Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 23:30, курсовая работа

Описание работы

Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына өтуде. Сондықтан да, бухгалтерлер қаржылық есеп беруді халықаралық стандарттардың негіздеріне сәйкес жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Содержание

Кіріспе
1 Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеудің теориялық негіздері
1.1. Ұзақ мерзімді активтер, жалпы сипаттамасы мен олардың жіктелуі
1.2. Ұзақ мерзімді активтердің есебін аудиттеудің маңызы, міндеттері ақпараттық көздері
1.3. Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді нормативтік-әдістемелік реттеу
2. Кәсіпорын нысанындағы ұзақ мерзімді активтерді аудиттеуді ұйымдастыру қызметтері
2.1. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне сипаттама және есеп саясаты
2.2. Кәсіпорын бойынша ұзақ мерзімді активтердің есебін реттеу тәртібі, жағдайы, қозғалысы
2.3. Кәсіпорындағы ұзақ мерзімді активтердің аудиті
3. Негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
3.1. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы негізгі құралдардың аудитін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған ақпарат көздері

Работа содержит 1 файл

аудит курсовой.doc

— 525.00 Кб (Скачать)

Д-т «Негізгі құралдар» шоты

К-т  «Ақшалар» шоты;

«Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге қарыз» шоты;

«Қоюшы мердігерлермен есеп айрысу» шоты;

«Төленбеген капитал» шоты;

              «Үкімет органдарының субъсидиялары» шоты деп аталатын шоттардың тиістілері.

Егер кәсіпорынға келіп түскен, яғни кіріске алынған негізгі құралдар бұрын пайдаланылып және оларға тозу сомасы есептелген болса, ондай негізгі құралдардың тозу сомасына мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:

Д- т «Негізгі құрал» шоты;

К-т «Негізгі құралдың тозуы» шоты.  

Енді осы курстық жұмысымда кәсіпорындарда қолданылатын негізгі бухгалтерлік шоттар корреспонденциясына тоқталамын. 3-кесте бойынша негізгі құралдарды кіріске алғанда жиі кездесетін шоттар корреспонденциясы берілген.

 

3-кесте

Жеке немесе заңды тұлғалардан негізгі құралдарды сатудан алынған кірістер бойынша жүргізілетін операциялар

 

Операциялар мазмұны

Дебиттеле-

тін шот

Кредиттеле-

тін шот

1

2

3

4

1

Үлес қосушылардан жарғылық қорды толтыру мақсатымен кіріс етілген негізгі құралдарға:

-                     келісілген құнына

-                     тозу құнына

      

 

 

2411-2417

2412-2416

2421-2429

 

5020

2421-2429

 

2

Жеке немесе заңды тұлғалардан сатылып алынған негізгі құралдарға:

-                     қалдық құны бойынша;

-         қосылған құн салығы сомасына

 

 

 

 

 

 

 

2411-2417

 

 

1420

 

 

 

1070,1050,

1040,1010,

1020,3310

1070,1050, 1060,1010, 1020,3310

 

3

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан келіп түскен, әзірге ақшасы төленбеген негізгі құралдар:

-бастапқы құны бойынша

-қосылған құн салығы сомасына

 

 

2411-2417

1420

 

 

3310

3310

4

Басқа да атқарушы органдардан субсидия ретінде келіп түскен негізгі құралдарды кіріске алу:

 

-қалдық құны бойынша

- тозу құнына

 

 

2411-2417

2411-2417

 

 

6250

2421-2429

5

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін(ақысыз, қайтарусыз)алынған негізгі құралдарды кіріске алу:

-                     қалдық құны бойынша

-                     тозу құнына

 

 

2411-2417

2411-2417

 

 

6160

2421-2429

6

Тексеру немесе түгендеу кезінде артық шыққан немесе бұрын еспке алынбаған негізгі құралдарды кіріске алғанда:

-                     ағымдағы құны бойынша

-                     есептелінген тозу сомасына

 

 

 

2411-2417

2411-2417

 

 

 

