Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 23:30, курсовая работа

Описание работы

Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына өтуде. Сондықтан да, бухгалтерлер қаржылық есеп беруді халықаралық стандарттардың негіздеріне сәйкес жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Содержание

Кіріспе
1 Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеудің теориялық негіздері
1.1. Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі
1.2. Ұзақ мерзімді активтердің есебін аудиттеудің маңызы, міндеттері ақпараттық көздері
1.3. Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді нормативтік-әдістемелік реттеу
2. Кәсіпорын нысанындағы ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді ұйымдастыру қызметтері
2.1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне сипаттама және есеп саясаты
2.2. Кәсіпорын бойынша ұзақ мерзімді активтердің есебін реттеу тәртібі, жағдайы, қозғалысы
2.3. Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді активтердің аудиті
3. Негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
3.1. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған ақпарат көздері

Работа содержит 1 файл

аудит курсовой.doc

— 525.00 Кб (Скачать)

 

 

1.2. Ұзақ мерзімді активтердің есебін аудиттеудің маңызы, міндеттері ақпараттық көздері

 

 

Үлкен кәсіпорындарды санамағанда, өндірістік қызметпен айналысатын көптеген кәсіпорындар азғантай негізгі кұралдар мен материалдық емес активтерді пайдаланады. Сондықтан ұзақ мерзімді активтер мен оларға сәйкес шаруашылық операцияларға ішкі бақылау процедуралары жеке көлемді жасалмайды, өйткені арнайы бақылауға кететін шығындар көлемі өзін-өзі ақтамайды. Мысал үшін үлкен өндірістік кәсіпорындағы ұзақ мерзімді активтерге аудит жасау әдістемесін келтірейік.

Ұзақ мерзімді активтердің ішкі бақылауы туралы жалпы түсінік алу мақсатында, аудитор лауазымды тұлғалар арасындағы ақпарат қозғалысындағы құрылымдық жүйесін есеп ақпараттарын көрсету үшін зерттеуі немесе өзі құрастырған ішкі бақылау жайлы сауалнама сұрақтарына жауап іздеуі тиіс. Бұл қүжаттар аудиторға клиентті бақылау тиімділігін тестілеуге және тәуекелділік деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді. Шаруашылық операциялар есепте нормативтік-құқықтық актілерге, бухгалтерлік есеп саясатына, есеп саясатының ережелеріне т.б. сәйкес көрсетілуі тиіс. Бақылау процедураларын зерттеу алдында аудитор тексеру жүргізгенде жүгінетін ақпараттарды білуі тиіс

Ақпарат көздері қаржылық есептілік баптарынын бекітілген дұрыстық категориялары бойынша аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін зерттелуі тиіс. Ұзақ мерзімді активтер бойынша аудитор тексеруі тиіс:

• Есепте көрсетілген ұзақ мерзімді активтер (ҰМА) бар, өндірісте қолданылады және кәсіпорын меншігі болып саналатындығын.

•ҰМА қалдығы түгелдеу қортындыларында көрсетілгендігін.

• Барлық ҰМА кәсіпорын меншігі болып табылады және олар бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес есептелгендігін.

•   ҰМА кірісі мен шығысы бойынша барлық операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында есептелгендігін.

•   ҰМА синтетикалық есебінің шоты бойынша айналымы және сальдосы аналитикалық есеп шот сальдосы мен айналымымен салыстырғанда тең болады. Олар Бас кітап пен қаржылық есепке дұрыс көшірілуін.

• Алынған ҰМА құнына оларды сатып алу бағасы, қою, монтаждау, жеткізу шығындары кіргендігін.

• ҰМА-ді   қайта   бағалау   нормативті   құжаттарға   сәйкес жүргізілгендігін.

• Амортизация қабылданған әдісі бойынша дұрыс есептелгендігін

• Болған операциялар бастапқы есеп құжаттарында тіркелуі тиіс және қаржылық есептілікке тура көшірілгендігін.

• Қаржыландыруға жататын бір де бір бап шығындарға жатқызылмағандығын.

