Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:26, курс лекций
Работа содержит лекции по дисциплине "Биология"
Қанның құрамындағы эритроцитгерде екі түрлі а г г л ю т и н о г е н деп аталған зат бар: А және В агглютиногендер. Қанның плазмасында бұлармен кездескенде канды ұйытып тастайтын à және ß агглютининдер болады. Егер агглютиноген А агглютинин альфамен (а) немесе агглютиноген В агглютинин бетамен ß кездессе, қанның эритроциттері бір-біріне жабысып, бұзылып, қан ұйып қалады да, оттегін денеге таситын эритроциттер қызметін атқара алмай, адам өліп кету қаупінде болады. Бүл заттардың бір-бірімен қосылыс жасау мүмкіндігі 4 түрлі, соған байланысты адамдардың қанын 4 топқа бөліп АВО жүйесі деп атаған:
Осы агглютиногендер мен агглютининдердің бір-бірімен кездеспеуін көздеп донор мен реципиенттің қандарын тексереді.
АВО жүйесінен басқа түрлі адамдар топтарында кездесетін қанның корғаныс жүйелері бар екені анықталды. Соның ішінде алғаш рет макака-резус маймылдарының қанынан табылған резус-фактор деп аталған заттың маңызы күшті. Бұл зат адамдардың 85%-ында бар, ал 15%-ында жоқ. Резус-факторы бар адамдарды он-резусты (R.Һ+), жоқ адамдарды сол-резусты (R һ-) деп атайды. Егер RҺ+ кісіге RҺ- адамның қанын құйса, ол реципиентте сол факторға қарсы антидене пайда болады. Ал екінші рет сондай кан құйылса, бұрын пайда болған арнайы агглютиногендер эритроциттерді бір-біріне жабыстырып, қызметін тоқтатады да, адамның өміріне қауіп төнеді. Осы резус-факторға байланысты R.Һ+ жүкті әйелдердің ұрығына R.Һ- әкесінің факторы тұқым куалап ауысқанда жүкті әйелдің қанында ұрықтың факторына қарсы антидене пайда болып, түсік түседі. Сондыктан жүкті әйелдердін қанында бұл фактор болмаса, оның күйеуінің канының факторын тексереді де, ол R.Һ+ болса, түсік болмаудың қамын ойлап, арнайы емдейді.
Сонымен, қанды кұю үшін реципиентің қанының АВО және RҺ-факторын міндетті түрде тексеру қажет.
Иммунитет және оның түрлері. Иммунитет (лат. иммунитас — бірдеңеден бос болу) адамның жұқпалы ауруларға карсы тұру қабілеті. Бул - адам организмінің өте күрделі, көптеген морфологиялық және физиологиялык касиеттерге байланысты калпы. Ертеректе кейбір аурулармен ауырған адамға сол аурудың жұқпайтыны белгілі болған (мысалы, кызылша, шешек, сүзек т.б.). Бул тужырымды ғылыми тұрғыдан ХҮШ-ХІХ ғасырлардағы ғалымдар Э. Дженнер, Л. Пастер, И. М. Мечников, т. б. ашкан.
Әсіресе иммунитеттің фагоцитарлық қағидасының маңызы үлкен. И.И. Мечников 1886 ж. жануарлар организмінің кейбір клеткалары — фагоциттер денеге енген бөтен заттардың бөлшектерін іліп ұстап алып, қорытып, бойына сіңіретінін байқаған. Адам денесінде мұндай фагоцитарлық кабілет лейкоциттерде, әсіресе нейтрофилдерде бар. Лейкоциттер адам денесінің сакшысы іспетті, бөтен зат денеге енісімен қан тамырынан шығып, жалған аяқтары арқылы бөтен заттың шоғырланған жеріне жылдам барады да оны қоршап алып, протоплазмасының ішіне тартып, арнайы ферменттер арқылы ыдыратып немесе бір-біріне жабыстырып бөтен заттың залалының алдын алады. Мұндайда кейбір лейкоциттердің қозғалыс жылдамдығы шамамен сағатына 2 мм-ге тең. Бөтен заттың жиналған жерін лейкоциттер сол затпен бірге денеге енген микроорганизмдердің өсіп, өніп улы заттарды шығарып, дене ұлпасын қабындыруынан анықтайды. Бұл күресте лейкоциттер өздері өліп, қажетсіз қалдықтармен бірге денеден шығады.
