Лекциялық сабақтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:26, курс лекций

Описание работы

Работа содержит лекции по дисциплине "Биология"

Работа содержит 1 файл

лекциялар физиолог.doc

— 535.50 Кб (Скачать)

Белоктың қызметі: - биологиялық катлизатор – ферменттердің  негізі болып саналады;

- транспорттық қызмет (гемоглобин оттегі мен көміртегіні тасымалдайды);

-жиырылу қызметі  (бұлшық еттің құрамындағы актин  және миозин белоктары);

-құрылыс материалы  (клеткалар құрамының негізі).

Адамның тіршілігіне  қажетті белок мөлшерін белоктік минимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді.

Белоктың  қажет мөлшері

Баланың жасы

Белоктың  тәуліктік мөлшері, г/кг

2-3 айдан бір  жасқа дейін

4,0-5,0

2-3 жас

3,5-4,0

12-15

2,5-3,5

15-17

2,0-3,0

17-21

1,5-2,0

21-50

1,0-1,3


Жаңа туған  нәресте үшін ана сүтінің маңызы зор. Ана сүтінің құрамында белок, май, қант, минералды заттар, витаминдер және т.б. бала ағзасына қажет заттар бар.

 

Май мен көмірсудың алмасуы

Май мен көмірсудың құрамында үш химиялық элемент бар: көміртегі, оттегі, сутегі.Бұл екеуінің құрылысының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орнына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсудан май оңай түзіледі. Денедегі майдың мөлшері орта есеппен 10-20%, ал көмірсудің мөлшері 1% шамасында. Май қуат қоры болып табылады. 1 г май денеде тотыққанда 39кДж, ал 1 г көмірсу мен белоктар тотыққанда 17 кДж шамасында қуат бөлінеді.

Дені сау  ересек адамның тамағында 30%-дай  май болуы тиіс. Демек күніне 80-100 г май жейді. Тамақ құрамында  жануар және өсімдік майы да болуы тиіс. Олардың ара қатынасы 2:1 болу керек. Организмде май глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырап, лимфаға сіңгеннен кейін май ұлпалары мен жасушаларда жиналады.

Көмірсулар  ағзада моносахаридтерге (глюкоза, фруктоза, галактоза, лактоза және т.б.) ыдырап қанға сіңеді. Глюкозаның мөлшері адам қанында шамамен тұрақты 0,1%. Глюкозаның қандағы мөлшері 0,11-0,12 %-ға дейін көбейгенде ол қаннан бауырға және бұлшық етерге тасылады да, гликогенге айналады. Егер 0,12 %-дан асып кетсе, артық қантты денеден шығаруға бүйрек кіріседі. Мұны глюкозурия деп атайды. Бұл ауру инсулин гормоны жетіспегенде байқалады.

 

 

 

 

 

Май мен көмірсуының тәуліктік қажет  мөлшері,

г/кг тәулігіне

Адамның жасы

Май

Көмірсу

Барлығы

Оның  ішінде өсімдік майы

6 ай – 1 жас

25

-

113

1 – 1,5 жас

48

-

160

1,5 – 2

53

5

192

3 – 4

63

8

233

5 – 6

72

11

252

7 – 10

80

15

324

11 – 13

96

18

382

14 – 17 жігіттер

106

20

422

14 – 17 қыздар

93

20

367


 

Су  мен тұздардың алмасуы

 

Денедегі  судың маңызы. Су адам тіршілігі үшін өте маңызды рөл атқарады. Тамақсыз тек сумен 60 күндей өмір сүруге болады, ал сусыз  8-10 күн ғана өмір сүруге болады. Бала ағзасында судың мөлшері жоғары болады – 75-80%, ал ересек адамда 65 %.

