Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:26, курс лекций
Работа содержит лекции по дисциплине "Биология"
Бірнеше жүйке орталығындағы қозу мен тежелу бір орталыққа жинақталады. Мұны қозу мен тежелудің жинақталуы дейді. Жинақталу таралуға қарама-қарсы құбылыс. Балаларда ол нашар болады.
Жүйке орталықтарының негізгі қасиеттерінің бірі – доминанта. Оның негізін ең алғаш А.А.Ухтомский ұсынған. Оның қозу мен тежелудің доминантасы (лат. доминанта - басым) туралы ілімі бойынша жүйке жүйесінің қызметінде бір жүйке орталығының қозуы басқаларынан басымырақ болады да, басқа орталықтардың қызметін өзіне бағындырады. Мысалы, “2” алып жылап отырған баланы жұбатса, оның жылауы үдей түседі. Балаларда басымдылық оңай және жеңіл пайда болады. Сондықтан баланың зейіні тұрақсыз болады. Егер бала жұмыстың бір түрімен ұзақ шұғылданса, оның басым орталығы шаршап белсенді зейіні төмендейді. Сондықтан мұғалімдер балалардың сабаққа зейініне көңіл бөліп, еңбектің түрін ауыстырып отыру керек.
Жүйкелік орталық байланыстың молдылығынан бір жүйке жасушасына жүйке жүйесінің бірнеше жерінен нерв импульстері келуі мүмкін. Әртүрлі талшықтар арқылы келген қозулардың ұшырасуын конвергенция деп атайды. Мысалы, дыбыс, көру, тері рецепторларынан келген қозулар бір нейронда түйісуі мүмкін.
Жүйке жүйесінің үйлестіру қабілеті 18-20 жаста толық қалыптасады.
4-тақырып. Жоғары жүйке әрекеті, жүйке жүйесінің гигиенасы
Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күй, ұйқы, түс көру.
Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппократ секілді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Ал, психикалық әрекеттердің рефлекторлы табиғатын орыстың ғалымы физиолог И.М.Сеченов «Ми рефлекстері» (1863 ж.) деген еңбегінде ғылыми түрде түсінік берген. И.М.Сеченовтың бұл ілімін экспериментальды түрде дәлелдеген және дамытқан орыс ғалымы И.П.Павлов. Ол жоғары жүйке әрекетін шартты рефлекстер тудыру арқылы зерттеп, адам мен жануарлардың психологиясының заңдылықтарын алғаш рет түсіндірген.
Рефлекс және оның түрлері. Рефлекс деп сыртқы ортаның тітіркендіргіштерінің әсеріне жүйке жүйесінің қатысуымен берген жауабын айтады. Рефлекс кезінде қозудың жүретін жолын рефлекторлық доға деп атайды. Рефлекторлық доға бірнеше бөлімдерден тұрады:
1. Сезгіш бөлім.
Мұнда орналасқан сезгіш рецепт
2. Афференттік
жол рецепторларда пайда
3. Жүйке орталығы.
Орталық жүйке жүйесінде
4. Эфференттік жол орталық жүйке жүйесінде пайда болған жауап қозуды эффекторға (жұмысшы мүшеге) әкеледі.
5. Эффектор орталықтан келген қозуға байланысты қызмет атқарады.
6. Эффектордың
рецепторлық құрылымы. Жұмысшы мүше
қызмет атқарғанда ол мүшенің
биохимиялық және электрлік
7. Эффектордың
эфференттік жолы. Эффектордың рецепторында
пайда болған қозуды сол
Рефлекторлық доғаның қозу жүретін жолдарын екіге бөледі: тура және кері байланыс жолы деп. Рефлекторлық доғадағы сезім мүшесінде пайда болған қозу орталыққа барып, одан жауап келген жол тура байланыс жолы деп аталады. Ал жұмысшы мүшенің сезгіш рецепторында пайда болған қозудың қайтадан орталыққа барған жолын кері байланыс жолы деп атайды.
И.П.Павлов барлық рефлекстерді шартты және шартсыз рефлекстер деп екіге бөлді.
Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылығы
Шартсыз рефлекс |
Шартты рефлекс |
1 Туа пайда болған |
1. Жүре пайда болған |
2. Тұқым қуалайды |
2. Тұқым қуаламайды |
3. Рефлекторлық
доғасы жүйке жүйесінің |
3. Рефлекторлық доғасы ми сыңарларының қыртысында қалыптасады. |
4. Шартсыз рефлекс
қалыптасу үшін қосымша |
4. Қажет |
Шартты рефлекстің
пайда болуына қажетті
- әсер етуші
шартты және шартсыз
- шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркендіргіштердің әсерінен сәл бұрын басталып (15-20 сек), олар біраз уақыт әсер ету керек;
- тітіркендіргіштер тұрақты ретпен әсер ету керек;
- аталған жағдайлар ұзақ уақыт қайталану қажет;
-Шартты тітіркендіргіштердің шартсыз тітіркендіргіштен әлсізде болуы;
- ми қыртысының қызметі дұрыс болу керек.
Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін шартты әсер ретінде баланың жақсы көретін тамағын немесе ойыншығын қолданады. Мысалы балан жүргізіп үйреткенде кәмпит немесе ойыншықты көрсетіп шақырады да бала тәй-тәй басып келгенде бере қояды. Кейіннен кәмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға ұмтылады.
Сөз әсеріне шартты рефлекс тудыру үшін 3 жасқа дейінгі балаларда негізінен 3 жағдайды сақтау керек. Сонда бала тез, уақытында сөйлеп үйренеді:
1. Үйретіп отырған сөздің мағынасына байланысты бейненің болуы. Мысалы, «әке» деген сөзді үйрету үшін «әке» деп айтып отырып, әкесін көрсету керек.
2. Сөзді айтушы болу керек және алғаш кезде ол тұрақты кісі, айталық шешесі болуы тиіс.
3. Бала сөздің мағынасына байланысты затты дұрыс көріп тұру керек.
Шартты рефлекстердің түрлері. Шартты рефлекстер рецепторлардың тітіркенуіне және пайда болатын қызметіне байланысты, қозу мен тежелуге байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Тітіркенетін рецепторларына байланысты төмендегідей бөлінеді:
1. Экстрорецепті шартты рефлекстер шартты тітіркендіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс және дәм сезу мүшелеріне, тері рецепторына.
2. Проприорецепті шартты рефлекстер қаңқа бұлшық еттерін тітіркендіргенде пайда болады.
3. Интерорецепті шартты рефлекстер ішкі мүшелерді тітіркендіргенде пайда болады.
Туатын қызметтің түріне қарай шартты рефлексті екіге бөледі: қимыл-қозғалыс және вегетативтік шартты рефлекстер.
Рефлексті тудыратын қозу мен тежелудің кезеңдеріне қарай шартты рефлекстерді оң және теріс неме жағымды және жағымсыз деп бөледі.
Уақытша нервтік байланыс. Шартты тітіркендіргіш әсер еткенде ми қыртысының тітіркендіргішке сәйкес орталығында қозу пайда болады. Мысалы, көзге әсер етсе – көру орталығы, дыбыс әсер етсе - есту орталығы. Шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен оған сәйкес орталықта екіншің қозу ошағы пайда болады. Организм үшін маңызды әсерді шартсыз тітіркендіргіш ретінде алғандықтан екінші орталықтағы қозу ошағы біріншіге қарағанда күштірек болады. Сондықтан бірінші қозу ошағындағы нерв импульстері екінші орталыққа тартылады да екеуінің арасында байланыс пайда болады. Шартсыз тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым екінші орталықтың қозуы күшті болып шартты рефлекс тез туады. Шартты рефлекстің пайда болуының негізі – ми қыртысындағы нерв орталықтарының арасында уақытша нервтік байланыстың пайда болуы.
Шартты рефлекстердің тежелуі. Тежелу 2 түрлі болады: сыртқы немесе шартсыз және ішкі немесе шартты тежелу.
Сыртқы тежелу туа пайда болады. Ол шартты рефлекторлы түрде пайда болған кезде сыртқы ортаның күшті немесе ұзақ әсер ететін басқа тітіркендіргішіне байланысты байқалады. Мысалы, мұғалімнің айтқанын ұқыпты тыңдап отырған бала, кенеттен даладан шыққан қатты дауысты естісімен мұғалімді тыңдамай, дереу терезеге қарайды. Мұнда ми қыртысында пайда болған жаңа қозу ошағы шартты рефлекторлы түрде болған қозу ошағын тежейді.
Шартты немесе ішкі тежелу пайда болған шартты рефлекстердің жағдай өзгергенде туады.
Ми қыртысының талдау және талқылау қызметтері. Динамикалы стереотип. Сыртқы және ішкі ортаның көптеген тітіркендіргіштерінің әсерінен биологиялық маңыздыларын таңдап алу үшін олар мида талданады.
