Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:26, курс лекций
Работа содержит лекции по дисциплине "Биология"
Ішкі құлақтың немесе шытырманның (лабиринт) құрылысы күрделі болып келеді. Оның ішкі жағында орналасқан жарғақты түтікшелердің ішінде эндолимфа сұйықтығы болады, оны кейде жарғақты шытырман деп те атайды. Оның сыртын сүйекті шытырман қоршап тұрады. Жарғақты шытырман мен сүйекті шытырманның арасын перилимфа сұйықтығы толтырып жатады.
Сүйекті шытырман үш бөліктен (кіреберіс, ұлулы дене және үш жарты иірім өзекшелер) тұрады.
Кіреберіс бөлік екі тесік арқылы ортаңғы құлақтағы дабыл қуысымен байланысып тұрады. Ондағы жоғарғы сопақша тесікті үзеңгі сүйегі жауып тұрады. Ал, төменгі дөңгелек тесікті жұқа жарғақ керіп тұрады. Ішкі құлақтағы үш жарты иірім өзекшелер де кіреберіс бөлікке келіп ашылады. Ішкі құлақтағы сүйекті ұлулы дененің пішіні конус тәрізді. Ондағы орамды өзекше 2,5 иірім жасап орналасқан. Кіреберіс пен үш жарты иірім өзекшелерді қосып вестибулярлық аппарат деп те атайды. Вестибулярлық аппарат пен ұлулы дене бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұлармен мидан тарайтын VIII жұп есту жүйкесі байланысады. Есту анализаторының орталығы ми қыртысының самай бөлігінде орналасқан.
Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі. Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып кеңейеді. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіндеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады.
Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа аймақтарының нейрондары дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс жүйкесі жылдам дамып жетіледі де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс жүйкесімен бірдей болады.
Баланың дыбыс есту қабілеті алғашқы жылдың ішінде тез жетіліп, қарапайым дыбыстарды есту қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса музыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады. Дегенмен ми қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі.
Есту гигиенасы. Айқай-шу есту талдағышына 2 түрлі әсер етеді: құлақтың дыбыс өткізушісі мүшелерінің қызметін бұзады және орталық жүйке жүйесіндегі есту орталықтарының қызметін нашарлатады. 90 децибел шамасындағы қатты айқай есту қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, асқорыту, қантамырлар жүйелерінің қызметін бұзады. 4-5 жыл бойы 120 децибел шуда еңбек еткен адамның жүйке жүйесінде кемшіліктер п.б.: ұйқысы бұзылады, басы ауырады, зат алмасуы әлсірейді.
Есту кемшіліктерінің адын алу үшін дыбыс гигиенасының талаптарын орындау қажет. Әсіресе мектепте гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызы зор. Мектептегі шуды азайту үшін оның ауласының көше жағын қорғаныс аймағына айналдырып, оған 5 қатар ағаштар мен бұталар отырғызады.
Есту қабілеті төмен оқушыларды алдыңғы қатардағы партаға отырғызған жөн. мектеп үйінің шулы бөлмелерін (спорт залы, шеберханалар) негізгі оқу бөлмелерінен бөлек алыс орналастырылады. Балалар жұмыс істеп жатқан шеберханаларда, шулы жерлерде әр 30-50 минөт сайын 10-15 минөтке созылатын үзіліс жасау керек.
6-7 жаста мектепке барар алдында емханаларда баланың есту қабілетін тексереді, балалар бақшасына баратын балаларды мектеп алдындағы тексеру кезінде балалар бақшасының комиссиясы тексереді.
Қатты дауысты музыканы тыңдау мөлшері 7-10 жаста 30 мин, 11-16 жаста 1-1,5 сағ, 17-20 жаста 1,5-2 сағ.
Дәм сезу, иіс сезу және тері анализаторлары. Олардың жас ерекшеліктері
Дәм және иіс сезу анализаторлары тағамдық заттар мен қоршаған ортаның химиялық құрамын сезетіндіктен оларды кейде хемосенсорлы жүйелер деп те атайды.
Дәм сезу анализаторының рецепторлық бөлімі ауыз қуысындағы мүшелердің дәм сезу клеткаларымен тығыз байланысты. Ондай клеткалар негізінен тілде орналасқан саңырауқұлақ, жапырақ және науа тәрізді дәм сезу бүртіктерімен байланысады. Жекеленген дәм сезу бүртіктері жұмсақ таңдайда, кейбір бадамша бездерде, жұтқыншақ пен көмекей қақпағының сілемейлі қабықтарында да орналасқан.
Тәтті заттың әсері тілдің ұшындағы және жан-жағындағы бүршіктері арқылы сезеді. Ащы – тілдің түбіндегі бүршіктерімен, қышқыл – тілдің шетімен және көмеймен сезіледі.