Физиологиялық тұрғыдан судың екі түрін айырады: ішкі және сыртқы. Ішкі суға дененің  ұлпаларының құрамындағы су жатады. Ал сыртқы суға адамның ішетін  шайы, сұйық тамағының құрамындағы түрлі сусындар жатады. 1 жастағы бала тәулігіне 800 мл, 2-4 ж – 950 мл, 5-6 ж – 1200 мл, 11-14 ж – 1500 мл, ал ересек адам тәулігіне 2,0-2,5 л сыртқы су қабылдауы тиіс.

Судың қызметі: ферменттердің қоректік заттарды ыдыратуына қатысады, қан мен лимфаға қоректік заттардың сіңуіне, газ алмасу және зат алмасуы қалдықтарын тазалап  сыртқа шығаруға, дене жылуының тұрақтылығын сақтауға  қатысады.

Несеп арқылы тәулігіне 1,2-1,5 л, тер арқылы 0,5-0,8 л, үлкен дәре арқылы 0,1-0, л, дем шығару арқылы 0,4 л су денеден шығарылады.

Тұздардың организмдегі маңызы мен мөлшері, жас  ерекшеліктері. Организмнің қалыпты тіршілігі үшін тұздардың да маңызы үлкен. Организмдегі тұздардың проценттік қатынасына байланысты макро және микро элементтер деп екі топқа бөледі.

Макро және микроэлементтердің рөлі әртүрлі. Мысалы, кальций және фосфор сүйектің, ал фосфор мен күкірт мидағы белоктың құрамына кіреді. Натрий мен калий жүйке жүйесінің  қозғыштық қабілетіне әсер  етеді.

Микроэлементтер: йод – қалқанша безінің, темір  – гемоглобиннің, фтор тіс ұлпасының, цинк – жыныс бездерінің құрамында, хром, марганец, бром – гипофизде, мыс - бауырда болады.

1 жасқа дейінгі  балалар үшін кальций көп мөлшерде қажет. Кальций мен фосфор тұздарының ара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1, 8-10 жаста 1:1,5, жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларында 1:2. Мұндай арақатынаста қаңқа дұрыс өсіп жетіледі. Кальций мен фосфордың ара қатынасы сүттің құрамында өте жақсы теңестірілген, сондықтан балалардың тамақ мәзіріне сүтті міндетті түрде енгізу қажет.

Нәрестенің  дене массасының 2,55%, ал ересек адамның 5% тұздар.

 

Қуаттың алмасуы мен негізгі зат алмасу

Ағзадағы зат  алмасу қуат алмасумен тығыз байланысты. Ұлпадағы белок, май, көмірсу оттегінің қатысуымен тотығып ыдырайды және осы заттар денеге бейімделіп қайта өндіріледі. Қоректік заттардың тотығуы нәтижесінде қуат бөлініп шығады. Белгілі бір қоректік заттың 1 г тотыққанда шығаратын қуаттың мөлшерін сол заттың калориялық коэфициенті деп атайды. Бұл мөлшер калориямен (кал), киликалориямен (ккал) немесе джоульмен (Дж), килоджоульмен (кДж) өлшенеді. 1кдж = 4,187 ккал. 1 г белок = 4,1 ккал (17,17 кДж), 1 г май = 9,3 ккал (38,39 кДж),  1 г көмірсу = 4,1 ккал (17,17 кДж).

Денеге сіңген жылулық эквиваленті әр түрлі  болады. 1 л оттегі сіңген кезде шығатын  жылуды оттегінің калориялық эквиваленті деп атайды.

Қуат шығыны екі түрлі әдіспен анықталады: 1) денеден шыққан жылу қуатын тікелей  калориметр деген аспаппен арнайы камерадағы температураның өзгеруі арқылы өлшеу  – тікелей калориметр әдісі; 2) газ алмасуын (денеге сіңген оттегі немесе денеден шыққан көмірқышқыл газының мөлшерін) өлшеу арқылы – жанама калориметрия әдісі.

