Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 23:30, курсовая работа

Описание работы

Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына өтуде. Сондықтан да, бухгалтерлер қаржылық есеп беруді халықаралық стандарттардың негіздеріне сәйкес жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Содержание

Кіріспе
1 Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеудің теориялық негіздері
1.1. Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі
1.2. Ұзақ мерзімді активтердің есебін аудиттеудің маңызы, міндеттері ақпараттық көздері
1.3. Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді нормативтік-әдістемелік реттеу
2. Кәсіпорын нысанындағы ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді ұйымдастыру қызметтері
2.1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне сипаттама және есеп саясаты
2.2. Кәсіпорын бойынша ұзақ мерзімді активтердің есебін реттеу тәртібі, жағдайы, қозғалысы
2.3. Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді активтердің аудиті
3. Негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
3.1. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған ақпарат көздері

Работа содержит 1 файл

аудит курсовой.doc

— 525.00 Кб (Скачать)

 

Тестілеу  қорытындылары аудиторға шаруашылық жүргізуші субъектінің қарастырылатын ішкі бақылау жағдайын бағалауға көмектеседі. Бақылау процедураларын жоспарлауда аудиторлық тексерудің бағытын айқындап, іс-қимылдың жүйелі дәйектілігін, қажетті дәлелдер алу көзін анықтау керек. Аудиторлық тәуекелділікті қысқарту мен нақты шараларды тексеру бағдарламасын жасау ұсынылады. (7 - кесте)

 

7-кесте

Инвестицияны аудиторлық тексеру бағдарламасы

Аудит рәсімдері (процедуралары)

Ақпарат көздері

Инвестиция баланста көрсетудің дұрыстығын тексеру

Баланс, бас кітап

Инвестицияның аналитикалық және синтетикалық есебі мәліметтерінің сәйкестігін тексеру

Бас кітап, 12 журнал-ордер; бастапқы құжаттар

Қаржылық инвестицияларды жіктеудің дұрыстығын тексеру

Бастапқы құжаттар

Бағалы қағаздардың бар екендігі мен сақталу орнын анықтау

Бағалы қағаздар есеп кітабы, акционерлер реестері, сату-сатып алу актісі, төлем тапсырмалары, акциялар, сертификаттар, облигациялар, куәліктер, жүкқұжаттар және т.б.

Инвестиция құнын бағалаудың дұрыстығын тексеру

Шарттар, сатып алу-сату актілері, төлем тапсырмалары, жүкқұжаттар

Бағалы қағаздар  алу жөніндегі бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын тексеру

 

1,2,3,4,5,6,7,8 журнал-ордерлері; Бас кітап      

 

Бағалы қағаздарды сату мен номиналды құны арасындағы айырманы есептен шығарудың дұрыстығын тексеру

1,2,3,4,5,6,7,8  журнал-ордерлері. Бас кітап

Қаржылық инвестициялардың істен шығуын есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру

12 журнал-ордер, Бас кітап

Басқа заңды тұлғаларға кәсіпорының қарыз беру заңдылығын тексеру

Шарттар, есеп айырысу – төлем құжаттары

 

Аудит технологиясы

Жоспарлау процесінде аудитор аудит инвестициясының жалпы жұмыс бағдарламасына кіргізу үшін мынандай мәселелерді анықтай алады:

1. Бағалы қағаздардың сақталуына жауапты адамдармен жауапкершілік  туралы шарт бар болуын тексеру.

2. Бағалы қағаздар есебін ұстаушылардың тізілімі (реестр) бар болуын тексеру.

3. Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есеп регистрінің көрсеткіштері сәйкестігінің аудиті.

4. Инвестиция есебі бойынша бастапқы құжаттарды рәсімдеу аудиті.

5. Бухгалтерлік есеп шоттарында шаруашылық операцияларын көрсетудің дұрыстығын тексеру.

6. Инвестицияны түгендеп өткізудің дұрыстығын тексеру.

7. Инвестиция құрамында ескерілетін обьектілер және оларды өтеу мерзімінің               (кіріс алу мерзімінің) сәйкестігі және оларды есепте көрсету.

8. Инвестицияның аналитикалық есебін ұйымдастыру.

9. Инвестицияға меншіліктілік құқын растайтын құжаттардың бар болуы.

10. Бағалы қағаздардың сатылым құнын олардың істен шыққандағы аталуы құнына дейін жеткізудін дұрыстығын тексеру.

11. Бағалы қағаздардың сатылым құнын олардың істен шыққандығы атаулы құнына дейін жеткізудің дұрыстығы.

12. Бағалы қағаздардың істен (есептен)  шығу және бух-ік есеп пен салық салу мақсаттары үшін қаржылық нәтижелерін есептен шығару жөніндегі операцияларды көрсету.

13. Жеке мәселелерді қосымша тексеру үшін басқа аудиторларға берілетін құжаттар пакетін қалыптастырып жасау.

14. Аудиторлық есепті құру мен оның топ басшысына ұсыну.

