Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:26, курс лекций
Работа содержит лекции по дисциплине "Биология"
Бүйрек үсті бездері – қос мүше. Оң және сол бүйректердің жоғары жағында орналасқан, салмағы 6-12 г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабатының салмағы 4,5-10 г., милы қабаты 1,2 –2,4 г.
Егер жануарлардың екі безін сылып алып тастаса жануарлар 1 аптаның ішінде өліп қалады. Милы қабатты қалдырып қыртысты қабатын сылып алып тастаса да жануарлар өліп қалады. Ал милы қабатты алып тастап қыртысты қабатты қалдырса өзгеріссіз ұзақ өмір сүре береді. Себебі милы қабатты құрайтын хромаффин клеткалар кейбір ірі қантамырларының бойында, ганглияларында кездеседі.
Бүйрек үсті безінің қыртыс қабаты 10 астам кортикостеройдтар тобына жататын гормондар түзеді.
Кортикостеройдтар қызметіне қарай 3 топқа бөлінеді: 1) глюкокортикоидтар; 2) минералокортикоидтар; 3) адренокортикоидтар.
Глюкокортикоидтардың ықпалынан барлық ұлпалардың, белоктың ыдырауы күшейеді, бауырдың мочевина бөлу қызметі артады. Осы әсерлерге байланысты бала организмінің салмағы азайып, өсуі нашарлайды.
Канадалық ғалым Г.Селье алғаш бүйрек үсті бездерінің гормондары организмге қауырт жағдайда өте қажет екенін көрсетті. Ол адамның қатты күйзеліс кезіндегі тітіркендіргіштерді стрессор деп атады (ағыл. Стресс – қатты күйзелу, абыржу). Бүйрек үсті безінің қыртыс қабатының гормоны азайса, стресс жағдайында организм өліп кетуі мүмкін.
Глюкокортиоидтардың қабынуға аллергияға қарсы тұру қабілетін арттыруға маңызы ерекше.
Минералокортикоидтар – тер, сілекей бездерінде су мен тұздардың алмасуын реттейді.
Адренокортикоидтар жасөспірімдерде қосымша жыныс белгілерінің қалыптасуына көмектеседі. Бірақ жыныс бездерінің гормондарына қарағанда әлсіздеу.
Бүйрек үсті безінің милы қабаты екі гормон бөледі: адреналин және норадреналин.
Адреналин жүректің жұмысын күшейтіп соғу ырғағын тездетеді, қозғалысын жақсартады, қантамырларын тарылтып, қысымды өсіреді. Дененің әр жеріндегі қантамырларының адреналинге сезімталдығы әртүрлі. Адреналин ішек еттерінің тонусын төмендетіп, қозғалысын басады, бронх еттерін босатады, көздің қарашығын кеңейтеді, жүкті әйелдердің жатыр еттерін жиырады, тері түктерінің қапшықтарының етін жиырады (сондықтан күшті эмоция кезінде адамның шашы “тік” тұрады). Көмірсутегінің, майдың алмасуына әсер етеді. Қауырт жағдайда бұлшық еттердің жұмысын күшейтіп, рецепторлардың сезімталдығын (көру, есту) күшейтеді. Сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына бағытталған. Сондықтан бүйрек үсті бездерінің майлы және қыртысты қабаттарының гормондарын бейімдеуші гормондар дейді.
Бүйрек үсті бездерінің жас ерекшеліктері. Ұрық кезінде бұл бездерде аздап гормондар түзіле бастайды.
Бүйрек үсті безінің салмағы, қызметі және қызмет белсенділігі тұрақсыз. Сонымен қатар бұл бездердің қызметі сыртқы ортаның әсеріне, баланың жейтін тамағына байланысты.
Жаңа туған нәрестенің қыртысты қабаты милы қабатынан көбірек болады.
1 жастағы баланың безінің қыртысты қабаты милы қабатынан 2 есе қалың.
10 жаста милы
қабаттың ұлпасы тез өсе
Милы қабаттың гормондары жетіспегенде, көбінесе 10 жасқа дейінгі балалардың миындағы жүйке клеткаларында қанттың жетіспеуінен талмауы ауруы байқалады. Сабақты көп оқығанда, ойнап жүгіргенде бала есінен танып қалады. Мұндай жағдайда жиі-жиі тәтті тағамдар, суға еріткен бал, қант беру керек. 10 жастан кейін өзінен өзі қойып кетеді.
Қыртысты қабаттың
гипосекрециясында Аддисон
Кей балаларда туа пайда болған қыртыс қабатының гипертрофиясы байқалады. Аурулардың белгілері 2-3 жаста байқалады. Балалардың өсу қарқыны баяулайды, 2-3 жастан ауру қыздардың қолтығында, шабында түктер өседі, бірақ емшектері өспейді, етеккірі келмейді.
Милы қабатының гипертрофиясы ісікке байланысты байқалады. Балалар тершең, көзі бақырайған, беті шырайсыз келеді, қан қысымы жоғарылайды. Ісікті алып тастағаннан кейін бала жазылып кетеді.
Тимус (айырлы без) – 2 бөліктен тұрады (оң және сол), бір-бірімен дәнекер ұлпа арқылы байланысқан. Кеуде қуысында төс сүйегінің астында орналасқан. Жаңа туған балада салмағы 23 г, 15 жаста – 37 г. одан әрі солып азаяды: 45 жаста 35-16 г, 50-55 жаста 12-13 г, қартайғанда 6 г.
Милы және қыртысты қабаты болады. Тимус 2 қызмет атқарады: тимоидин гормонын өндіреді және организмнің иммунитетіне маңызы күшті Т-лимфоциттер дамып жетіледі.
Тимус безінің гормоны денедегі кальций тұздарын сүйектің құрамында сақтап, баланың бойының өсуін реттейді және ерте жыныстық жетілуді тежейді.
Бездің гипертрофиясы
кезінде тимус – лимфатикалық
статус деп аталатын ауру
Ұйқы (қарын асты) безі – қарынның астыңғы жағында орналасқан, аралас безге жатады. Сыртқы секрециялы без ретінде асқорыту мүшесіне сөл бөледі, ішкі секрециялы без ретінде ұйқы безінің Лангерганс аралшықтары гормондар бөледі. Лангерганс аралшықтарында альфа, бета, гамма, дельта клеткалары бар. Альфа клеткаларында гликоген, бета клеткаларында инсулин гормоны бөлінеді.
Инсулин аса маңызды гормондардың бірі. Көмірсутегінің, майлардың алмасуына қатысады.
Глюкагон гормонын гипергликемиялық фактор деп те атайды. Қандағы қанттың мөлшерін көбейту үшін бауырдағы гликолизге қатысады. Сөйтіп организмді қажетті қантпен қамтамасыз етеді.
Инсулин мен
глюкагон бір-бірімен байланысты қызмет
атқарады. Ас ішкеннен кейін организмдегі
әсіресе қандағы қанттың
Ұрық пен жаңа туған баланың ұйқы безіндегі гормон өндіруші клеткалар жақсы дамыған. Жаңа туған нәрестенің ұйқы безінің әрбір граммынан 10Е (халықаралық өлшем бірлік), ересек адамнан 2Е инсулин бөліп алуға болады. 1 жастағы нәрестенің безінде 36 Е, 20 жаста 180Е инсулин бөлінеді.
Инсулин гормонының мөлшері азайса қант диабеті аруына шалдығады. Ондай аурудың шөлі қанбайды, несепте қант пайда болады. Науқастың қанындағы қант мөлшері 200-500 мг% дейін көбейеді. Несеп арқылы тәулігіне 10-150 г глюкоза денеден шайылады. Май алмасуы бұзылады, қанның құрамында холестериндер, кетондар көбейеді. Науқастардың көбінде дем шығарғанда ацетон исі сезіледі. Ең алғаш баладағы қант диабеті ауруының пайда болғанын 1696 ж. Мортон жариялаған. Ал ол ауру аралшықтардың қызметіне байланысты пайда болғанын 1877 ж. Лангерганс тапқан.
Балаларда ауру тез асқынады, ал ересектерде біртіндеп дамиды.
Глюкагон гармонының жетіспеуіне байланысты 10 жасқа дейінгі балаларда талма ауруы болады. 10 жастан кейін өзінен өзі ауру жоғалады, себебі глюкагонның орнын бүйрек үсті безінің милы қабатындағы адреналин гормоны басады.
Жыныс бездері және жыныстық жетілу. Жыныс бездері аралас бездерге жатады. Сыртқы секрециялық без ретінде жұмыртқа клетка мен сперматазойд бөлінеді де, ішкі секрециялық без ретінде гормондар бөледі.
Аталық жыныс бездері ұмада орналасқан, андрогендер тобына жататын (тестостерон, андростерон) гормондар бөледі. Аталық бездің гормондары ер адамның қосымша жыныс белгілерінің пайда болуына, ер балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің өсіп жетілуіне, сақал-мұрттың, денедегі түктің, дыбыстың өзгеруіне әсер етеді. Зат алмасуына қатысып, белоктың синтезделуін реттейді.
Жыныс бездерінің гормонактивті ісіктері балаларда аз кездеседі. Көбінесе 6 жастағы ер балаларда кездеседі, аталық безі үлкейеді, бала тез өсе бастайды, баланың бойында ересек адамның дене сипаты қалыптасады. Операция жасап, сылып алып тастағаннан кейін жазылады.
Гипофункция кезінде жасөспірімдер мен ересек ерлерде әтектік байқалады. Ондай жастар жыныстық жетілмейді, даусы жіңішке болады, сыртқы жыныс мүшесі өспейді, әйел пішінді болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда бұл ауруды анықтау қиын. Тек 10-12 жаста жыныстық жетілу кешіккенде ғана білінеді.
Әйелдердің жыныс безі жатырдың оң және сол жағында орналасқан, эстроген және прогестерон гормондарын бөледі.
