Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа
Пәндердің оқу-әдістемелік кешені енгізуге міндетті:
- пәндердің оқу типтік бағдарламасын (егер пән міндетті компоненттен болса);
- пәндердің жұмыс оқу бағдарламасын;
- студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасын (SyLLABUS);
Сатып өткiзiлген ТМҚ-дың өзiндiк құны
Үздiксiз есеп жүргiзу жүйесiн қолдану барысында ТМҚ-дың келiп түсуi мен шығуы олардың баланстық шоттарында толық жүргiзiледi.
Материалдық құндылықтардың барлық түрлері 1300 бөлімшенің активті шоттарында жүргізіледі.
ТМҚ бойынша операциялар есебі
№№ | Операциялар мазмүны | Дт | Кт |
1 | Жабдықтаушылардан материалдар кірістелді | 1310 | 3310 |
2 | Есеп беруге тиісті сомамен сатып алынған шикізаттар кірістелді | 1310 | 1250 |
3 | Жеке тұлғалардан сатып алынған материалдар қоймаға кірістелі | 1310,1350 | 3390 |
4 | Тегін пайдалануға материлдар есепке алынды | 1310 | 6220 |
5 | Түгендеу нәтижесінде артық шыққан шикізат кіске алынды | 1310 | 6280 |
6 | Негізгі өндіріске материалдар қоймадан босатылды | 8010 | 1310 |
7 | Жалпы және әкімшілік қажеттілігікке материалдар жұмсалды | 7210 | 1310,1350 |
|
|
|
|
Қорытынды:
Тауарлық-материалдық құндылықтар қысқа мерзімді активтер болып табылады және бухгалтерлік баланстың «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінде есепке алынады. Материалдық құндылықтар айналым активтерінің ішінде өтімділігі жоғары активтерге жатпайды. Өйткені, бұл баптың ақша құралына айналуы үшін тек сатып алушыны табуға ғана емес, сонымен бірге сатып алушының сатылған ТМҚ үшін мерзімінде төлеуіне де біраз уақыт қажет. Кәсіпорындар мен ұйымдар ТМҚ есепке алғанда және бағалағанда № 2 «Қорлар» атты қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына және № 2 «Тауарлық-материалдық қорлар есебі» атты қаржылық есептіліктің ұллтық қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына стандартына негізделеді. Аталмыш стандарттарда стандартың әрекет ететін саласы, ТМҚ өлшеу және бағалау, олардың өзіндік құнын анықтау тәртібі, шығыстарды тану, есептілікте ашып көрсету мәселелері қарастырылған.
Әдістемелік нұсқау:
«Қорлар есебі (ХҚЕС 2)» тақырыбын зерттеп оқығаннан кейін тақырып бойынша негізігі түсініктердің тізімін құрыңыз (глоссарий).
1. Тақырып бойынша алған білім базасының негізінде логикалық сызба құрастырыңыз (игерілген материалды маңызына қарай ретке келтіріп, құрамдастырыңыз).
2. Материалды бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіз.
3. Тестіні орындаңыз.
4. Ситуациялық есепті шығарыңыз.
5. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының 28.02.2007 ж № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы - www.Законы.kz
2.Халықаралық қаржылық есеп стандарттары- www.Минфин.kz
3.Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) - www.Минфин.kz
4.Төлешова Г.К. Дамыған қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2005
5.Кеулімжаев К.К., Ажибаева З.Н. Қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2003
6.Рахимбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии – Адматы: Экономика, 2003
7.Кеулімжаев К.К. Бухгалтерлік есеп принциптері - Алматы, Экономика, 2003, Алматы, 2005.
Тақырып – 4. Негізгі құралдар есебі: бастапқы тану, бағалау және амортизация
( ХҚЕС 16, ХҚЕС 36)
Тақырыптың мақсаты: негізгі құралдар туралы түсінік алу, оларды бағалау түрлерін, ҚЕХС сай амортизация есептеу әдістерін меңгеріп, есептей білу.
Дәріс сұрақтары:
1. Негізгі құралдар туралы түсінік және оларды бағалау.
2. Негізгі құралдар қозғалысының есебі.
3. Негізгі құралдардың тозу есебі.
4. Негізгі құралдарды жөндеу шығынының есебі.
Негізгі түсініктер: ұзақ мерзімді активтер, негізгі құалдар, баланстық құн, әділ құны, амортизациялық құн, жойылу құны, бастапқы құн, амортизация, тозу, қаржылық жал, ағымдық жал, ағымдық жөндеу, күрделі жөндеу, материалдық емес актив, гудвилл.
Дәріс мазмұны:
Негізгі құралдар есебі 16 «Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар» халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес жүргізіледі. Аталған стандартқа сәйкес негізгі құрал деп кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа көсіпорынға жалға беру үшін немссс әкімшілік мақсатта пайдаланылатын және бір операциялық циклдан немесе кезеңнен (І жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланады деп болжанатын материалдық активтерді айтады.
Негізгі құралға қозғалмайтын мүлік, жер.үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетік, машина мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылары, есептеу машиналары, көлік құралдары, аспаптар, шаруашылық құрал-саймандар, және т.б. жатады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шартқа сай келсе актив ретінде танылуы (есепке алуға) тиісті:
А) Егер кәсіпорынның активпен байланысты болашақ экономикалық пайда алатынын аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса; Ә) Егер кәсіпорын үшін оларды сатып алуға кеткен нақты шығындарды сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Негізгі құрал есебін ойдағыдай жүргізу үшін жүйелеп топтастыру қажет. Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. Өндірістік негізгі құрал деп өндірісте қызмет ететін, пайдалы құралды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіштік тетік, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар, және т.б. жатады.
Өндірістік емес негізгі құрал қатарына шаруашылық өндірістің басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құрал жатқызылады. Оларға: тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылықтарда, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар және т.б. жатады. Негізгі құралдар өнеркәсіптік ауыл шаруашылығы, орман, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату, өткізу әосіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқа ұйымдар,
әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және т.б. салалар бойынша топтастырылады.
Негізгі құрал пайдалану мақсаты және қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
1. Жер (кәсіпорында пайдаланатын барлық жер).
2. Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар.
3. Машина мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер.
4. Көлік құралдары
5. Басқадай негізгі құралдар.
Негізгі құрал кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай мсншікті яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес негізгі құралдарды бағалаудың түрлері:
1. Өзіндік (бастапқы) құны
2. Жойылу құны
3. Амортизациялық (тозу) құны
4. Әділетті (сатып өткізу) құны
5. Баланстық құн
6. Өтелмелі құны
Өзіндік құн (бастапқы)- бұл төленген ақша қаражаттарының немесе баламаларының сомасы, не болмаса активті сатып алу немесе құрылысын салу кезінде берілген басқадай төлемдердің әділетті құны.
Актив ретінде танылуға жататын жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі алдымен өзіндік құн бойынша өлшенуге тиіс.
Өзіндік құнның компоненттері:
- жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің өзіндік құны оның сатып алу бағасын, оның ішінде импорттық баждарды және сатып алуға салынатын өтелмейтін салықтарды, сондай-ақ нысаналы пайдалану үшін активті жұмыс күйіне келтіру жөнінде соған жатқызылатын барлық тікелей шығындарды қамтиды;
- сауда және басқа жеңілдіктердің барлығы сатып алу бағасын анықтаған кезде шегеріледі. Кәсіпорынға есепке алынған негізгі құралдардың өзіндік бастапқы құны тек мына жағдайларда ғана өзгереді:
1) негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімін ұзартпай немесе қысқартпай, оның жалпы жағдайына әсер ететін қосымша күрделі қаржы жұмсағанда (кеңейткендс, жаңартқанда т.б.) немссе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;
2) негізгі құралдарды қайта бағалағанда;
Негізгі құралдар кәсіпорынға мынадай тәсілдермен, жолдармен алынуы мүмкін:
1) Нақты ақшаға сатылып алынады.
2) Несиеге алынады.
3) Кәсіпорынның жарғылық капиталына салынған салым ретінде (акцияларына айырбастау жолымен алынады).
4) Басқа кәсіпорынның, мемлекеттік органдардың берген сыйы ретіндс тегін алынады.
5) Салу, құру, жасау арқылы алынады.
6) Басқа активтерге айырбастау арқылы алынады.
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар № НҚ – 1 нысанындағы «Негізгі құралдарды қабылдау, тапсыру актісін» толтыру арқылы алынады. Қабылданган объектінің әрқайсысына жеке инвертарлық нөмір беріліп бекітіледі. Олар тұрақты түрде беріледі. Кәсіпорынның бухгалтериясында негізгі құралдардың инвентарлық объектісі бойынша есебі мүліктік инвентарлық карточкаларда жүргізіледі.
Негізгі құралды сатып алған кездегі құнына кіреді:
Сатып алу бағасы;
Жеткізуге кеткен шығындар;
Қызметкерлерге төленетін өтем ақы;
Және басқа да тікелей шығындар.
Негізгі құралды қарызға алу: ҚЕХС16 сәйкес негізгі құрал қарызға алған кезде, оның бастапқы құны сатып алу кезіндегі құнмен танылады. Ал кейіннен сол құнмен және төленген соманың арасындағы айырмашылық несиенің пайыздақ төлеу бойынша шығын ретінде есепке алынады. Қарыз бойынша пайыздың капитализациялануы активті құру кезінде болады.
Активтермен алмасу: ҚЕХС 16 активтермен алмасу кезінде олар әділ құнымен бағаланады. Егер әділ құны болмаған немесе сенімді болмағанда оны өзіндік құны (баланстық құны) арқылы бағаланады.
Мысалы: Компания автомобильді құрал-жабдыққа ауыстырды. Автомобильдің баланстық құны 450 000 ш.б. (бастапқы құны 500 000 ш.б. шегерілген жинақталған амортизация 50 000 ш.б.) Автомобиль әділ құны сенімді емес.
Шешуі: Компания «Барс» үшін
Дебет 2410 Негізгі құралдар: құрал-жабдық
Дебет 2420 Автомобильдің жинақталған амортизациясы 50 000
Кредит 2410 Негізгі құралдар - автомобиль
Негізгі құралдарды сый ретінде алу: ҚЕХС 20 «Мемлекеттік субсидияны есептеу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу» стандартына сәйкес мемлекеттік грантты есептеудің 2 тәсілі бар:
Капитал әдісі
Табыс әдісі
Капитал әдісі бойынша мемлекеттік грантты есепте меншікті капитал түрінде көрсету.
Табыс әдісі бойынша грантты табыс ретінде тану жыл ішінде немесе бірнеше есеп мерзімінде тану.
Мысал: 1 мамыр күні әкімшілік кәсіпорынға ғимаратты (әділ құны 400 000 тенге.) және құрал- жабдықты (әділ құны 100 000тенге .) сыйға берді. Заңды рәсімдеу бойынша шығындар 5 000 тенге. кәсіпорынға жүктелді. Табыс шығындары 30%.