Қанның құрамында қорғану қызметін атқаратын басқа да маңызды заттар бар. Бұларға антиденелер мен антитоксиндер жатады. Антиденелер қанда болатын белок заттары - иммундық глобулиндер денеге кірген басқа бөтен заттардың әсерінен пайда болады. Ол заттарға бактериялар, вирустар, басқа текті белокты заттар жатады. Оларды антигендер деп атайды (грек. анти-қарсы + генос-тек). Антитоксиндер — уланған кезде организмде пайда болатын усыздандырушы заттар (грек. анти + лат, токсинум - у, улы зат). Антиденелер, антитоксиндер мен антигендер - өте өзгеше үйлесімді заттар, яғни әр антигеннің немесе токсиннің өзіне ғана үйлесетін антиденелері мен антитоксиндері болады. Олар бір-біріне кілттің құлыпқа сай келетіні іспетті. Антиденелер ауру тудыратын микроорганизмдерді бір-біріне жабыстырып, енді біреулерін ерітіп жібереді. Денеге бөтен заттар, айталық шешек вирустары енісімен организм сол вирустарға қарсы антидене түзеді. Олар вирустармен күресіп, организмді қайталап аурудан сақтап қалады.
Иммунитет т а б и ғ и және ж а с а н д ы болып бөлінеді. Табиғи иммунитет адам ауырғанда пайда болады да, сол аурумен екінші рет ауырмайды. Табиғи иммунитеттің ұзақтығы әртүрлі. Кей ауруларға (мысалы, шешек) иммунитет өмір бойы сақталады, ал кейбіреуінің иммунитеті кысқа мерзімдік болады (мысалы, грипп). Жасанды иммунитет ауырған адамның немесе жануардың қанынан алынған дайын антиденелерді немесе әлсіздендірілген антигендерді егу арқылы жасалынады. Осылай кейбір аурулардың алдын алуға болады.
Иммунитеттің т у а және ж ү р е пайда болған түрлері де бар. Мысалы, кейбір жануарлардың аурулары адамға жұқпайды, себебі адам организмінде тұқым қуалаған сол ауруларға қарсы тұру қабілеті болады. Иттің немесе шошқаның обасы адамға жүқпайды. Бұл - туа болатын иммунитет. Ал жүре болатын иммунитетке адам ауырғаннан кейін немесе түрлі екпеден кейін пайда болған жасанды қабілет жатады.
Иммунитетті ж а л п ы және ж е р г і л і к т і деп те бөледі. Бүкіл организмнің ауруға карсы тұру қабілеті жалпы иммунитетке, ал жеке бір ұлпалардың немесе мүшелердің қабілеті жергілікті иммунитетке жатады.
Қорыта келгенде,
иммунитет екі тетікке
Иммунитеттің жас ерекшеліктері. Қазіргі кезде ана құрсағындағы ұрыктың қанында антигендер болмайтыны анықталды. Ұрық плацентасының корғаныс қабілетіне байланысты оның денесінде ешқандай антиденелер өндірілмейді, бірақ анасының канындағы антигендерді плацента ұрыққа өткізбейді. Ал бала туған сәттен бастап сыртқы ортадағы көптеген микроорганизмдерге қарсы тұру кабілеті дами бастайды. Бірақ алғашқы 3 айдың ішінде бала организмі анасынан алған антиденелердің әсерінен ауруға төзімді болады. Алғашкы кезде сәбидің денесінде антиденелер аз өндіріледі, өйткені ондай антиденелер ана сүтінін құрамында болады. Баланың иммундық қабілеттері күшті дамитын кез 1 жастан 10 жасқа дейін, онан әрі 20 жасқа дейін иммундық қорғанысы біршама төмендейді де 20 жастан 40 жаска дейін тұрақталады, ал 40 жастан аса біртіндеп нашарлай бастайды. Әсіресе жыныс мүшелерінің қызметі әлсіреген кезде иммуңдық қабілет те төмен болады.
Балалар мен жас өспірімдердің ауруларының алдын алуда арнайы екпелердің маңызы зор:
9-тақырып. Тыныс алу, оның жас ерекшеліктері. Тыныс гигиенасы
Тыныс алу жүйесінің маңызы. Тыныс алу мүшелерінің маңызы өте зор. Олар арқылы организмге тотығу процесіне қажет оттегі кіріп, организмдегі зат алмасудың соңғы өнімі көмірқышқыл газы шығады. Егер адам тамақсыз, тек сумен – 60 күн, сусыз 7-10 күндей өмір сүрсе, оттегін сіз 5-7 минутта өліп кетеді.
