Лекциялық сабақтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:26, курс лекций

Описание работы

Работа содержит лекции по дисциплине "Биология"

Работа содержит 1 файл

лекциялар физиолог.doc

— 535.50 Кб (Скачать)

Лекциялық сабақтар

1-тақырып.  Адам организмінің өсуі мен  дамуының негізгі заңдылықтары

Балалар мен  жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерін өсу деп атайды. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы, салмағы және кеуде шеңбері.

Даму – сапалық  көрсеткіш. Организмнің дамуы дегеніміз ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуы, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюы. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық дамуы.

Физикалық дамудың  көрсеткіштері барлық мүшелерге  бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы.

Функциялық  дамудың көрсеткіштері мүшенің  атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минутық көлемін өлшейді.

Өсу мен дамудың  барлық адамдарға ортақ бірнеше  заңдылықтары бар:

1. Өсу мен  даму гетерохронды болады, яғни  үнемі біркелкі болмайды. Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішінде бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез, қыста нашар немесе түнде бой көбірек, күндіз аз өседі.

Өсу қарқыны  адам өмірінде үш рет күшейеді: 1) туғаннан 3 жасқа дейін; 2) 3-7 жас аралығы; 3) жыныстық жетілу кезеңінде.

2. Мүшелер мен  мүшелер жүйелерінің өсу мен  даму қарқыны әртүрлі. Баланың  алғашқы жылында миы тез өседі, 7 жасқа жеткенше оның миы ересек  адамның миының 80-90% шамасында болады. Ал лимфа ұлпаларының өсіп  дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің өсіп жетілуі 12 жастан әрі қарай болады.

3. Өсу мен  даму баланың жынысына байланысты. Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста,  ұлдарда 13-14 жаста басталады да  жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше қыздардың салмағы, бойы, кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер балалар тез өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары болады.

4. Өсу мен  дамудың тұқым қуалау қасиеттері  мен сыртқы ортаның жағдайларына  тәуелділігі. Организмнің өсу  және даму қарқыны, жыныстық  деморфизм және жеке мүшелер  мен мүшелер жүйесінің жетілуі тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. Дегенмен олар сыртқы ортаның жағдайына байланысты ауытқуы мүмкін.

5. Өсу мен  дамудың акселерациясы. Акселерация дегеніміз өсу мен дамудың қарқынды жүруі. Яғни, қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады.

Өсу мен дамудың  акселерациясының бірнеше белгілері:

- жаңа туған  нәрестелердің ірі болуы;

- белгілі бір  жас мерзімінде балалар мен  жастардың денесінің ірі болуы;

-ерте жыныстық жетілу;

-баланың сүйегінің  ерте қатаюы;

-бойдың өсуінің  ерте тоқтауы.

Адам  жасының кезеңдері

Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда балалардың жасын  белгілі бір топқа бөлуге тура келеді. Ол топтардағы балалардың жасын  белгілі бір мөлшермен шектеу қажет. Осыған байланысты адам өмірін бірнеше жас кезеңдеріне бөледі. Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады. 1965 жылы Мәскеу қаласында адам организмін зерттейтін түрлі ғалымдар өкілінің қатысуымен болған дүниежүзілік жас кезеңдерінің жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:

  1. Нәресте- алғашқы 10 күн;
  2. Емшектегі сәби -10 күн-1 жас аралығы;
  3. Алғашқы балалық шақ - 1-3 жас аралығы;
  4. Бірінші балалық шақ - 4-7 жас аралығы;
  5. Екінші балалық шақ - 8-11жас (қыз бала), 8-12 жас (ұл бала);
  6. Жасөспірім шақ - 12-15 (қыз бала), 13-16 (ұл бала);
  7. Кәмелеттік немесе бозбала, бойжеткен - 16-20 (қыз бала), 17-21 (ұл бала);
  8. Кемел жас (ересектіктің 1- кезеңі) - 21-35 (әйелдер), 22-35 (ерлер);
  9. Ересектіктің 2- кезеңі - 36-55 (әйелдер) , 36-60 (ерлер);
  10. Егде жас - 56-74 (әйелдер), 61-74 (ерлер);
  11. Қарттық жас - 75-90 (әйелдер, ерлер);
  12. Ұзақ жасаушылар - 90 жастан жоғары.

