Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 23:30, курсовая работа

Описание работы

Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына өтуде. Сондықтан да, бухгалтерлер қаржылық есеп беруді халықаралық стандарттардың негіздеріне сәйкес жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Содержание

Кіріспе
1 Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеудің теориялық негіздері
1.1. Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі
1.2. Ұзақ мерзімді активтердің есебін аудиттеудің маңызы, міндеттері ақпараттық көздері
1.3. Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді нормативтік-әдістемелік реттеу
2. Кәсіпорын нысанындағы ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді ұйымдастыру қызметтері
2.1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне сипаттама және есеп саясаты
2.2. Кәсіпорын бойынша ұзақ мерзімді активтердің есебін реттеу тәртібі, жағдайы, қозғалысы
2.3. Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді активтердің аудиті
3. Негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
3.1. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған ақпарат көздері

Работа содержит 1 файл

аудит курсовой.doc

— 525.00 Кб (Скачать)

Негізгі құралдардың есебі №6 «Негізгі қорлар (құрал-жабдықтардың) есебі» - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізілген.

 

Қазақстан Республикасының 2007-жылыдың 28-ақпанындағы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік”-деп аталатын №234-III заңының 3-тарау 13- бабында қаржылық есептіліктің элементтері белгіленіп көрсетілген. Сол элементтердідің бірі болып табылатын активтерге елімізге танымал белгілі ғалым, професор Қ.К.Кеулімжаев өзінің Бухгалтер лік есеп принциптері –атты еңбегінде - Актив деп кәсіпорынның ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері мен құндылықтарын, мүліктерін (заттарын) айтады деп атықтама береді. Басқаша айтатын болсақ актив дегеніміз кәсіпорынның өткен уақыттардағы шаруашылық операцияларының негізінде пайда болған және алдағы уақыттарда табыс табу үшін пайдаланылатын ресурстар болып табылады. Активтер пайдаланылу уақытына, мерзіміне қарай қысқа мерзімді (ағымдағы) және ұзақ мерзімді (айналыстан тыс) болып екі топқа бөлініп қарастырылады.

Ұзақ мерзімді (айналыстан тыс) активтер дегеніміз ұзақ уақыт (бір жылджан артық) пайдаланылатын айналымдылығ баяу активтер болып табылады. Ал қысқа мерзімді активтер дегеніміз өзінің құнын тез арада басқа өнімге айырбастай алатын өтімділігі жоғары активтер болып табылады. Соған сәйкес ұзақ мерзімді активтерді айналымнан тыс активтер депте атайды. Ұзақ мерзімді активтерге негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар және ұзақ мерзімді инвестициялар жатады.

Бухгалтерлік есепті нормативтік реттеудің үшінші деңгейі- кәсіпорында қолданылатын есеп саясаты болып саналады. Кәсіпорынның есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясының 1996  жылғы 13 қарашада бекітілген №1 қаулысы бойынша «Есеп саясаты және оның ашылуы» бухгалтерлік есеп стандарты  бойынша өңделеді.  Кәсіпорынның есеп саясатында бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес қаржылық есеп беруді құру, ашу, дайын өнім қозғалысы бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қабылданған бухгалтерлік есеп әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы қарастырылған.

Бухгалтерлік есепті реттеудің төртінші деңгейі мекемеде бекітілген жұмыс шоттар жоспары болып табылады.«ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» Заңының 20 бабының 5 тармағының 6 тармақшасын орындау мақсатында, ҚР Қаржы Министрлігінің 2007 жылғы   23 мамырдағы №185 бұйрығымен бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары бекітіліп, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілді. Бұл Типтік шоттар жоспары ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептеме туралы» Заңына сәйкес өңделген және құндық негіздегі қаржылық есептеме элементтерін ағымдық бейнелеу және топтау үшін арналған.

