Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 23:30, курсовая работа
Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына өтуде. Сондықтан да, бухгалтерлер қаржылық есеп беруді халықаралық стандарттардың негіздеріне сәйкес жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Кіріспе
1 Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеудің теориялық негіздері
1.1. Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі
1.2. Ұзақ мерзімді активтердің есебін аудиттеудің маңызы, міндеттері ақпараттық көздері
1.3. Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді нормативтік-әдістемелік реттеу
2. Кәсіпорын нысанындағы ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді ұйымдастыру қызметтері
2.1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне сипаттама және есеп саясаты
2.2. Кәсіпорын бойынша ұзақ мерзімді активтердің есебін реттеу тәртібі, жағдайы, қозғалысы
2.3. Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді активтердің аудиті
3. Негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
3.1. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған ақпарат көздері
4. Қатаң ішкі бақылау.
Өндірістің негізгі және көмекші үрдісінің сипаттамасына тоқталсам, кен орнында өндірілетін шикізаттан ТШО ақтық өнімдерінің бірнеше түрін шығарады, бұл ретте ТШО табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қағидасын сақтай отырып, тапжылмастан қалдықсыз өндіріске ұмтылуда.
ТШО өнімдерінің негізгі түрі тұрақтандырылған мұнай. Көмірсутек шикізатының қалған бөлігінен (ілеспе газдан) тауарлық газ, (құрғақ табиғи газ және суытылған газдар пропан мен бутан), сонымен қатар, Теңіздің шикі мұнайының құрамында өте көп мөлшерде болатын көмірсутектен алынатын қарапайым күкірт өндіріледі.
Соңғы жылдары жобалануы мен құрылысы ТШО құрылғаннан кейін алғашқы жылдардан басталған нысандар мен қондырғылар іске қосыла бастады. Дәл осы нысандаудың арқасында ТШО өнімділікті өсіріп қана қоймай, сонымен бірге өндірілетін барлық өнімнің сапасын халықаралық талаптарға сай жақсартуға және табиғи ортаға тиетін әсердің денгейін түбегейлі төмендетуге қол жеткізді.
Тұрақтандырылған мұнай. Теңіз мұнайының өзінің жоғары сапасының арқасында халықаралық нарықта үлкен сұранысқа ие. ТШО-ның тауарлық мұнайы өте «жеңіл», яғни көмірсутектің жеңіл молекулаларынан тұрады, бұл мұнай өңдеу зауыттыры үшін мұнайдан бензин, дизель отынын және басқа да өнімдерді өндіру жұмысын жеңілдетеді.
Тауарлық газдар. 2000 жылға дейін (тиісті нысандар іске қосылғанша) ТШО өндіретін тауарлық газдар сапасының төмендігіне байланысты кей кездерде сұранысқа ие болмады. ТШО тауарлы газдың бір бөлігін алдын-ала зиянды қоспалардан тазартып алып, алауларда жағуға мәжбүр болды. Бұл атмосфераға тарайтын шығындардың көбеюін туғызды.
2000 жылдан бастап ТШО (шамамен тәулігіне10 миллион текше метр) жоғары сапалы құрғақ (табиғи) газ өндіреді, оның барлық көлеміде тұтынушыларға өткізіледі. 2004, 2008 жылы 3,8 миллиард текше метр табиғи газ өндірілді және өткізілді.
2001 жылы ішкі газдың да барлық көлемінен тауарлық газ пропан мен бутан алуға мүмкіндік беретін жаңа нысандар мен қондырғылар іске қосылды. Бұл газдардың сапасы әлемдік стандарт талаптарына келтірілді, нәтижесінде газды жергілікті нарықта сатуға да, Еуропа елдеріне шығаруға да мүмкіндік туды. 2002 жылы қазан айында суытылған пропан мен бутан өндіру көлемінің ең жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Ол айына 65 мың тонна (күніне 24000 баррель) құрады.
Күкірт. Шикі мұнайды күкіртсутектен тазарту барысында ТШО ілеспе өнім қарапайым күкірт (S) өндіреді. Ол да өз алдына халықаралық нарықта сұранысы бар бағалы шикізат өнімі болып табылады. Кен орнын игеру барысында ТШО сату мақсатында күкірттің белгілі мөлшерін (7 миллион тонна шамасында) өндірді, ол қоршаған ортаға мүлдем қауіпсіз қатты блок түрінде сақталуда. Күкіртке деген сұраныстың болуына қарамастан, ТШО-ның күкірт сату көлемі (балқытылған, сұйық түрде) оны өндіру көлемінен кейін қалып отырды.
Күкіртті өткізу мәселесін шешу мақсатында ТШО қабыршақ және түйіршік күкірт өндіретін қондырғылардың құрылысына 60 миллион АҚШ $ көлемінде инвестиция жұмсалды.