Тыныс алуды шартты түрде 3 процеске бөлуге болады:
1) сыртқы орта мен өкпе арасындағы газ алмасу (сыртқы тыныс алу); 2) өкпедегі альвеолярлық ауа мен қан арасындағы газ алмасу; 3) қан мен ұлпа аралық сұйықтық арасындағы газ алмасу (ұлпалық тыныс алу).
Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшеліктері. Тыныс алу жүйесінің мүшелерін екі топқа бөледі: тыныс алу жолдары және тыныс алу орны. Тынысталу жолдары: мұрын қуысы, жұтқыншақтың жоғары бөлігі, көмей, кеңірдек, бронхылар. Тыныс алу орны - өкпе.
Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұп танау арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы хоан тесігі арқылы жұтқыншақпен қосылады.
Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталған, шаң-тозаңдарды ұстап микробтарды өлтіріп, сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін эпителий клеткаларының түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны жылытып, ылғалдайтын қантамырларына бай болады.
Көмей ІҮ-ҮІ мойын омыртқасының тұсында мойынның алдыңғы жағында орналасқан. Оны алдыңғы жағынан бұлшық еттер жауып тұрады, екі жағында қалқанша бездің бөліктері орналасқан, ал артқы жағында жұтқыншақ жатады. Көмей тыныс алуға және дыбыс шығаруға қатысады.
Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзындығы балаларда - 4см, 10 жаста – 7 см, ересек адамдарда - 10-12 см.
ІҮ-Ү арқа омыртқаларының тұсында кеңірдек екі бұтаққа сол және оң бронхыларға бөлінеді.
Тыныс алу орны өкпеге енген бронхылар тармақталып, майда ұсақ альвеолалар (ауатамырлар) түзеді. Альвеолалардың қабырғалары жұқа қантамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м². Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді.
Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қантамырларына бай болады. Алғашқы 3 айлығында және жыныстық жетілу кезінде өкпе қарқынды дамиды.
Тыныс алу жиілігі 1 минутта: 1 ж – 44, 5 ж – 26, 15-20 ж – 20, 20-25 ж – 18, 25-30 ж – 16 рет.
Жаңа туған нәрестенің кеуде қуысы конус тәрізді болады. Сондықтан бала терең дем ала алмайды. Қабырға сүйектері қиғашталғаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз дем алу, қосымша және қордағы ауалардың қосындысы. Адам қалыпты жағдайда дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы дейді. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алған соң, демді шығармай күшеніп тұрып, тағы да 1,5-2 л ауаны сіміруге болады. Мұны қосымша ауа дейді. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып тағы да күшеніп дем шығарып 1-1,5 л ауаны шығаруға болады. Мұны қордағы ауа дейді.
Балалар мен жасөспірімдердің ӨТС-ы
Бала |
Жасы | |||||
6 |
7 |
10 |
12 |
15 |
17 | |
Ер бала |
1200 |
1400 |
1630 |
1975 |
2600 |
3520 |
Қыз бала |
1100 |
1200 |
1460 |
1905 |
2530 |
2760 |
Ересек адам 1 минөтте өкпесінен 6-7 л ауаны өткізеді. Алмасатын ауаның мөлшері адамның салмағына, бойына байланысты.
Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі. Төменгі дәрежелі тыныс алу орталығы сопақша мида орналасқан. Ол дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.
Тыныс алу орталығындағы
жүйке жасушаларының қозуы
Бұлардан басқа
рефлекторлы түрде болатын
Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері. Құрсақтық кезеңде ұрық оттегімен плацента арқылы қамтамасыз етіледі, оның жүйке жүйесіндегі тыныс орталығы 7 айлығында толық жетілгенімен қызмет атқармайды. Жаңа туылған нәрестенің алғаш дем алу механизмі қанда еріген көмірқышқыл газының концентрациясының тынысталу орталығындағы жүйке жасушаларына әсер етуімен байланысты. Бала туыларда плаценталық қан айналу бұзылып, қандағы жиналып қалған көмірқышқыл газының концентрациясы артып, тыныс алу орталығының жүйке жасушаларына әсер етеді. Соның нәтижесінде тыныс алу орталығы белсендіріліп, тыныс алу механизмі іске қосылады да бала алғаш дем алады. Егер әйел ұзақ босанатын болса, ұрықтың қанында көмірқышқыл газы көбейіп, баланың тыныс алуы басының жатырдан шығуынан бұрын басталады. Мұндай жағдайда баланың тыныс жолдарына ұрық сұйықтығы кіреді де, бала тұншығады, шетінеп кетуі де мүмкін.