, әсіресе жатаған бидайықтарды құртуда, механикалық әдісті қолданудың қиындығына байланысты, гербицит қолдану қажет. Бұл үшін келесідей гербициттер қолдануды симазин - әр гектарға 5-10 кг, (плантациядағы арам шөптердің 83%-98% жояды), сондай ақ атразин 8-10 кг, далапон 15-10 кг әсерлі зат түрінде енгізеді.
Органикалық тыңайтқыштар қарақаттар плантациясына 2-3 жылда біррет беріліп тұрады. Жерді жыртар алдында гектарына 30-40 т мөлшерінде енгізеді, бұл кезде фосфорлы – калийлі тыңайтқыштар әр гектарға 60-120 кг әсерлі зат түрінде арластырылып беріледі. Азот тыңайтқыштарымен вегетация кезінде 2-3 рет үстемелік қоректендіру қажет.
Алғашқы үстеп қоректендіру, жидектері жақсы сақталып өсу үшін қарақат гүлдеп болғаннан кейін, әр гектарға 30 кг-нан, ал екінші рет өнімдерді жинап болғанан кейін, гүлді бүршіктер қалыптасар алдында 60 кг әсерлі зат түрінде беріледі.
Қарақаттың аналық және шаруашылық плантацияларын үнемі салыстырып отыру арқылы, өнімділікті едәуір дәрежеде арттыруға болады. Қарақаттың, сондайақ басқада жидек дақылданың суару мерзімдері өсімдіктердің даму ерекшеліктеріне және жергілікті жердің қалыптасқан ауа-райына байланысты.
Республиканың оңтүстік-шығыс облысында жас қарақат плантациялары өніп-өсу кезінде 6-8 рет, жеміс салып тұрғандары 5-6 рет суарылады. Алғашқы суару сәуірде, екінші мамырдың басында, үшінші мен төртіншісі маусымда, бесіншісі шілдеде, алтыншысы тамызда жүргізіледі. Топырақ 50-60 см тереңдікке дейін ылғалдандыру үшін суару мөлшері әр гектарға 300-500 м3 аралығында болу қажет. Өсімдіктің тынығу кезеңіндегі суаруда, суару мөлшерін арттырады.
Мол өнім алу және оның сапасын жоғарылату үшін қарақатты жыл сайын шырпып отыру қажет.
Қарақат плантациясында шырпу келесідей тәсілдермен жүргізіледі.
Шаруашылық (санитарлық) шырпу – мұнда жыл сайын қарақат түбіндегі сынып қалған, үсіп кеткен, зақымдалған, ауру, жерде жатқан бұтақтарын, сонымен бірге артық пайда болған бұтақөтарды кесіп, плантациядан тыс жерге апарып жинап өртеп тастайды.
Сиретіп шырпу – мұнда қарқынды түрде өсуін тоқтатқан, сондай-ақ өсімін 15 см-ден төмендеп кеткен және артық пайда болған бір жылдық бұтақтарда кесіп тастайды.
Қысқарта шырпу – көшетті отырғызғаннан кейін 2-3 бүршікке шырпиды, сондайақ тамыр бұтақшалары нашар өскен жағдайда қаттырақ ал жақсы өскен жағдайда аздап қысқарта шырпиды.
Жазғы шырпу – мұнда жақсы өсіп келе жатқан түбір бұтақшаларының, сабақтың, бұтақтануды және өркендердің үшін шілде айында тұқыртып, қысқартады.
Бұл шырпуды жүргізгеннен кейін, көптеген жеміс өркендері, бұтақшалары қалыптасып, жемісшіктері көбейеді, яғни екі жылдық бұтақтары жеміс сала бастайды.
Кейінгі жылдары шет және ТМД елдерінде қара қатақат түптерін шырпу, сондай-ақ қалыптастыру принциптеріндегі өзгерістерге бағытталған әртүрлі тәжірибелер жүргізіп келеді. Бұл өсімдік қасиетіне, оның биологиялық ерекшеліктеріне, экономикалық жағдайларға қарай жерүсті бөлігін 5-6 жылда қайталап қысқартып келеді. Ол үшін плантация 6 алқапқа бөлінеді жәнеде әр алқап әр жылы отырғызылады. Алқаптағы өсімдіктер 5-6 жасқа толған кезде жыл сайын өнімді жинап алғаннан кейін бірінші алқапқа отырғызылған, қарақат түбінің жерүсті бөлігін топырақ деңгейіне дейін ОЖС-0,9 машинасыменен орып алады, орылған бұтақтарды ОТС-4 машинасымен жинап сыртқа шығарып өртеп тастайды. Келесі жылдары қалған алқаптар отырғызылған жыл бойынша тәртіппен шырпылады. Қатар аралықты ұрпақты түрде өңдеп, көп мөлшерде органикалық және минералды тыңайтқыштар енгізеді, қажетті жағдайда гербициттер қолданады. Келесі жылы қарақат түбі жақсы өседі де екінші жылы (сібір сорттары) және үшінші жылы (еуропалық сорттары) жеміс сала бастайды. Мичурин институтының мәліметтері бойынша мұндай тәжірибе бөліктерінің өнімділігі 30-40%-ға жоғарылайтындығы дәлелденген.
Қара қарақат өнімі негізінен сібір сорттарының түр тармағында 2-3 жылдық бұтақтарда, ал еуропалық сорттарында 3-4 жылдық бұтақтарда қалыптасады. Қартайған ескірген бұтақтардың жидектері ұсақталып кетеді де, өнімділігі тез төмендейді. Мұндай жағдайда жеміс беру келесі жылдары жас шыбықтарға ауысады. Осыған орай қара қарақаттың бұтақтарын 5-6 жылдан ал қызыл және сары қарақат бұтақтарын 7 жылдан асқанда түбінен кесіп тастап отырады.
Қарақат жидектерінің сорттарына қарай өнімін 2-3 рет немесе бір уақытта жинап алады. Олардың өсімдіктегі барлық жұмыс түрлерінің ішінде ең көп қажет ететіні өнімді жинап алу. Мысалы 1 гектердағы қарақат өнімін жинап алуға 250-300 адам күн жүмсалады.
Еңбек шығынын төмендету мақсатында шаруашылықтарда әр-түрлі шаралар қолданылады. Жидектерде арнаулы тартпалар (лоток) көмегімен, жидек жинайтын аспалы қалталар, арқылы жинауға болады. Қолымен жиналғанда сиымдылығы 2-3 кг карзиналар мен 5-10 кг-дық жәшіктер пайдаланады.
Жмдектерді
Сондай ақ жеміс жинайтын МПЯ-1 комбайыны кеңінен қолданып келеді. Бұл комбайн жидектерді үзу, жәшікке салу, ұсақ бөгде заттарды тазарту сияқты және т.б. жұмыстарды атқара алады.
Жидектерді
Машина 1 сағ 800-900 кг қарақат жидегін жинай алады. МПЯ-1 комбайнмен жинағанда бір жинаушы қолмен бірнеше бұтақтарды жиып алып, оларды ұстағыштарға бағыттайды, ал екінші адам оларды сілкуішке енгізеді. Сілкуіш жинақталған бұтақтарды сілкиді. Комбайн сілкішінің әсерінен жидектер үзіліп ұстағыштарға, одан кейін жәшікке жиналады, мұнда еңбек өнімділігі қолға қарағанда 5-10 есе артық. Бір сағаттағы орташа еңбек өнімділігі қара қарақатты жинағанда 78 кг, тұшалада – 12 кг, жалпы комбайнның маусымдық өнімділігі 20-50 т болады.
Қазақстанда қара картоптың келесідей сорттары кеңінен аудастырылған: Белоруская сладкая, Пилот Александр Мамкин голубка, Алтайская Ранняя, Стахановка Алтаяя, Минай Шымырев, Памият Мичурина, Приморский Чемпион т.б. қызыл қарақаттың Алтайскаяя Красняя, Красный крест, Узбекская Крупноподная т.б. сары қарақаттың: Версальскаяя Белая, Ютерболская, Белая Смольниковой т.б.
Алтайская десертая – М.А. Лисавенко атындағы сібір жеміс шаруашылығы институтында шығарылған.
Қазақстанда Алматы, Талдықорған, Ақмола, Көкшетау, Орал, Семей және шығыс Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
Бұталары орташа өседі, аумақты. Жеміс шаруашылықтары көп емес. Суыққа төзімділігі орташа. Вегетациялық өніп-өсу кезеңін ерте бастайды. Өнімділігі әр гектардан орта есеппен 107-134 С жидектері ірі (0,9 г), пішінді домалақ, қабығы жұқа. Жеміс еті жасылдау, шырынды, қышқылдың тәтті, хош иісті, жидектері ерте, маусым айының екінші он күндігінде піседі. Десертті, жидектері жас күйінде пайдаланады және тосап дайындалады.
Белоруская сладкая – Белорус жеміс, көкөніс және картоп шаруашылығы институтында шығарылған. Қазақстанда Жамбыл, Талдықорған және Қарағанды облыстарында аудандастырылған. Бұталары биік өседі. Аумақты, суыққа өте төзімді. Орта есеппен әр гектардан 130-166 ц өнім алынады. Жидектеріә ірі (1,1 г), пішіні домалақ, жылтыр. Еті тәтті. Жемісі жас күйінде және қайта өңдеу үшін пайдаланады.