Тәуліктегі  жұмсалатын қуат мөлшері адамның  жасына, денсаулығына, тамағына және іс-қимылына байланысты. Жеңіл дене еңбегінде 2000-2300 ккал қуат жұмсалады, ал ауыр жұмыс кезінде бұл мөлшер 2-3 есе артады. Ми еңбегінде дене еңбегіне қарағанда қуат аз жұмсалады.

Адам тыныштық күйде болғанның өзінде белгілі  мөлшерде қуат жұмсайды. Бұл жағдайда адам организміндегі ең төмен деңгейлі зат алмасуы мен қуаттың жұмсалуын негізгі зат алмасу дейді.

Негізгі зат  алмасу деңгейін сыртқы ортаның температурасы 18-20º С, адам тыныш жатқанда, тамақтанғаннан кейін 12 сағаттан соң, аш қарында анықтайды. Әр адамның негізгі зат алмасуы салмағына, бойына, жасына, жынысына, денсаулығына байланысты әртүрлі болады.

Балалардың негізгі  зат алмасуының мөлшері жыл маусымына  да байланысты. Көктем мен жазда  негізгі зат алмасу жоғары болады.

Витаминдер

Витаминдер (лат. вита - өмір + аминдер – құрамында азоты  бар химиялық заттар) ағзамызға аз мөлшерде қажет, бірақ олар тіршілікке өте қажетті.

Егер ұзақ жеген тамақтың құрамында витаминдер болмаса – авитаминоз, мөлшері өте аз болса – гиповитаминоз, көп болса гипервитаминоз деп аталатын сырқаттар пайда болады.

Витаминдерді екі топқа бөледі: майда еритіндер, суда еритіндер. Майда еритін витаминдер: А, Д, Е.

Көптеген витаминдер адам денесінде өндірілмейді. Олар ішкен-жеген тамақтың құрамында провитамин (витамин алды) түрінде болады. Провитаминдер адам организмінде белсендіріледі.

А витамині (аксерофтол) – сырт көрініс сары май түсті. А витамині жетіспегенде “соқыр тауық”  деп аталатын, яғни іңірде көрмеушілік пайда болады. А витамині балық майында, сәбізде, жұмыртқада кездеседі.

В1 витамині (тиамин). Ол белок, май, көмірсу алмасуына қатысатын ферменттердің құрамына кіреді. Бұл витамин жеткіліксіз болғанда “бери-бери” (аяғын сүйретіп басу) немесе полиневрит деген сырқатқа ұшырайды. Бидайдың қабығында , қабығы аршылмаған күріште, бауыр, бүйрек, жүрек еттерінде болады.

В2 витамині (рибофлавин) – сары түсті кристалл зат. Авитаминоз кезінде адамның көзі ауырып, катаракта, анемия, өкпе сырқаты, әлсіздік байқалады. Рибофлавин жануар текті тамақта көп болады. Тәуліктік қажет мөлшері 2-3 мг.

В6 витамині (пиридоксин) тотықтырғыш ферменттердің құрамында болады да зат алмасуға қатысады. Пиридоксин бауырда, етте, балықта, бидайда, картопта, капустада, күріште, сәбізде көп болады. Тәуліктік қажет мөлшері 1,5 мг.

В12 витамині (цианокоболамин) – антианемиялық витамин деп те атайды. Себебі В12 витаминінің жетіспеуінен

қаназдық пайда  болады. Бұл витамин қызылшада, анарда бауырда көп кездеседі. Тәуліктік  қажет мөлшері 10-20 мкг.

С витамині (аскорбин қышқылы). Бұл витамин жетіспесе қырқұлақ (цинга) ауруы пайда болады. Қантамырларының серпімділігі төмендегендігенен қырқұлақпен ауырған адам қансырайды, қызыл иегі қанағыш келеді, иммунитет төмендейді. Аскорбин қышқылы көкөністерде көп болады. Тәуліктік қажет мөлшері 50 мг.