Иіс сезу анализаторларының рецепторлық клеткалары мұрын қуысының жоғары бөлігіндегі сілемейлі қабығында орналасқан. Одан иіс сезу жүйкесі арқылы ми қыртысының маңдай бөлігімен байланысады.
Тері анализаторына (соматосенсорлы жүйе) - тері және оның қосалқы бөлімдері (түктер, тырнақтар, сүт, май және тер бездері) жатады. Тері қорғаныштық, жылу реттеу, ыдырау өнімдерін сыртқа шығару және т.б. көптеген қызметтер атқарады. Теріде көптеген рецепторлық клеткалар (жанасқанды, ауырғандықты, температураны т.б. тітіркендіргіштерді қабылдайтын) орналасқан.
Терінің сыртқы қабаты – эпидермис, ішкі қабаты – дерма (нағыз тері) деп аталады. Бұл екі қабаттың арасында көптеген қатпарлар бар. Эпидермис көп қабатты эпителий клеткаларынан тұрады да, оның сыртқы мүйізді қабатындағы клеткалар үнемі түлеп түсіп отырады. Ал, эпидермистің астыңғы бөлігіндегі базальды клеткалар бөліну арқылы көбейіп отырады.
Нағыз тері қабаты (кориум) – талшықты дәнекер ұлпасынан түзіледі. Мұның өзі сыртқы емізікшелі және ішкі торлы қабаттан тұрады. Нағыз тері қабатының астында тері асты (шел) май қабаты орналасады.
Тері бездеріне – тер, май және сүт бездері жатады. Тер бездері түтік пішінді болып нағыз тері қабатында жатады. Тер арқылы жылу реттеледі, азотты алмасуға, тұздардың алмасуына да қатысады. Май бездері де нағыз тері қабатының жоғарғы жағында болады. Олардың өзектері түктердің түбіне ашылады. Сүт бездері шығу тегі жөнінен тер бездеріне ұқсас.
Терінің қосалқы бөлімдеріне - түктер мен тырнақтар да жатады. Түктің өзегін (сояуын) және түбірін ажыратады. Түк түбірі түк қалтасының ішінде орналасады, оған түкті көтеретін бұлшық еттер байланысады. Түктің төменгі жуандау бөлігі түк жуашығы деп аталады. Түк өзегі милы және қыртысты заттардан құралады.
6-тақырып.
Ішкі секреция бездері мен горм
Организмдегі бездер екі топқа бөлінеді: экзогендік (сыртқы секрециялық) және эндокриндік (ішкі секрециялық) бездер деп.
Экзогендік (лат. секреция – сөл, грек.экзо - сыртқа) бездердің өзегі болады, өнімдері қуыс мүшелерге (ауыз қуысына сілекей бездер) құйылады немесе дененің сыртына шығады (тері арқылы).
Эндокриндік бездердің өзегі болмайды, өнімдері тікелей қанға құйылады да бүкіл денеге тарап мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секреция бездердің өнімдерін гормон (грек.гормо – іске қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, энергия және зат алмасуын, мүшелердің қызметін реттейді. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі.
Ішкі секрециялық бездерге: гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік бездері, айрлы (тимус) без, бүйрек үсті бездері, қарын асты безінің (ұйқы безі) Лангерганс аралшықтары, жыныс бездері жатады. Ұйқы безі мен жыныс бездері аралас бездерге жатады, себебі сыртқы және ішкі секрециялық бездердің де қызметін атқарады.
Гормон - өте белсенді химиялық зат. Гормондардың қасиеттері:
- олар өте белсенді, өте аз мөлшерде де әсер ете алады (микрограмм, нанограмм);
- әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспесе екінші бездің гормоны оның қызметін атқара алмайды;
- ұлпаларға, мүшелерге қашықтан тұрып әсер етеді.
Гормондар химиялық құрамына қарай: белок, полипептид, липидтер және стереойдтарға жатады.
Әрбір ішкі секрециялық без тек нақты гормон өндіреді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда гипосекреция (грек.гипо- аз, төмен) және күшейгенде гиперсекреция (гипер – артық, жоғары) байқалады. Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы организмнің тіршілігіне әсер етіп, қауіп төндіреді.
Гипофиз. Бас сүйегінің “түрік ері” деп аталатын сүйегінде орналасқан. Жаңа туған сәбидің гипофизінің салмағы 10-15 мг, 10 жасқа дейін 30 мг-ға дейін өседі, жасөспірімдерде ересектердікіндей 50-65 мг болады.
Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы және артқы. Алдыңғы және ортаңғы бөлігін аденогипофиз, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Алдыңғы бөлігі 75%, ортаңғы – 1-2%, артқы – 18-23% құрайды.
Гипофиздің гормондары
Аденогипофиз |
Нейрогипофиз | |
Алдыңғы бөлігі |
Ортаңғы бөлігі |
Артқы бөлігі |
1. Соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ); 2. Тиреотропин (ТТГ); 3. Адренокортикотропин (АКТГ) 4. Гонадотропиндер (лютейіндеуші, лютеотроптық, фоликулстимулдеуші гормондар) |
1. Меланотропин (МТГ) |
1. Вазопрессин; 2. Окситоцин |
Соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ) – белоктың алмасуын, ұлпалардың өсуін реттейді, май мен көмірсудің алмасуына әсер етеді. Жаңа туған сәбиде өсу гормонының мөлшері өте көп (60 ммкг/мл), 3 айда 16 ммкг/мл, ересек балаларда 10,8 ммкг/мл, ал ержеткенде 0,55 ммкг/мл болады.
1945 ж. бұл гормонды Эванс пен Ли Симпсон тек малдың безінен тапқан, ал 1948 ж. жануарлардың, 1956-1968 жылдары адамның безінен тапқан.
СТГ гиперсекрециясында баланың бойы ұзарып (2 м-ден асып кетеді) алыптық, ал гипосекрециясында баланың бойы қысқа ергежейлік байқалады.
Жыныстық жетілуден
кейін СТГ көбейіп кетсе акроме
Тиреотропин (ТТГ) қалқанша безінің қызметіне әсер етеді: йодтың без клеткасында жиналуына, тотығуына әсер етіп қалқанша безінің гормондарының қызметін реттейді.
Адренокортикотропин (АКТГ) бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гормондары глюкокортикойдтар мен адренокортикойдтардың өнуіне әсер етеді және көмірсутегінің алмасуына әсер етеді.
Гонадотропиндер (лютейіндеуші, лютеотроптық, фоликулстимулдеуші горомондар) жыныстық жетілу кезінде маңызы арта бастайды. Ерлер сперматогенезін күшейтеді, әйелдер етеккірін мезгілінде келтіреді, емізетін әйелдің сүтінің келуін реттейді.
Меланотропин (МТГ) адам терісінің түсін реттейді. Мөлшері көбейіп кетсе дене терісі сүттей ақ, ал азайып кетсе қоңыр дақ пайда болады.
Окситоцин жатырдың жиырылуын қамтамасыз етеді, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа шығуына көмектеседі.
Вазопрессинді антидиурездік гормон деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға қайта сіңуіне әсер етеді. Гиперсекрециясында – қантсыз диабет ауруы пайда болады (тәулігіне бірнеше литр несеп бөлінеді).
Эпифиз – пішіні домалақ. Ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Жаңа туған нәрестеде ұзындығы 3мм ені 2,5 мм қалыңдығы 2 мм. 4 жасқа дейін өсіп көлемі артады да одан әрі клеткалары кішірейіп қарапайымдалады. 8 жастан кейін тығыздалып қызметі тоқтайды. Эпифиз безінің гормондары жыныс безінің гормондарын тежейтіндігі анықталған. Эпифизде 3 гормон өндіріледі:
1. Меланин – теріні түссіздендіреді;
2. Контргиопоталамус-гипофиз гормоны гипофиздің қызметін тежейді;
3. Гломерулокортикотропин – бүйрек үсті безінің қызметін тежейді.
Қалқанша безі. Сыңар мүше, аты 1956 жылдан белгілі. Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1 г., 6 айда 2 г., 1 жаста 3 г., 3-4 ж. 7 г., 5-6 ж, 10 г., 16-20 ж. 25г. болады. Ересек адамдарда 35-37 г.
Бұл бездің қызметі ұрық кезден басталады, 3 гормон түзеді: тироксин, трийодтиронин, кальцитонин.
Қалқанша безінің құрамында йод көп болады, тироксиннің құрамында 65 % йод болады. Организмге йод жетіспегенде (гипосекрециясында) эндемиялы зоб ауруы пайда болады.
Кальцитонин қанның құрамындағы кальцийдің мөлшерін азайтады.
Қалқанша безінің гиперсекреция
Гипосекреция кемшілігі 2 түрлі болады:
1. туа болған, қалқанша безі болмай, не нашар дамыған болса;
2. жүре пайда
болған. Гипофиз безінің тиреотропин
гормонының түзілуі
Қалқан серік бездері қалқанша безінің артқы жағында орналасқан түйме тәрізді 4-6 без болады.
Салмағы 0,1-0,3 г,
ұзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм. Жасөспірімдерде
қалақансерік бездері қызғылттау, кейін
сарғыш болады, қартайғанда қоңыр
болады. Қалқансерік безінде паратгормо
Паратгормон кальций мен фосфордың алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшерін реттейді. Бұл гормон жеткіліксіз болғанда сіңір тартылады. Гиперсекрециясында – фосфаттар несеп арқылы сыртқа шығып, босаған кальций қанда көптеп жиналады да гиперкальцемия (сүйектер деформацияға ұшырайды) байқалады.