• Кәсіпорын мүлікке иелік етуге заңды құқығы бар екендігін

• Мүлік тірлік мақсатында салымға салынбағандығын

•  ҰМА-дің сыныпталғандығын және қаржылық есеп беруге тура көшірілгендігін.

•  ҰМА жайлы   ақпаратың бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес ашылғандығын.

Ұзақ мерзімді активтерге байланысты шаруашылық операцияларды бақылауды тестілеу тек операциялардың өте көп болуынан және бақылау тиімсіздігіне әкелетін тәуекел көлемі үлкен болғанда қолданылады.

Бухгалтерлік есептегі ұзақ мерзімді активтердің мүмкін бұрмалаушылықтары. Ішкі бақылау құралдары арқылы шаруашылық операциялар жасалу барысында барлық мүмкін бұрмалаушылықтардан айырылу мүмкін болмағандықтан, аудитор өз тәжірибесі мен ұйым бизнесі жайлы білімдарлығына сүйеніп, тиісті процедураларды қолдануы керек. Бухгалтерлік есепте ҰМА-дің бұрмалаушылығы болып мыналар табылады:

•  Негізгі құралдарды уақытынан тыс кірістеу;

•  Негізгі құралдар (НҚ) объектілерінің бастапқы құнын дұрыс анықтамау;

•  Амортизация толық есептелген НҚ объектілеріне тозу есептеу;

•  Капиталға жөндеу жүргізу үшін ақау актілері мен сметалардың жоқтығы;

•  НҚ объектілерінің нарықтық құнын дәлелдеу құжаттарысыз қайта бағалау;

•  ҰМА-ді өз меншігіне алу мақсатымен есептен шығару;

•  Есептеу негіздеріне дұрыс емес пайдалану мерзімі көрсетілгенде;

•  Бастапқы құжаттарының жетіспеушілігі;

•  Дұрыс емес есеп жүргізу;

•  ҰМА- ді түгелдеуді тек формальді түрде жүргізу;

Аудит мақсаттарына жету үшін мына мәселелерге көңіл бөлі керек:

•      ҰМА-ді сақтау және пайдалану шарттарын зерттеу;

•      ҰМА қозғалысы бойынша операциялардың есептегі дұрыс рәсімделуіне көз жеткізу;

•      ҰМА бойынша есептелген амортизацияны растау;

•      НҚ-ға жасалған жөндеу жұмыстарының көлемін және таңдалған әдісіне байланысты есепте көрсету заңдылығын анықтау;

•      Қаржылық есеп беруді құру алдындағы ҰМА—ге жүргізілген түгелдеудің сапасын бағалау.

Шот-фактура, келісім-шарт, жалдау туралы келісім, сақтандыру полистары, белгілер, салық комитетінің актілері сияқты құжаттарды қатыстыру аудиторға объект туралы маңызды ақпарат алуға көмектеседі. Егер аудиторларға одан да дәйекті ақпарат алу қажет болса, онда ол жалға берушілерге бағытталған, сақтандыру компанияларына бағытталған және мемлекеттік мекемелерге бағытталған хаттармен танысуы керек. Бухгалтерияда негізгі құралдардың талдамалық есебі әр түгелдеу объектілеріне ашылатын түгелдеу карточкаларында жүргізіледі. Ұқсас (бір) типті құралдарды бір түгелдеу карточкаларында есептейді.

Ұзақ мерзімді акгивтердің сақталуына, пайдаланылуына тексеру жүргізу

Ұзақ мерзімді активтердін пайдаланылуна, сақталуына тексеру жүргізу, олардың бөлек объектілердің кімге бекітілгені, олардың пайдаланылуы мен күзетуі қалай ұйымдастырылғаны туралы мәлімет алуды көздейді. Ол үшін өндірістік ғимараттарды қарап шығу керек немесе кәсіпорын жұмысшыларына сұрау жүргізу қажет.

Аудитор, есеп мәліметтерін зерттеу процессінде негізгі құралдар объектілерінің барын және оларды бөлек топтар бойынша жіктелуін анықтайды (өндірістік, өндірістік емес меншікті, жалдағы т.б.) орналасқан орындарына қарай (бөлімшелер, материалды жауапкершілігі бар тұлғалар).

Ұзақ мерзімді активтердің талдамалық есебін дұрыс ұйымдастыруын анықтағаннан кейін, олардың инвентарлық нөмірі барлығын, және техникалық құжаттарының түсу мерзіміне тексеру жүргізу.

Осы алынған мәліметтердің барлығы, типтік шоттар жоспарының 10,12 бөлімшелерінің жазуларымен және инвентарлық карточкалардың мәліметтерімен салыстырылады. Талдамалық және жинақтық есептердің мәліметтері бірдей болмаған жағдайда, олардың себебін, және айыпты тұлғалар мен оның экономикалық салдары анықталады.

Ұзақ мерзімді активтердің қозғалысы бойынша операцияларды тексеру

Негізгі құралдар объектілерінің түсуін есепке алудың заңдылығы, тиімділігі және дұрыстығы тұрғысынан тексерілуі қажет. Бұл кезде жүргізіліп отырған процедуралар көлемін аудитор операциялардың қайталануы, кәсіпорынды құру мақсаты және оның қызмет етуі, салық салу қиындығынан шыға отырып, өзінің ұзақ мерзімді активтермен операцияларын типтік және типтік емес деп субъективті жіктеу негізінде дербес анықтайды.

Типтік операцияларды тексеру таңдау арқылы, ал типтік емес операцияларды тексеру жалпы әдіспен жүргізіледі.

Негізгі құралдар қозғалысы бойынша аудит кезінде негізгі құралдар объектілерінің түсуін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттардың толтырылуының, дұрыстығы, сонымен қатар машиналар мен құрал-жабдықтардың техникалық паспортындағы жазбалар тексеріледі. Ең алдымен негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін жасайтын комиссияның біліктілігі анықталады. Оның құрамына инвентарлық объектілерді білетін мамандар енуі керек. Негізгі құралдар типтік нысандағы қабылдау-тапсыру актілері негізінде кірістіріледі. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі толтырылғаннан кейін, осы объектіге катысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қойып, компания басшысы немесе өкілетті тұлға бекітеді.

Аудитор міндетіне кіріс құжаттарына барлық деректемелердің, инвентарлық объектілердің сипаттамасының (салынған жылы, заводтың номері, күші), оның толықтығы мен дұрыс жұмыс істеп тұрғанының толтырылуын тексеру енеді. Егер кәсіпорынға бұрын пайдаланылған инвентарлық объект түскен жағдайда аудитор олардың техникалық паспортқа сай тозуын анықтаудың дұрыстығын, қажет болған жағдайда нақты қарау арқылы тексереді.

Аудит процессінде кәсіпорын балансынан сапалық ескірген, тозған және ары қарай пайдалануға, қалпына келтіруге болмайтын немесе экономикалық тиімсіз болатын құрал-жабдықтарды көлік құралдарын, аспаптарды алып тастауға аса мұқият бақылау жүргізіледі.

Негізгі құралдар объектілерін баланстан шығару дұрыстығын тексеру кезінде аудитор жарамсыз негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі туралы нұсқаудың орындалуын анықтайды.

Негізгі құралдардың жарамсыздығын, оларды қалпына келтіру мүмкін еместігін немесе тиімсіздігін анықтау, сонымен қатар кәсіпорын басшысы бұйрығы бойынша есептен шығару жөніндегі қажетті құжаттарды толтыру үшін тұрақты әрекет ететін комиссия құрылады. Құрамына техникалық қызмет мамандары, бухгалтер, кәсіпорын бөлімшелері мен қоғамдық ұйымдар басшылары енетін комиссияның біліктілігі анықталады. Сонымен бірге қажетті бақылау инспекциялары қатысуы қажет автомобильдерді, көтергіштерді есептен шығару кезіндегі комиссия біліктілігі де анықталады (мемлекеттік автомобиль инспекциясы, техникалық қадағалау).

1.3. Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді нормативтік-әдістемелік реттеу

 

 

Бухгалтерлік есептің әдістемелік негіздері, ұйымдастыру мен жүргізу тәртіп нормативті құжаттар жүйесімен реттеледі. Төрт деңгейлі жүйе бөлініп шығады: заңнамалық; қаржылық есептің халықаралық стандарттары; құқықтық нормативтік нұсқаулар; есеп саясаты мен кәсіпорын құжаттары.

Есепті реттеу- есеп жүйесіне тәртіп пен ұйымдастыруды енгізу бойынша белгілі бір қызмет болып есептеледі. Мемлекеттік  реттеудің негізгі құралы заңдылықтар болып табылады.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк - құқықтық актiлерiнен тұрады.

Нормативті құжаттар жүйесінің бірінші заңнамалық деңгейіне мына  заңдар жатады:

1. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі

2. Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 1995 жыл 26 желтоқсандағы (2007 жылғы 28 ақпан түзетулер мен толықтырулар) Заңы;

3. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы (2006 жыл 5 мамыр түзетулер мен толықтырулар)Заңы;

4. Қазақстан Республикасының «Салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» Заңы.

Бұл Заңның күші: дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерiне қолданылады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бiржолғы талон немесе патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiк жасауды жүзеге асырмауға құқылы.

Заңнамаға сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Бухгалтерлік есепті нормативтік реттеудің екінші деңгейі бухгалтерлік есеп стандарттары, стандартқа әдістемелік ұсынулар және ережелер болып табылады.

Бухгалтерлік есеп стандарттары - есеп жүйесін реттеудің екінші деңгейі, олар қаржылық есеп беретін барлық субъектілер үшін нормативті құқықтық құжаттар болып табылады. Стандарттардың негізінде есептің жеке учаскелері, сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің салалық ерекшеліктері бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің базалық тәртіптері бекітіледі.

Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негізгі  мақсаты – мына төмендегілерді орындай отырып қаржылық есеп беруге қол жеткізу:

-         қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;

-         ақпараттық жүйені құру принциптері;

-         осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;

-         қаржылық есеп беру элементтері;

-         өлшеу және мойындау критерийлері;

Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі Қаржылық есептің халықаралық стандарттарының 16-шы «Негізгі құралдар» деп аталатын стандартына сәйкес жүргізіледі.

Негізгі құралдардың есебінде Қазақстан Республикасының заңдылықтары немесе мемлекеттік өкімет органдары бекіткен келесідей алғашқы есеп құжаттары қолданылады:

1)     негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі (НҚ-1);

2)     жөнделген, қалпына келтірілген, жаңартылған объектілерді

қабылдау-тапсыру актісі (НҚ-2);

3)     негізгі құралдарды шығару актісі (НҚ-3);

4)     автокөлік құралдарын шығару актісі (НҚ-4);

5)     негізгі құралдар есебінің мүліктік карточкасы (НҚ-5);

6)     негізгі құралдар есебі бойынша мүліктік карточкалардың тізімі                 

(НҚ 6);

7)     негізгі құралдар қозғалысы есебінің карточкасы (НҚ-7);

8)     жалдағы (ұзақ мерзімді жалдағы) негізгі құралдар есебінің

карточкасы         (НҚ-8);

9)     материалдық-жауапты тұлға бойынша негізгі құралдардың мүліктік

тізімі (НҚ-9) (тұрған жерлері және пайдалануы бойынша) – негізгі құралдардың тұрған жерлеріне байланысты объектілік есепті жүргізу үшін қолданылады.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын жүзеге асыру мақсатында 2007 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігімен  №221 «Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесін бекіту жөніндегі» бұйрығы шығарылып, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Осы ережемен кәсіпорындағы кассалық операцияларының есебін жүргізіледі. Бұл ереже Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, халықаралық және ұлттық қаржылық есептеме стандартына сәйкес өңделген және Қазақстан Республикасының ұйымдары мен жеке кәсіпкерлерінің бухгалтерлік есебін жүргізу тәртібін бекітеді.

Информация о работе Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеу