Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 23:30, курсовая работа

Описание работы

Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына өтуде. Сондықтан да, бухгалтерлер қаржылық есеп беруді халықаралық стандарттардың негіздеріне сәйкес жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Содержание

Кіріспе
1 Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеудің теориялық негіздері
1.1. Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі
1.2. Ұзақ мерзімді активтердің есебін аудиттеудің маңызы, міндеттері ақпараттық көздері
1.3. Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді нормативтік-әдістемелік реттеу
2. Кәсіпорын нысанындағы ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді ұйымдастыру қызметтері
2.1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне сипаттама және есеп саясаты
2.2. Кәсіпорын бойынша ұзақ мерзімді активтердің есебін реттеу тәртібі, жағдайы, қозғалысы
2.3. Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді активтердің аудиті
3. Негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
3.1. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған ақпарат көздері

Работа содержит 1 файл

аудит курсовой.doc

— 525.00 Кб (Скачать)

 

8-кестеде келтірілген жұмыстың әрбір түрінде қолмен жасалатын нұсқа алдында сөзсіз артықшылықтар бар. Қазіргі таңда аудиторлық қызметтің кешенді жүйесін құру мүмкіндігі мен қажеттілігі туралы көп фактілерді келтіруге болады. Осылайша, А.Н.Романов және Б.Е.Одинцов «Автоматизация аудита» [38] оқулығында бақылаушы-кеңес беруші аудит жүйесін (БКАЖ) ұйымдастырудың теориялық және практикалық сұрақтарын қарастырады, ол екі негізгі қызмет атқарады:

1) бақылаушы аудит, дербес есептік жұмыстардың бақылауын қамтиды (дайын өнімді, өндіріске кететін шығындарды және өнімнің өзіндік құнын, ұмымның жарғылық капитал есебін, қызметкерлердің еңбекақысының есебін, материалдық құндылықтарды, ақша қаражаттарын, қаржылық нәтижелерді және т.б.)

2) консультациялық кеңес беруші аудит, әдетте экономикалық субъект әкімшілігінің қызметін талдайды, оның құрамына заемды қаражаттар, дивиденттік саясат, қаржылық тұрақтылық және төлемқабілеттілікті қамтамасыз ету, ұйымның қаржылық жағдайының стратегиясының аудиті кіреді.

Яғни, «компьютерлік аудит» термині аудиторлық қызметті ұйымдастыру барысында компьютерлер мен заманға сай ақпараттық технологияларды қолдану екендігін білдіреді. Оның ішіне қаржылық есептіліктің аудиторлық тексерісін жүргізу мен аудиторлық қорытындыны жасау, сонымен қатар ілеспелі қызметтерді көрсету де жатады.  Әдебиеттерде осы терминнің жаңа түсініктемесі пайда болды, кейбір авторлар «компьютерлік аудит» терминін өңделетін ақпаратта болуы мүмкін бұрмалаушылықтардың сыртқы және ішкі көздерінен қорғаныс, сенімділікті тексеру деп түсінеді [59]. Бірақ бұлар аудиторлық қызметке қатысты жұмыстардың бір бөлігі ғана болып табылады.

А.Н.Романов пен Б.Е.Одинцов «Автоматизация учета» еңбегінде удиттің негізгі мақсаты – бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйе жұмысының дұрыстығын тексеру деп пайымдайды [60, 15 б].

Демек, аудитті стандарттау, оны өткізудің анық ережелері мен аудиторлық құжаттардың нысандарына деген қатаң талаптар қажетті құжаттарды ұйымдастыру және оларды өңдеуді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Оларға мыналар жатады: аудитті өткізудің келісім хаты, аудитті өткізудің келсімшарты, аудиторлық қорытынды, жұмысқа қажетті кестелердің, тестілердің, сұрау қағаздарының міндетті жиынтығы және т.б. [60, 115 – 117 б].

Экономистердің шаруашылық субъектінің әкімшілігінің қызметін және қаржылық жағадайын экономикалық талдау барысында қолданылатын математикалық әдістердің жоғарғы даму деңгейі әкімшілік қабылдайтын шешімдердің қаншалықты тиімді екенін, банкроттыққа ұшырау ықтималдылығын мүмкіндігін, төлемқабілеттілікті жоғалту немесе жоғалтылған төлемқабілеттілікті қалпына келтіру факторларын бағалауға мүмкіндік береді. Талдаудың көптеген міндеттері математикалық тұрғыда дұрыс қойылған, сондықтан автоматты түрде шығарыла алады.

В.И.Подольский «Компьютерные информационные системы в аудите» кітабында аудиторлық қызметті автоматтандырудың құрылымы бойынша былай дейді: «Аудитордың жұмысы әртүрлі уақыттық кезеңдерге жататын заңнамалық және басқа да нормативтік актілердің көпшілігін тартумен байланысты. «Гарант», «Консультант+», «Интернет» сияқты ақпараттық-анықтама жүйелері кең қолданылады. Оларды да аудиторлық қызметті автоматтандырудың бір бөлігі ретінде қарастыруға болады» [58,127 б].

Аудиторлық қызметті автоматтандыру әділ тіршілік ететін ақиқат болып табылады. ХАС-та аудит барысында компьютерді колдану алты стандартта ескеріледі.

Қазіргі кезде бағдарламалық жабдықтардың саны өте көп, бүгінге түрлі бағыттарда маманданған кәсіпорындардың бухгалтерлік есебін есептік техникасыз елестету мүмкін емес деп те айтуға болады. Осылайша, аудитте компьютерлер мен ақпараттық технологияны қолдану заман талабы деген тұжырымдаманы айтуға болады.

Қазақстандық аудит  жағдайына тоқтала кететін болсақ, оның жетіспеушілігінің бірі – аудиторлық тексеріс пен оған ілеспелі қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың технологиялық төмен деңгейлілігі. Көпжылдық тәжиребесі бар батыстың ірі және орташа компанияларына аудиторлық технологиялардың дамуының жоғарғы деңгейі, аудитте есептеуіш техниканы белсенді қолдану тән. Олардың қоржынында тексерудің мүлтіксіз өңделген әдістемесі бар, бұл әдістеме аудиторлық тексерістерді жоғары маманданған персонал мен көптеген ассистенттер арқылы тез әрі сапалы орындауға мүмкіндік береді. Осындай «конвейерлік әдіс» аудитті өткізу мерзімін қысқартуға, оның тиімділігін арттыруға, персоналдың тез дағдылануына жол ашады. Басында қиын емес міндеттерді орындай отырып, жас маманның кәсіби өсу жағдайы пайда болады және ассистенттердің ауысуы жеңіл өтеді.

              Қорыта келгенде, ХХІ ғасырдың аудиторлық қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану – аудиттің даму сатысының ең негізгі және маңызды шарты болып саналады, ол – заман талабына сай қажетті аспект. Барлық аудиторларға ең негізгі заңдылық құжат және жұмыс барысындағы көмекші, әрі нұсқаушы болып табылатын Халықаралық аудит стандарттарында қазіргі таңда аудитті компьютерлеуге байланысты стандарттар алынып тасталғанмен, бұл мәселе барлық басқа стандарттарда әртүрлі тараптар жағынан көрініс табады және үнемі аудиторға кеңес беріледі.

