Бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа

Описание работы

Пәндердің оқу-әдістемелік кешені енгізуге міндетті:
- пәндердің оқу типтік бағдарламасын (егер пән міндетті компоненттен болса);
- пәндердің жұмыс оқу бағдарламасын;
- студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасын (SyLLABUS);

Работа содержит 1 файл

УМК КЕ1.doc

— 1.07 Мб (Скачать)

 

Мақсат- бұл қаржылық жағдайдағы есеп беру, қаржылық нәтиже мен ақша ағымдарының сенімді көрінісі.Міндетті есеп беруге кіретіндер: Бірінші басшылардың есеп беруі, кірістер мен шығындар туралы есеп беру, баланс, ақша ағымы туралы есеп беру (ақша құралдарының қозғалысы), капиталды өзгерту туралы есеп беру, есеп беруге түсініктеме және есеп саясаты.Басқа есеп берулер компанияның ынтасы бойынша көрсетіледі.

Баланс дегеніміз–бұл шаруашылық субъектісінің ресурстары мен олардың құралу көздерінің жағдайын ақшалай формада және белгілі бір уақыт сәтінде көрсетіп беруге мүмкіндік жасайтын бухгалтерлік есеп әдістемесі. Баланста бұл екі категория–ресурстар мен көздер, яғни актив пен пассив мейлінше анық ерекшеленеді. Баланстың негізгі бухгалтерлік есептің классикалық:

Актив–пассивке (міндеттемелер+жеке меншік капитал) теңдеуі болып табылады.

Активтер субъектісінің қолында не бар екенін, яғни барлық құны бар мүмкін, мүліктік және мүліктік емес жеке игілігімен құқын көрсетеді.

Міндеттеме дегеніміз–борышкердің несие берушінің пайдасына белгілі бір іс–қимыл жасау немесе одан бастарту міндеті, ал несие беруші борышкерден өз міндетін орындауды талап етуге қақылы.

Жеке меншік капитал дегеніміз–бұл меншік иесінің активінен оның міндеттемелерін ұстағаннан қалған капитал.

Жұмыс істеп тұрған субъектінің балансы белгілі бір мерзімге құрылады. Сонымен қоса баланстардың бірнеше түрлері болады, олар бір–бірінен елеулі айырмашылақтарымен ерекшеленеді.

Бұл ұйымдық (алғашқы) баланс, ол субъект қызметінің басталуына бағындырылған. Субъектінің бағыныштылығына  қарай баланс. Жаңадан құралған субъектілер және бұрындары жұмыс істеген субъектілердің ізбасарлары болып бөлінеді. Бірінші жағдайда субъект баланс қарапайым болып келеді, өйткені мүліктердің көпшілігі негізінен тек ақша қаражатынан тұрады.

Бухгалтерлік баланста ресурстарды топтау субъектісінің шаруашылық ресурстарының экономикалық саралауға және осы ресерстардың құралу көздеріне негізделінеді. Олар ресурстар мен шаруашылық операцияларының экономикалық мазмұнын жақсырақ көрсететіндей, сол арқылы субъектінің қаржылық жағдайын зерттеу мақсатындағы балансты талдауды жеңілдететіндей тұрғыда орналасады.

Баланстың сол жағы (формаға қараңыз)–актив өзіне екі бөлімді қосып алады. І бөлім–«ұзақ мерзімді активтер» ІІ бөлім «ағымдағы активтер».

Баланс активінің І бөлімінде статьялардың мынадай тобы болады:

Материалдық емес активтер, негізгі құралдар, аяқталмаған күрделі құрылыс, инвестиция, дебиторлық берешек, алдағы кезеңдердің шығындары.

Баланс активінің ІІ бөліміндегі «ағымдағы активтер» мынадай статьялар тобы бар: тауар–материал активтері, дебиторлық берешек және басқа да активтер.

Баланс активінің ІІ бөлімі қысқа мерзімде пайдалануға арналған, бір жыл ішінде қолма–қол ақшаға айналдырылатын (жылдам өтетін) ресурстарға бекітіледі.

