Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:26, курс лекций
Работа содержит лекции по дисциплине "Биология"
Егер стресс әсері өте күшті болып, созылмалы болса, адреналин, норадреналин, серотонин т.б. бейімделгіш гормондарының қоры азайып, организм тығырықтан шыға алмай қатты қиналады. Егер балалар осындай халде болса өсуі мен дамуы тежеледі.
7-тақырып. Тірек-қимыл жүйесі, оның жас ерекшеліктері
Тірек қимыл жүйесіне адамның қаңқасы мен бұлшықеттері жатады.
Адамның қаңқасы 200-ден астам сүйектен тұрады. Олар бір-бірімен буын арқылы жалғасып қозғалмалы келеді. Қаңқаға бұлшқ еттер бекітілген. Әрбір сүйекке екі немесе одан да көп бұлшық еттер ұштасады.
Бұлшық еттердің негізгі қызметі - сүйектерді қозғау.
Сүйектің құрылысы. Сүйек остеон деп аталатын пластинкадан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. ек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Остеондардың орналасуына қарай 2 түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттардан.
Тығыз заттар кемік сүйектердің сыртында орналасқан. Оның қалыңдығы әр сүйекте әртүрлі. Кемік сүйекте остеондар айқыш-ұйқыш орналасқан. Олар қысқа, жазық үйектерде, ұзын сүйектердің екі ұшында көп болады. Жілік сүйегінің каналдарындағы майының түсі сары, ал кемігіндегі майының түсі қызыл болады. Себебі сүйектің қызыл кемігінде эритроцит, лейкоцит, тромбоцит өсіп дамиды.
Сүйек қабы екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі. Сыртқы қабығы тығыз, ішкісі жұмсақ борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады. Ішкі қабығында остеобластар болады. Олар сүйектің өсуін қамтамасыз етеді. Сүйек қабының қантамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.
Сүйекті күйдіргенде оссейн жанады да, бейорганикалық заттар қалады. Ондай сүйектер тез сынады. Ал сүйекті тұз немесе азот қышқылына алса бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады.
Жас балалардың сүйегінде органикалық. ересек адамның сүйегінде минералдық заттар көп болады.
Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады.
І. Бас сүйектері – ми сауытынан және бет сүйектерінен тұрады.
Ми сауыты – маңдай, жұптасқан төбе, шүйде, екі самай, негізгі және көз торы сүйектерінен тұрады. Ми сауыты сүйектері бір-бірімен жіктесе байланысқан.
Бет сүйектері – жоғарғы және төменгі жақ сүйектері, бет, таңдай сүйектері, кеңсірік, мұрын сүйегі, көз қуысы сүйектерінен тұрады.
Бас сүйектерінде бір ғана қозғалмалы сүйек (төменгі жақ сүйегі) болады.
Кішкентай балалардың ми сауыты бет сүйектерінен ертерек дамиды. Бет сүйектері 1 жаста, жыныстық жетілу кезінде жақсы дамиды. Ми сауытының көлемі бет сүйегінің көлемінен (нәрестеде) 8 есе, ересектерде 2-2,5 есе артық.
Жаңа туған сәбидің ми сауытының
сүйектері бір-бірімен жұмсақ дәнекер
ұлпадан тұратын қабықшамен жалғасады.
Бұл қабықша бірнеше
Нәрестенің жақ сүйектерінде тістері болмайды. Ең алғаш сүт тістері 5-6 айда шыға бастайды. 6 жасқа жақындағанда сүт тістері түсіп, тұрақты тістері шыға бастайды.
ІІ. Тұлға сүйектері - омыртқа жотасы, көкірек қуысы сүйектерінен (12 жұп қабырға, төс сүйегі) тұрады.
Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады: 7 мойын омыртқасы, 12 арқа омыртқасы, 5 бел омыртқасы, 5 сегізкөз омыртқасы, 4-5 құймышақ омыртқасы. Сегізкөз және құймышақ омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен.
Әр омыртқаның денесі, доғалары, өсіндісі болады. Омыртқаның тығыз жері денесі. Доғалары (жұлын орналасқан). каналын құрайды. 7 өсіндісі болады: 1 артқа қараған, 2 жоғары қараған, 2 төмен қараған, 2 бүйір (горизонтальды).
Омыртқалардың өзіндік ерекшеліктері болады:
- Іші мойын омыртқасы тікелей бассүйегімен жалғасып кеткен, денесі және өсінділері болмайды және омыртқа тесігі басқа омыртқалардан кеңірек. І-ші мойын омыртқасын атлант немесе ауыз омыртқа деп атайды.
- ІІ-ші мойын омыртқасының денесінен жоғары қарай бағытталған тісшесі болады. Тісшедегі бетімен ауыз омыртқамен жалғасады.
- VІ-ші мойын омыртқаның арқа өсіндісі ұзын болады.
- Көкірек омыртқаларының
Ауыртпалық көп түсетіндіктен бел омыртқаларының денесі жақсы жетілген және ірі болады.
Сегізкөз омыртқалары бірігіп кеткен. Оның алдыңғы және артқы бетінде жүйкелер мен тамырлар өтетін тесіктері болады.
Омыртқа жотасының өсуі алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Омыртқа арасындағы буындардың шеміршектері қалың және серпімді келеді. Сондықтан балалардың омыртқа жотасы ересектерге қарағанда жеңіл қимылдайды. Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдер болмайды. 2-3 айда мойны бекігеннен кейін мойын лордозы (лат. алға иілу), 6 айдан кейін отыра бастағанда арқа және сегізкөз кифозы (лат. артқа иілу), 1 жасқа жақындап, жүре бастағанда бел лордозы пайда болады. 2-3 жаста омыртқа сүйектене бастайды. Омыртқа жотасының физиологиялық қалыпты иілімдері күшейе түскенімен, әлі де тұрақсыз болады. Баланың бойын таңертең өлшегенде 5-6 см (ересектер 2-3 см) ұзын болса, кешке соншалықты қысқа болады. 4-5 жасқа дейін омыртқалар тез өсіп, иілімдері толық қалыптасады. Осы жастан бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жотасында 2 лордозы (мойын, бел) және 2 кифозы (арқа, сегізкөз) түзіледі.
5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқа аралық шеміршектегі заттардың алмасуы күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқа жотасында патологиялық лордоз, кифоз, сколиоз (омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі) және т.б. өзгерістер пайда болады.
Жалпы омыртқа жотасының қимыл мүмкіндігі мол. Ол 1600-қа дейін еңкейіп, 1450-қа дейін шалқаяды, оңға-солға 1650-қа, ал, өз осінде 1200-қа дейін қозғалады.
Көкірек қуысы сүйектері - 12 жұп қабырға, төс сүйегі.
Адам денесінде 12 жұп қабырға бар. Қабырғаның басы, мойны және денесі болады. Омыртқамен жалғасқан жерін басы, жіңішке жерін мойны, төс сүйегімен жалғасқан жерін денесі деп атайды.
Әр қабырғаның пішіні мен құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Жоғарғы ҮІІ жұп қабырғаны шын қабырға деп атайды. Олар тікелей шеміршек арқылы төс сүйегіне бекиді. ҮІІІ-Х жұп қабырғалар ұзын шеміршек арқылы алдыңғыларымен жалғасады. Оларды жалған қабырғалар деп атайды. ХІ-ХІІ жұп қабырғалардың алдыңғы ұшы бос қалады. Оларды бос қабырғалар деп атайды.
Қабырғалардың сүйектенуі баланың 2 айлығында ҮІ-ҮІІ қабырғаларда басталады, 3-4 жасқа келгенде қабырға аралық ортасы мен бұрышында тығыз сүйектері болады.
Төс сүйегі – жалпақ сыңар сүйек. Төс сүйегінің денесі, тұтқасы, семсерші болады. Төс сүйегінің жоғары жағында мойындырық, екі жағында бұғана және жеті-жетіден қабырға ойындылары бар.
Төс сүйегінің бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады. Төстің төменгі жағындағы шеміршектері 15-16 жаста, жоғарғы жағының шеміршектері 21-25 жаста сүйекке айналып, төс сүйегінің арасы бітіп кетеді, ал семсершінің сүйектенуі 30 жасқа дейін созылады.
Көкірек қуысының пішіні жұмыртқа тәрізді болады. 1 жастағы баланың көкірек қуысы конус тәрізді. 12-13 жаста ересек адамдардыкіндей болады. Көкірек қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе артериясын, өкпені қорғайды.
Партада дұрыс отырмаса баланың көкірек қуысы тарылады да, өкпе мен жүректің дамуы нашарлайды.
Аяқ-қол сүйектері – адам денесінің екі белдеуін құрайды: иық және жамбас белдеулері.
Иық белдеуін жауырын және бұғана сүйектері құрайды. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйектері арқылы қол сүйектерімен жалғасады. Алдыңғы жағында бұғана сүйегімен жалғасады. Жауырын – жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық ет арқылы жалғасқан. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарды 18 жаста қатаяды.
Бұғана латынның S әрпі тәрізді иілген сүйек. Бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ ұшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады.
Қол сүйектері – тоқпан жілік, білек (шынтақ пен шыбық сүйектен құралған), қол басы (білезік, алақан, саусақ) сүйектерінен тұрады.
Тоқпан жілік 20-25 жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері қалады. Бұл жіліктің ұзарып өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланысты болғандықтан, 22 жасқа дейін жілік басын кесуге болмайды. Кессе, жілік өспей қысқа болып қалады.
Кәрі жіліктің қатуы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады.
Білезік сүйектерінің қатуы 14-16 жаста аяқталады.
Саусақ сүйектері 16-18 жаста қатып аяқталады.
Жамбас белдеуінің сүйектерін – сегізкөз, жамбас сүйектері (мықын, шат, шонданай) құрайды.
Аяқ сүйектерін - ортан жілік, асықты жілік пен шыбығы, табан сүйектері құрайды.
Ортан жілік адам денесіндегі ең ірі сүйек. Оның жілік басы, мойны, денесі болады. Бала туғаннан кейін алғашқы 5 жылда ортан жілік тез өсе бастайды да, 5-9 жас арасында қыздардың ортан жілігі жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпты баяу өседі. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады.
Асықты жілік пен шыбығы қыздарда 16-17, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өседі.
Табан сүйектері өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының сүйектерінен құралған. Табан сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу барысында толық қалыптасады. Табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына тар аяқ киім, ауыр жүк тасу, ұзақ уақыт табанға күш түсіріп, кішкентай баланың түрегеліп тұруы кері әсер етеді. Мұндайда жалпақ табан пайда болады. Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киім киюге болмайды. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болу керек.
Бұлшық еттердің құрылысы мен қызметі. Жаңа туған сәбидің бұлшық еттері толық қалыптаспағанымен, дене салмағының 20-22%-ндай ғана (ересек адамда 40-45%) болады. Адам денесінде 600-ден астам бұлшық еттер бар. Бұлшық еттердің екі түрі бар: көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшық ет. Қаңқа бұлшық еттері көлденең жолақты бұлшық ет. Бұлшық еттердің сүйекке бекитін сіңір бастары, денесі болады. Бұлшық еттердің пішіні әртүрлі болып, өзінің атқаратын қызметіне байланысты қалыптасады. Бұлшық еттің екі басы болса қарапайым, үш немесе одан да көп болса күрделі бұлшық ет деп атайды. Қозғалтатын буындардың санына байланысты бір буынды, қос буынды, көп буынды деп бөлуге болады. Орналасуына қарай бас, мойын, арқа, кеуде, құрсақ, қол-аяқ еттеріне жіктеледі. Қызметіне қарай бүгілдіргіш, жазылдырғыш, айналдырғыш т.б. болып бөлінеді. Жалпы, адам денесінде 327 жұп және 2 сыңар бұлшық ет бар.
Бұлшық еттердің қызметі – жиырылу. Бұлшық еттің жиырылуы нерв импульстерінің орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп бұлшық етті қоздыруынан болады. Бұлшық еттің қызметі оның лобильділігіне де байланысты. Ұлпаның лобильділігі деп оның қозуды өткізу жылдамдығы мен қозу уақытын айтады. Бұлшық еттер жиырылғанда көп күш жұмсалады. Жиырылу күші еттің талшықтарының санына және қалыңдығына байланысты. Еттің күші деп оның ширау қабілетін айтады. Бұлшық еттің күші оның құрылысына да байланысты. Бұлшық еттер көп ядролы жуандығы 0,1 мм, ұзындығы 2 мм – 12 см ет талшықтарынан тұрады. Олардың сыртын фасция деп аталатын ет қабығы жабады.
Бұлшық еттерде көптеген нерв ұштары – рецепторлар орналасқан Олар еттің қозуына байланысты жиырылу және созылу дәрежелерін сезеді.
Бұлшық еттердің өсіп жетілуі әртүрлі. Ең алдымен құрсақ еттері дамиды, кейіннен шайнау еттері жетіледі. Еңбектеу мен жүруге байланысты аяқ-қол, арқа еттері дамиды. Бұлшық еттердің дамуы 25-30жасқа дейін байқалады.
Нәрестенің етінің жиырылу қабілеті ересек адамның шаршаған етінің қаб ілетіндей ғана болады. Жиырылу қабілетін хронаксия деп аталатын еттің тыныштық қалпынан қозуға ауысуына қажетті уақыты арқылы анықтайды. Оны арнайы хронаксиметр деп аталатын аспаппен сигма, яғни секундтың 1/1000 бөлігі мөлшерінде өлшейді.
8-тақырып. Қан және қан айналысы. Қанның қызметі. Қан топтары. Жүрек және қан тамыр системасының реттелуі. Спорт және дене еңбегінің жүрекке әсері. Бала еңбегін мөлшерлеу.
Қан жүйесінің маңызы мен мөлшері және қан өндіру. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамак, құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге кажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Айталық, зат алмасуының нәтижесінде денеде аммиак, мочевина, фенол, индол, кетондар т. с. с. улы заттар пайда болады.
Сонымен, адамның
өмірі клеткаларға аса кажетті