Талдау арқылы организм өзіне қажетті, тиімді әсерлерді бөліп алып, ажыратады. Ми қыртысы әсер ететін тітіркендіргіштерді жіктеп талдайды. Таңдалған әсерлерге дұрыс жауап қайтару үшін ми қыртысында олар қайта жинақталып қорытылады, талқыланады. Мұны ми қыртысындағы талқылау дейді.
Өте күрделі талдау мен талқылаудың үлгісі ретінде динамикалы стереотипті алуға болады. Динамикалы стереотип деп адам мен жануарлардың ми қыртысында ұзақ мерзім тұрақты ретпен әсер еткен топты тітіркендіргіштердің біртұтас шартты рефлекторлы әрекетті тудыратын қабілетін айтады.
Жоғары жүйке әрекетінің топтары
Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын,мінез-құлықтарын жүйке әрекетінің топтары деп жинақтайды.
И.П.Павлов жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа бөледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі, алмасуы.
Қозу мен тежелудің күші деп ми қыртысындағы олардың өту дәрежесін айтады. Қозу мен тежелудің теңдігі деп олардың бір-біріне қатынасы мен дау дәрежесін айтады. Қозу мен тежелудің алмасуы деп олардың бір-біріне алмасу жылдамдығын айтады. Олардың алмасуы ширақ немесе баяу болуы мүмкін.
Қозу мен тежелудің осы қасиеттеріне қарай И.П.Павлов жануарларда жоғары жүйке әрекетінің 4 тобын ажыратады:
1. Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ.
2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ.
3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ.
4. Әлсіз топ. Ми қыртысының
нерв клеткаларының қызмет
И.П.Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекеттерінің 4 тобын дәрігер грек ғалымы Гиппократтың айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген. Гиппократ денедегі 4 түрлі сұйықтықтың өзара қатынасына байланысты адамның темпераментін 4 топқа бөлген. Олар холерик (грек. холе- сары өт), сангвиник (сангвине - қан), Флегматик (флегма – кілегей, шырын), меланхолик (мелайне холе – қара өт).
1. Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ – холерик.
2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ – сангвиник.
3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ – флегматик.
4. Әлсіз топ – меланхолик.
Аталған 4 топтың аралас түрлері жиі кездеседі.
1-ші және 2-ші сигнал жүйелері мен олардың дамуы. Адам баласының ми қыртысының жануарлардың ми қыртысынан айырмашылығы бар. дегенмен. Жануарлар мен адамдар үшін нақтылы әсерді және көз, құлақ т.б. организмнің сезгіш рецепторлары арқылы келетін сыртқы ортаның көріністерін талдау мен талқылау екеуінде де бар ортақ қасиет. И.П. Павлов сыртқы ортаның табиғи әсерін «сигналдар» деп атады. Сол сигналдарды қабылдайтын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп атады. Ал сол сигналдардың сөзбен белгісін «сигналдың сигналы» деп атады. «»Сигналдың сигналын қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін және сөйлеуге, сөзге байланысты ойлау қабілеттерін 2-ші сигнал жүйесі деп атады. 2-ші сигнал жүйесі адамдарға ғана тән.
1-ші сигнал жүйесі
жаңа туған нәрестеде бірнеше
күннен кейін қалыптасады. 7-10 күндері
алғашқы шартты рефлекстері
И.П.Павлов сигнал жүйесіне байланысты адамдардың жоғары жүйке әрекетін 3 топқа бөлді:
1. Көркем суретті топқа жататын адамдарда 1-ші сигнал жүйесі 2-ші сигнал жүйесінен басым.
2. Ойлы немесе саналы топтағы адамдардың 2-ші сигнал жүйесі 1-ші сигнал жүйесінен басым.
3. Орташа немесе аралас
топтағы адамдарда екі сигнал
жүйесі де бірдей шамада
Екі сигнал жүйесінің арасындағы мәліметтердің берілуі бойынша И.П.Павлов адамдардың 4 тобын ажыратты:
1. Мәлімет 1-ші сигнал жүйеден 2-шіге, 2-ші сигнал жүйесінен 1-ге жеңіл өтеді.
2. Мәлімет 1-ші сигнал жүйеден 2-шіге, 2-ші сигнал жүйесінен 1-ге қиын өтеді.
3. 1-ші сигнал жүйеден 2-ге мәлімет бөгеліп өтеді.
4. 2-ші сигнал жүйеден 1-ге мәлімет бөгеліп өтеді.
Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы. Баланың мінез құлқының қалыптасуына екі сигнал жүйесінің даму дәрежесі, жоғары жүйке әрекетінің топтары әсер етеді.