Баланс пассиві осы ресурстардың құралу көздері мен мақсатты бағыттарын көрсетеді: Ол мынадай бөлімдерден тұрады: І бөлім: «жеке меншік капитал» , ІІ бөлім «ұзақ мерзімді міндеттеме»

ІІ бөлім: Ағымдағы міндеттемелер:

Бірінші бөлім субъектінің міндеттемелерін өтегеннен кейін қолында қалғандарын көрсететін статьяларды біріктіреді.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер дегеніміз шаруашылық субъектінің ақшалай формада міндеттемелерін, көрсетілген қызметтерді және басқаларды бір жылдан астам уақыт мерзімде төлейтін соманы білдіреді.

Сөйтіп, нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік балансты пайдаланушылардың ұланғайыр тобы үнемі назар аударып отырады.

Бухгалтерлік балансқа жекеленген шаруашылық жүргізуші субъектілер мен бухгалтерлік ақпарат пайдаланатын көптеген сыртқы және ішкі топтар мүдделері тұрғысынан келу қажет. Сондықтан да оның рөлі маңызды.

Сөйтіп, баланстың негізгі элементі шаруашылық ресурстарының белгілі бір түрі (активті статия) немесе олардың көздерінің (пассивті статья) қорытындыланған көрсеткіштер есебіндегі статьясы болып табылады.

Баланс статьялары топтарға қорытылады, ал топтар бөлімдерге қорытылады. Мұның өзі бухгалтерлік баланстағы ақпараттық шолу мен талдауды жеңілдетеді. Бухгалтерлік баланс активтері мен пассивтердің жалпы ауқымдарының тұрақты теңдігі ұсталынады. Актив пен пассив көрсеткіштерінің жиынтығын баланс валютасы деп атайды.

Бухгалтерлік баланс құрлымының күрделілігі, көрсеткіштердің өзара байланысы мен тұрақты сипаты оны тікелей және кері байланыстары нақты көрініп отыратын саластырмалы түрдегі дербес ақпараттық жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Пассив сипатымен келісілмеген активтер өзгерісі шаруашылық тетіктерінің тепе–теңдігін бұзуға, тиісті көздермен қамтамасыз етілмеген шаруашылық ресурстарының құрылуына соқырады.

Өз кезегінде актив баланс пассивіне ықпал етеді: шаруашылық ресурстарын тиімді пайдалану олардың көздерін ұлғайтады, субъектінің қаржылық жағдайына игі әсер етеді.

 

Қорытынды:

Сонымен, қаржылық  қорытынды есеп беру – кәсіпорынның өткен кезеңдегі қызметінің жағдайы мен нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Қаржылық қорытынды есеп берудің элементтері болып актив, міндеттемелер, капитал, кірістер және шығыстар табылады. Есеп беру діңнегізгі компоненттері: баланс, кіріс және шығыс тұралы есеп бері, ақша қаражаттарының қозғалысы тұралы есеп беру, меншікті капиталдың өзгерістері тұралы есеп беру.

 

Дәріс сабағына әдістемелік нұсқаулық:

Берілген дәрістік материал және ұсынылған әдебиет негізінде

1. Маңыздылық деңгейіне қарай құрылымдық жоспар әзірлеңіз.

2. Тақырыптың соңында келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

3. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

 

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының  28.02.2007 ж № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы - www.Законы.kz

2.Халықаралық қаржылық есеп стандарттары- www.Минфин.kz

3.Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) - www.Минфин.kz

4.Төлешова Г.К. Дамыған қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2005

5.Кеулімжаев К.К., Ажибаева З.Н. Қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2003

6.Рахимбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии – Адматы: Экономика, 2003

7.Кеулімжаев К.К. Бухгалтерлік есеп принциптері - Алматы, Экономика, 2003, Алматы, 2005.

 

 

 

 

 

 



7.Семинарлық (практикалық) сабақтардың жоспарын

 

 

7.1. «Ақша құралдары және олардың эквиваленттері» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

 

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

 

Негізгі түсініктер: ақша эквиваленттері, касалық операциялар, кассалық кіріс ордері, кассалық шығыс ордері, кассалық кітап, банктік шот, банк үзіндісі, төлем тапсырмасы, аккредетив, инкассалық өкім, бағамдық айырма.  

 

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: ақша қаражаттары есебінің теориялық және әдістемелік аспектілерін түсініп, ақша қаражаттарымен жүргізілетін операциялар бойынша есеп шығара білу.

 

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1.  Ақша және оның эквиваленттері.

2.  Кассадағы кіріс операцияларының есебі.

3.  Кассадағы шығыс операцияларының есебі.

4.  Кассалық операцияларды құжаттау.

5.  Ағымдық және басқа да банктік шоттардағы ақша есебі.

6.  Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысандары.

 

Студент білуі тиіс:

       дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;

       Кассадағы және банк шотындағы ақша операцияларын шоттарда бейнелеу

       Шетел валютасында жүргізілетін операцияларды бухгалтерлік есепте бейнелей білу және бағамдық айырмалардың шоттарда бейнеленуін;

 

Студент меңгеруі тиіс:

                   Есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;

                   Кассалық операцияларда қолданылатын алғашқы құжатар мен есеп  тіркелімдерін толтыруды

                    

Практикалық сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында   практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер. 

 

7.2.     «Дебиторлық борыш есебі» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

 

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ

Негізгі түсініктер: дебиторлық борыш, күмәнді талап, үмітсіз борыш, есеп беруге тиісті тұлға және есепті сома, алдағы кезең шығындары

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: дебиторлық борыш есебінің теориялық және әдістемелік аспектілерін түсініп, дебиторлық борыштар бойынша   есеп шығара білу

 

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1.       Дебиторлық борыш туралы түсінік және оның түрлері.

2.       Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі.

3.       Сатып алушыларға берілетін жеңілдік түрлері және олардың есебі.

4.       Қайтарылған тауарлар есебі.

5.       Алынған вексельдер есебі.

6.       Есеп беруге тиісті тұлғамен есеп айырысу есебі

7.       Күмәнді талаптар резервінің есебі және оны бағалау түрлері.

8.       Алдағы кезең шығыстарының есебі.

 

Студент білуі тиіс:

           дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;

           дебиторлық борышты тану мен бағалау шарттарын

           Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу шоттарын;

           Оларға берілетін жеңілдік түрлерін

Студент меңгеруі тиіс:

1.       Есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;

2.       Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебін;

3.       Вексельдер бойынша есеп айырысу есебін;

Практикалық сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында   практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер

 

7.3.     «Қорлар есебі ( ҚЕХС 2)» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

 

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

Негізгі түсініктер: тауар, материал, шикізат, дайын өнім, негізгі материалдар, қосымша маетриалдар, аяқталмаған өндіріс, шала фабрикаттар, ыдыс материалдары, қайтарымды өндіріс қалдықтары, өзіндік құн, ФИФО, орташа салмақтау, ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру, кезеңдік жүйе, үздіксіз жүйе, таза өткізу құны, сальдолық әдіс, сандық-сомалық әдіс.

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: қорлар есебінің теориялық және әдістемелік аспектілерін түсініп, олардың өзіндік құнын анықтау бойынша, шоттар корреспонденцияларын құру бойынша есептер шығара білу.

 

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1.       Қорлар туралы түсінік және оның түрлері.

2.       ТМҚ бағалау әдістері

3.       ТМҚ өзіндік құнын анықтау әдістері

4.       Есеп жүйелері.

5.       ТМҚ қоймадағы және бухгалтериядағы есебі.

6.       Дайын өнім есебі

 

Студент білуі тиіс:

       дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;

       ТМҚ шығыстарын тану және бағалау шарттарын;

       ТМҚ синтетикалық есебін;

Студент меңгеруі тиіс:

1.       Есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;

2.       ТМҚ бағалау әдістерін.

3.       ТМҚ есепке алу шоттарын

 

Практикалық сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында   практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер

7. 4 «Негізгі құралдар есебі: бастапқы тану, бағалау және амортизация ( ХҚЕС 16,

  ХҚЕС 36)» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

 

              Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

Информация о работе Бухгалтерлік есеп