6160

2421-2429

7

Ұйымның өзінде өндіріліп, кіріске алынатын негізгі құралдар:            -   негізгі өндірістен

                        -   көмекші өндірістен

 

2411-2417

2411-2417

 

8010

8030

 

Негізгі құралдарды істен ( есептен ) шығарудың есебі

Кәсіпорынның өздерінің пайдалануындағы, яғни меншігіндегі негізгі  құралдарын есептен басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін бергенде, сатқанда,  ұрлағанда, жоғалғанда, табиғи апат, зілзала жағдайында бүлініп  жоғалғанда шығарады. Сонымен қатар, өздерінің  меншігіндегі негізгі құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге  жалға берген кезде де кәсіпорындар өздерінің  балансынан  негізгі құралдарды  есептен шығара алады. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың  іске жарамсыздығын,  оларды бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күрделі  жөндеудің тиімсіздігін немесе мүмкін еместігін  анықтау үшін, сондай-ақ негізгі құралдарды  есептен шығаруға қажетті құжаттарды толтыру үшін  ұйым басшысының  бұйрығымен тұрақты комиссия құрылады. Бұл комиссияның құрамында  мынадай қызметкерлер  болуы тиіс:

-       кәсіпорынның басшысы немесе оның орынбасары (комиссияның төрағасы ретінде);

-       бас бухгалтер немесе бухгалтерияның басқа қызметкері;

-       негізгі құралдың сақталуына жауапты адам;

-       негізгі құрал қызмет ететін бөлім немесе цех басшысы;

-       мемлекеттік көлік инспекциясы өкілі (егер көлік құралын есептен шығаратын жағдайда);

-       тағы да басқа жұмысшы-қызметкерлер болуы мүмкін.

Кәсіпорындарда негізгі құралдарды есептен  шығару үшін үлгілі түрі НҚ-3 «Негізгі құралдарды есептен шығару актісі» немесе  үлгілі түрі  НҚ-4 «Көлік құралдарын есептен шығару актісінің» тиістілері толтырылады.

Бұл жоғарыда айтылған актілерде негізгі құралдарды  сипаттайтын мынадай деректер көрсетіледі:

-       объектінің салынып біткен уақыты (күні, айы, жылы);

-       ұйымға келіп түскен, кіріске алынған уақыты;

-       пайдалануға берілген уақыты;

-       объектінің бастапқы құны (қалпына келтіру құны);

-       бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептелген тозу сомасы;

-       жөндеулердің жүргізілген уақыты;

-       көлік құралын есептен шығарарда, сонымен қатар көліктің жүрген жолы (км) көрсетіледі;

-       негізгі құралдардын істен шығарылу себебі және  оның материалдарының, бөлшектерінің сипаттамасы көрсетіледі;

-       аварияға байланысты есептен шығарылған негізгі құралдарға жасалған актіге, болған аварияға жасалған актінің көшірмесі тіркеледі;

-       сондай-ақ осы негізгі құралдардың істен шығуына жауапты адамдарға қолданылатын шараларды актіге жазады.

Комиссия жұмысының нәтижесінде жасалған негізгі құралдарды есептен шығару актісін кәсіпорынның басшысы бекітеді. Акт 2 дана етіп толтырылады. Актінің бірінші данасы негізгі құралдарды есептен шығару  үшін ұйымның бухгалтериясына табыс етіледі, ал актінің екінші данасы негізгі құралдарға жауапты адамға беріліп, негізгі құралдарды бұзғанынан алынатын іске жарайтын бөлшектерді, детальдарды, метал сынықтарын т.б.  қоймаға тапсыру үшін негіздеме болады.Негізгі құралдарды есептен шығару актісі бекітілгенге дейін негізгі құралдарды бұзуға, бөлшектеуге рұқсат етілмейді. Негізгі құралдарды бұзғаннан, есептен шығарудан алынған іске жарайтын бөлшектер комиссияның бағалаған бағасы бойынша бухгалтерлік есепке алынады.

Кәсіпорынның негізгі құралдарды сатқаннан немесе бұзғаннан алған материалдары мен алынған сомаларынан негізгі құралдарды сату және бұзуға байланысты шығындарды алып тастағандағы қалған қалдығы ұйымның өзінде қалады. Ұйымдарда есептен шығарылған негізгі құралдардың құны «Негізгі құралдарды сату бойынша шығындар» шотының дебитіне, «Негізгі құралдар» деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады. Ал негізгі құралдардың есептен шығарылған күнге дейінгі жинақталған (есептелген) тозу сомасына «Негізгі құралдардың тозуы» деп аталатын шоттың тиістілері дебиттелініп, «Негізгі құралдар» деп аталатын шоттың тиістісі кредиттелінеді.

Есептен шығарылған негізгі құралдардан алынған іске жарайтын материалдар мен басқа бөлшектердің құны: «Материалдар» деп аталатын шоттың тиістілерінің дебитіне, «Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс» шотының кредитіне жазылады.

Кәсіпорындарда негізгі құралдарды сатқаннан алынатын табыс «Дебиторлық борыштар мен басқа да активтер» және «Ақшалар» деп аталатын бөлім шоттарының тиістілерінің дебитіне, «Негізгі құралдарды  сатудан алынатын табыс» деп аталатын шотының кредитіне жазылады. Негізгі құралдарды есептен шығару операциясының соңында  одан алынған кірістер мен шыққан шығыстар «Жиынтық кіріс (шығын)» шотына апарылады.

Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін берілетін негізгі құралдарға үлгілі түрі НҚ-1 «Қабылдау- табыс ету» актісі 2 дана етіліп толтырылады. Оның біреуі негізгі құралдарды берушіде қалдырылып, ал екінші данасы негізгі құралдарды алушыға табыс етіледі. Осы актінің негізінде басқа жеке немесе заңды тұлғаларға берілген негізгі құралдардың түгендеу (инвентарлық) карточкасына тиісті мәліметтер толтырылып, ол карточка актімен бірге негізгі құралдарды алушыға беріледі. Негізгі құралдың және оның түгендеу карточкасының басқа  жеке немесе заңды тұлғаға берілуі жайлы негізгі құралдардың жұмыс істеп тұрған жері бойынша  жасалған инвентарлық карточкаларының тізіміне тиісті мәліметтер жазылады.

Кәсіпорындарда негізгі құралдарды басқаларға тегін беруге жазылатын бухгалтерлік жазу негізгі құралдарды басқадай жолмен есептен шығаруға жазылатын жазулармен бірдей жазылады.  

Материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыру Материалдық емес активтер актив ретінде болашақта экономикалық олжа әкелетін активтер ретінде танылады (есепке тіркеледі). Өз кезегінде, материалдық емес активтердің құны, активтердің белсенді нарығы бар кезде ғана дұрыс анықталуы мүмкін; кез келген уақытта мәміле жасауға ынта білдіруші сатып алушы мен сатушыны табуға және бұндай кезде сатылатын және сатып алынатын тауардың бағасы да халық үшін қолайлы болады.

Біршама материалдық емес активтердің белсенді нарығы болмайды, өйткені олар өте сирек кездеседі, мысалға, тауар белгілері, басылым атауы, кино мен музыкаға берілген авторлық құқықтары және бір актив үшін төленген сомасы, осы тәріздес басқа активтің құнын өлшеу үшін, негіз бола алмайды.

Сондықтан көптеген материалдық емес активтердің құнын, әдетте, екі жақтың келісімі бойынша анықтайды, бұл 38 «Материалдық емес активтер» деп аталатын ҚЕХС-ында көрсетілген.

Материалдық емес активтер танылған кезеңінен бастап бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердің бастапқы құны олардың алынған тәсіліне байланысты болып келеді: сырттан түссе (сатып алынған бағасы, ұйымдар бірлестігінің күшімен; айырбастау арқылы немесе мемлекеттік субсидияның есебінен) немесе шаруашьлық жүргізуші субъектінің өз күшімен жасалса.

Құн қағидасына сәйкес, материалдық емес активтер сатып алынған кезде сол құны бойынша көрініс табуы тиіс. Сатып алу құнына сатып алумен байланысты барлық шығындар енгізіледі, соның ішінде сатып алынған бағасы, тасымалдау шығыны және т.б.

Егер де материалдық емес активтер бартерлік (айырбас) негізде алынса, онда олардың бағасы нарықтық кұн немесе осы тәріздес материалдық емес активтер құны бойынша анықталады. Егер материалдық емес активтің бастапқы құны несие есебінен алынса, онда сол несие үшін төленетін пайыз бастапқы құнына қосылмайды, ал ол кезеңдік шығысқа жатқызылады. Егер материалдық емес активтің бастапқы кұны мемлекеттің есебінен тегін (немесе номиналды атаулы, немесе мемлекеттің субсидиясының есебінен) алынса, онда ол сату немесе белсенді нарықтағы материалдық емес активтерінің тап осы түрінің құны бойынша танылады.

Материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы «Материалдық емес активтерді қабылдау-беру актісімен рәсімделеді. Актіде материалдық емес активтердің түрі дәл аталады және кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажетгі мәліметтері көрсетіледі.

Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді. Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға бергенде (сату, тегін беру) акт екі дана етіп жасалынады: беруші және алушы кәсіпорын үшін.

Мұнай газ саласында  материалдық емес активтерге қорларға берілетін құқықтар жатады. Қорларға деген құқықтар – лицензия түрінде немесе басқа жер қойнауын пайдаланушының меншігінде тұрған қүқықтық үлесін тиісті тәртіпте алу түрінде болуы мүмкін (20 стандарт). Қорларға берілетін құқыққа мұнай мен газды сатып алу бойынша келісім шарттармен байланысты шығындар қосылмайды. Бухгалтерлік есепте қорларға деген құқықтың 2 түрі болады:

1. дәлелденбеген қорларға берілетін құқық- яғни құқықты алу сәтінде ешқандай кен табылмады.

2. дәлелденген қорларға деген құқық- коммерциялық кен орны табылған келісім-шарт территориясында барлау жұмыстарын мұнай мен газды өндіру жөніндегі құқықтар.

Егер де кен коммерциялық жағынан табылмаған болса, жер қойнауын пайдаланушы алғашында дәлелденбеген қорға құқық сатып алады, кейін кен орны табылған жағдайда дәлелденбеген қорға құқықтан дәлелденген қорға құқықты ауыстырады, шығындар амортизацияланады.Ал егер де қор табылмаса, дәлелденбеген қорға құқықтың құны шығындар деп табылады.

Сатып алынған қорларға деген құқықтар МЕА ретінде 2730 шотта қарастырылады немесе барлау жұмыстарына байланысты жұмсалған барлық жұмыстар 2930-шы «Аяқталмаған өндіріс» шотында жинақталады. Оларға келесідей корреспонденциялар беруге болады:

1.        Құзырлы органнан қорларға деген құқық сатып алған кезде:

Дт 2930/1/1-лицензиялық келісім (дәлелденбеген құқық).

Кт 3120.

2.        Бюджетпен есеп айрысқанда:

Дт 3120- қорларға деген құқық.

Кт 1040

3.        Дәлелденбеген қорларға құқық шотынан дәлелденген қорларға құқыққа ауыстырғанда:

Дт 2930/1/2-дәлелденбеген қорларға құқық

Кт 2930/1/1-дәлелденген қорларға құқық.

4.        Дәлелденбеген қорларға құқық мерзімі сайын (жылына 1 рет) қайта бағаланып отырады. Себебі бұл құқықтың ағымдағы бағасы оны сатып алу бағасынан төмендеп кетуі мүмкін. Егер де келісім-шарт территориясында бұрғыланған ұңғы өнімсіз деп табылса және мердігер ары қарай бұрғылауды қаламаса бағалаудың нәтижесі оның құнын азайтады.

Информация о работе Ұзақ мерзімді активтерді аудиттеу