Арнайы қаптармен қабыршақ күкірт тұтынуға жеткізу үшін арнайы жабдықталған көлікті қажет етпейді, ол тиеуге де, тасымалдауға да ыңғайлы. Түйіршік күкірт ашық темір жол вагондарымен тасымалданады.
2002 жылғы қараша айында қазақстандық-канадалық бірлескен жоба тәулігіне 600 тонна қабыршақ күкірт өндіретін бірінші өнеркәсіптік қондырғы іске қосылды. 2003 жылы түйіршік күкірт өндіретін қондырғылардың құрылысы аяқталды, олардың өнім өндіру көлемі күніне 2200 тонна. ТШО өндірістің қоршаған ортаға әсер ету деңгейін төмендете отырып,технологияларды жетілдіру және кәсіпорынның қуатын жүйелі түрде өсіру бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазіргі кезде ТШО Теңізде құны 2,5 млрд $-дан асатын жаңа озық зауыт салудың орасан зор жобасын жүзеге асыруда. Бұл зауыттың іске қосылуы арқасында мұнай өндіру мен өткізудің көлемі жылына шамамен 7 млн. тоннаға өспек. Кәсіпорынның негізгі өндірісі 3 обьектіден тұрады: КТЛ-1, КТЛ-2 және мұнай кәсіпшілігі. Тікелей мұнай шығарумен кәсіпшілік айналысады. Жалпы кәсіпшілік ауданының ұзындығы мен ені 15-20 км. Барлық жұмыс өлшем құралдарымен жабдықталып , толығымен автоматтандырылған.
Енді, өндірістік тәжірибемді өткізген «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорнының негізгі техникалық экономикалық көрсеткіштерін қарастырайық.
1-кесте
«Теңізшевройл» біріккен кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер | Өлш.бір. | 2008 ж. | 2009 ж. | Ауытқулар |
Шикі мұнайды сатудан түскен табыс | теңге | 3667385652 | 3989466296 | 322080644 |
Өндіріс көлемі | млн. тонн | 12,7 | 13,7 | 1 |
Өндіріс тиімділігі | % | 90,4 | 93,6 | 3,2 |
1-кесте жалғасы
ТШО персоналындағы ҚР азаматтарының үлесі | % | 80 | 81 | 1 |
Еңбек өнімділігі | теңге | 29995987 | 26384069 | (3611918) |
Еңбекақы төлеу қоры | теңге | 186151489 | 260004595 | 73853106 |
Орташа жылдық еңбекақы | теңге | 1399635 | 1870537 | 470902 |
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны | теңге | 382094771
| 162385790 | (219708981) |
Қор қайтарымдылық коэффициенті |
| 9,6 | 24,6 | 15 |
Таза табыс | теңге | 45323302 | 99673075 | 54349773 |
Сату рентабелділігі | % | 2,5 | 1,24 | (1,26) |
1-кестеде кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін көрсетуге болады.Кестенің көрсеткіштерінен мынандай ауытқуларды көреміз: шикі мұнайды сатудан түсетін табыс өткен 2008 жылмен салыстырғанда 322080644 теңгеге көбейген. Өндіріс көлемі өткен 2008 жылға қарағанда, 1 млн. тоннаға артық шикі мұнай өндірілген. Еңбек өнімділігі 3611918 теңгеге төмендеген. Дегенмен, біріккен кәсіпорында қазақстандық жұмыскерлердің санының артқанына қарамастан, жылдық орташа еңбек ақы 470902 теңгеге көбейгендігін байқаймыз. Бұл еңбек ақы қорының 73853106 теңгеге ұлғайғандығымен байланысты болып отыр. Осы кестеден теріс ауытқулардың бірі ретінде былтырғы жылмен салыстырғанда сату рентабельділігінің 1,26 пунктке қысқарғанын көріп отырмыз. Есепті жылда ол 1,24%-ті құрады. Мұндай төмен сату рентабелділігі активтерді қаржыландыру, сырттан қаржыландыру есебінен жүргізіліп отырғандығымен байланыстырылады. Кәсіпорында негізгі қорлардың қозғалысы туралы сипаттама беру үшін келесідей көрсеткіштерді есептейміз:
1) Негізгі қорлардың қор қайтарымдылық коэффициенті, ол негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді. Мысалы, 2009 ж. өндірілген өнімді сатудан түскен табыс 3989466296 теңгені құраса, ал негізгі құралдардың орташа жылдық құны 162385790 теңгеге тең болғанда, қор кайтарымдылық коэффициенті - 3989466296/ 162385790 = 24,6-ға тең болады.