 

 

 

 

2.      Кәсіпорын нысанындағы ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді ұйымдастыру қызметтері

 

2.1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне сипаттама және есеп саясаты

 

Мұнай-газ саласының қарқынды дамуы ел экономикасының осы секторында Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау қажеттілігіне байланысты көптеген ұлттық компаниялар мен бірлескен кәсіпорындар құрылды. Солардың бірі болып 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы және Бас офисі АҚШ-та орналасқан «Шеврон» компаниясы арасындағы «Тенгиз» мұнай кен орнын бірге отырып игеру келісіміне қол қойылды.Сол келісімге орай  «Теңізшевройл» Біріккен Кәсіпорны құрылыды. Теңіз мұнай кеніші Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Жылыой ауданында, Каспий ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Құлсары қаласынан оңтүстік-батысқа 110 м, Атырау қаласына оңтүстік шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан.

Біріккен кәсіпорынның негізгі қызметтері болып төмендегілер саналады: мұнай қорларын  геологиялық барлау, мұнай өндіру және тасымалдау, мұнайдан алынатын өнімдерді  сату, тауарлық мұнайды экспорттау. ТШО қызметінің көптеген түрлері «ең» деген сөзге лайықты: әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі, ең ірі инвестор, әлемдегі ең терең ұңғымалар, әлемдегі ең қуатты бұрғылау станоктары, әлемдегі ең қуатты компрессор, жалпы өнімділікті өсірудің әлемдегі ең жоғарғы қарқыны, мұнайды темір жол көлігімен жеткізудің әлемдегі ең үлкен көлемі, қоршаған ортаны бақылайтын кешенді экологиялық мониторингінің ТМД елдері ішіндегі ең ауқымды және ең озық жүйесі, Қазақстандағы табиғатты қорғау шараларына жұмсалатын ең ірі инвестициялар, үздіксіз жүргізілген апатсыз жұмыстың ең жоғары көрсеткіші, ең озық технологиялар, Қазақстан экономикасына қосылатын ең қомақты үлес, қайырымдылық пен демеушілікке жұмсалатын ең үлкен жарнамалар және тағы басқалар.

«Теңізшевройл» біріккен кәсіпорнының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі 3. Кәсіпорынның негізгі активтері құрамына кеңселік, өндірістік үйлер мен ғимараттар, мұнай қорларын іздестіру-барлау, өндіруге қатысатын ұңғымалар (скважиналар), басқа да құрал-жабдықтар, мұнайды алдын-ала дайындау, өңдеу цехтары, мұнай паркілері, құбырлары т.с.с. жатады. «Теңізшевройл» Біріккен  Кәсіпорыны 4 субьектілерден құралатын бірлестік. Олар: ШЕВРОНТЕКСАКО ОВЕРСИЗ КОМПАНИ» – 50%; «ҚАЗМҰНАЙГАЗ»– 20% ; «ЭКСОНМОБИЛ ҚАЗАҚСТАН ВЕНЧУРС ИНК» - 25%; «ЛУКАРКО» - 5%. «Теңізшевройл» Біріккен  Кәсіпорыны мынадай бөлімшелерден тұрады:

1.   Өндіріс бөлімшесі.

2.   Капиталдық жоба  бөлімшесі.

3.   Геологиялық барлау бөлімшесі.

4.   Маркетинг және тасымалдау бөлімшесі.

5.   Қауымдастық бойынша байланыс   бөлімшесі.

6.   Стратегиялық жоспарлау  бөлімшесі.

7.   Қаржы  бөлімшесі.

8.   Заңгерлік бөлімшесі.

9.   Адам ресурстар басқармасы, Медицина және Оқу  бөлімшелері.

«Теңізшевройл» біріккен кәсіпорнының ұзақ мерзімді активтерінің бірі негізгі құралдар - 3687107 мен материалдық емес активтері - 54317, бітпеген құрылыс – 639902, яғни барлығы 2008 жылдың басында бастапқы құны 4381326 долларды құрады, ал материалды мен материалдық емес активтердің тозуы  711358 долларды, ал баланстық  қалдық құны 3669968 долларды құрады.

Бірлескен кәсіпорында негізгі өндірістік құралдарды жақсарту жаңадан техникалық құрал-жабдықтар мен ғимараттарды енгізу арқылы іске асырылып, оның экономикалық өсуінің потенциалды мүмкіндіктеріне жол ашады. Кәсіпорынның қызметінің соңғы нәтижесі оның негізгі қорларының техникалық жағдайымен байланыстырылады. Өндірістің техникалық деңгейі пайдаланылатын құралдардың прогрессивті дәрежесімен анықталады. Сондықтан, прогрессивті негізгі құралдардың үлесінің артуы осы заманғы алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге себебін тигізеді. Соның арқасында кәсіпорынның техникалық деңгейін көтере отырып, өндірілетін өнімнің сапасы да жақсарады.

Мұнай өндіру процесіне ұңғымалар мен басқа да құрал-жабдықтарды пайдаланудың және де ауысымдық қорды қолданудың синтетикалық көрсеткіші ауысымдық коэффициенті болып саналады. Ол тәулік ішінде мұнай өндіруге қатысатын өндіріс құрал-жабдықтарының жұмысының ауысымдық орташа санын көрсетеді. Құрал-жабдықтардың ауысымдық коэффициентін қызмет көрсетіп тұрған ұңғымалардың ауысымдық санын кәсіпорындағы барлық орнатылған ұңғыма жабдықтарының сандық бірлігіне бөлу арқылы анықталады.

Талдау барысында бірлескен кәсіпорында мұнай өндіруге қатысатын барлық ұңғыма құрал-жабдықтарының ауысымдық коэффициент динамикасын анықтау болып табылады.

Кәсіпорындағы негізгі құралдардың активті бөлігі ретінде мұнай өндіретін ұңғымалар,жұмыс машиналары мен жабдықтар болып саналады. Оларды уақыт бойынша – (экстенсивті), және проектілік қуаттылығы бойынша – (интенсивті) пайдалануға болатындығы бәрімізге белгілі. Мұндай көрсеткіштердің құрылымы кәсіпорындағы нақтылы қолда бар барлық ресурстарды нақтылы пайдаланылып отырған көрсеткішімен салыстыру мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Егер де, экстенсивті пайдалану коэффициентін есептеуде ресурс ретінде уақыт саналса, онда нақтылы жұмыс істеген уақытты барынша максимальды қызмет көрсету мүмкіндігі бар мерзімге қатынасы арқылы анықтаймыз. Қызмет, бизнестің түріне қарай менеджерлер жылдық, квартал бойынша, немесе ауысымдық пайдалану мерзімін есепке алуы мүмкін.

Интенсивті пайдалану коэффициенті мұнай өндіру процесінде ұңғымалар мен басқа да жабдықтарды пайдалану қуаттылығын көрсетеді. 

ТШО ЖШС-нің Қаржы Бөлімі қаржы ресурстарын басқарумен айналысады, сонымен қатар, ТШО басшыларына немесе жұмысшыларына, акционерлерге т.б. заңды тұлғаларға ТШО-ның бизнес-жоспары мен мақсаттарына сай, бағдарламасының аясында есеп беру және түрлі консультациялар берумен айналысады. Біріккен кәсіпорын «Теңізшевройл» Қаржы бөлімі келесідей құрылымдық бөлімдерден тұрады:

-       Қаржыгер-бақылау тобының бөлімі;

-       Салық бөлімі;

-       Ішкі бақылау бөлімі;

-       Қазына және несие бөлімі.

ТШО ЖШС-нің Қаржы Бөлімі 4 негізгі бөлімдерден құралады және Қаржы Бөлімінің бас менеджері басқарады.

Қаржы Бөлімінің бас менеджері  қаржылық саясатты басқара отырып, барлық ТШО БК-ны жөніндегі қаржы айналымындағы сұрақтарға жауап беретін тұлға және де Серіктестіктің Бас хатшысы болып табылады.

1.Қаржыгер-бақылау (Группа финансиста-контролера) тобы мына бөлімшелердің жұмысына жауап береді, яғни, олар:

        Жалпы бухгалтерия;

        Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына есеп беру тобы;

        Бюджет және болжамдау тобы;

        Маркетинг және тасымалдауды қаржылық қолдау тобы;

        Қаржылық жобаларды бақылау тобы.

2.        Салық бөлімі – салық төлеу заңдарына сай төленуін бақылау мен салыққа қатысты сұрақтар жөнінде мағлұмат берумен айналысады.

3.        Ішкі бақылау бөлімі (Группа Внутреннего контроля) – ішкі бақылау,  ішкі және сыртқы аудит, оған  қатысты сұрақтарға жауап береді.

4.        Қазына және несие бөлімі – қолма-қол және қолма-қолсыз төлемақыларға, сонымен қатар, банк операцияларын жүргізумен, айналым капиталы мен инвестицияны басқаруды, сақтандыру және несиелендіруді жүзеге асырады.

Қаржыгер-бақылау бөлімінің ең басты функцияларының бірі компанияда қаржылық есеп жүргізу, және де бюджет пен болжау, қаржылық талдау, ішкі басқару есебі, сыртқы қаржылық есепке қатысты сұрақтарды бақылап басқару. Бұл бөлім 5 топтан құралады:  

Жалпы бухгалтерия  - барлық негізгі қаржы операцияларының бухгалтерлік есебін, негізгі қор есебін, аяқталмаған өндіріс пен материалдар, жалпы бухгалтерлік есеп, шығындарды бөлу және ұйымдастырумен айналысады.

Маркетинг және тасымалдауды қаржылық қолдау тобы шикізат өнімдерінің сатылуына жауап береді, тауарлы-материалды қорлардың есебімен, сатқандағы транспорттық шығындардың есебімен, сонымен қатар, маркетинг бөлімге қаржылық және келісім-шарттық қолдау көрсетіп отырады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына есеп беру тобы элетронды-салықтық мониторингтік жүйе бойынша есеп беруді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына қаржылық есеп берумен айналысады.;

Қаржылық жобаларды бақылау тобы (Лондон) – ТШО басты екі негізгі проектілердің жүзеге асырылуымен, яғни Екінші Буын Жобасы мен Газ айдау Жобасымен байланысты қаржылық саясат пен қаржылық есебімен айналысады. Бұл топ Великобританияның Кэмберли қаласында орналасқан.

Бюджетті болжамдау және есепке алу  тобы – ТШО эксплуатациялық және капиталды шығындар бойынша аралық және жылдық бюджеттерін дайындаумен, талдаумен айналысады. Сонымен қатар, қаржыгер-бақылаушы және болжамдау топтарының менеджерлеріне, қаржы бөлімінің бас директорына және компанияның бас директорына аналитикалық қолдау көрсетумен айналысады.

ТШО-ның Ішкі бақылау бөлімі (Группа Внутреннего контроля) – ТШО басшыларына өндіріс тапсырыстарына және қаржылық жетістіктерге жетуге жәрдемдеседі.         

ТШО-ның Ішкі бақылау бөлімінің қызметтері:

   Іскерлік тәуекелділікті айқындау;

   Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін анықтайды;

   Компанияның шығындарын сақтау үшін ақшалай қорларды бақылап отыру.

Жүйені сынау мен нақты анализдеудің арқасында Ішкі бақылау тобы ТШО басшыларына ішкі бақылау нәтижесіндегі ақшалай қорларды қалай тиімді пайдалану туралы жоспарларын ұсынады. ІБТ (Ішкі бақылау тобы) берген ұсыныстардың арқасында, нәтижесінде компанияның активтері сақталады, сонымен қатар, қаржылық есептің нақтылығын қамтамасыз етеді, өндірістің тиімділілігін сақтап, компанияның саясатын ұстануға жәрдемдеседі. ІБТ - өндіріс шығындарының төмендеуін немесе жоғарлауын, пайданың тиімділігін, т.б. экономикалық факторларды анықтайды.

Ішкі бақылау тобының мақсаттары:

1.   ТШО активтерін сақтау;

   Өндірістік-материалдық қорларды тексеру;

   Одесса және Новороссийск терминалында мұнай және газ қорларын техникалық өлшеуді жүргізу;

   Ірі келісім-шартарының аудиторлық тексерістер (мыс, Екінші Буын Жобасы мен Газ айдау Жобасы).

2.   Төмендегілердің орындалуы анықтау;

   ТШО БК келісім-шарттарын;                        

   ТШО БК-ның инструкциялары мен процедураларын;

   FCPA (Foreign Corrupt Practices Act) – сыбайлас жемқорлыққа қарсы акт немесе шараларын;

   Үшінші бір тұлғамен келісім-шарт жасасуын;

3. Қаржылық-бухгалтерлік құжаттарды нақты жүргізу;

Информация о работе Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеу