Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 23:30, курсовая работа

Описание работы

Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына өтуде. Сондықтан да, бухгалтерлер қаржылық есеп беруді халықаралық стандарттардың негіздеріне сәйкес жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Содержание

Кіріспе
1 Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеудің теориялық негіздері
1.1. Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі
1.2. Ұзақ мерзімді активтердің есебін аудиттеудің маңызы, міндеттері ақпараттық көздері
1.3. Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді нормативтік-әдістемелік реттеу
2. Кәсіпорын нысанындағы ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді ұйымдастыру қызметтері
2.1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне сипаттама және есеп саясаты
2.2. Кәсіпорын бойынша ұзақ мерзімді активтердің есебін реттеу тәртібі, жағдайы, қозғалысы
2.3. Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді активтердің аудиті
3. Негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
3.1. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған ақпарат көздері

Работа содержит 1 файл

аудит курсовой.doc

— 525.00 Кб (Скачать)

Бірлескен кәсіпорын мұнай өндіретін ұңғымалардың құрылысы кезінде келтірілген барлық тікелей шығыстарды капиталға айналдырады. Құрылыстың деңгейіндегі барлық нысандар «Аяқталмаған құрылыс» деп жіктеледі. Аяқталмаған құрылысқа тозу есептелмейді. Оларды пайдалануға бергенде  олар негізгі құралдардың тиісті тобына аударылады.

Олардың пайдалы қызметінің мерзімін ұзартатын негізгі құралдардың күрделі жөндеуінің шығындары негізгі құралдардың есебіне жатады. Ағымдағы жөндеу мен қызмет көрсетудің шығындары оларды пайдаланған кездегі шығысқа жатады. Негізгі құралдарды сатқан кезде немесе есептен шығарғанда оларды алғашқы құны сатылған немесе есептен шығарылған активтің, оның тиісті жинақталған тозуы мен осы активке байланысты кез келген қайта бағалау есептіліктен алынып тасталады. Негізгі құралдарды есептен шығарған кезде кез-келген табыстар мен залалдар осы ағымдағы табыстар мен шығыстарға жатады.

Инвестициялар. Бірлескен кәсіпорын өзінің инвестицияларын келесі сипаттар бойынша жіктейді: өтелгенге дейін ұсталатын және сату үшін. Қысқа мерзімді бағаның құбылуына байланысты сатып алынған арнайы пайда алу мақсаттағы инвестициялар, сатушылық сияқты жіктеледі және ағымдағы активтерге енгізіледі. Басшылықтың оларға ниеті бар және оларды өтелгенге дейінгі ұсталатын және ұзақ мерзімді активке арналған болып жіктеледі. Өтеуі белгіленбеген мерзімде ұсталуға арналған инвестициялар және оларды жою қажеттілігі туындаған жағдайда сатуға болатын немесе сыйақы ставкасы өзгеру қорытындысына сатуда тұрған болып жіктеледі.  Егер басшылық оларды 12 ай мерзім ішінде ұстауға ұсыныс білдірмесе, немесе оларды айналым капиталын толтыру үшін сату қажеттілігі туындаса олар ұзақ мерзімді активтер құрамына енгізіледі. Басшылық өздерінің инвестицияларын сатып алған кезде тиісті жіктемесін анықтайды.

Еншілес, тәуелді серіктестіктердегі инвестициялар сатылып алу құны бойынша бағаланады, төленген ақша көрінісі олардың әділ құны болып саналады және келісімдер жүргізуге арналған шығысқа жатады.

Сатып алушылар мен тапсырысшылар берешегі. Сатып алушылар мен тапсырысшылардың берешегі бастапқы шот фактураның сомасы бойынша белгіленеді және есепке алынады, бұдан күмәнді талап сомасының резерві алынып тасталады. Күмәнді берешекті бағалау барлық сома алынбаған жағдайда жүргізіледі. Төленбеген берешек талап ету мерзімі аяқталғаннан кейін есептен шығарылады.

«Теңізшевройл» саясатын бекіту, саясаттың барлық сәйкес бағыттарындағы заңдылықтарды, ТШО біріккен кәсіпорны туралы Келісімдерге сай мұнай өндірісі саласындағы іскерлік әдеп, қауіпсіздік техникасы нормалары мен тиімділіктерді іске асыруды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, ТШО қағидасы, оның құрылтайшы серіктестерінің активтері мен мүдделерінің дербестігін экономикалық тұрғыда тиімді қорғауға және сақтауға мүмкіндік беретін жұмыс тәжірибесі мен тәртібін орнатуды қамтиды.

 

 

2.2. Кәсіпорын бойынша ұзақ мерзімді активтердің есебін реттеу тәртібі, жағдайы, қозғалысы

 

 

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

Кез келген өндіріс  өз қызметіне  құрал – жабдықтарын тартса  ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының  құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың  өндіріс процесіндегі  атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға,  заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім  болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект  үшін осы қазан  еңбек құралы болып табылады.

Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да,  өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам)  қызмет етеді.

Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы  негізгі құралдардың бәрі тек  қана ұйымның  негізгі  шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін  болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның  атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша  жалға алған негізгі құралдары баланс сыртындағы ″Жалға алынған негізгі құралдар″ деп аталатын шотта есептейді.

Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп 3 топқа бөлінеді.

Негізгі құралдардың  есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. 16 ҚЕХС-ы бойынша негізгі құралдарды бағалаудың әдіс-тәсілдері төмендегідей:

1. Негізгі құралдардың бастапқы құны

а) жер участкесінің бастапқы құнына

ә) құрал – жабдықтардың бастапқы құнына

2. Негізгі құралдың ағымдағы (әділ) құны

3. Негізгі құралдардың баланстық құны

4. Негізгі құралдардың қалдық ( жойылу) құны

Негізгі құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың аналитикалық (талдамалық) есебі әрбір түгендеме объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Түгендеме (инвентарлық) объектісі деп өзінің құрамы кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтарымен, саймандарымен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды (үйлер мен ғимараттарды), өздерінің құрылымы   (конструкциясы) бойынша жекеленген немесе бірімен – бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып, белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.

Кәсіпорындарда  негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға түгендеме нөмірі беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.

                                                                                                                       

2-кесте

«Теңізшевройл» біріккен кәсіпорынның негізгі құралдары мен материалдық емес активтердің қозғалысы.     

 

Бастапқы құны

1 қаңтар мың АҚШ (доллары) 2008 ж.

Кіріске алу,

мың АҚШ (доллары)

Аяқталмаған

құрылыстан

НҚ-ға аудару

 

НҚ-дарды

есептен шығару

31 желтоқсан

2008 ж.

мың АҚШ (доллары)

Негізгі құралдар:

 

 

 

 

 

Ұңғымалар мен өндірістік жабдықтар

743 747

 

153 131

(1 491)

895 387

Шикі мұнайды өңдеу құрылғылары

1 336 948

 

969 580

(34 627)

2 271 901

Ғимараттар

286 114

 

12 959

(912)

298 161

Тағы басқалары

207 057

 

21 231

(6 630)

221 658

Барлығы негізгі құралдар

2 573 866

 

1 156 901

(43 660)

3 687 107

Материалдық емес активтер

54 317

 

 

 

54 317

Аяқталмаған құрылыс (ТМҚ)

1 257 843

570 515

(1 156 901)

(31 555)

639 902

Барлық негізгі құралдардың бастапқы құны

3 886 026

570 515

 

(75 215)

4 381326

Тозу және амортизация

 

 

 

 

 

Негізгі құралдар:

 

 

 

 

 

Ұңғымалар мен өндірістік жабдықтар

(129 370)

29 835

 

399

(99 136)

 

Өңдеу құрылғылары

(257 778)

71 412

 

8,193

(178 173)

Ғимараттар мен жерді дайындау

(70 426)

14 913

 

362

(55 151)

Тағы басқа

(89 119)

21 162

 

3 999

(63 958)

Барлығы

(546 693)

137 322

 

12 953

(396 418)

Материалдық емес активтер

(34 864)

5 432

 

 

(29 432)

Барлық тозуы

(581 557)

142 754

 

12 953

(425 850)

Баланстық құны

3 304 469

427 761

 

(62 262)

3 669 968

 

Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі. 

Кәсіпорындарға негізгі құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беру, сондай – ақ үкімет орындарының беруі, т.б. жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға кәсіпорынның үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылыққа пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса, оларға жоғарыда аталған қабылдау-тапсыру  актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу- қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

        Объектінің аты;

        Объектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;

        Салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;

        Құрылыстың салынып біткен уақыты;

        Амортизациялық аударым мөлшері;

        Бастапқы құны;

        Басқа да шартты белгілері;

Негізгі құралдардың салынып  біткен аса ірі объектілеріне ұйымдағы бас механикалық бөлім төлқұжат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру, олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы, (көлемі, материалдық өзгешелігі, агрегаттардың қуат күші, тозу мөлшері, істен шығарылу себебі) т.б. мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде ұйымдар әрдайым өздеріндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізіп және олардың іске жарамдылығын тексеріп отырады.

Негізгі құралдарға толтырылған қабылдау-тапсыру актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына тапсырылуы тиіс. Актімен бірге объектінің техникалық төдқұжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті түгендеу карточкалар мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар кәсіпорынның тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні ұйым басшысы бекітеді. Кәсіпорындағы бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға, жалғастырылып салынған немесе олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша қосылады. Негізгі құралдарды кіріске алғанда ұйымның бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:

Информация о работе Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеу