Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа
Пәндердің оқу-әдістемелік кешені енгізуге міндетті:
- пәндердің оқу типтік бағдарламасын (егер пән міндетті компоненттен болса);
- пәндердің жұмыс оқу бағдарламасын;
- студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасын (SyLLABUS);
Дт Ақша қаражаттары 1 000 000
Кт Төленуге тиісті 1 000 000
Пайыздардың сомасы – 1 000 000 * 9%*1/2=45000
Дт Пайыз бойынша шығын 45 000
Кт төленуге тиісті пайыз 45 000
Дт Төленген пайыз 45 000
Кт Ақша
Көбіне нарықтық ставкамен белгіленген ставка бір-біріне сәйкес келе бермейді. Нарықтық ставкамен эмиссия бағасындағы өзгерістер бір-біріне байланысты. Егер нарықтық ставка (12%) белгіленген ставкадан (10%) жоғары болса, облигацияны шығару бағасы атаулы құннан артық болмауы керек. Өйткені , облигация инвесторға нарықтық ставкаға тең табыс әкелуі керек. Себебі инвесторлар 10% пайда әкелетін облигацияға атаулы құны 10 000 ш.б. төлеуге келіспейді. Егер дәл осындай бәсекелес облигация 12 % табыс әкелетін болса.
Егер нарықтық пайыздық ставка белгіленген ставкадан жоғары болса, облигациялар шегеріммен бағада өткізіледі.
Егер жылына 2 рет төленетін болса, онда кезеңді көбейтіп, пайызды азайтамыз. Мысалы, 5 жыл 10% алынса және жылына 2 рет төленетін болса, онда 10 кезең 5 % деп аламыз.
Мысал: Компания 5 жылдық облигацияны 1 млн ш.б. 9% жылдық. Бірақ инвестор өзінің салған қаражатынан 10% табыс алғысы келеді. Облигацияның айналым мерзімінің ішінде, ол әрбір жарты жыл сайын 45 000 ш.б., яғни 10 кезеңге 45 000 алып тұрады. Сондай-ақ 5 жылдан кейін 1 млн ш.б. қайтарып алады. Облигацияның өткізу бағасын табу үшін нарықтық ставка бойынша дисконттық төлемдерді анықтаймыз.
Облигацияның өткізу бағасын анықтау: Ағымдағы құны 10%, 5 кезең
(1 млн * 0,6209) =620900
Анықталған ағымдағы құны 5%, 10 кезең
(45 000*7,7217) =347476
Облигацияның өткізу құны : 620900+347476=968376
Дт Төленуге тиісті облигация бойынша шегерім 31624
Дт Ақша
Кт Төленуге тиісті облигация 1000 000
Облигацияны шығарғаннан кейін балансқа төмендегідей жазба енгізіледі.
Дт Төленуге тиісті облигация 1000 000
Дт Төленуге тиісті облигация бойынша шегерім 31624
Кт Ұзақ мерзімді міндеттеме жиынтығы 968376
Төленуге тиісті облигация бойынша шегерім шоты төленуге тиісті облигация шотына контрпассив болып табылады.
Егер нарықтық пайыздық ставка белгіленген ставкадан төмен болса, облигация сыйақымен сатылады.
Облигациялар бойынша төленетін пайыздар бойынша шығындар жыл сайын көрсетілетіндіктен, облигация жеңілдіктер мен сыйақылар облигация шығарылатын жылдар аралығына бөлінуі тиіс. Жеңілдіктерді былайша бөлу облигацияның жеңілдігіне есептен шығару деп аталады. Есептен шығарудың екі әдісі бар:
тура сызықты әдіс;
тиімді пайыздық ставка әдісі.
Тура сызықты әдіс:
1) төлеудің жалпы мерзімі анықталады. Жылына төлеу саны * облигация мерзімі
2) әрбір пайыздық соманы төлеген сайын шегерілетін облигация жеңілдігінің сомасы= Облигациялық жеңілдік/ төлеудің жалпы санына
3) төленетін пайыздық сомасы=номиналдық құн * номиналдық пайыздық ставка * мерзімі
4) пайыздың төленетін күніне пайыздық шығындардың жалпы сомасы= төленетін пайыздық сомасы+облигациялық жеңілдік сомасы
Сонымен, 1 шілде күні берілетін бухгалтерлік жазу
Дт Пайыз бойынша шығын 48162,4
Кт Жеңілдік
Кт Ақша
Тиімді пайыздық ставка әдісі – бұл әдіс келесі формула бойынша анықталынады:
пайыздар бойынша шығын – төленуге тиісті пайыздар = амортизация сомасы
Бұл әдіс кезінде облигацияның бүкіл мерзіміне тұрақты пайыз деңгейі көрсетіледі.
Егер облигацияның нарықтық құны атаулы пайыздық ставкадан төмен болса, облигация атаулы құнынан жоғары сатылады.
Мысал: корпорация 9 % облигацияны 5 жылға, атаулы құны- 1 млн ш.б. шығарды. Облигацияның нарықтық пайыздық ставкасы 8 %. Облигацияның өткізу бағасын анықтаймыз.
Ағымдағы құны 8%/5 = ( 1000 000*0,68066) =680660
Анықталған ағымдағы құны =( 45 000*8,1109) =364990, 680660+364990=1 045 650
Дт Ақша қаражаттары
Кт Төленуге тиісті облигация 1 000 000
Кт Облигация бойынша сыйақы 45 650
Сыйақы облигацияның мерзімі ішінде пайыздық табыс шотынан көшіріліп отырады. Облигацияларды айналыстан алу үшін сол сәттегі облигацияның баланстық құны атаулы құнына тең болу керек. Облигацияны айналыстан шығару кезінде төмендегідей жазба беріледі:
Дт Төленуге тиісті облигация 1 000 000
Кт Ақша қаражаттары
Кей жағдайда компаниялар өздерінің облигацияларын уақытша сатып алады. Сатып алынған меншікті облигациялар атаулы құнымен төленуге тиісті, облигациялар шотына қарсы шотта есепке алынады. Егер содан кейін осы облигациялар сатылса, қарсы шот жабылып, төленуге тиісті облигация шоты азайтылады.
Егер компания өзінің қарыздық міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтегісі келсе, сол өтеу сәтіне облигацияның баланстық құнын анықтау тиіс. Яғни сыйақыны немесе жеңілдікті амортизациялау қажет.
Төленген сома мен баланстық құнның арасындағы айырмашылық баланста қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу нәтижелерінің туындауы пайда немесе залал ретінде көрсетілуі қажет.
Облигациялар компанияның басқа бағалы қағаздарына айналдыруға жарайтын болса, мұндай облигацияларды айналымды облиациялар деп атайды. Мұндай айырбас облигация ұстаушының шешіміне сәйкес жүзеге асырылады. Облигацияны акцияға айналдыру шарты облигациялық келісім шартта сатушы үшін облигацияны тартымды ету үшін жасалынады.
Облигацияны жәй акцияға айналдыру кезінде акциялар облигацияның ағымдағы құнымен есепке алынады. Ал облигация мен оған берілген жеңілдік және сыйақы ешқандай пайда немесе залал көрсетілмесе, есептен шығарылады.
Мысал: Компания 1 шілдеде облигацияны сатып алды, сыйақы- 14470. Акционердің шешімі бойынша барлық облигациялар құны – 80 ш.б., жәй акцияға ауыстыру құны- 10 000 ш.б. 1 облигация 40 жәй акцияға тең. 100 облигация ауыстырылды.
Дт Облигация
Дт Сыйақы
Кт Жәй акция
Кт Номиналдан артық төленген капитал 694 470
Қорытынды:
1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» ҚЕХС-на сәйкес, міндеттеме өткен кезеңдерде болған операциялар мен оқиғалар нәтижесінде туындайды. Оларды активтерді беру немесе пайдалану арқылы, қызмет көрсету арқылы немесе болашақтағы экономикалық тиімділіктерді шығару арқылы реттеуге болады. Сонымен міндеттеменің үш негізгі белгісі бар:
кәсіпорында міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиісті;
міндеттеме тек активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару жолымен реттеледі;
міндеттеме даусыз (анық) болуға тиісті.
Әдістемелік нұсқау:
Берілген дәрістік материал және ұсынылған әдебиет негізінде
1. Маңыздылық деңгейіне қарай құрылымдық жоспар әзірлеңіз.
2. Тақырыптың соңында келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
3. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының 28.02.2007 ж № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы - www.Законы.kz
2.Халықаралық қаржылық есеп стандарттары- www.Минфин.kz
3.Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) - www.Минфин.kz
4.Төлешова Г.К. Дамыған қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2005
5.Кеулімжаев К.К., Ажибаева З.Н. Қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2003
6.Рахимбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии – Адматы: Экономика, 2003
7.Кеулімжаев К.К. Бухгалтерлік есеп принциптері - Алматы, Экономика, 2003, Алматы, 2005.
Тақырып 7: «Табыстар мен шығыстарды тану (ҚЕХС 18)
Сабақтың мақсаты: Кәсіпорынның табысы мен шығысын тану қағидалары, олардың өлшемін, табысты тану оқиғаларын зерттеп, табыс пен шығыс есебін меңгеру.
Дәріс сұрақтары:
1. Табысты тану қағидалары
2. Ұйымның табысының есебі
3. Ұйымның шығысының есебі
4. Пайда мен зиян есебі.
Негізгі түсініктер: табыс, түсім, шығыс, пайда, зиян
Дәрістің негізгі мазмұны
Қаржылық есептіліктің 18 «Табыс» халықаралық стандартына сәйкес табыстар төмендегі жағдайда танылады:
Тауарды сатқан кезде;
Қызмет көрсеткен сәтте;
Компанияның активтерін өзге тарап пайдаланған жағдайда алынатын пайыздар, дивидендтер, роялти.
Табыстардың жіктелуі ақпаратты пайдаланушының компания операцияларын түсінуге мүмкіндік береді. Табысты операциялық қызметтен алынған және операциялық емес қызметтен алынған деп бөліп көрсету қажет.
Табысты есепке алған кезде табысты тану сәтін анықтау маңызды болып табылады. Табыс төмендегі жағдайда танылады:
1. Тауарды сатып алу мен иемдену барысындағы тәуекелділік сатып алушыға көшкен кезде;
2. Табыс сомасы сенімді түрде бағаланған болса;
3. операциялармен байланысты экономикалық табыстың түсу ықтималдығы жоғары болса;
4. Есепті күнге операцияның аяқталу сәті сенімді түрде анықталған.
5. Операцияларды жүзеге асырумен байланысты шығындар сенімді түрде анықталған кезде.
Әдетте тауарларды сатумен байланысты табыс сатып алушыға меншік құқығы өткен сәтте танылады. Бөлшек саудада бұл сәт меншік құқығын беру сәтімен сәйкес келеді. Басқа жағдайда меншікті құқығын беру сәтімен табысты тану сәтінде бірнеше кезең өтуі мүмкін. Осыған сәйкес төмендегі операциялардық төрт түрі табысты тануға мүмкіндік береді.
1. Сатып алушыға тауарды жеткізу сәтіндегі табысты тану;
2. Қызметтерді көрсетуден түскен табыс қызмет көрсетілгеннен кейін және сол бойынша шот ұсынылғанда танылады.
3. Активтерді пайдалану құқығын беру нәтижесінде пайыз түрінде алынған табыс, активті пайдалану сәтінен бастап танылады.
4. ТМҚ-ға жатпайтын активті сатудан түскен атбыс сату кезінде танылады.
Табыстың сомасы сатушы мен сатып алушының келісіміне қарай анықталады. Осы кезде берілетін сату сәтіндегі жеңілдіктер, тауарларды қайтару және басқа да жағдайда табыс сомасын азайтады. Олар шығындар емес, табыстың азаюы ретінде қарастырылады.
Табысты танудың төмендегідей сәттері кездесіп жатады:
активті бергеннен кейінгі танылған табыс;
активті бергенге дейінгі танылған табыс;
активті беру сәтінде танылған табыс.
Кейбір жағдайда табысты алу процесі бірнеше есептік кезеңдері қамтуы мүмкін. Мысалы: құрылыста, мұнай өндіру құралдарын дайындау мерзімі құрылыстық келісім шартта есепке алудың 2 әдісі бар:
1. Келісім-шарттың толық аяқталу әдісі-табыс, шығыс және жалпы пайда келісім шартқа аяталған сәтте танылады. Бұл кезде жинақталған шығыдар ТМҚ (аяқталмаған құрылыс шотында)жинақталады.
2. Жұмыстың аяқталуының пайыздық әдісі- табыс пен шығыс және жалпы пайда өқұрылыстың жүруінеисәйкес әрбір есепті кезеңде танылып отырады, яғни орындалған жұмыстың пайыздық арақатнасына негізделеді.
№11стандартқа сәйкес тек осы әдісті қолдануға рұқсат беріледі.
Жұмыстың аяқталу сәтін анықтау әдісі «шығыстан шығысқа» деп аталады. Бұл әдісті мерзімдегі шығындардың сомасы құрылыс жобасының аятауға қажетті шығындардың жалпы сомасына бөледі:
Аяқталу пайыз=(ағымдық мерзімдегі шығындар: жобаның аяқталуына қажетті шығындар) *100
Аяқталу пайызы анықталған бойда есепті кезеңдегі табыс сомасы төмендегіше есептеледі:
Есепті кезең табысы= аяқталу пайызы* ( келісімнен түскен жалпы табыс- өткен кезеңде танылған табыс)
Табыс қағидасына сәйкес, есепті кезең табысы өлшеніп танылғаннан кейін дәл осы кезеңнің шығысын өлшеп тану үшін сәйкес келу қағидасы қолданылады. Бұл кірісті тану процессінің екінші сатысы. Сәйкес келу қағидасы тану өлшемдеріне сай кез‑келген есепті кезеңде табыстың табыс қағидасына сәйкес анықталуын талап етеді. Кейіннен дәл осы кезең үшін сол кезеңде табыс алу барысында туындайтын шығыстар анықталады.
Шығыстарды келесідей жіктеуге болады:
a. Тура шығыстар- табысппен байланысты өткізілген тауардың өзіндік құны. Мұндай шығыстар дәл сол операциялар немесе оқиғаларды іске асыру нәтижесінде туындайтын табысты танумен бірге танылады.