Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа
Пәндердің оқу-әдістемелік кешені енгізуге міндетті:
- пәндердің оқу типтік бағдарламасын (егер пән міндетті компоненттен болса);
- пәндердің жұмыс оқу бағдарламасын;
- студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасын (SyLLABUS);
Бұл кестеде жыдцық амортизация сомасы мен орындалған жұмыстың өндіріс процесіңде тікелей пайдалануымен байланысты екенін көреміз. Жинакталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға тікелей байланысты өсіп отырады, ал қалдық құн жойылу құнына жеткенше орындалған жұмыстың бір өлшем бірлігіне тікелей пропорционалды түрде азайып отырады.
Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеу тау-кен өнеркәсібінде ең қолайлы әдіс болып саналады. Аталған өндірісте амортизацияны есептеу тонна мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану мерзімі ішінде объектінің қайтарымы барынша дұрыс есептелінсе ғана пайдаланады.
Амортизацияны (тозуды) есептеудіңжеделдетілген әдістері. Бұл әдіс өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында ендірілетін өнімнің өзіндік құнын негізсіз күрт әсіреді, сондықтан оны іс жүзінде пайдаланудың өзі екіталай. Дегенмен де, теоретиктер, оның екі түрін ұсынады:
а) Кумулятивтік әдісі
ә) Азайып отыратын қалдық әдісі.
Кумулятивтік әдіс — латын тілінен аударғанда — өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосудың көмегімен тозудың сомасы есептелінеді, демек объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады. Мысалы, автокөліктің болжамды қызмет ету мерзімі 5 жыл. Бірінші жылы объектінің бастапқы қүнының 5:15 бөлігіне амортизация есептелінеді. Екінші жылы 4:15 бөлігіне, үшінші жылы 3:15, төртінші жылы 2:15, бесінші жылы 1:15 бөлігіне.
Жыл сайынғы амортизациялау нормасы: бөлімінде жылдар санының қосындысы, ал алымында: бірінші жыл үшін — 5, екінші жыл үшін — 4, үшінші жыл үшін —3, төртінші жыл үшін — 2, бесінші жыл үшін — 1 болатын бөлшек саны болып табылады. Әрбір бөлшек санды амортизацияланушы құнға (90000 тенге) кебейту арқылы жыл сайынғы амортизациялық соманы анықтайды.
Кестенің мәліметтерінен кумулятивтік әдіс бойынша есептелген амортизация сомасы объектіні пайдаланудың бірінші жылында күрт өсіп, соңғы жылдарында азайғанын көреміз
Қорытынды:
Негізгі құралдар кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсатта пайдаланылатын болса және бір кезеңнен (І жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланады деп болжанса, ұзақ мерзімді активтер ретінде танылып есепке алынады. Негізгі құралдар есебін №16 «Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар» ҚЕХС-ты реттейді. Стандарт бойынша амортизация есептеудің үш тәсілі ұсынылған: құнды бірқалыпты (түзусызықты) есептен шығару әдісі, кемімелі қалдық әдісі және амортизацияны орындалған жұмыстың көлеміне пропорционал түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл).
Әдістемелік нұсқау:
1. Маңыздылық деңгейіне қарай құрылымдық жоспар әзірлеу.
2. Тақырыптың соңында келтірілген сұрақтарға жауап беру
3. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының 28.02.2007 ж № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы - www.Законы.kz
2.Халықаралық қаржылық есеп стандарттары- www.Минфин.kz
3.Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) - www.Минфин.kz
4.Төлешова Г.К. Дамыған қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2005
5.Кеулімжаев К.К., Ажибаева З.Н. Қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2003
6.Рахимбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии – Адматы: Экономика, 2003
7.Кеулімжаев К.К. Бухгалтерлік есеп принциптері - Алматы, Экономика, 2003, Алматы, 2005.
Тақырып 5. Материалдық емес активтердің есебі (ҚЕХС 38)
Тақырыптың мақсаты: материалдық емес активтер туралы түсінік алу, оларды бағалау түрлерін, ҚЕХС сай амортизация есептеу әдістерін меңгеріп, есептей білу.
Дәріс сұрақтары:
1. Материалдық емес активтер туралы түсінік, олардың жіктелуі және бағалануы.
7. Материалдық емес активтер қозғалысының есебі.
8. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу есебі.
Негізгі түсініктер: ұзақ мерзімді активтер, негізгі құралдар, баланстық құн, әділ құны, амортизациялық құн, жойылу құны, бастапқы құн, амортизация, тозу, қаржылық жал, ағымдық жал, ағымдық жөндеу, күрделі жөндеу, материалдық емес актив, гудвилл.
Дәріс мазмұны:
Ұзақ мерзімді активтердің келесі бір негізгі түрі – материалдық емес актив (МЕА) болып табылады.
МЕА деп табиғи болмысы жоқ өндіріске немесе тауарларды
сатып өткізу операцияларына, өкімшілік мақсаттарға үзақ уақыт (1
жылдан артық) пайдаланылатын және басқа субъектіге жалға беруге
арналғандығын айқындауға болатын, үйым бақылау жүргізе алатын,
сондай-ақ пайдаланған үйым келешекте табыс күтетін ақшалай емес
активтерді айтады.
Бухгалтерлік есептің 38-ші МЕА-дің есебі стандартына сәйкес МЕА осы анықтамаға және томендегі талаптарға сай келгенде ғана актив ретінде танылады, яғни есепке алынады:
1. Егер ұйымның келешекте тікелей осы объектіге байланысты экономикалық пайда табуының ықтималдылығы жоғары болса.
2. Егер актив қүны дұрыс анықталса.
МЕА-дің түрлері:
• Авторлық қүқық-ғылыми туындыны, әдеби музыкалық шығарманы басуға, шығаруға, орындауға, пайдалануға қүқық береді.
• Патент- оны иеленушіге заңмен белгіленген мерзім ішінде онім ондіруге немесе сатып откізуге қүқық береді.
• Өндірістік үлгілерге беретін қүқық-онімнің сыртқы түрін анықтайтын коркемдік және консультациялық шешімдерді қолдануға ерекше қүқық береді
• Тауар белгілері-белгілі , бір үйымның ондірісті-нфнімдерін немесе корсететін қызметтерін басқа үйымдардағы біртекті тауар мен қызметтерден айыру үшін қолданылатын белгілер.
• Лицензиялық келісім-патент иесі озінің лицензиятымен қандай да бір онімді сатып откізуге ерекше қүқығы үшін лицензия беруіне байланысты жасалынатын келісім-шарт.
• Гудвилл-фирма бағасы. Фирманың іскерлік репутациясы. Ол жүмыс істеп түрған кәсіпорынды түтас немесе оның қүрылымдық болімшелерін сатып алғанда пайда болады. Әдетте мүндай кәсіпорындар активтердің баланстық қүнымен емес нарықтық құнымен сатылып алынады.
• Үйымдастыру шығындары-субъектінің қүрылуына байланысты
(мемлекеттік тіркеуден откенге дейінгі) шығындар. Үйымдастыру
шығындарынарркеуден оту үшін қажетті қүжаттарды дайындауға
шығындар, қүжатарды дайындау жөне тіркеуден откізу кезіндегі
кеңесші қызметінщ шығындары, мемлекеттік тіркеуден өту үшін
шығындар жатады. Бухгалтерлік есептің 38 стандартына сәйкес МЕА-ді
бағалау түрлері белгіленген және негізгі құралдарды бағалау түрлеріне
ұқсас болып келеді.
Материалдық емес активтер есебі Типтік Шоттар тізбегінің 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінде:
2710 – Гудвилл
2720-Гудвиллдың құнсыздануы
2730-Басқа да материалдық емес активтер
2740-Басқа да материалдық емес активтердің амортизациясы мен құнсыздануы шоттарында жүргізіледі.
Материалдық емес активтер шаруашылық субъектілерінің балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтерды бастапқы құны бойынша анықталады:
Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылыққорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынатын материалдық емес активтердің блағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
Заңды тұлғалар мен жеке адамдардантегін,сый ретінде алынған материалдық емес сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
Басқа шаруашылық субъектілерінде,заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан салытып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.
Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттардаакционерлік қоғамдар менжекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу-Хау» деген ұғымды келтіруге болады.
«Ноу-Хоу»- деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субъектігетабыс беретін жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды ,құпия мәліметтерді ,айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады.
(2730)-шотта. Лицензиялық келісімдер- дегеніміз белгілі бір субъектінің
немесе заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші
субъектіге немесе заңды тұлғаға беруі болып табылады.
(2730)-шотта материалдық емес активтердің «Лицензиялық келісімдер» - деп аталатын түрі есептелінеді. «Лцензиялық келісімдер»-дегеніміз бір субъектінің немесе заңды тұлғанаң бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір субъектіге немесе заңды тұлғаға беруі болып табылады.
(2730)-шотта материалдық емес активтердің «Бағдарламамен жабдықтау »- деп аталатын түрі есептеледі. Шаруашылық субъектісінің «Програмамен жабдықтау » -деп субъектінің алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттар мен мәліметтерді айтады.
Шаруашылық субъектісінде материалдық емес активтердің « Патент »-деп аталатын түрі есептелінеді. «Патент»-дегеніміз жеке адамның немесе топтың, сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан адамға,топқа немесе заңды тұлғаға жаңалығын өз пайдасына қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады.
«Ұйымдастыру шығындары»- деп аталатын материалдық емес активтердің түрі бос шоттар кестенің (2730)-шотында есептелінеді. «Ұйымдастыру шығындарына» -шаруашылық субъектісін жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни субъектіні тіркеуден және оны тіркеуден өткізу үшін заң орындарынатөленген төлемдер ,банктерден есеп айрысу немесе валюталық, басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар жатады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бугалтерлік есеп шоттары бас жоспарының (2710)-шотында материалдық емес активтердің «Гудвилл»-деп аталатын түрі есептеледі. Материалдық емес активтердің бұл түрін кейде «Фирма бағасы»- деп атайды «Гудвилл» немесе «Фирма бағасы»-материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар бір шаруашылық субьъектісі екінші бір шаруашылық субъектісін толығымен, түгелдей сатып алған кезде ғана пайда болады.
МЕА-дің амортизациясын есептеу есебі.
Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтер өздерінің пайдалануы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, яғни субъектіде пайдаланылған уақыт аралығында пайда әкелуіқажет. Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалануда шаруашылық субъектісі табыс таппайтын болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және бұндай жағдайда оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар жиынтығы субъектінің зияны болып табылады.
Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтерді пайдалану барнысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын,яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырады. Яғни, материалдық емес ативтердіңқұнына амортизациялық аударым есептеліп отырады. Амортизациялық аударым мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтер пайдалану мерзімі субъетінің қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда,амортизациялық аударым он жылға есептелінеді. Бірақ ол субъектінің қызмет атқару уақытынан аспауы керек.
Қорытынды:
Материалдық емес активтерге өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсатта пайдаланылатын табиғи болмысы жоқ бірегейлендірілген монетарлық емес активтер жатады.МЕА-ң есебі. Бухгалтерлік есептің 38-ші ХҚЕС- на сәйкес есепке алынады.
Әдістемелік нұсқау:
1. Маңыздылық деңгейіне қарай құрылымдық жоспар әзірлеу.
2. Тақырыптың соңында келтірілген сұрақтарға жауап беру
3. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының 28.02.2007 ж № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы - www.Законы.kz
2.Халықаралық қаржылық есеп стандарттары- www.Минфин.kz
3.Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) - www.Минфин.kz
4.Төлешова Г.К. Дамыған қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2005
5.Кеулімжаев К.К., Ажибаева З.Н. Қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2003
6.Рахимбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии – Адматы: Экономика, 2003
7.Кеулімжаев К.К. Бухгалтерлік есеп принциптері - Алматы, Экономика, 2003, Алматы, 2005.