Баланста инвестицияны көрсетудін дұрыстығын тексеру мынандай бірізділікпен жүзеге асады: баланс-Бас кітап-12 журнал-ордер бастапқы құжаттар.  Аудитор инвестиция жөніндегі операциялар аудитінде әдетте қаржылық есептілікте бекітулерге қатысты аудиторлық процедуралар жүргізіледі: Бар болуы, аяқталғандылық, құнды анықтау, құқықтар мен міндеттер, ұсыныстар мен ашып көрсетулер.

Бар болу мен аяқталғандық  туралы. Мұндай бағыттар бойынша аудиторлық тексеру ауызша сұраудан басталуы мүмкін. Сұрау барысында есепті кезенде қандай өзгерістер болғаны және құнды қағаздардың қайда сақталатыны анықталады. Егер олар ұйымда сақталса, оларды қарап, санау керек, яғни түгендеп жүргізген жөн. Егер құнды қағаздар, сенімді тұлғада (депозиторшіде, банкте және т.б.) болса, онда ол тұрғыдан жазбаша анықтама алу керек.

Құнды анықтау туралы .Инвестицияға шыққан шығындар құжатпен рәсімделіп, синтетикалық және аналитикалық есепте көрсетілуі тиіс.     Аудитор инвестиция құнын бағалаудың қандай тәсілі іс-тәжірибеде қолданылатынын және ол кәсіпорынның есеп саясатында кесімді белгіленген нұсқаға сәйкес келетіндігін анықтауы керек. Жеке инвестицияның құны шарттар, жүк-құжаттар және де меншіктілік құқығын растайтын басқа құжаттар бойынша анықталады.

Құқықтар мен міндеттемелер. Инвестицияларға меншіктілік құқы құнды қағаздарды сату-сатып алу жайлы тиісті шарттар. Басқа шаруашылық жүргізуші субьектілерге салымдар, тапсыру-қабылдау актілері, бағалы қағаздар, құнды қағаздар, сертификаттары, акционерлер, тізілімінен көшірмелер (акциялар) «Депо» шоты бойынша көшірмелер (егер оның иесінде акция есебі құжатсыз түрде жүрсе немесе егер құнды қағаздар депозитарийге салынса), банк көшірмелері мен меншіктілік құқы көшуін растайтын басқа құжаттарға тиісті төлем құжаттары бойынша тексеріледі.

Ұсыну мен ашып көрсету. Аудитор инвестициясының мөлшерін, бағытын, мақсатқа сәйкес талдап, сонымен оларды қажетті жағдайда ашып көрсетеді. Есепке алып,дұрыстығын зерттеуі керек. Егер ұзақ мерзімдік инвестициялар қаржылық есеп беру үшін елеулі болса, аудитор оларды бағалау мен ашып көрсетуге қатысты, тиісті жеткілікті аудиторлық дәлелдер алу керек. Ұзақ мерзімді инвестицияға қатысты орындалатын аудиторлық процедураларға әдетте, субьектінің инвестицияны ұзақ мерзімдік негізде ұстауді жалғастыру қабілетіне қатысты дәлелді қарау, басшылықпен мұндай ниет жайын талқылау, сондай-ақ осы мәселе жөнінде жазбаша ұсыныстар алу кіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары

 

3.1. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары

 

              Бүгінгі нарықтық жағдайда заман талаптарына сай кәсіпорынның «өмірін» басқаруда, құжат айналымын автоматтандыруда, қаржылық және материалдық есепте, негізгі қызметтің ақпараттық қолдауында компьютерлік технологияларды қолданбау мүмкін емес.

              Қазақстандағы аудиторлық қызмет салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде қалыптасу кезеңінен өтті  және  қазіргі кезде едәуір дамып келе жатыр. Тәуелсіз аудиторлар бухгалтерлік есептілікте көрсетілген ақпараттың шынайылығы туралы білдірген көзқарасы мүдделі тұлғалар үшін бұл ақпаратты басқарушылық шешімдер қабылдаған кезде үлкен сенімділікпен қолдануға мүмкіндік береді, өз тұрғысынан бұл кәсіпкерлік  тәуекел деңгейін төмендетуге көмектеседі.

              Өзінің қызметінде аудиторлар әдетте бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесімен жұмыс істейді, өз кезегінде бұл жүйеде дербес компьютерлер кең қолданылады. Компьютерлік техниканы қолдану есептік персонал қызметінің тиімділігін, есеп регистрлерін және есептілік құжаттарын қалыптастыру кезінде атқарылатын есептеулердің нақтылығын  анағұрлым арттырады, сонымен қатар бухгалтерлік есепті жүргізудің еңбек шығынын төмендетеді.  Есеп жүйесінде компьютерлік технологияларды қолдану барысында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың ерекшеліктері бар, олар аудитті жоспарлау мен өткізу кезінде ескерілу қажет. Сондықтан, бухгалтерлік есепті компьютерлендіру, оның автоматтардырылған жүйесін қалыптастыру мен іске асыру аудиторлар тарапынан тепе-тең қарастырылуды талап етеді. Қазіргі кезде 80-90 жылдары қолданылған девиздің өзектілігі артып келеді: «күндердің бір күнінде барлық аудиторларға компьютерлік аудиторлар болуға тура келеді» .