2) Негізгі қорларды жаңарту коэффициенті;
Кәсіпорын пайдасын арттыру мен рентабелділікті өсірудің маңызды резерві ретінде негізгі құралдарды тиімді пайдалану болып саналады. Негізгі құралдарды пайдалануды талдау жоғарыда айтылған әртүрлі жалпылама және жекелеген көрсеткіштердің көмегімен іске асырылады.
Бұл көрсеткіштер бүтіндей барлық негізгі құралдар бойынша да, сонымен қатар, жекелеген топтары мен түрлері бойынша да есептеуге болады. Мысалы, өндірістік тәжірибемді өткізген бірлескен кәсіпорынның қор қайтарымдылығы коэффициентін есептейтін болсам, кәсіпорын бойынша бір есепті кезеңдегі өндірілген өнім көлемін негізгі өндірістік құралдардың жылдық орташа құнына бөлу арқылы анықтаймыз.
Осы көрсеткіштерді зерттей келе, талдау жүргізу барысында бірлескен кәсіпорынның дамуы мен ресурстарды пайдалану деңгейі туралы қорытынды жасауға негіз болады.
Жоғарыда айтылғандай, бірлескен кәсіпорынның қызметінің негізгі түрлері болып мұнай өндіру және оны сату, мұнайды тасымалдау мен экспортқа шығару, геологиялық барлаумен айналысу тағы сол сияқты қызметтер болып табылады.
«Теңізшевройл» кәсіпорны біріккен кәсіпорын болып саналатындықтан есеп жүргізу саясатының негізгі қағидаттарына тоқталамын. Қаржы есептілігі Қазақстан Республикасында бекітілген бухгалтерлік есеп жүргізу стандарттары мен халықаралық стандарттарға сәйкес негізгі құралдарды қайта бағалауды ескере отырып, бастапқы құн қағидаты негізінде дайындалады.
Бухгалтерлік есеп және салық салу жөніндегі қазақстандық заңнаманың талаптарына сәйкес кәсіпорын бухгалтерлік жазба жүргізуге және жинақталған қаржы есептілігін теңгемен дайындауға міндетті. Жинақталған қаржы есептілігін халықаралық есеп беру стандарттарына сәйкес активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар сомасына, сондай-ақ шартты міндеттемелерді ашуға ықпал ететін бағалаулар мен пікірлерді пайдалануды талап етеді.
Материалдық емес активтер. Мұндай сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету, лицензиялық келісімдер және тағы басқа да материалдық емес активтер құнын білдіретін активтер жинақталған өтелім шегеріліп, бастапқы құнымен көрсетіледі. Өтелім активтер қызметінің пайдалы мерзімін бағалау үшін тік сызық әдісі негізінде есептеледі. Материалдық емес активтер негізінен бес жыл ішінде өтеледі.
Негізгі құралдарды қайта бағалау. Бірлескен кәсіпорын өзінің негізгі құралдарын қайта бағалау жүргізу үшін олардың қалдық құнын өзінің құрылымдық бөлімшелерінде айырбастағанға дейін тәуелсіз сарапшыларды тартады. Қайта есептеу нәтижесінде активтер құнының артуы кейінге қалдырылған табыс салығы сомасы шегеріліп, қосымша төленбеген капитал шоты бойынша ескеріледі. Қайта бағалау нәтижесінде активтер құнының кемуі ағымдағы жылдың шығысы ретінде танылады. Алайда актив құнының құнсыздануы, құнсыздану сомасы осы актив бойынша танылған бұрынғы үстеме баға сомасынан асып кеткенге дейін қосымша төленбеген капитал шоты бойынша ескеріледі.
Қосымша төленбеген капитал негізгі құралдарды қайта бағалау сияқты әдіспен өтеледі және тікелей бөлінбеген табыс есебінен шығарылады. Төленбеген қосымша капитал есебінен бөлінбеген табыс есебіне аудару кірістер мен шығыстар туралы есеп беруде көрсетілмейді.
Негізгі құралдарды есептен шығарғанда олардың қалдығы қосымша төленбеген капитал бойынша бөлінбеген табысқа ауысады. Осы қозғалыс жинақталған есептілік өзгертулерінде өз капиталында негізгі құралдар болып көрсетіледі.
Негізгі құралдардың тозуы, тік сызықты әдіспен белгілі мерзімге пайдалы мерзімде әрбір қызметтің активі, төменде көрсетілгендей есептеледі: Мысалы, ғимараттар 30-40 жылдар, машиналар мен жабдықтар 8-12 жылдар, мұнай құбырлары мен басқа көлік құралдары 10-13 жылдар, басқа да негізгі құралдар 5-15 жылдар болып есепке алынады.