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келгенде, бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Осындай ақпараттық мәліметтің қайнар көзі – бухгалтерлік баланс. Осы баланстың өте бір қажетті көрсеткіштерінің бірі ұзақ мерзімді активтер болып табылады. Кәсіпорынның мүліктік кешенінің құрамына кіретін объектілер өздерінің функционалдық бағыты бойынша бірдей емес, сондықтан тиімді есепке алу үшін екі белгі бойынша жіктеу қолданылады: құрамы мен орналасуы бойынша. Баршамызға белгілі, мүлікке кіретін активтер құрамы бойынша айналымнан тыс (ұзақ мерзімді активтер) және айналымдағы деп бөлінеді. Болашақ кезеңде бірнеше жылдар бойы пайдалы қасиеттері пайдаланылатын ұзақ мерзімді активтердің есебін ұйымдастыру кез келген кәсіпорын, фирмалар, ұйымдардың бухгалтериясының маңызды участогының бірі болып    табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді перспективасы позициясынан қарастыру керек. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның құралдарының орналасуы және олардың құрылуының көздерімен мінезделеді, ал қаржылық жағдайға талдау болса, кәсіпорын қол астындағы қаржылық ресурстар қаншалықты тиімді қолданылатынын білу мақсатында қолданылады. Ұйымның қаржылық жұмысының тиімділігін келесілер көрсетеді: жеке айналым қорларымен қамтамасыздығы және сақталымдылығы, тауарлы-материалды құндылықтардың нормаланған запастар жағдайы, дебиторлық және кредиторлық қарыздың жағдайы және динамикасы, айналым құралдарының айналымдылығы, банктік несиелердің материалдық қамтамасыздығы, төлемқабілеттік.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығы ең бірінші еңбек өнімділігі, өндіріс рентабельділігі, қор қайтарымдылығы және де табыс бойынша жоспарды орындау сияқты сапалы көрсеткіштердің жақсаруына тікелей байланысты.   Кәсіпорын құралдарының ұтымды орналастыру өндірістің материалды-техникалық қамтамасыздығын дұрыс ұйымдастырумен, қаржылық айналымның жылдамдығын арттыру бойынша жедел қызметке сәйкес келеді. Сондықтан қаржылық жағдайға талдау қаржы – шаруашылық қызметті талдаудың аяқталу кезеңінде жүргізіледі. Сонымен қатар, кәсіпорынның қаржылық қиыншылықтары, дәл уақытында есептеу үшін құралдардың жоқтығы тұрақты жеткізулерге әсер етіп, материалды-техникалық қамтамасыз етулердің жиілігін бұзуы мүмкін. Осыған байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау және оның қызметінің басқа да жақтарына талдау бір-бірін толықтырып отыруы керек.

Курстық жұмыстың жазылуы барысында алға қойылған мақсаттар мен мәселелерді кеңірек және толық ашуға тырыстым. Бұл курстық жұмысымды жаза отырып басты назарда  ұзақ мерзімді активтерді аудиттеудің теориялық негіздерін қарастырдым, сонымен бірге зерттеу объектісі болып табылатын бірлескен кәсіпорынның техникалық экономикалық көрсеткіштері мен есеп саясатына және сол кәсіпорын нысанындағы ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді ұйымдастыру қызметтеріне толықтай сипаттама беріп өттім.

Ұзақ мерзімді активтердің есебі мен аудитін ұйымдастыруда кәсіпорында негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің келіп түсуі, есептен шығарылуы және оларды тиімді пайдалану мен сақталуын қамтамасыз ету шараларын қарастырдым. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді инвестициялар есебін ұйымдастыруға да  тоқталып өттім.

Жалпы қорытындылай келе осы курстық жұмыс бойынша төмендегідей тоқтамға келдім: келешек экономикалық олжа, осы ұзақ мерзімді активтермен тікелей байланысты, егер кәсіпорын басшылары төмендегі жағдайларды ескеретін болса: болашақ экономикалық олжаны өсіруде ұзақ мерзімді активтердің ролін дұрыс анықтау; субъектінің осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниетін болжау; бүгінгі күнге пара-пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстарды тиімді пайдаланып қана қоймай, жаңа технологиялық үрдістегі техника мен басқа да құрал-жабдықтарды алуға қолайлы жағдай туғызу. «Теңізшевройл» Біріккен Кәсіпорнында негізгі қорлардың қор қайтарымдылық коэффициентінің есепті 2009жылда өткен 2008 жылмен салыстырғанда 15-ке өскені дәлел бола алады. Ал, қор қайтарымдылық коэффициенті өткен жылмен салыстырғанда есепті жылы 0,006-ға кеміген. Бұл мұнай өндірісіне қатысатын негізгі құралдардың есептен шығару арқылы жаңа ұңғымаларды іске қосуға мүмкіндік туғызумен түсіндіріледі.

Кәсіпорын технологиялық құрал-жабдықты басқару үшін, оны компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету керек, өйткені онсыз құрал-жабдықтар қызмет ете алмайды. Сондықтан бағдарлама құрал-жабдықтың бөлінбейтін бөлігі болып саналады. Осыдан, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуді ненің құрамында екенін пайымдап ақыл парасатпен анықтау керек, өйткені ол негізгі құралдың да, материалдық емес активтің де құрамында есептелуі мүмкін.

Осы жоғарыда көрсетілген шаралар тек қана кәсіпорында бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастырудан келіп туындайды. Сондықтан біріккен кәсіпорында ұзақ мерзімді активтер қатарына жататын негізгі құралдар, материалдық емес активтер, күрделі қаржы салымдар есебі бекітілген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес дұрыс ұйымдастырылған.

Жоғарыда аталғандармен қатар ТШО өз қызметінің барлық аспектілері бойынша  қағиданың барлық бағыттарының сақталуын қамтамасыз ететін ішкі бақылау жүйесін жасайды. Бақылаудың қосымша құралдарының бірқатары мыналарды қамтиды, бірақ тек олармен шектелмейді:

1.      Міндеттер мен жауапкершіліктің аражігін тиісті түрде ажырату;

2.      Белгіленген өкілеттіліктерге сәйкес шығыстар мен төлемдерді бекіту үшін

жауапкершіліктің аражігін ажырату;

3.      ТШО активтерін есепке алу және іс жүзінде бақылау жөніндегі

функциялардың аражігін ажырата отырып дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

       «Теңізшевройл» Біріккен  Кәсіпорыны – бұл Қазақстан аумағында жұмыс істейтін және геологиялық барлаумен, сонымен қатар, мұнай қорларын қазбалаумен, мұнай мен оның ілеспе өнімдерін өндірумен және сатумен шұғылданатын және өз қызметін қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғаудың ең жоғары әлемдік стандарттарына сай жүзеге асыратын кәсіпорын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған ақпарат көздері

 

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы №2732 заң күші бар Жарлығы.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы №20 заң күші бар Жарлығы (2001 жылғы 15 қарашадағы өзгертулер және толықтырулар).

3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-11 Қазақстан Респуьликасының салық кодексі.

4. Қазақстан Респуьликасы Президентінің «Акционерлік қоғамдар туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі №2811 заң күші бар Жарлығы.

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті . Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары. – Алматы:  Кәусар бұлақ, 1999ж.

6. Кеулимжаев К.К., Толегенов Э.Т., Байдаулетов М.Б., Кудайбергенов Н.А. Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының корреспонденциясы. – Алматы: Экономика, 1998ж.

7. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы ,тәжірибесі: Алматы, 2007ж.

8. Абленов Д.О.Аудит негіздері: Алматы, Экономика, 2005ж.

9. Әбдішүкіров Р.С.Бухгалтерлік есеп:Алматы, 2008ж.

10. Әбдішүкіров Р.С.,Мырзалиев Б.С. Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру: Алматы, 2006ж.

11. М.Л. Пятов и И.А. Смирнова, Санкт-Петербургский государственный университет, Принципами составления и представления финансовой отчетности (Framework for the Preparation and Presentation of Financial Statements)*. Активы организации: трактовка МСФО: 27.11.2007

12. О.В.Ефимов «Анализ финансовой отчетности», Москва, Омега-Л, 2005 г.

13. Подольский В.И. Компьютерные информационные системы в аудите. Учебник / ВФЭИ. – М., ЮНИТИ, 2007.

 

Жұмыс тақырыбы «Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеу»

4

 



Информация о работе Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеу