Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:26, курс лекций
Работа содержит лекции по дисциплине "Биология"
Аралық ми ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамуста зат алмасуын, дененің температурасын, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар.
Аралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады.
Ми бағанасының ортаңғы бөлігін ретикулярлық формация (торлы құрылым) деп атайды. Ол әртүрлі пішінді және мөлшерлі бір-бірімен шырмалып жатқан нейрондардан тұрады. Микроскоппен қарағанда торға ұқсас болғандықтан торлы құрылым деп те атайды. Торлы құрылым орталық жүйке жүйесінің 3 бөліміне әсер етеді: жұлын, мишық, үлкен ми сыңарларына. Жұлынның белсенділігін арттырып немесе тежеп отырады. Белсенділігін арттырғанда жұлын рефлекстері жақсы пайда болады, ал тежегенде жұлын рефлекстері әлсіреп, қозғыштығы төмендеп, адам ұйқыға кетеді.
Қыртысасты ядролар. Ми сыңарларының ақ заттарының ішінде қыртыс асты ядроларының сұр заттары болады. Олардың ішінде ең маңыздысы – бозарған ядро, қауызды ядро және құйрықты ядро.
Бозарған ядро ортаңғы мидағы қызыл ядроны тежейді. Бұл ядроның қызметі күшейгенде қосымша қимылдар көбейіп (қолдың еріксіз қимылдары, бет тыржияды), бұлшық еттің тонусы төмендейді.
Бозарған ядроның қызметі нашарлағанда бұлшық еттің тонусы күшейіп, көмекші қимылдар мүлдем жойылады. Ондай адамдардың беті маска тәрізді болып, қимылдары икемсіз бір-бірімен үйлеспейді.
Құйрықты ядро мен қауызды ядро бозарған ядроның қызметін тежейді. Сондықтан бұлардың қызметі күшейгенде бозарған ядроның қызметі төмендейді, ал қызыл ядроның қызметі күшейеді. Мұндай да паркинсон ауруындағы белгілер байқалады, ал қызметі нашарлағанда хореяға ұқсас кемшіліктер пайда болады.
4-6 жаста қыртыс асты ядролары ересек адамның 80%-дай болады.
7-13 жаста оның аксондары
толық миелинденіп, ересектерді
Үлкен ми сыңарлары (ми жарты шаралары). Мидың барлық салмағының 80%-ын үлкен ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 млрд жүйке жасушалары бар.
Құрылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан тұрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен тұрады: маңдай, орталық, төбе, шүйде және самай.
Үлкен ми сыңарларының сұр заты сыртында орналасқан. Ол ми қыртысы деп аталады, оның қалыңдығы 2-4 мм.
Қыртысты қабаттың астыңғы жағындағы ақ затты сырты миелин қабығымен қапталған нейрондардың аксондары құрайды. Олар ассоциативті, коммисуральді және проекционды талшықтар деп бөлінеді.
Ассоциативті талшықтар әр жарты шардың жеке бөліктерін байланыстырады. Комиссуральды талшықтар екі жарты шардың симметриялы бөліктерін байланыстырады. Проекционды талшықтар жарты шардан тыс шығып кетеді.
Нейрондардың пішініне қарай ми қыртысы 7 қабаттан тұрады:
1. Молекулярлық қабат – ең үстіңгі қабат, ол ұсақ нейрондардан тұрады.
2. Сыртқы түйіршікті қабат. Нейрондардың пішіні дән тәрізді.
3. сыртқы пирамидалы қабат. Нейрондардың пішіні пирамида тәрізді, мөлшері әртүрлі.
4. Ішкі түйіршікті қабат.
5. Ганглиозды қабат. Ірі пирамидалы Бец жасушаларынан тұрады.
6. Полиморфты (көп пішінді)
қабат. Нейрондардың пішіні
7. Бұл қабат жіп тәрізді өте ұзын нейрондардан тұрады.
Ми жарты шарлары екі үлкен қызмет атқарады:
1. Организмнің сыртқы
ортамен байланысын қамтамасыз
етеді, яғни адамның мінез-құлқ
2. Организмнің қызметін бір-бірімен байланыстыру, ішкі мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптастыру. Бұлар төменгі дәрежелі жүйке әрекеттері.
Бұдан бір ғасырдай бұрын ми жарты шарларының қызметі бірдей еместігі анықталған. Мидың сол жағындағы сөйлеу орталығы зақымданса, адам сөйлей алмай қалатынын Брок дәлелдеген.
Ми сыңарларының қызметі
Сол жақ жарты шар |
Оң жақ жарты шар |
Сөйлеу, түсіну, ойлау, тану, уақытты аңғару, ұқсастықты байқау, болжау, бағдарлау, тұжырымдау, жоспарлау |
Есту, сөзсіз іс-қимыл, кеңістікті қабылдау, заттарды тұтас түрінде қабылдау, олардың функциялық ұқсастықтарын байқау, заттардың алыс-жақындығын байқау. |
Ми қыртысындағы қозуды әрекет потенциалы ретінде жазып алуға болады. Оны жазып алатын аспапты электроэнцефалограф дейді, ал жазылып алынған биопотенциалдың қисық сызығын электроэнцефалограмма (ЭЭГ) деп атайды.
ЭЭГ-ның негізгі бес түрлі ырғағын бөледі: альфа, бета, гамма, дельта және тета ырғақтары.
Альфа ырғағы – тыныштық ырғақ, жиілігі секундына 8-13 рет. Бұл ырғақ адам жатқанда, тыныш отырғанда (көзін жұмып) байқалады. Ол ми қыртысының желке және төбе тұстарынан жақсы жазылынып алынады.
Бета ырғағы - әрекет ырғағы, жиілігі секундына 14-30 рет. Бұл ырғақ адам ой ойлағанда (мысалы, есеп шығарғанда) ми қыртысының маңдай және төбе бөлімдерінен жақсы жазылады.
Гамма ырғағы қатты қозу кезінде (мысалы, қуаныш, реніш, қатты ойланғанда) пайда болатын ең жиі ырғақ (орта есеппен 40гЦ.
Дельта ырғағы ең баяу, ұйықтағанда пайда болады, жиілігі орта шамамен 25 гЦ).
Тета ырғағы – жиілігі секундына 4-8 рет шала ұйқыда жатқанда жазылатын потенциал ырғағы (5 гЦ).
Ми сыңарларының дамуы. 1 жастағы баланың маңдай бөлімі нашар дамыған, оның сайлары мен қатпарлары ұсақ, таяз. Ми қыртысының қызметі нашар, қыртыс асты бөлімін бақылауы төмен дәрежеде, жұлынға ықпалы аз болғандықтан баланың ретсіз қимылдары көп болады.
4-6 жас аралығында баланың
сезім және қозғалыс аймақтары
қалыптасады. Функциялық
7-13 жаста ми қыртысының
үшінші қабатындағы пирамида
тәрізді клеткалары
13-18 жас арасында ми
қыртысының үшінші қабаты
Шеткі жүйке жүйесі. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан шығып бүкіл мүшелерге, олардың ұлпаларына, жасушаларына тараған нейрондар мен жүйке талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі соматикалық және вегетативтік жүйке жүйелеріне бөлінеді.
Соматикалық жүйке жүйесі организмнің сыртқы мүшелерін және қаңқа бұлшық еттерін жүйкелендіреді. Соматикалық жүйке жүйесінің орталықтары жұлынның барлық сегменттерінде, мидың барлық бөлімдерінде (аралық мидан басқасында) орналасқан.
Вегетативтік жүйке жүйесі барлық ішкі мүшелерді, қантамырларды, жүректі жүйкелендіреді. Вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары ми бағанасында, жұлынның көкірек, бел және сегізкөз бөлімдерінде орналасқан. Вегетативтік жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелерінен тұрады.
Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері орталық және шеткі (перифериялық) бөлімдерден тұрады.
Симпатикалық жүйке жүйесінің орталықтары жұлынның І-көкірек омыртқасымен ІІІ-бел омыртқасының арасында орналасқан. Перифериялық бөлімі симпатикалық шекара бағанасы мен түйіндерінен, жүйкелер мен жүйке өрімдерінен тұрады.
Симпатикалық шекара бағанасы мойын, көкірек, бел және сегізкөз бөліктеріне бөлінеді.
Мойын бөлігі 3 түйіннен тұрады: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Ең жоғарғы түйінінен ми сауытының ішіне қан тамырлары мен көздің қарашығын қозғайтын еттерді жүйкелендіретін күре тамыры жүйкесі кетеді. Мойын бөлігінің түйіндерінің үшеуінен де жүрек жүйкелері тарайды.
Көкірек бөлігі 10-12 түйіннен тұрады. Бұл бөліктердің жүйкелері көкірек қуысындағы мүшелер мен қан тамырларды жүйкелендіреді, мұнда үлкен және кіші құрсақ жүйкелері басталады. Олар диафрагмадан құрсақ қуысына өтіп, құрсақ қуысындағы мүшелер мен қан тамырларды жүйкелендіреді.
Сегізкөз бөлігі 4-5 түйіннен тұрады. Олар жамбас қуысындағы мүшелер мен қан тамырларды жүйкелендіреді.
Парасимпатикалық бөлімнің орталығы сопақша мида, ми көпірінде және жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасқан. Ми бөлімдерінен басталатын бұл бөлімнің жүйке талшықтары көзді қозғаушы, бет, тіл-жұтқыншақ және кезеген жүйкелердің құрамынан шығып өздері таралатын мүшелердің маңында немесе тікелей мүшелердің ішінде ганглиялар түзеді.
Вегетативтік жүйке
жүйесінің екі бөлімінің
Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдердің ішкі мүшелерге әсері
№ |
Мүшелер |
Симпатикалық бөлімнің әсері |
Парасимпатикалық бөлімнің әсері |
1 |
Көз қарашығы |
Ұлғаяды |
Кішірейеді |
2 |
Артерия қантамырлары |
Тарылады |
Әсер етпейді |
3 |
Жүрек |
Соғуы жиілейді |
Соғуы баяулайды |
4 |
Бронхылар |
Кеңейеді |
Тарылады |
5 |
Ішек |
Жиырылуы баяулайды |
Жиырылуы жиілейді |
6 |
Сілекей бездері |
Сөл бөліну азаяды |
Сөл бөліну көбейеді |
7 |
Тер бездері |
Тер бөліну күшейеді |
Әсер етпейді |
8 |
Бауыр |
Өт бөліну азаяды |
Өт бөліну көбейеді |
9 |
Қандағы қант мөлшері |
Көбейеді |
Азаяды |
Жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу. Қозу мен тежелу екуі де нейрондардың белсенді қызмет қабілеті. Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жатқан зат алмасуының өзгеруіне байланысты.
1862 жылы И.М.Сеченов
орталық жүйке жүйесіндегі
Пресинапстық тежелу кезінде қозу импульстерін өткізетін аксонның тармағына басқа нейронның аксонының арнайы тежегіш синапстық ұшы келеді де нерв импульстерін жібермейтін медиатор бөледі.
Постсинапстық тежелу орталық жүйке жүйесінде арнайы тежегіш нейрондардың болуына байланысты. Тежегіш нейрондардың синапстық ұшындағы тежеуші медиатордың әсеріне байланысты постсинапстық мембранада әрекет потенциалының пайда болуына кедергі жасалады да, тежелу туады.
Орталық жүйке
жүйесіндегі жүйке
Жүйке орталықтарының бірнеше қасиеті бар: жүйке орталықтары өзінің қызметін жағдайға байланысты өзгерте алады., орталық жүйке жүйесінің синапстарына сәйкес жүйке орталықтарында қозу бір бағытта ғана қозғалады, қозу тежеледі, мүшелердің қызметі үйлестіріледі.
Көптеген мүшелердің
қызметін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы
ортаның әсеріне бейімделуін
орталық жүйке жүйесінде
Орталық жүйке жүйесіндегі бір жүйке орталығында пайда болған қозу мен тежелудің көрші орталықтарға таралуын иррадациялану дейді. Қозу мен тежелудің жайылуы жүйке талшықтарының миелин қабығының қалыңдығына байланысты. Жаңа туған нәрестелерде миелин қабығы өте жұқа, тіпті болмайды. Сондықтан қозу мен тежелу өте тез тарайды. Жүйке талшықтарының миелинденуі 5-10 жасқа дейін созылады. Қозу мен тежелудің таралуы тітіркендіргіштің күшіне да байланысты. Қозу мен тежелудің жайылуы балаларда күштірек. Мысалы, қызық ойыншық көргенде баланың аузы ашылып қалады, қуанып секіре бастайды, мәз болып күледі, яғни бірнеше орталықтардың қызметі пайда болады.
Жүйке орталықтарында қозу
тежелуге және керісінше тежелу қозуға
жылдам ауысады. Сонымен қатар, бір
жүйке орталығының қозуына