2-тақырып.  Қозу физиологиясы

 

Адам организмі  екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік.

Физиологиялық тыныштық деп адам көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді. Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасу артады, бірнеше мүшелер, мүшелер жүйесі қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жүрек-қантамырлар, тыныс алу, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, жасушаларды тітіркендіреді.

Адам денесіндегі  көпшілік тірі клеткалардың тітіркену  қасиеті болады. Тітіркену деп сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін айтады.  Сыртқы және ішкі орталардың әсерін тітіркендіргіштер деп атайды. Тітіркендіргіштерді төртке бөледі: физикалық, химиялық, физико-химиялық, биологиялық.

Физикалық тітіркендіргіштер деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым, температура) және электрлік әсерлерді айтады.

Химиялық тітіркендіргіштерге тамақтың құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, қышқылдар, сілтілер тәрізді заттардың әсері жатады.

Физико-химиялық тітіркендіргіштерге ерітінділердегі заттардың парциалды қысымы, осмостық қысымы, иондардың және түрлі заттардың концентрасиясы жатады.

 Биологиялық тітіркендіргіштерге макро және микроорганизмдердің әсері жатады.

Тітіркендіргіштердің  әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркенгіш ұлпалар деп атайды. Оларға жүйке, бұлшық ет, без ұлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштердің әсеріне қозумен жауап береді. Қозу аталған ұлпалардың жұмыс қабілеті. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалар қызмет атқарады, олардың қызметі күшейеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-тақырып.  Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі мен дамуы

 

Жүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай төмендегідей анықтауға болады:

- мүшелерді  бір-бірімен байланыстырып, организмнің  біртұтастығын іске асырады;

- денедегі барлық  мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді;

-  организмді  сыртқы ортамен байланыстырады;

- сыртқы ортаның  өзгермелі жағдайына организмді  бейімдейді;

- денедегі барлық  жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз  етеді.

Нейронның құрылысы. Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі – жүйке жасушасы. Жүйке жасушасын нейрон деп атайды. Нейронның денесін сома деп атайды. Нейронның көптеген ұсақ өсінділерін -дендриттер, ал ұзын бір ғана өсіндісін – аксон (нейрит) деп атайды. Аксонның сыртын миелин қабығы қаптап тұрады. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар – глиялар қоршаған. Нйрондар мен глиялар жүйке ұлпасын құрайды. Глиялар жүйке клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады.

Нейрондар бір-бірімен  өсінділер арқылы байланысып, синапстарды (грекше “synapsis” - байланыс) түзеді. Синапста бір нейронның аксоны екінші нейронның дендритімен байланысады. Синапс екі бөлімнен тұрады: пресинапстық және постсинапстық бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар, ол аксонның жуандаған ұшы – синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялық заттан тұрады. Қозуды қабылдайтын дендриттің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс аралығы болады. Ол – клеткааралық сұйыққа толы кеңістік.

Әр нейронның денесіндегі  синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Синапстардың екі түрі бар: қоздырушы және тежеуші.

Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған  нәрестелерде синапстар аз болып, ержеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамдарда көп болады.

Жүйкелер мен  жүйке талшықтары. Сырты қабықпен қапталған жүйке жасушаларының өсінділерін жүйке талшықтары деп атайды. Жүйке талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және миелинсіз.

Миелинсіз жүйке талшықтарының  бойымен қозу үздіксіз жүріп отырады, ал миелинді жүйке талшықтарының бойымен бір Ранвье белдеуінен екіншісіне секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамдайды. Жүйке талшығы арқылы қозудың өтуі жүйке талшықтарының диаметріне де байланысты. Жүйке талшықтарын диаметріне байланысты 3 топқа бөледі: А, В, С.

А тобының талшықтарының диаметрі 22 мк, миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы секундына 120 м.

В тобының талшықтарының диаметрі 3 мк-ға дейін, миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы секундына 5 м.

С тобының талшықтарының диаметрі 1 мк-ға дейін, миелин қабығы болмайды, қозудың жүру жылдамдығы секундына 2 м.

Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын жүйке талшықтары жуандап орталық жүйке жүйесінде де және шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.

Жүйке талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын  қабықпен қапталып жүйкелерге айналады. Бір жүйкенің құрамында қозуды орталыққа  жеткізетін (афференттік) және қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге әкелетін (эфференттік) талшықтар болады.

Орталық және шеткі жүйке жүйелерінің құрылысы, қызметі және дамуы. Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі жүйке жүйесі болып бөлінеді.

Орталық жүйке  жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамдарда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. Жұлынның жоғарғы ұшы сопақша мимен жалғасады да, төменгі ұшы шашақтанып І және ІІ бел омыртқа тұсында бітеді.

Адамның жұлыны 31-33 сегменттен тұрады: 8 мойын, 12 арқа, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әр сегменттен қос-қостан шыққан жүйке түйіндері екі жұлын жүйкелеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы жүйкелер). Жалпы жұлыннан 31 жұп жүйке тарайды. Жұлын жүйкелері жұлын өзегінен шығып (І жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының бұлшық еттерін жүйкелендіреді. Әрбір бөлім өзіне тән жерлерін жүйкелендіреді.

Жұлын екі түрлі қызмет атқарады: өткізгіштік және рефлекторлық (тізе рефлексі, зәр шығару эякуляция, жыныс мүшесінің эрекциясы).

Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы қарқынды жүреді де, 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын қалады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жасқа жуықтағанда аяқталады.

Ми. Ми ми сауытында орналасқан. Мидан 12 жұп нерв тарайды: І-иіс, ІІ-көру, ІІІ- көз қимылдатқыш, ІV- шығыршық, V-үшкіл (үш тарамды), VІ- бет бұру, VІІ- бет, VІІІ-дыбыс, ІХ-тілжұтқыншақ, Х- кезеген, ХІ-қосымша, ХІІ-тіласты жүйкелері.

Жаңа туған сәбидің  миының салмағы орта есеппен 360-390г, ересек адамдарда 1400-1450г. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста байқалады. Адамның ақыл-ойы миының салмағымен тікелей байланысты емес. Дегенмен мидың физиологиялық қалыпты қызмет атқару қабілеті оның салмағы 900 грамнан төмендегенде және 2100 грамнан асқанда бұзылады.

Мидың бөлімдері: сопақша ми, Вароли көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми, үлкен ми сыңарлары.

Сопақша ми - жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Ол екі түрлі қызмет атқарады: өткізгіштік және рефлекторлық. Сопақша мида тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, сілекей шығару, қарын және қарын асты безінің сөлдерін бөлу орталығы орналасқан және ІХ-ХІІ жұп нервтерінің ядролары орналасқан.

Вароли көпірі – сопақша  мидың үстінде орналасқан. Көпірден Ү, ҮІ жұп нервтері және көпір мен сопақша мидың арасынан ҮІІ- ҮІІІ жұп нерв тармақтары шығады. Сопақша ми мен көпірді артқы ми деп те атайды. Артқы мидың дамуы 7 жасқа келгенде аяқталуға жақындайды.

Мишық сопақша мидың артқы жағында орналасқан. Мишықта дененің қимыл-әрекеттерін, тепе-теңдікті сақтау мен бұлшық еттердің тонусын реттейтін орталықтар орналасқан. Мишықтың толық дамып жетілуі 7-8 жаста аяқталады.

Ортаңғы ми вароли көпірінің  үстінде орналасқан. Мұнда сұр заттар 4 төбешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы және шығыршық жүйкелерінің, қызыл және қара субстанцияларының ядролары бар. 4 төбешіктің алдыңғыларында алғашқы көру орталықтары, артқы төбешіктерінде алғашқы есту орталықтары орналасқан. Қызыл ядро бұлшық ет тонусын реттейді. Қара субстанция жұтыну, шайнау, саусақтардың нәзік қимылдарын реттеуге қатысады.

Информация о работе Лекциялық сабақтар