Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:26, курс лекций
Работа содержит лекции по дисциплине "Биология"
Баланың темпераменті мен мінез-құлықтарының қалыптасуы екі түрлі әсерге байланысты:
1. Ата-анасынан тұқым қуалап ауысатын қозу мен тежелудің ми қыртысындағы генотиптік қасиеті.
2. Сыртқы ортаның әсерінен (үйдегі тәрбиесі, дос-жолдастарының ықпалы, әлеуметтік қоғам орындарының ықпалы) болатын фентоиптік қасиеттер.
Н.Н.Красногорский балалардың ми қыртысындағы қозуы мен тежелуін зерттей келе, олардың жоғары жүйке әрекетін 4 топқа бөлді:
1. Қозуы мен тежелуі
күшті, тең, алмасуы жылдам
топтың шартты рефлекстері тез
пайда болып оңай тежеледі, пайда
болған рефлекстері ұзақ, жақсы
сақталады. Бұл топтағы
2. Қозуы мен тежелуі
күшті, тең, алмасуы баяу
3. Күшті қозғыш ұстамсыз
топтағы балалардың шартты
4. Әлсіз топтағы балалардың шартты рефлекстері ұзақ көп қайталағаннан кейін өте баяу туады. Ондай балалар жаңа жағдайға ұзақ бейімделеді. Мінезі жасқаншақтау, тез шаршағыш келеді.
Эмоция және оның себептері
Эмоция немесе көңіл-күй
латын тілінде эмовере –
Эмоция дегеніміз адамның сыртқы ортаның жағдайына деген сезімін білдіріп, белгілі бір тітіркендіргіштің әсеріне берген жауабы.
Эмоцияның 3 құрамы бар:
Эмоцияны жағымды немесе жағымсыз деп екіге бөледі.
Жаңа туған сәбидің эмоция жағдайы ыңғайсыз болғанда жылау, терісінің қызаруы арқылы білінеді. 7-11 жастағы балалар психикалық эмоцияның барлық түрлерінің белгілерін көрсете бастайды. 12-16 жаста эмоцияның барлық түрлері толық қалыптасады.
Ұйқы, оның физиологиялық
негіздері мен жас
Ұйқы адам организмінің қалыпты қызмет атқаруы мен тірлігін сақтауға қажетті жағдай. Ұйқы кезінде сыртқы ортамен байланыс нашарлайды, денедегі зат алмасу, бұлшық еттердің тонусы, асқорыту, жүрек-қантамырлар мен тыныс алу жүйелерінің қызметі төмендейді.
Ұзақ уақыт ұйқы кемігенде адамның еңбек қабілеті, есте сақтау қабілеті, ойлау қабілеттері төмендеп, нашарлап кетеді. Адам тәуліктің 1/3 ұйқыға жібереді.
Ұйқыны азайтуға, әсіресе балаларды болмайды. Жаңа туған сәби алғашқы күндері тәулігіне 21 сағаттай ұйықтайды. 1 жаста – 14сағ., 4 жаста – 12 сағ, 10-жаста 10-11, ересек адамдар 7-8 сағ ұйықтайды.
Бала мезгілінде дұрыс ұйықтау үшін жатар алдында ауыр тамақ ішпеуі тиіс. Ауыр тамақты жатардан 2-3 сағ бұрын қабылдап, жатарда жеңіл тамақ ішу керек. Баланың төсегі жайлы, бөлмесінің ауасы таза, температурасы 20-220С болғанда ұйқысы дұрыс болады.
Ес. Бала есінің дамуы
Ес физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктен тұрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау және мезгілінде қайтадан жаңғырту.Еске сақтау әдістеріне қарай ес: механикалық және саналы, ерікті және еріксіз деп бөлінеді.
Мәліметті сақтау мерзіміне қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді ес деп бөлінеді.
Қысқа мерзімді ес балада 3-4 айдан кейін іске қосылады. Баланың жасы ұлғайған сайын еске сақтау мерзімі артады: 2 жаста бірнеше айға, 4 жаста бір жылдан аса, 5 жаста өмір бойына еске сақтай алады.
7 жасқа дейін еріксіз еске сақтау қабілеті, одан әрі қарай ерікті еске айналады. Ер балалардың есі 10 жастан бастап, ал қыз балаларда 11-14 жаста жақсы дамиды Адамның есі 20-25 жасқа дейін қалыптасып дамиды.
5-тақырып.
Сенсорлық жүйелер. Сезім
Әр түрлі сыртқы және ішкі тітіркенгіштерді қабылдайтын және оларды талдап жауап қайтаратын сезгіш жүйкелер жүйесін – сенсорлық жүйе немесе анализаторлар (талдағыштар) деп атайды. Әрбір анализатордың 3 бөлімін ажыратады:
1. Рецепторлық бөлім
– сезгіш рецепторлардан
2. Өткізгіш бөлім рецепторда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.
3. Талдағыштың қыртыс
бөлімін ми сыңарларының
Талдағыштардың ортақ қасиеттері:
1. Талдағыштардың рецепторлары
өзіне ғана тән тітіркендіргішт
2. Талдағыштардың рецепторлары
тітіркендіргіштердің күші
3. Талдағыштар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және керісінше. Мысалы, бар зейінімен сабаққа дайындалып, кітап оқып отырған оқушы маңайындағы бөгде дыбыстарды естігенімен мағынасын түсінбейді.
4. Бір талдағыштың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін бөліседі. Мысалы, соқыр адам көзі көрмегенімен басқа сезім мүшелері жақсы дамиды.
5. Талдағыштардың
Талдағыштар әр түрлі
қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін
қабылдауына байланысты оларды екі
топқа бөледі: дистантты, яғни сезім
мүшесінен белгілі бір
Көру талдағышы
Көз алмасы шар пішінді. Оның алдыңғы және артқы полюстерін ажыратады. Көз алмасының орталық бөлігін - ядро деп атайды, оның сыртын 3 түрлі қабық қаптап тұрады.
Көз алмасының сыртқы қабығын - фиброзды қабық деп атайды. Оның алдыңғы дөңестеліп келген бөлігі – қасаң қабық, артқы көп бөлігі – склера деп аталады. Бұл қабықта қантамырлар болмайды. Көз алмасының ортаңғы қабығы – қантамырлар қабығы деп аталады. Оның алдыңғы бөлігі – нұрлы қабық, ортаңғы бөлігі - кірпікті дене, ал артқы бөлігі – нағыз тамырлы қабық деп аталады. Нұрлы қабықтың ортасындағы тесік көз қарашығы деп аталады.
Көз алмасының ішкі қабығы – торлы қабық деп аталады. Онда колба тәрізді және таяқша пішінді жарық сезгіш клеткалар орналасқан. Таяқша пішінді клеткалар қараңғылықты сезеді, ал колба тәрізді клеткалар күндізгі жарықты сезіп, заттың түсін ажыратады.
Көз алмасының нұрлы қабығының артқы жағында қос дөңесті линза пішінді көз бұршағы (хрусталик) орналасқан. Оның артқы жағын толығымен шыны тәрізді дене толтырып жатады.
Көздің қасаң қабығы мен нұрлы қабығының арасын - көздің алдыңғы қуысы, нұрлы қабық пен көз бұршағының арасын -көздің артқы қуысы деп атайды. Бұл қуыстарда аздаған сұйықтық болады.
Көздің қосымша мүшелеріне – 6 көзді қозғаушы бұлшық еттер (оның төртеуі түзу, екеуі қиғаш), терілі қабақтар, жас бездері, кірпіктер жатады. Жас бездері - көздің сыртқы бұрышының үстіңгі жағында орналасқан. Оның өзегі көздің ішкі бұрышына барып ашылады. Одан бөлінетін ылғал көз алмасының қасаң қабығын үнемі ылғалдап тұрады.
Көздің өткізгіш бөлімі көз алмасының торлы қабығынан басталады да, көру жүйкелері арқылы ортаңғы мидың жоғарғы екі төмпешігіне барады. Көру анализаторының орталығы ми қыртысының шүйде бөлігінде орналасқан.
Оптикалық жүйеге көздің қасаң қабығы, бұршағы және шыны тәрізді дене жатады. Олар жарық сәулелерін жинақтап, жарық толқындарын сындыру қызметтерін атқарады. Жарық сындыру қабілеті диоптрия деп аталатын сәулелердің ауытқу мөлшерін анықтайтын өлшеммен есептеледі. 1 диоптрия фокустық нүктесі 1 м қашықтықта орналасқан линзаның жарық сәулелерін сындыру күшіне тең.
Әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациялық қызмет атқарады. Аккомодация деп көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан. Заттардың бейнесін қабылдау қабілетін айтады.
Көздің шыны тәрізді денесі жарық сындырғыш құрылымдарының ішіндегі ең күштісі. Мұнда жеткен жарық сәулелері сынып, торлы қабықтың үстінде фокустық нүктеде жиналады. Егер шыны тәрізді дененің жарық сындыру қабілеті тым күшейсе, сәулелер торлы қабықтың үстінде фокустық нүктеде жиналады. Егер шыны тәрізді дененің жарық сындыру қабілеті тым күшейсе, сәулелер торлы қабыққа жетпей фокусталып, ал нашарласа одан асып жиналады. Мұндай жағдайларда заттың бейнесі бұлдырланып, анық көрінбейді. Шыны тәрізді денеде сәулелердің сынуына байланысты заттардың бейнесі аударылып көрінеді.
Жарықты қабылдау
Таяқша және сауытша
тәрізді клеткаларда фокустық нүктелерде
жинақталған сәулелердің әсерін
Люкс – жарық сәулелері 1 м қашықтықтан 1 м2 тегістікке тік түскенде пайда болатын жарықталуының дүниежүзілік өлшемі. 30 люкстен астам жарықты сауытша клеткалар сезеді. Сауытшалардағы иодопсин сәулелердің әсерінен иодинен мен опсинге ыдырайды. Фотохимиялық реакцияның негізінде пайда болған қозу таяқша және сауытша клеткаларымен байланысқан көру нервінің орталыққа тебетін афференттік ұштары арқылы ортаңғы мидағы көру төмпешіктеріне жетіп, одан әрі ми сыңарларының қыртыстарының шүйде тұсында орналасқан көру орталығына барады. Онда талқыланып, жинақталып, заттың бейнесі туралы сезім туады. Фотохимиялық реакцияның пайда болуына байланысты көздің қозғыштығы төмендейді. Мұны жарыққа бейімделу немесе жарық адаптациясы дейді.
Көздің заттың түсіне бейімделу қабілетінің де маңызы бар. Заттың түсі, бояуы туралы сезім көру талдағышына ұзындығы әртүрлі жарық толқындары әсер еткенде туады. Көздің жарық толқындарын қабылдау қабілеті 390-760 нм шамасында. Олардың әр толқыны ұзындығына байланысты бір түсті сезім тудырады. Мысалы, көк түсті сезім 450-480 нм, күлгін түсті 390-450 нм, қызыл түсті 620-760 нм.
Түсті жарықты қабылдау
ілімінің негізін алғаш рет М.В.
Кейбір адамдар заттың түсін мүлде анықтай алмайды. Мұндай кемшілікті осы аурумен ауырған ағылшын ғалымы химик Дальтонның атымен дальтонизм деп атайды.
Көру талдағышының жас ерекшелігі.
Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 г. Ересек адамның көз алмасының салмағы 6-8 г.
Көз жасының безі жаңа туған нәрестеде толық жетілген, бірақ оған келетін жүйке талшығы әлі жетілмегендіктен алғашқы 3-5 айға дейін жылағанда көз жасы шықпайды. Нәрестенің көзінің қозғалысы екі көзінде бірдей емес. Көзін жыпылықтату қабілеті өте нашар.
Жаңа туған нәрестенің қарашығы өте жіңішке.
Баланың көзінің қозғалысы тек 1 айға толғанда ғана дұрыс бағыттала бастайды. Затқа көзін тігіп қарау қабілеті алғашқы 3-5 айға дейін қалыптасады. Бұл мезгілде затқа қарау ұзақтығы 1-1,5 минөт, 3 айда 7-10 мин, тек 3-7 жастың арасында толық жетіледі.
Сәбидің сауытша клеткалары жетілмеген. Сондықтан бала 1 жасқа дейін заттың түсін анық көре алмайды. Түсті ажырату балаларда 3 жаста басталады.
Көру гигиенасы.
Көру гигиенасының талаптары:
-кітапты оқығанда, жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болу керек;
-жарық мөлшері 150-300 люкс болуы тиіс және жарық сол жақтан түсу қажет.
-үстелде, партада бала дұрыс отыру керек;
-жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды;
- теледидар көргенде 2,5-3 м қашықтықта отырған дұрыс;
-баланың жасына лайық кітап оқу ұзақтығын сақтау жөн:
6-7 жаста – 10 мин,
7-10 жаста – 15 мин,
10-12 жаста – 20 мин,
12-15 жаста – 25 мин,
15-18 жаста 30 мин.
-көздің тазалығын сақтау керек.
Дыбыс талдағышы
Есту анализаторы - үш бөлімнен (сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан) тұрады.
Сыртқы құлаққа– эластикалық шеміршектен тұратын құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Сыртқы дыбыс жолының ұзындығы 2,5 см-ге жуық. Ол самай сүйегінің пирамида бөлігінде орналасады. Сыртқы дыбыс жолының ішкі жағында түрі өзгерген тер бездерінен сарғыш түсті құлық бөлінеді. Олар дабыл жарғағын сыртқы ортаның түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғап тұрады.
Ортаңғы құлақ – дабыл қуысынан, есту сүйекшелерінен (балғашық, төс, үзеңгі) және есту түтікшесінен (евстахиев түтігі) тұрады. Ортаңғы құлақтың артқы жағында 2 тесік (кіреберіс және ұлулы дене) бар. Бұл тесіктер ортаңғы құлақ пен ішкі құлақты бір-бірімен байланыстырып тұрады. Ортаңғы құлақтағы үш сүйек (төс, балғашық, үзеңгі) бір-бірімен буын арқылы байланысқан және олар дабыл жарғағын ішкі құлақпен байланыстырып тұрады. Ортаңғы құлақтағы дыбыс түтігінің ұзындығы 3,5 см және ол жұтқыншақпен байланысып жатады. Сондықтан да, ортаңғы құлақ қуысында үнемі атмосфералық ауа болады.