Бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа

Описание работы

Пәндердің оқу-әдістемелік кешені енгізуге міндетті:
- пәндердің оқу типтік бағдарламасын (егер пән міндетті компоненттен болса);
- пәндердің жұмыс оқу бағдарламасын;
- студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасын (SyLLABUS);

Работа содержит 1 файл

УМК КЕ1.doc

— 1.07 Мб (Скачать)

 

              Негізгі түсініктер: негізгі құрал, өзіндік құн, тозу, амортизация, бірқалыпты түзу сызықты әдіс, кемімелі қалдық, пайдалы қызмет мерзімі, өндірістік тәсіл, қаржылық жал, операциялық жал, лизинг

 

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: негізігі құралдар мен материалдық активтер есебі және оның түрлері туралы теориялық және әдістемелік аспектілерді түсініп, олардың өзіндік құнын және басқа да құн түрлерін анықтау, сонымен бірге, амортизацияны есептеу әдістері бойынша, шоттар корреспонденцияларын құру бойынша есептер шығара білу.

 

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1.       Ұзақ мерзімді активтер категориялары.

2.       Негізгі құралдар туралы түсінік, олардың бағалануы.

3.       Негізгі құралдар амортизациясы және оның есебі

4.       Амортизацияны есептеу әдістері.

 

Студент білуі тиіс:

   дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;

   Негізгі құралдардың бастапқы құнын анықтауды;

   Әр түрлі жағдайларда амортизация есептеу әдістерін қолдана білуді;

    

Студент меңгеруі тиіс:

1.       Есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;

2.       Негізгі құралдар есебін.

 

Практикалық сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

 

Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында   практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер

 

7.5 «Материалдық емес активтердің есебі (ҚЕХС 38)» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

 

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ.

 

Негізгі түсініктер: Материалдық емес активтер, өзіндік құн, тозу, амортизация, бірқалыпты түзу сызықты әдіс, пайдалы қызмет мерзімі, гудвилл, патент, тауарлық белгі, лицензия, ноу-хау.

 

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: материалдық активтер есебі және оның түрлері туралы теориялық және әдістемелік аспектілерді түсініп, олардың өзіндік құнын және басқа да құн түрлерін анықтау, сонымен бірге, амортизацияны есептеу әдістері бойынша, шоттар корреспонденцияларын құру бойынша есептер шығара білу.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1. Материалдық емес активтер туралы түсінік және оның түрлері.

2. Материалдық емес активтердің бағалануы.

3. Материалдық емес активтер амортизациясы және оның есебі

4. Іскерлік бедел туралы түсінік.

Студент білуі тиіс:

       дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;

       Материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтауды;

       Әр түрлі жағдайларда амортизация есептеу әдістерін қолдана білуді;

        

Студент меңгеруі тиіс:

1.Есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды  қолдана білуді

2.Материалдық емес активтер есебін

 

Практикалық сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында   практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер

 

 

7.6 «Міндеттемелер есебі (ҚЕХС 19, ҚЕХС 23, ҚЕХС 37)» тақырыбы бойынша

тәжірибелік сабақ

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

Негізгі түсініктер: қысқа мерзімді міндеттемелер, ұзақ мерзімді міндеттеме, салық, дивиденд, төленуге тиісті шоттар мен вексельдер, алдағы кезең табыстары, облигациялар, нақты міәндеттемелер, шартты міндеттемелер

 

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: міндеттемелер  және оның түрлері, міндеттемелерді туындататын оқиғалар туралы теориялық және әдістемелік аспектілерді түсініп, оларды тану, өлшеу және орнықтыру мәселелерін меңгеру, шоттар корреспонденцияларын құру бойынша есептер шығара білу.

 

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1.       Міндеттемелерді анықтау.

2.       Міндеттемелерді тану.

3.       Міндеттемелердің жіктелуі.

4.       Ағымдық міндеттемелер.

5.       Ұзақ мерзімді міндеттемелер.

Студент білуі тиіс:

       дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;

       міндеттемелерді тану критерийлерін;

       міндеттеме туындататын оқиғаларды;

       міндеттемелердің жіктелуін.

Студент меңгеруі тиіс:

1.       Есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;

2.       Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелердің айырмашылығы мен оларды тану мәселелерін.