Аудиторлық мамандықтың нығаюы және оның халықаралық қағидаларға жақындауы барысында ақпараттық технологиялар мен дербес компьютерлер арқылы аудиторлық ұйымның заманға сай жаңа технологияларды қолдану өте маңызды болып табылады. Ресей Федерациясында аудитті компьютеризациялау мәселесіне А.Н. Романов және Б.Е. Одинцов сияқты ғалымдар зор еңбек сіңірген [58].

Аудиторлық қызметтегі маңызды өзгертулер аудиторлық тексерулерді өткізудің технологиясын жаңғырту мәселесін  және ең бастысы дербес компьютерлер мен ақпараттық технологияларды жүргізуді қамту керек.

Бұған халықаралық аудиторлық тәжірибе ережесінің (ХАТӘ) аудитте компьютерлерді қолдануға арналған 401 «Компьютерлендірілген ақпараттық жүйедегі аудит»: Автономдық Дербес Компьютерлер, 1001 «Ақпараттық технологиялар ортасы»: автономды дербес компьютерлер, 1002 «Ақпараттық Технологиялар Ортасы»: Интерактивтік компьютерлік жүйелер, 1003 «Ақпараттық Технологиялар Ортасы»: Деректер Қорының Жүйелері және 1009 «Аудиттің Компьютерлендірілген тəсілдері» 2004 жылдың желтоқсанында күшін жойғаны куә болады. Осы өзгеріс 10-15 жыл бұрын аудит пен бухгалтерлік есепте компьютерлік технологияларды қолдану үлкен жеңістік болып саналғаны, ал қазір бухгалтерлер (100%-ға дейін) мен аудиторлар компьютерлерді өзінің күнделікті қызмет барысында қолданатындығына байланысты деп В.И. Подольский өзінің «Компьютерные информационные системы в аудите» еңбегінде санайды. Осыған орай есептеуіш техникамен байланысты барлық ережелерді жалпылама мақсаттардағы ХАС-ға қосу мақұлданды [58, 5-8 б].

ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап Қазақстан Республикасында дербес компьютерлерді сатып алу мүмкіндігі кеңінен ашылды, кәсіпорындардың және ұйымдардың бухгалтерлік есебіне ақпараттық технологияларды енгізу белсенді жүргізіле бастады. Бағдарламалық жабдықтау нарығында мамандандырылған бағдарламалар көптеп шыға бастады, олар қызметтік мүмкіндіктері, атқару сапасы, күрделілігі жағынан әртүрлі болды. Нәтижесінде өндірушілер арасында көпшілік мақұлдаған көшбасшылар пайда болды.

Аудит технологиясының заманға сай жаңа бағыты болып оның компьютеризациясы табылғандықтан, бір жағдай екіншісіне себепші болады: үрдіс неғұрлым технологияланған болса, соғұрлым ол шындыққа жанасымды болады және соғұрлым тез автоматтандырыла алады, дәл солай егер «технологтың» қоржынында автоматтандырылған құралдар көп болса, соғұрлым оның автоматтандыра алатын операциялар ауқымы кең болады.

Қазіргі кездің өзінде-ақ аудиторлық ұйымдарда компьютерлер кәсіпорынның өзінің ішіндегі басқарушылық жұмыстарды автоматтандыру үшін, сонымен қатар экономикалық субъектілердің аудитін жүзеге асыру үшін де қолданылады. Бұл жағдайда «компьютерлі аудиторлық тексеріс өткізу барысында қолдану» түсінігі анағұрлым жалпылама болып табылады және келесі кестедегі жұмыс түрлерін қамти алады [58, 10-12 б].

 

8-кесте Аудит барысында компьютерлерді қолданудың нұсқалары

 

Нұсқа

Компьютерді қолдану арқылы орындалатын жұмыстың түрлері

I

Аудиторлық құжаттардың негізгі типтік нысандарын, сұрау қағаздарын, кестелерді, анкеталарды және т.б. баспаға шығару және өңдеуі

II

Әртүрлі есептеулерді жүзеге асыру, кестелік мәліметтерді өңдеу

III

Электронды түрде нормативті-құқықтық анықтама базасын (мысалы, «Гарант», «Кодекс», «КонсультантПлюс»сияқты жүйелер) қолдану

IV

Электронды мәліметтер базасына салаунама жүргізу бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесінде (БЕАЖ) қалыптасады

V

БЕАЖ аймақтарында жүргізілетін жеке есептеулерді тексеру

VI

БЕАЖ қалыптастыратын электронды мәліметтер базасынан бухгалтерлік есеп регистрлері мен баламалы балансты алу

VII

Экономикалық субъектінің қаржылық жағдайын кешенді тексеру

Информация о работе Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеу