Лекциялық сабақтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:26, курс лекций

Описание работы

Работа содержит лекции по дисциплине "Биология"

Работа содержит 1 файл

лекциялар физиолог.doc

— 535.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12-тақырып. Сыртқа шығару жүйесі. Балалардағы энурез

 

Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауда сыртқа шығару мүшелері маңызды рөл атқарады. Сыртқа шығару мүшелері арқылы қажет  емес сулар, тұздар, улы заттар ағзадан  шығарылады. Бұл заттар ағзадан өкпе, ішек, бүйрек, тері арқылы шығарылады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметі зор.

Бүйректің құрылыс және қызметі. Бүйрек жұп мүше, бел омыртқаларының екі бүйірінде орналасқан. Оң жақтағы бүйрек сол жақ бүйректен сәл жоғары орналасқан. Әр бүйректің массасы 120-150 г. Бүйрек екі қабаттан тұрады: сыртқы қызғылт қоңыр түсті қыртысты және ішкі ақшыл милы қабат. Бүйректің сырты дөңес, ішкі жиегі ойыстау болады. Осы ойыс жиегінен бүйрекке қантамырлары, нервтері және несеп ағар кіреді. Бүйректің ойыс жағында бүйрек түбегі болады, ол бүйрек тостағаншаларына жалғасады. Бүйректің тостағаншаға жалғасқан ұшында бүртіктері болады.

Бүйректің қыртысты қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен тұрады. Бір бүйректегі нефрон саны 1-1,2 млн. Олардың әрқайсысының сырты Боумен капсуласымен қоршалған. Нефронның ішінде Мальпиги шумақтары (қантамырлар шумағы) бар. Капсуланың өзі екі қабаттан тұрады. Ішкі қабаты Мальпиги шумағын қоршап жатады, ал сыртқы қабаты капсула өзегіне айналады. Қыртыс қабатының бойындағы өзектер алғашқы иірім каналына айналады. Олар бүйректің милы қабатына еніп, иірімдері жазылып Генле иініне айналады да, қайтадан қыртыс қабатына өтіп, екінші деңгейлі иірім каналға айналып несеп жинағыш түтікке жалғасады. Екінші деңгейдегі нефрон иірімдері артерия тамырлар шумағымен жанасып, екеуі құрамындағы заттармен алмасады. Мұны юкстагломерулалық комплекс деп атайды.

Бүйрек ұлпасында  ренин және эритропоэтин ферменттері  өндіріледі. Ренин артерия қан  қысымын және қантамырлардағы қанның мөлшерін реттеуге қатысады. Ал эритропоэтин эритроцитердің өндірілуіне әсер етеді.

Несептің  түзілуі. Несеп нефронда түзіледі. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде алғашқы, екінші кезеңде соңғы несеп түзіледі. Нефрон капсуласындағы қантамырлардың қысымы жоғары болғандықтан сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде алғашқы несеп түзіледі.

Екінші кезеңде  алғашқы несептің құрамындағы су, глюкоза, амин қышқылдары, натрий, калий  иондары т.б. организмге қажетті  заттар қантамырына кері сүзіледі. Ал мочевина, несеп қышқылы, сульфаттар сияқты қажет емес заттар нағыз несептің құрамына кіреді. Соңғы несеп нефронның жинағыш жолдарымен ағып, бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншасына, одан бүйрек түбегіне, содан соң ұзындығы 30 см-дей несеп ағар арқылы қуыққа барады.

Тәулік бойы бүйректен 2000 л қан айналады, одан 150-180 л алғашқы несеп өндіріледі, бірақ соңғы несептің мөлшері 1,5 л ғана. Соңғы несеп сарғыш түсті сұйықтық. Меншікті салмағы 1,010-1,025, реакциясы сәл қышқылдау. Құрамының негізі – су (98-99%), қалған 1-2%-ы көптеген химиялық заттар.

Бүйректің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13-тақырып. Тері, оның құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері

Адам терісі 3 қабаттан тұрады: сыртқы- эпидермис, ортаңғы – дерма, ішкі – гиподерма. Ең қалың қабаты сыртқы қабаты, қалыңдығы 1-2,5 мм. Бұл қабатта меланин пигменті өндіріледі. Сондықтан терінің түсі пигментке байланысты, егер аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса – қоңырлау, тым көп болса – қара қоңыр болады.

Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда қантамырларының капиллярлары және нерв ұштары бар. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметін атқарады.

Тері асты клетчаткада тер бездері  орналасқан. Олардың өзегі терінің  сыртына жіңішке саңлау түрінде ашылады. Тер бездері алақан, маңдай, қолтық, мойын, арқа және шап арасында көбірек болады.

Теріде май өндіретін май  бездері бар. Олар алақан, табан терісінен  басқа жердің бәрінде бар. Май  бездерінің өзектері тері түгінің қапшығына ашылады. Олардың өнімдері терінің түгін және эпидермис қабатын майлап, құрғап қалудан сақтайды. Май бездері тәулігіне 20 г тері майын шығарады. Майланған теріден су, микроорганизмдер өтпейді және микробтарды өлтіретін заттары теріні тазартып отырады.

Тер және терлеу тетігі, оның жас ерекшеліктері. Тер бездері арқылы денеден 500-900 мл су шығады. Термен бірге мочевина, несеп қышқылы, креатинин, хлорлы Na, К және фосфаттар мен сульфаттар шығарылады. Терлеу тәулік бойы үнемі жүріп отырады, бірақ сыртқы ортаның температурасы жоғарылағанда, ауыр еңбекпен шұғылданғанда, шынықтыру жаттығуларында көп шығады. Бұл кезде дененің жылуды өндіруі тежеледі, бүйрек капиллярындағы қысым төмендейді де, несеп өндіру азаяды.

Тер бездерінің реттелуі симпатикалық жүйке жүйесімен қамтамасыз етіледі. Симпатикалық жүйке талшықтарының  теріге келетін холинергиялық ұштарынан екі түрлі медиатор бөлінеді: ацетилхолин және адреналин. Егер ацетилхолин бөлінсе жылы тер, ал адреналин бөлінсе салқын тер шығады. Салқын тер жағымсыз эмоция кезінде, адам қиналып-қобалжығанда шығады.

Ересек адамның терісінен бала терісінің айырмашылығы бар. Бала терісінің  сыртқы эпидермис қабаты өте жұқа, қантамырлары көрініп тұрады. Терісі тегіс, қыртыссыз болады. Жаңа туған сәбидің терісінің қалыңдығы 1,1 мм, 1 жасқа дейін тер бездері жылдам дамиды.

Бала терісінде май көбірек  болады.

Терінің температурасы нәрестеде  жоғары және тұрақсыз. Ыстық пен  суықтың әсеріне сәйкес тері температурасының бейімделу өзгерісі 3-5 жастан бастап қалыптаса бастайды. Бала 4 жасқа дейін аз терлейді. Себебі тер бездерінің қызметін реттеуші жүйке орталығы әлі жетілмеген, 5-6 жаста толық жетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14- тақырып. Мектеп гигиенасы

 

Мектеп кешеніне қойылатын талаптар. Мектеп кешенінің құрылысы, жері қаланың және аулдың әкімшілік үкімімен бекітіледі. Мектеп кешені оқушылар тұратын үйден қалада 1-2 км, ауылда – 3 км-ден аспау керек.

Мектеп жерінің 15% мектеп ғимаратына, 50% өсімдіктер егу үшін, қалған жерін спорт, демалыс, шаруашылық, тәжірибе алаңдарына пайдаланылады.

Мектеп ауласы бірнеше  аймаққа бөлінеді: қорғаныс, демалыс, оқу-тәжірибе, спорт және шаруашылық зонасы.

Қорғаныс аймағы (0,1-1,0 га) мектеп кешенінің көше жағында орналасқан. Ол мектепті транспорт шуынан, газынан, көше шаңынан қорғайды. Бұл аймақта ағаштар, бұталар егіліп гүлмен безендіріледі. Көлік жолынан арақашықтық 25 м-ден кем болмау керек. Мектеп терезелері мен биік ағаштар арасы 10 м, бұталар арасы 5 м болу қажет.

Демалыс аймағы (0,2-0,3 га) мектеп ауласының жазда көлеңке, қыста желден сақтайтын бұтақты ағаштар егілген тегіс таза жағында орналасады. Онда демалып отыратын орындықтар қойылады. 

Оқу-тәжірибе аймағы (0,2-0,4 га) биология, география пәндеріне қажетті тәжірибе алаңдары орналасқан.

 Спорт аймағы (0,1-1,07 га) денешынықтыру пәнінен және спорт ойындарына қажетті алаңдар орналасқан. Спорт аймағы оқушылар санына лайық болу керек.

Спорт алаңын тастардан, ағаш бұтақтарынан тазартып отыру керек.

Шаруашылық  аймағы (500м2)  мектеп ауласының алыс түкпірінде, балалардың жүретін жолынан, демалыс орнынан қашық жерде орналасады.

Мұнда түрлі қоймалар, мектеп гаражы, қосымша дәретхана, өрт  қауіпсіздігінің бұрыштары т.б. заттар болады. Дәретхана мен қоқыс жәшіктері  мектеп кешенінен кемінде 25 м қашықтықта орналасуы керек.

Мектеп ғимаратын салғанда оқу бөлмелерінің терезелерін оңтүстік не оңтүстік батысқа, ал қосымша бөлмелердің терезелерін терістікке қаратып салады.

Мектептің барлық бөлмелерін оқу және қосымша бөлмелер деп  екіге бөледі. Оқу бөлмелеріне: сабақ жүретін кабинеттер, сынып бөлмелері, спорт залы, шеберхана, физика және химия пәндерінің зертханалары жатады.

Қосымша бөлмелер: әкімшілік, алғашқы медициналық жәрдем көрсету бөлмесі, әдістемелік бөлме, асхана, буфет, кітапхана, мектеп музейі, оқушылар мен мұғалімдердің демалыс орындары.

  Мектеп ғимаратындағы сынып бөлмелері мен кабинеттер кең коридор арқылы бір-бірімен байланысады. Бастауыш сыныптар бөлмелері мектептің жеке қанатында 1-ші, 2-ші қабатта орналасқаны жөн.

Сынып бөлмелерінің ауданы   50-60 м2, яғни әр оқушыға 1,25-1,50   м2. Бөлме ұзындығы 8-8,2 м, ені 5,6-6,2 м аспау керек, Егер бөлме ұзын болса артқы партадағы балаларға естілмейді, ені кең болса, терезеден түскен табиғи жарық жеткіліксіз болады.

Сынып қабырғаларын жылына 1 рет ақ ізбеспен немесе эмульсиямен  ақтау қажет. Бөлме ауасының температурасы 17-210 С, ылғалдылығы 40-65%, ауа жылдамдығы 0,15-0,25 м/сек.

Терезе кең болу керек  және терезе алдына ұзын сабақты үй өсімдігін қоюға болмайды. Терезенің  төменгі жақтауы еденнен 60-70 см, жоғары жақтауы төбемен арасы 15-30 см болу керек.

Терезеден далаға көз салғанда әйнектің 1/3 бөлігінен аспан көрініп тұрса, табиғи жарықтың мөлшері дұрыс болады.

Табиғи жарық 150 люкстен  кем болмай, әр партаға электр жарығы 150 люкстен кем түспеу керек, ал люминисцентті шамның жарығы 300 люкс болады.

Мектеп зертханаларының мөлшері 66-70 м2, яғни әрбір оқушыға 1,5-1,75 м2 болады.

Мектеп шеберханалары 2 түрлі болады: қыздарға және ұлдарға арналған. Ұлдар шеберханасының ауданы 50-60 м2 (әр оқушыға 3,3 м2) және шеберханадағы станоктар мен оқушылардың көз деңгейінің арасы 45 см болу керек.

Балаларға ауыр жүк көтеруге болмайды. 5-8 жаста  -4кг, 9-10 ж – 6 кг, 10-12 ж – 10 кг, 13-15 ж – 14 кг, 16-17 ж  – 24 кг жүк көтеруге болады.

Бастауыш сынып оқушылары шеберханада шаршамау үшін әрбір 15 минут сайын 2-3 минуттай, ал жоғары сынып оқушылары 40-45 минуттан соң 10-15 минуттай үзіліс жасау қажет.

Ашық ауада ебек ету үшін жаз айларында таңғы 7-11 сағ, кешкі 17-20 сағат аралығы қолайлы.

Ауыл шаруашылық жұмысында 5-6 сынып оқушылары 2 сағат, 7-8 сынып  оқушылары 4 сағат, 9-11 сыныптағылар 6 сағат еңбек етсе жеткілікті.

Спорт залының ауданы мектеп оқушыларының санына сәйкес болу керек. Әрбір оқушыға 4 см2 болады.

Спорт залы оқу бөлмелерінен оңаша орналасқан мектеп кешенінің  жеке бір қанатының бірінші қабатында орналасады. Оның есігі дәліз арқылы немесе киім шешетін бөлме арқылы өтеді.

Спорт залының температурасы 15-17 0С, киім шешінетін бөлмеде 19-220С болу керек.

Мәжіліс залының  ауданы 12 м2.

Асхананың ауданы әр орынға 0,65-0,70 м2 есебінен бөлінеді. Асханада ас дайындау бөлмесі, ас қоймасы, ыдыс жуатын орын, буфет болады.

Киім ілгіш гардероб екі бөлмеден тұрады: шешінетін жер – фойе және киім ілгіш гардероб.

Жуынатын бөлме және дәретхана мектеп кешенінің әр қанатында  орналасады.

Баспалдақтардың ені 30 см, биіктігі 16 см болады және онда жарық көзі болу керек.

 

Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар

 

Жиһаздар, жабдықтар оқушылардың  жасына сәйкес болу керек.

Парта қазіргі талап бойынша бала бойының ұзындығына сәйкес 5 топқа бөлінеді:

А тобы бойы 130 см-ге дейінгі балаларға арналған;

Б тобы – 130-145 см;

В тобы – 145-160 см;

Г тобы  - 160-175 см;

Д тобы – 175-190 см арналған.

Әр топқа түстер бекітілген: А – сары, Б – қызыл, В – көкшіл, Г – жасыл, Д – ақ түсті.

Әр мұғалім сынып  бөлмесіне парта таңдағанда балалардың медициналық картасындағы бойының ұзындықтарына сәйкес таңдайды.

Парталарды  орналастыру. Бастауыш сыныптарда 3 қатардан әр қатарға 6-7 партадан, жоғары сыныптарда көбінесе екі қатардан орналастырады. Шеткі парта мен қабырға арасы 50-65 см, қатар аралығы 70-75 см, алдыңғы парта мен тақта арасы 2,4-3 м, соңғы парта мен тақта арлығы 8 м болу керек.

Партада отыру  ережесі: аласа бойлы балалар, нашар еститін, нашар көретін балалар алдыңғы қатарға отырғызылады.

Оқушы дұрыс отырғанда  бел омыртқасы мен сегізкөз сүйектері,  жауырынның төменгі ұштары орындық арқалығына тиіп тұрады және ұршық, тізе буындары тік бұрыш жасап бүгіліп табаны еденге немесе партаның аяқ қойғышына еркін тіреледі. Білектері үстелдің үстінде еркін орналасады. Партада дұрыс отырып үйренгенде ғана оқушылар сабақ кезінде шаршамай еркін отырады. Дұрыс отырмаса тез шаршап, сабаққа зейіні төмендейді.

Сынып тақтасы – алдыңғы қабырғаның дәл ортасында, бастауыш сыныптарда еденнен 75 см, 5-7 сыныпта 95 см, жоғары сыныпта 100 см биіктікте ілінеді. Ұзындығы 3 м, ені 1,2м беті тегіс, бірақ жылтыр емес, түсі қоңыр не қою жасыл болады. Сурет, сызу сабағы өтетін сыныптарда қара түсті болады.

Тақтаның төменгі шетінде бор ұнтақтарын жинайтын жіңішке астауша болады.

Сыныпта көрнекі құралдар мен оқулықтар сақтайтын шкафтар болады. Олар ықшам болу керек және бөлменің артқы қабырғасына орналастырылады.

Мұғалімнің үстелі мен  орындығы отырып тұруға ыңғайлы болғаны  дұрыс.

Оқушы партасы мен  мұғалім үстелінің арасы кемінде 15020 см болу керек.

Оқу-техника құралдары (теледидар, магнитофон, кодоскоп т.б.) бөлмені тарылтпайтын, шаң-тозаңды жинамайтын жағдайды қарастырған жөн. Оларды пайдаланбаған кезде арнайы бөлмеде сақтау керек.

Информация о работе Лекциялық сабақтар