Д витамині (кальциферол) организмде жетіспеуінен мешел немесе рахит ауруы пайда болады. Мешелмен ауырған балаларда кальцийдің және фосфордың алмасуы бұзылады, сондықтан сүйектері дұрыс өсіп жетілмейді. Сүйектері жұмсарып борпылдақ болады, дене салмағын көтере алмай аяқ сүйектері қисаяды.

Д витамині ультракүлгін сәулесінің әсерінен провитаминнен теріде өндіріледі. Күннің ультракүлгін сәулесі терезенің шынысынан өтпейді, бірақ киімнен өтеді. Сондықтан балаларды қыстың күні болса да дала шығару керек.

Д витамині сары майда, жұмыртқаның сары уызында, бауырда көп болады.

Тәуліктік қажет  мөлшері 50 мг.

Е витамині (токоферол). Жыныс мүшелерінің өсіп, дамуы үшін қажет. Ер азаматтарда мөлшері азайса сперматогенез (ерлердің ұрық клеткаларының өндірілуі) тежеледі, сыртқы жыныс белгілері пайда болмайды. Егер әйелде авитаминоз болса, ол бала көтеру қабілетінен айырылады. Жүкті әйелдің Е авитаминозы пайда болса бала табуы мүмкін, бірақ сүті болмайды және аналық мейірімі дамымайды.

Токоферол жануар және өсімдік текті тағамдарда болады.

Е витамині денеде қор болып жиналады. Ол гипофизде, плацентада, бауырда, бұлшық етте көп жиналады. Е авитаминозы сирек кездеседі.

Тәуліктік қажет  мөлшері 1-1,5 мг.

К витаминінің екі түрі бар: филлохинон және фарнохинон. Екеуі де қанның ұюына қатысады.

К витамині ішек қуысында бактериялардың әрекетімен түзіледі және азық-түліктің барлығында болады.

Р витамині (флавин, цитрин) қан тамырының беріктігін сақтайды. Авитаминоз кезінде қан айналысы бұзылады. Бұл витамин эвкалипт ағашының, қышаның, шайдың жапырақтарында  көп болады.

Антивитаминдер – витаминге қарсы заттар. Әр витаминнің өзіне бейімделген қарсы заттары болады. Олар витаминдердің белсенділігін төмендетеді.

Тамақтану

Балалар мен  жасөспірімдер үшін тамақтың құрамының  маңызы зор. Себебі дұрыс  өсіп даму үшін балалардың организміне жеткілікті мөлшерде белок, май, көмірсу, минералды тұздар, су және витаминдер қажет. Олардың қатынас мөлшерін ескеру керек. Бастауыш сынып оқушылары үшін органикалық заттардың қатынас мөлшері мынадай: белок – 1, май - - 1, көмірсу – 6 есе.

Адамның тамақтануы белгілі бір уақытта болу керек. Мектепке дейінгі балалар  5 рет, мектеп жасындағы балалар 4 рет тамақтанғаны дұрыс. Ересек адамдар жұмыс жағдайына  қарай 3 мезгіл тамақтанса жеткілікті, ал одан аз болса асқорыту мүшелерінің қызметі бұзылады.

Күндіз тамақ  ішу арасы 4-5 сағат болуы тиіс. Түнде тамақ ішпей,  асқорыту мүшелерінің  демалуы 8-10 сағат болу керек. Балалар  бақшасында тамақтану тәртібі әрбір 3-3,5 сағаттан кейін, мектеп жасындағыларда 3,5-4 сағатта болады.

Төрт мезгіл тамақтанғанда таңғы ас 20-25%, 2 сағаттан кейін жеңіл тамақ 10-15%, түскі ас 40-45% және кешкі ас 20-25% болу керек. Ал 3 мезгіл тамақтанғанда таңғы ас 25-30%, түскі 45-50%, ал кешкі 20-25% болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Лекциялық сабақтар