 

Тәжірибелік сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Тәжірибелік сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында   практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер

 

 

 

 

 

7.7     «Табыстар мен шығыстарды тану (ҚЕХС 18) тақырыбы бойынша

тәжірибелік сабақ

 

              Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

 

              Негізгі түсініктер: табыс, шығыс, сәйкес келу қағидасы, табысты тану,  шығысты тану, жалпы әкімшілік шығыстар, операциялық қызметтен алынған табыс, аяқталу пайызы, пайда, зиян

 

              Тәжірибелік сабақтың мақсаты: негізігі құралдар мен материалдық активтер есебі және оның түрлері туралы теориялық және әдістемелік аспектілерді түсініп, олардың өзіндік құнын және басқа да құн түрлерін анықтау, сонымен бірге, амортизацияны есептеу әдістері бойынша, шоттар корреспонденцияларын құру бойынша есептер шығара білу.

 

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1.       Табыс пен шығысты тану қағидалары

2.       Табысты тану әдістері

3.       Табыстың активті беру сәтіндегі танылуы

4.       Табыстың активті бергеннен кейінгі танылуы

5.       Табыстың активті бергенге дейінгі танылуы

6.       Шығыстың танылуы.

7.       Табыс пен шығыстар есебі

8.        

Студент білуі тиіс:

               дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;

               Табыс пен шығысты тану өлшемдерін;

               Оларды тану әдістері мен тану оқиғаларын;

 

Студент меңгеруі тиіс:

1.Есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;

2.Табыстар мен шығыстарды әр түрлі әдістерімен тануды.

3.Табыстар мен шығыстар есебін.

 

Тәжірибелік  сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында   табыс пен шығысты танудың негізгі қағидаларына аса назар аударыңыз.

 

 

7.8 «Меншікті капитал есебі» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

 

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

 

Негізгі түсініктер: меншікті капитал, серіктестік, акционерлік қоғам, акционерлік капитал, акциялар, акцияның атаулы құны, номинал, жай және артықшылығы бар акциялар, өтелетін артықшылығы бар акциялар, айырбасталатын артықшылығы бар акциялар, кумулятивті акциялар, мерзімі ұзартылған дивидендтер, меншікті сатып алынған акциялар, шығарылған және циркуляцияланған акциялар.

 

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: меншікті капитал және оның есебі туралы теориялық және әдістемелік аспектілерді түсініп, оларды тану мәселелерін меңгеру, серіктестіктердегі және акционерлік қоғамдардағы меншікті капитал есебінің негізгі айырмашылықтарын түсініп, осыған байланысты есептер шығара білу.

 

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1. Меншікті капитал құрамы.

2. Серіктестіктердегі капитал есебі.

3. Серіктестіктегі пайда мен залалды бөлу.

4. Серіктестікті тарату, серіктестің капитал үлесін сатып алу, серіктестікке капитал салу.

5. Бұрынғы серіктестерге сыйақы төлеу, жаңа серіктеске сыйақы төлеу тәртібі.

6. Акционерлік капитал және оны ңқұрамы.

7. Акция түрлері.

8. Бөлінбеген пайда есебі.

 

Студент білуі тиіс:

       дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;

       меншікті капитал және оның құрамын;

       серіктестіктегі меншікті капитал есебін;

       акционерлік қоғамдағы капитал есебін.

        

Студент меңгеруі тиіс:

1.       Есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;

2.       Меншікті капиталды есепке алу бойынша шоттар корреспонденцияларын құруды;

3.       Құнды қағаздармен жүргізілетін операциялардв есепке алуды;

4.       Бөлінбеген пайда туралы есепті құру тәртібін.

 

Тәжірибелік сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Тәжірибелік сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында   практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер

 

 

7.9. «Қаржылық есептілікті ұсыну (ҚЕХС 1)» тақырыбы бойынша

тәжірибелік сабақ

 

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

 

Негізгі түсініктер: қаржылық қорытынды есеп беру, мойындау, актив, міндеттемелер, капитал, кіріс, шығыс, баланс

 

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: қаржыдық қорытынды есеп беру туралы теориялық және әдістемелік аспектілерді түсініп, оларды тану мәселелерін меңгеру, осыған байланысты есептер шығара білу.

 

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

1. Қаржылық қорытынды есеп беру компоненттері.

2. Қарыжылық қорытынды есеп беруді ұсыну

.

Студент білуі тиіс:

       Дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;

       Қаржылық қорытынды есеп беру және оның компоненттері;

       Балансты құру тәртібі;

       Ақша қаражаттарының қозғалаысы тұралы есеп беруду толтыру әдустері.

        

Студент меңгеруі тиіс:

1.Есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;

2.қаржылық қорытынды есеп берудің элементтерің

3. қаржылық қорытынды есеп берудің  компоненттерің

4.ХҚЕС 1.

 

Тәжірибелік сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Тәжірибелік сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында   практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулардың орындалуын

Информация о работе Бухгалтерлік есеп