Эстрогендер қынаптың эпителиін қатайтып, жатырдың бұлшық еттеріне әсер етеді, әйел жыныс мүшелерін өсіріп, қосымша жыныс белгілерін тудырады, қыздардың бойын өсіреді, зат алмасуына әсер етеді.
Прогестерон сары дененің гормоны. Ол жатырдың эндометриясына әсер етеді. Прогестерон жұмыртқа клетканың ұрық жолынан өтуіне және оның сыртқы қабығының пайда болуына әсер етеді. Жатырда прогестеронның секреторлық без клеткаларына әсер етіп, ұрықты қоректендіруге дайындайды, жатырдың жиырылуына кедергі жасайды.
Эмбрионның үшінші аптасында жыныстық жетілу басталады. 4-5 айдағы ұрықта жыныстық белгілер айқындалады. Бұл кезден бастап 1 жасқа дейін аталық без біркелкі дамиды. 1 жастан жыныстық жетілуге дейін баяу дамиды. Аналық жыныс безі 7-9 айында және 1 жасқа дейін күшті болады. Сосын 7-9 жасқа дейін күрт төмендейді.
Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Осы уақыттан бастап ер балалардың жыныс мүшесі өсе бастайды. Жыныс бездері жетіледі. 12 жастан аса көмекейі өсіп, дауысы өзгереді. 13-14 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады. 15 жастан бастап қолтығында түктер өседі, сақал-мұрт шыға бастайды, сперматогенез басталады, ұйықтап жатқанда шәуһет бөліне бастайды.
18 жаста жігіттің жыныстық жетілуі аяқталады.
Қыз балаларда 8 жастан-ақ әйел пішіндес қаңқа ерекшеліктері пайда болады, жамбас сүйектері өседі. 10 жасқа жақындағанда емшегі өсе бастайды. 13-15 жаста бойы жылдам өсіп, қолтығына түктер шығады, етеккірі келеді. 16-18 жаста қыздар толық жыныстық жетіледі.
Жыныстық жетілу мерзімі тұқым қуалау қасиеттеріне, жейтін тамағына, тұрмыс жағдайына, тәрбиесіне, тұратын жерінің ауа райына, сыртқы орта жағдайларына байланысты.
Ер бала мен қыз баланың арасындағы жыныс мүшелерінің айырмашылығын дұрыс, мезгілінде түсіндіру мектеп жасына дейін басталады.
Жыныс мүшелерін дұрыс күтуді түсіндіру қажет. Себебі жыныс мүшелері кір болса қышыма пайда болып, кейіннен бұл 14-15 жаста онанизмге айналып кетуі мүмкін.
Қыздарға етеккір туралы айтып түсіндіру керек.
Жасөспірімдерге ретсіз жыныстық қарым-қатынастың жағымсыз жақтарын түсіндіру маңызды. Жыныстық қатынастан жұғатын ауруларды түсіндіріп беру керек.
Стресс ұғымын ғылымға енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Стресс - өте жағымсыз әсерге жауап ретінде туған огранизмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы.
Стресс 3 кезеңнен тұрады: 1) үрейлену – жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткенде туатын жауап; 2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіштің әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы; 3) әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жайылуы) пайда болады.
Стресстің созылған түрі адамды жүдетіп қайғыға батырады.
Стресс тудыратын әсерге қарай 2-ге бөлінеді: психологиялық және физиологиялық. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп те атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс болады. Дұрыс жауап таба алмай қиналады, не істерін білмей абыржып қалады.
Эмоциялық стресс қауіп туғанда, қатты қорыққанда пайда болады.
Физиологиялық
стресс гипоталамус – гипофиз-бүйрек
үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне
негізделген. Стресс кезінде қанда
глюкокортикоидтар мен
Л.А.Орбелидің ілімі бойынша стресстің тууына симпатикалық жүйке жүйесінің мәні бар. Стресс тітіркендіргіштерінің әсерінен норадреналин мен адреналин мөлшері артады. Симпатикалық жүйке ұштарынан норадреналин шығып, катехоломиндердің қандағы концентрациясы артады.
Стресстің жас ерекшеліктері. Жас балаларда стресс тез пайда болады да, көпке созылмайды. Ал, ересек әсіресе қартайған адамдарда көпке созылады.
Нәрестелерде қозу тежелуден жылдамырақ болғандықтан стресс оңай туып, тез өшеді. Бастауыш сынып оқушыларының стресс жағдайы жиі кездеседі. Өйткені бұрын ойнап жүгіріп жүрген бала партаға отырғанда, тапжылмай сабақ оқуда жүйке жүйесіне салмақ түседі.
Жақсы оқитын балаларда норадреналин мөлшері өте көп 54, ал адреналин – 21. Нашар оқитын балаларда керісінше норадреналин аз – 20, адреналин – 50.
Стресс гормондарының азды-көптілігіне, олардың өзара қатынасына және гипоталамус симпатикалық жүйенің белсенділігіне байланысты стресс не жағымды, не жағымсыз болады. Ол стресстің күші мен уақытына байланысты.