Лекциялық сабақтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:26, курс лекций

Описание работы

Работа содержит лекции по дисциплине "Биология"

Работа содержит 1 файл

лекциялар физиолог.doc

— 535.50 Кб (Скачать)

Диафильмдерді 7-15 минут, кинофильмдерді және телекөрсетулерді 15-20 минуттан артық көрсетуге болмайды.

Зертханада 1 не 2 кісілік үстелдар мен орындықтар,шкафтар, тәжірибе көрсету үстелі болады. Бір оқушыға 65-70 см кеңістік қажет.

Зертханалық үстелдің ұзындығы 130-140 см, ені 60 см, биіктігі 75 см және тартпасы болады. Зертханалық үстелді орнықты бекітіп, оған су және электр сымы өткізіледі.

Үстелдің беті қышқыл сілтілерге төзімді заттардан жасалады.

Демонстрациялық үстелдің ұзындығы 3 м, ені 80 см, биіктігі 80 см болады.

Түрлі аспаптарға, ерітінділерге арналған шкафтарды препараторлық бөлмеде орналастырады. Шкафтың ішінде улы заттар, күшті сілтілер мен қышқылдарды сақтауға болмайды. Оларды арнайы орындарда сақтайды.

Мектепте, зертханаларда  қауіпсіздік ережелері, алғашқы дәрігерлік көмек ережелері мен дәрі-дәрмек жинағы, өрт қауіпсіздігіне қажетті құм, өрт сөндіргіш саймандар болу керек.

 

 

 

Мектептегі  оқу-тәрбие жұмысына қойылатын талаптар

 

Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Жазғы демалыстан соң балалар  еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Сондықтан оқу жылының басында  өткенді қайталап, жаңа тақырып өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында қайтадан жеңілдене бастайды.

Сабақ кестелері апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабілетіне сай жасалады. Аптаның дүйсенбі-сәрсенбі күндері жоғары болады да, бейсенбі күннің аяғында шаршау байқалады, жұма, сенбі күндері қабілеті төмендейді. Демалыстан кейін дүйсенбі күні зейіні төмен болады. Сондықтан сейсенбі-бейсенбі күндері қиын пәндерді қою керек. Жұма-сенбі күндері сабақ санын және қиын пәндердің мөлшерін азайту қажет.

Жеңіл пәндерге: әдебиет, тарих, ән-күй, денешынықтыру, сурет-сызу пәндері жатады. Қиын сабақтың алдында денешынықтыру пәнін қоюға болмайды. Қиын пәндерге: физика, грамматика, математика, химия пәндері жатады.

Күнделікті сабақ саны төмендегідей болғаны дұрыс:

  • 1-4 сыныптарда күніне 4 сабақтан;
  • 5-7 сыныптарда 6 сабақтан;
  • жоғары сынаптарда 6-7 сабақтан аспау керек.

 

Мектеп оқу-құралдарына  қойылатын гигиеналық талаптар.

 

 

Мектеп үйі  мен жеріне қойылатын талаптар. Мектеп жерлерін жоспарлау. Мектептің негізгі және қосымша жайлары. Мектеп ауласының гигиенасы. Мектеп жарығының гигиенасы. Жарық коэффициенті. Оны анықтау. Мектептегі сабақ кестесіне арналған гигиеналық талаптар, олардың маңызы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15-тақырып. Балалар ауруы туралы түсінік. Оларды болдырмау шаралары

 

Жұқпалы аурулар дегеніміз патогенді микробтар немесе вирустар қоздыруымен пайда болатын аурулар.

Әрбір жұқпалы аурулардың өз қоздырғышы болады. Балалар жұқпалы  ауруларына: қызылша (корь), ұшпа (краснуха), шірінше (паротит), қызамық (скарлатина), күл (дифтерия), жұлынның қабынуы (полиомелит), желшешек (ветряная оспа), көкжөтел (коклюш) жатады.

Қызамық – қоздырғышы стрептококтар. Сондықтан ауруды тек қызамықпен ауырған адамнан ғана емес, стрептококты баспамен ауыратындардан да жұқтырады.

Егер ауру асқынбаса, стрептококтың бөлінуі 7-10 күнде  тоқталады. Ауру асқынса жұқпалы  кезең ұзарады. Балаға ауру науқас адаммен  қарым-қатынас кезінде ойыншық, кітап, сүлгі арқылы жұғады.

Аурудың белгілері: кенеттен қызу көтеріледі, бірнеше сағаттан кейін немесе келесі күні баланың денесінде қызарған ұсақ бөртпелер пайда болады. Мұрын-еріннен басқа жерге түгел шығады. Жамбас-кіндіктен төмен жерге, шап, қолтыққа қалың шығады.

Бөртпелер 3-5 күндей тұрады. Ең тұрақты белгісі – баспа. Бүкіл жұтқыншақ ашық қызыл түсті болады. Алғашқы күні тілді қою сары-сұр түсті зат басады.

Аурудың алғашқы 5-6 күні бала жатуға тиіс. Балалар бақшасына, мектепке ауыра бастағаннан 22 күн өткенше баруға болмайды.

Антибиотикпен емдейді.

Күл - қоздырғышы уландырғыш күл таяқшасы, оның күшті у бөліп шығаратын қасиеті бар.

Аурудың таралу көзі – ауырған адам немесе ауру таяқшасын таратушы сау адам бола алады. Жасырын кезеңі 2-10 күн.

Күлмен ауырған жұтқыншаққа  тән белгі сұрғылт, бүкіл жұтқыншақты  жауып тұратын маржандай жылтыраған немесе ойық-ойық болып тұратын сірі қабық. Мұны анықтау үшін бактериологиялық анализ жасау керек.

Жұтқыншақтағы күл өте  ауыр өтеді. Қызуы 40º жетеді, жұтқыншақ  қызарып ісінеді, мойны ісініп, бала әлсізденеді. Бұл ауруға дер кезінде шара қолданбаса бала өміріне қауіп төнеді. Ең басты күл ауруына қолданатын дәрі – қан сарысуы. Күлмен ауырған баланы тез ауруханаға жеткізу қажет.

Қазір күл ауруына  қарсы алдын ала егуге байланысты сирек кездеседі. Уақытында егілмей қалған балалар ауруы мүмкін.

Жұлынның қабынуы (полиомелит) – қоздырғышы вирус. Күл ауруы сияқты алдына ала егудің нәтижесінде сирек кездеседі. Бірақ егілмеген балалар үшін өте қауіпті.

Ауруды таратушы – ауырған адам немесе оның вирусын тасушы.

Бұл ауру екі жолмен жұғады: 1) ауру адаммен қарым-қатынаста ауа  арқылы;

2) жуылмаған көкөніс-жеміс  арқылы ішке түседі.

Жасырын кезеңі 3-35 күн. Полиомелит ауруы жүйке жүйесін зақымдап, сал ауруына соқтырады. Кейде  жеңіл өтеді.

Белгілері әртүрлі: қызуы көтеріледі, құсады, іші ауырады, кеңірдектің шырышты қабаты қабынып, тамағы қызарады. Аурудың салға айналу кезеңі 2-5 күнге созылады. 4-5 күнде қызуы төмендейді. Осы жақсару жағдайында күтпеген жерде сал бола бастайды. Аяғының еттері жиі салданады, қол, мойын, кеуде бұлшық еттері сирек салданады. Ауруханаға жылдам жеткізу керек.

Кейбір балаларда, әсіресе  бұрын егілген балаларда полиомелит тез, ешбір белгісіз өтеді. Егер баланың бұлшық еті босаса, аздап ақсайтыны байқалса дереу дәрігерге көрсету қажет.

Желшешек – қоздырғышы вирус.

Белгілері: денеге шырышты қабыққа ұқсас күлдіреуіктер шығады, оның ішінде сары су болады.

Ауру ауа арқылы сырқат адамнан, оның вирусы жасырын кезде  және қабыршақтанып түсу кезінде  жұғады. Желшешек ауруын жұқтыру қаупі  өте жоғары. Жасырын кезеңі 14-21 күн орташа – 14 күн.

Ауру жедел басталады, ыстығы көтеріліп, бірден алғашқы күндері күлдіреуіктер пайда болады. Бұл ауру онша ауыр болмайтындықтан дәрімен емдеудің қажеті жоқ, бірақ балаға гигиеналық ұқыпты күтім керек.

Күлдіреуіктерге бриллиант көгінің 1% -дық ерітіндісін жағады.

Қызылша (корь) – қоздырғышы вирус. Ауруды таратушы – ауру адам. Ауру ауа арқылы жұғады. Жасырын кезеңі 8-10 күн, кейде 17 күнге дейін созылады.

Белгілері: дене қызуы 38,5-39º-қа көтеріледі, тұмау, құрғақ жөтел, жұтқыншақтың шырышты қабығы қызарады. Бала мазасызданып, жылауық келеді.

Осы кезде баланың екі жақ шырышты қабығынан азу тістері айналасынан, еріннің шырышты қабығынан, тіс қызыл еттерінен дәннің көлеміндей  ашық-қоңыр нүктелерді көруге болады. 4-5 күндері жаппай бөртпелер шығады. Бөртпелер ұсақ қызғылт нүкте түрінде құлақ сыртына, мұрын үстіне шығады. Бір тәулік ішінде ол бетке, мойынға, кеудеге, арқаға жайылып, келесі күні бүкіл денені, қолды, ал 3-ші күні аяқты қамтиды. Бөртпе шыққан кезде баланың қызуы жоғары болады. Сосын қызуы түсіп, бөртпелер бозғылттанады. Бала 2-3 күн тұрмай жату керек.

Қызылшаға 3 айлық жасқа  дейінгі сәбилер төзе алмайды. Себебі, оның организміне анасымен берілген иммунитет әлсіз.

Қызылша басқа да аурулар  тәрізді әртүрлі болып, кейде жеңіл өтеді.

Бала жатқан бөлмені  таза ұстап, жиі-жиі желдетіп тұру қажет. Бөлмені дымқыл шүберекпен тазалаған  дұрыс.

Ұшпа   (краснуха) – қоздырғышы вирус. Ауруды таратушы – ауру адам. Жасырын кезеңі 15-24 күн, орташа 16-18 күн.

Ұшпа ауруы білінгеннен  бірнеше күн бұрын жұтқыншақта оның вирусы табылуы ықтимал. Аурудың бірінші күнінен бөртпелер пайда болғаннан кейінгі 5 күн ішінде ауруды жұқтырады.

Белгілері: ұшпа баланың бетіне қызғылт теңбілді бөртпе түрінде шығудан басталып, бірнеше сағаттың ішінде барлық денеге, әсіресе буындардың айналасында, арқаға, жамбасқа, қолға және аяққа жайылады. Сонымен бірге, балада жеңіл-желпі тұмау, жөтел пайда болады.

Ұшпаға тән тағы бір  белгі – лимфа түйіндерінің, әсіресе  желке және жауырын түйіндерінің үлкеюі. Қызуы 38º-қа дейін көтеріледі. Бөртпелер 2-3 күннен кейін кетіп қалады да, орындарында ешқандай із қабыршақтану болмайды.

Ересек балалар мен  ересек кісілер бұл ауруды ауыр көтереді: бастары қатты ауырып, ыстығы жоғарылайды, лимфа түйіндері едәуір үлкейеді. Бұл ауру аяғы ауыр әйелдерге алғашқы үш айында өте қауіпті. Себебі, ұшпаның вирусы оның эмбриональды ұлпасын зақымдауға қабілетті және ол іштегі перзенттің қалыптасып келе жатқан ағзаларын да зақымдап, оның дамып-жетілуінде ауыр кінәраттайды.

Ана жүктіліктің алғашқы айларында ұшпамен ауырса, онда оны алдырып тастағаны дұрыс.

Шірінше, шықшыт безінің қабынуы (паротит) немесе шошқа мойын деп те атайды.

Қоздырғышы – вирус.

Ауру – сау адам мен ауру адам бір үйде болған кезде  ауа арқылы жұғады.

Шірінше вирусы мұрын, ауыз, жұтқыншақтың шырышты қабығы арқылы организмге еніп, көбінесе жүйке жүйесін, бездерді – соның ішінде сілекей, қарын бездерін, балаларда аталық ұрық безін зақымдайды.

Жасырын кезеңі 11-12 күн, кейде 26 күнге жетеді. Сондықтан балалар  мекемелерінде 21 күн карантин белгіленеді.

Белгілері: бас ауырып, қызу 38-39º дейін көтеріледі. Егер ауру құлақ айналасындағы сілекей бездеріне жайылса, онда бала аузындағы тамағын шайнағанда және жұтынғанда ауыратынына шағымданады. Құлағының алдыңғы жағынан сырғалықтан және құлағының артынан ісік пайда болады. Бұл әуелі бір жағынан сосын 1-2 күннен  соң 2-ші жағынан шығады.

Жасөспірім ер балаларда  шірінше ауруы олардың аталық ұрық безін қабындырады (орхит). Алғашқы  аптаның соңына қарай төмен түскен қызуы тағы да көтеріледі: басы, ұмасы, шабының маңы сыздап ауырады, ені ісіп үлкейеді. Жасөспірім балалар мұндай жағдайда қатты мазасызданып, үрейленеді. Сондықтан оларға 5-7 күндер ішінде басылатынын айтып түсіндіру керек. Алайда орхит ауруы өтсе кейін бала болмай қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда бала дәрігері мен хирургтің кеңесі өте қажет.

Шіріншеде асқазан безі ауруының қабат жүруі тән, оның негізгі  белгілері – іштің бүріп ауруы, жүрегі айну, құсу, тамаққа тәбеттің болмауы.

Шіріншемен ауырғанда  серозды менингит (ми қабығы) ауруына  да шалдықтырады. Бұл аурудың 3-6 күндері қызудың қайтадан көтеріліп, бастың ауыруы мен құсудан білінеді. Бала денесі болбырап, манаурайды, есінен тану пайда болады. Шіріншемен ауырған балаларды әдетте үйде емдейді. Ісінген сілекей бездеріне 3-4 сағ. құрғақ қыздыратын  компрес жасайды. Ал орхит кезінде керісінше қабынған аталық ұрық ұмасына суық суға малынған салфетка салады да, ол жылынғанда оны алмастырып отырады. Егер орхит өте ауыр өтсе, баланы ауруханаға жатқызады.

Менингит кезінде де ауруханаға жатқызған дұрыс. Бұл кезде диагноз қою және емдеу үшін жұлын пункциясын жасайды.

Көкжөтел. Қоздырғышы - өте ұсақ, таяқша тәрізді бактериялар. Жасырын уақыты 5-8 күн, кейде 21 күнге ұзарады. Балаларда қызылшадан кейін екінші орында тұр. Көкжөтел адамның тыныс жолын зақымдайтын жұқпалы ауру. Микробтар ауа арқылы таралады.

Негізінен көкжөтелге 1-7 жас арасындағы балалар шалдығады. Көкжөтелдің балаға зияны көп.  Ол әсіресе нәрестенің орталық жүйке  жүйесін  қатты зақымдайды. Соның  салдарынан балалардың өсуі тежеледі. Егер көкжөтелге қызылша мен тұмау қосылса бала өміріне қауіп төнеді. Көкжөтелмен 1 айға жуық ауырады. Көкжөтелден кейін бала организмінде оған қарсы иммунитет пайда болады.

Көкжөтел таяқшасы тыныс  жолдарының сілекей қабығына орналасып  алып, ұзақ уақыт бойы көбейе береді, айналасындағы жасушалар мен ұлпаларды зақымдайтын улы зат бөледі. Сілекейлі қабықтағы жүйке талшықтары  көкжөтел бөліп шығаратын улы заттардың әсерінен үнемі тітіркеніп отырады. Содан бала үздіксіз жөтеледі. Жөтелі ұзаққа созылса, ауа жетпегендіктен баланың беті аз уақытта көгеріп кетуі мүмкін. Жөтел кезінде ауру баланың бет-аузы қимылдайды, тілі аузынан шығып кетеді. Астыңғы күрек тістерге үйкеле бергендіктен тілінің астыңғы жағында жара пайда болады. Бұл да көкжөтелдің айқын белгісі. Түнде көбірек жөтеледі.

Ревматизм – созылмалы жұқпалы-аллергиялық ауру. Көбіне кішкентай және жасөспірім кезінде басталады.

Аурудың дамуы стрептококк  жұқпалы ауруымен байланысты. Көбінесе баспа, жоғары тыныс жолдарының қабынуы  салдарынан пайда болады. Ревматизм  ауруы бар балаларда созылмалы тонзилит, тіс жегі байқалады.

Бұл ауруда дәнекер ұлпасы зақымданады. Әсіресе жүрек және тамыр дәнекер ұлпалары. Клиникалық белгілері баспамен ауырғаннан кейін 7-15 күннен кейін білінеді.

Аурудың басталуы әртүрлі  болуы мүмкін: жедел, баяу, жасырын. Жедел басталғанда қызу көтеріледі, буындары ауырады, ересек балалар жүрегінің тұсы ауыратынын сезеді.

Информация о работе Лекциялық сабақтар