Лекциялық сабақтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:26, курс лекций

Описание работы

Работа содержит лекции по дисциплине "Биология"

Работа содержит 1 файл

лекциялар физиолог.doc

— 535.50 Кб (Скачать)

Ревматизм ауруында жүрек-тамыр  жүйесі зақымданады.

Балалардың ревматизмінде  жүректің екінші және жиі үшінші қабаты зақымданады. Ең алдымен миокард, сосын эндокард және эпикард зақымданады. Ревматизм жүрек порогының пайда болуының негізгі себебі болып табылады.

Ревматизмнің тағы бір  формасы (жүректен тыс) буындардың зақымдануы – полиартрит. Буындары ауырып, ісініп кетеді, терісі қызарады.

Ревматизмге диагноз  қоюға зертханалық зерттеулердің  маңызы зор: қанда нейтрофилдер, лейкоциттер, ЭТЖ жоғарылайды.

Ревматизммен ауырған  балаларды ұзақ емдейді. Жедел түрінде  ауруханада емдеу керек.

Аурудың алдын алу  үшін бала организмін шынықтырып, дұрыс  тамақтандырып, баспа, тонзилит, тіс жегін дер кезінде емдеу қажет.

 

Балалр мен  жасөспірімдердің жұқпалы ауруларының  алдын алу екпелері:

1. Туберкулезге қарсы – 1-ші екпе 5-7 күндері жасалады; 7, 12, 17 жаста қайталанады.

2. Полиомелитке қарсы – 2 айда жасалады; 1, 2, 3, 7, 15-16 жаста қайталанады.

3. Күл (дифтерия), көкжөтел (коклюш) және тырысқаққа (АКДС) қарсы 1-ші екпе 5-6 айда, 2-3 және 6 жаста қайталанады.

4. Шешекке (натуральная оспа)  қарсы 1-ші екпе 1-1,5 жаста, 8 және 15 жаста қайталанады.

5. Қызылшаға (корь) қарсы 10 айдан бастап 1 жасқа дейін 1 рет егіледі.

6. Шірінше ауруының алдын алу үшін 14 айға дейін егу жасайды.

Тері аурулары

Тері аурулары төмендегідей факторлардың әсерінен болуы мүмкін:

  1. Сыртқы факторлар – химиялық, физикалық тітіркендіргіштердің әсерінен тері қабынуы болуы мүмкін.  Олар: күйік, үсік, дерматиттер.
  2. Биологиялық факторлар : а) микроскопиялық ауру қоздырғыш саңырауқұлақтар әсерінен микоз, кандидамикоз ауруына шалдығады;

б) паразиттер – қотыр;

в) вирус – ұшық.

Ішкі мүшелердің ауруының әсерінен әртүрлі аллергиялық аурулар туады (экзема).

Тері ауруының көбі витаминдердің  жетіспеуінен, белок, май, көмірсу алмасуы  бұзылғаннан, жүйке-жүйесінің, ішкі секреция жүйесінің қызметтерінен болуы  мүмкін. 


Информация о работе Лекциялық сабақтар