Бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа

Описание работы

Пәндердің оқу-әдістемелік кешені енгізуге міндетті:
- пәндердің оқу типтік бағдарламасын (егер пән міндетті компоненттен болса);
- пәндердің жұмыс оқу бағдарламасын;
- студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасын (SyLLABUS);

Работа содержит 1 файл

УМК КЕ1.doc

— 1.07 Мб (Скачать)
yle="text-align:justify">А) жер мен ғимарат ешқандай шартсыз берілген;

Б) жер мен ғимарат 2005 жылы  1 мамыр күніне дейін 20 жұмыс орын ашу бойынша шығын 2 000 тенге

Шешуі:

       Капитал әдісі 1.05.

Дебет   2410 Жер                                                     105 000

Дебет   2410 Ғимарат                                              400 000

       Кредит 1030 Ақша қаражаттары                                                 5 000

       Кредит 6230 «Мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер»     350 000

       Кредит3110«Төлеуге тиісті корпорациялық

                             табыс салығы                                                                  150 000

 

       Табыс әдісі бойынша:

Дебет   2410 Жер                                                     105 000

Дебет  2410   Ғимарат                                              400 000

Дебет             Болашақ кезең шығындары             150 000

        Кредит 1030  Ақша қаражаттары                                                  5 000

        Кредит      Болашақ  кезең табыстары                                          500 000

        Кредит 3110 Төленуге тиісті салық                                              150 000

Б) Жаңа жұмыс орнына кеткен шығындарға байланысты меншіктік капитал мен табыс сомасын азайту керек.  Негізгі құралдарды алу кезінде жұмыс орындарын құру бойынша қор тіркеледі.

Шешуі:

       Капитал әдісі 1.05.

Дебет   Жер                                                     105 000

Дебет   Ғимарат                                              400 000

         Кредит Ақша қаражаттары                                                 5 000

         Кредит Меншікті капитал: субсидия                                 322  000

         Кредит Төленуге тиісті салық                                            150   000

         Кредит  Қор  (20 * 2000)                                                      40 000

       Табыс әдісі бойынша:

Дебет   Жер                                                     105 000

Дебет   Ғимарат                                              400 000

Дебет   Болашақ кезең шығындары             138 000

         Кредит Ақша қаражаттары                                                 5 000

         Кредит Болашақ  кезең табыстары                                    460 000

         Кредит Төленуге тиісті салық                                            138 000

         Кредит  Қор                                                                          40 000

              Жерді сатып алу егер  жер реконструкциялау немесе ғимарат үшін сатып алынған болса, ондағы ескі құрылыстарды бұзу бойынша шығындар жер құнына капитализацияланады.

 

                  Негізгі құралдардың кәсіпорыннан шығуының есебі. Негізгі құралдар кәсіпорыннан келесі жағдайларда шығады:

- басқа жеке және заңды тұлғаларға сатылғанда;

- моралдық және физикалық тозу нәтижесінде;

-объектілерді жарғылық капиталға салым ретінде салуға бергенде;

- табиғи апат, авария және басқа да төтенше жағдайлар нәтижесінде;

- басқа субъектілерге айырбастау, сыйға беру келісімі бойынша тапсыру;

- бұрын жалға сатып алу құқығымен берілген объектілер бойынша меншік құқығының жалға алушыға көшуі кезінде;

- негізгі құралдардың жоғалуы немесе зақымдануы анықталса;

                  Негізгі құралдар кәсіпорыннан қандай себептермен есептен шықса да, есептен шыққан күнге дейін олар бойынша амортизация, тозу есептелінеді. Содан кейін бастапқы құны мсн тозу сомасы есептсн шығарылады. Негізгі құралдардың есебі жұмыс шоттар тізбегінің екінші бөліміндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің активті 2410 «Негізгі құралдар» шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде негізгі құралардың айдың басындағы және соңындағы жай-күйі, келіп түскен негізгі құралдар көрсетілсе, кредитінде кәсіпорыннан шыққан негізгі құралдар құны көрсетіледі.

                   Тозу дегеніміз-негізгі құралдардың табиғи және сапалық қасестін жоғалтуы. Негізгі құралдардың тозуын сапалық (моралдық) және табиғи деп екіге бөлінеді.

         Негізгі құралдар шаруашылық процесінде пайдалану нәтижесінде бірте-бірте тозуына байланысты құндылықтарын өндірілетін өнімге біртіндеп ауыстырып отырады. Оны амортизация деп атаймыз.

     Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес амортизация дегеніміз активтердің амортизацияланатын құнын олардың пайдалану мерзімі ішінде тұрақты таратып отыру және де тозудың ақшалай көрінісі болып табылады. Негізгі құрал объектісінің жалпы өзіндік құнымен салыстырғанда бастапқы құны басым болатын әрбір компоненті жеке амортизациялануы тиіс. Негізгі құралдардың амортизациялық құны жүйелі түрде объектінің пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде есептен шығарылып отырылуы керек.

                  16 ХҚЕС-қа  сәйкес, амортизация есептеудің 3 әдісі бар:

              1.құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;

              2.құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар)
етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);

              3.жеделдетіп есептен шығару;

              а)қалдығын азайту жолымен есептен шығару;

              б)құнын сандардың  жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару.
Негізгі құрадцардыңтүрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы әдістері пайдаланады. Бұл кезде негізгі құраддың бір түрі бойынша бір ғана тәсілі пайдаланады.

Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі субъектінің есептік саясатымен аныкталуы тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір есептік жылға өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны есептеу әдісі өзгермейтін болса, онда оның себебін ашу керек.

Ал бюджеттік мекемелер бойынша тозудың есептеу әдісін тандау құқығы өкілетті органдардың еншісінде болады.

Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің кұны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзактығына байланысты болып келеді.

Бұл тәсілде амортизациялық соманы аудару үшін:

-  қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бұл кезде пайдалануға берілген объектінің
жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты болып келеді
(жөндеу мәселесі және техникалық жағдайы, ауа райының оған тигізетін әсері т.б.)

-  Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген
амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі
белгіленген нормалар, салық зандылығының нормасынан аспауы тиіс.

              Мысалы, жүк автокөлігінің бастапқы құны — 100 000 теңге, 5 жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны 10 000 теңгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы
амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 20%-ін құрайды немесе
бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 тенге болады.

Негізгі құралдардың амортизациясының бірқалыпты әдісі мына формула бойынша есептелінеді.

(Бастапқы құн – жойылу құны) / пайдалану мерзімі = (100000 - 10000) / 5 =     = 18000 теңге

осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 150 мың теңгеге тең болады (18000: 12).

Төменде негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты (түзу сызықты) әдіс бойынша есептеу жолы көрсетілген.

кесте. Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты әдіс бойынша есептеу

Мерзімі

Бастапқы құны

Амортизацияның жыддык сомасы

Жинакталған тозу сомасы

Қалдык құны

Сатып алынған мерзімі: 1-ші жылдың аяғында

100000

18000

18000

82000

2-ші жылдың аяғында

100 000

18000

36000

64000

3-ші жылдың аяғында

100 000

18000

54000

46000

4-ші жылдың аяғында

100 000

18000

72000

28000

5-ші жылдың аяғында

100000

18000

90000

10000


 

Негізгі құралды пайдалану барысында бірқалыпты табыс алынатын болып топшыланса ғана, бірқалыпты әдіс пайдаланылады, яғни ол объектінің пайдалылығының біртіндеп азайғанын көрсетеді.

Амортизацияны (тозуды) орындалған жүмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсілі) негізгі құралдардың тозуы (амортизациясы) тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт кесіндісі ешқандай роль атқармайды. Жоғарыда сөз болған автокелік белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындады делік, ал оның жүретін жолы 900000 километрге есептелген. Онда әрбір километрге есептелінетін амортизациялык шығындар сомасы төмендегідей жолмен анықталады.

(Бастапқы құн - жойылу құны) / Орыңдалатын жүмыстың болжамды мөлшері =  (100 000 -10 000): 900000 км = 0,10 теңге

Егер пайдаланудың бірінші жылында автокөлік 200 000 шақырым (км) жол жүрсе, екінші жылы — 300000 шақырым жол жүрсе, үшінші жылы — 100000 шақырым, төртінші жылы — 200000 шақырым және бесінші жылы — 100000 шақырым жол жүреді деп шамаланса - амортизация жарнасын есептеу төмендегідей жолмен есептелінеді.

кесте. Негізгі қүралдардың амортизациясын (тозуын) өндірістік тәсіл бойынша есептеу

Мерзімі

Бастап-қы

құны

Екі еселенген

амортизацияның

жылдық сомасы

Жинақталған жылдық амор-тизацияланған

сомасы

Айға есеп-телген амортизацияның сомасы (тенге)

Сатып алынған мерзімі:

 

 

 

 

1-ші жылдың аяғында

100000

40%х100000=40000

40000

3333

2-ші жылдың аяғында

100000

40%х60000=24000

64000

5333

3-ші жылдың аяғында

100000

40%х36000= 14400

78400

6533

4-ші жылдың аяғында

100000

40%x21600=8640

87040

7253

5-ші жылдың аяғында

100000

2960

90000

7500

Информация о работе Бухгалтерлік есеп