Бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа

Описание работы

Пәндердің оқу-әдістемелік кешені енгізуге міндетті:
- пәндердің оқу типтік бағдарламасын (егер пән міндетті компоненттен болса);
- пәндердің жұмыс оқу бағдарламасын;
- студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасын (SyLLABUS);

Работа содержит 1 файл

УМК КЕ1.doc

— 1.07 Мб (Скачать)

Егер кәсіпорын акцияны қайта сатып алатын болса және қайтармаса, онда ол айналыстағы акцияға жатпайды.  Акцияларды шығаруға рұқсат алған кезде еш бухгалтерлік жазба берілмейді. Егер рұқсаттың алынғаны формальді түрде қажет болса:

Дт шығарылмаған жай немесе артықшылықты акциялар

      Кт шығаруға берілген рұқсат

Акцияларды атаулы құны бойынша шығарған кезде; жазылым арқылы

Дт Алынуға тиісті жазылым

       Кт Жазылым бойынша жай акция

Ақшаның түсуіне қарай:

Дт Ақша

      Кт Алынуға тиісті жазылым

Дт Жазылым бойынша жай акция

      Кт Жай акция

Егер келешекте компанияның перспективасы жақсы деп саналса, қоғам басшылары қосымша акцияларды шығара алады және құнын көтеруі мүмкін. Бұл әдетте акцияның нарықтық құны атаулы құнынан жоғары болғанда жүзеге асырылады.

Мысалы, компания 1 000 жай акцияны  12  доллардан сатты. Атаулы құны  10  доллар.

Дт Ақша 12 000

            Кт жай акция 10 000

           Кт эмиссиялық табыс 2 000

Кейбір жағдайларды компания акциялады мүлікке немесе қызметке айырбастайды. Есептің халықаралық стандартына сәйкес мұндай операциялар активтің нарықтық құны немесе акцияның нарықтық құны бойынша көрсетіледі.

Мысалы:  АҚ «Альфа» құрылған кезде деректорлар кеңесі  100 акцияны ұйымдастырумен байланысты шығындарғы төлеуді ұйғарды. Акцияның нарықтық құны осы сәтте анықталмаған. Бірақ компания осыған ұқсас тапсырыстар бойынша 1 500 ш б төлеген.

Дт Ұйымдастыру шығындары 1 500

    Кт Жай акция 1 000

    Кт Қосымша төленген капитал 500

Екі жылдан кейін компания 1 000 акцияны жер теліміне ауыстырды.Ауыстыру кезінде акцияның нарықтық құны 16 доллар болды. Жер бағасы белгісіз.

Дт Жер 16 000

    Кт Жай акция 1 000

   Кт Қосымша төленген капитал 6 000

Акционерлік қоғамның әкімшілігі мен оның қызметкерлері арасындағы қызметкерлерге жеңілдікпен берілетін акцияларға байланысты өзара келісім – опцион.

Дивидендтер – акционерлер арасында бөлінуге тиісті бөлінбеген пайданың бір бөлігі.

Дивидендтерді төлеумен байланысты үш негізгі күн бар:

a.      дивидендтерді жариялау күні

b.     акция иелерін тіркеу күні

c.      дивидендтерді төлеу күні

Біріншісі дивидендтерді төлеу туралы директорлар кеңесімен шешілуі.

Екінші мерзім акция иелерін анықтау үшін жасалады.

Үшіншісі нақты дивидендтерді акционерлерге төлеу.

Мысалы: Директорлар кеңесі дивидендтерді 56 000 сомасында төлеу туралы шешім қабылдады. 21 ақпан күні  дивидендтерді төлеуді жариялау,  31 наурызда төлеу, ал тіркеу 10 наурызда жүзеге асырылады .

       21 ақпан

Дт Бөлінбеген пайда 56 000

   Кт Төленуге тиіс дивидендтер 56 000

       10 наурызда жазба берілмейді

       31наурыз

Дт Төленуге тиіс дивидендтер 56 000

      Кт  Бөлінбеген пайда 56 000

   Акцияларды қайта сатып алу:

АҚ акцияның жалпы санын азайту мақсатында акцияның бір бөлігін сатып алады, солай жарғылық капиталды азайтады.

Мысал: «Альфа» кәсіпорны 20 000 акцияны номиналдық құны бойынша сатып алды:

Дт Қайта алынған капитал 200 000

     Кт Ақша  200 000

Егер нақты құн номиналды құнға тең болса:

Дт Ақша

      Кт Қайта алынған капитал

Егер нақты құн номиналды құннан төмен болса:

Дт Ақша

Дт Бөлінбеген пайда

    Кт Қайта алынған капитал

Егер нақты құн номиналды құннан жоғары болса:

Дт Ақша

    Кт Қайта алынған капитал

    Кт Төленген кпитал

Резервтік капитал операциялық қызметтен болатын залалды жабу үшін қолданылады.

Дт Бөлінбеген пайда

    Кт Резервтік капитал

Бөлінбеген пайда деп акционерлер арасында дивиденд ретінде бөлінбеген меншікті капиталдың бір бөлігін айтады.Төленген капиталмен бірге бөлінбеген пайда активтерді алу көзі болып табылады. «Бөлінбеген пайда» шотының қалдығы компанияның қызмет етіп жатқан барлық уақыты ішінде жинақталған таза пайдадан залалды, дивидендтер бойынша төлемдерді және шығарылған акционерлік капиталға реинвестицияланған пайданы шегергенде қалатын соманы білдіреді. Бөлінбеген пайда кәсіпорынның активі болып табылмайды және оның бар болуы пайда алынған операциялар бойынша кәсіпорын активтерінің ұлғайғандығын көрсетеді.

«Бөлінбеген пайда» шотында дебеттік қалдық та болуы мүмкін (бөлінбеген пайданың «дефициті», яғни жетіспеушілігі) де ол шаруашылық қызметтен алынған пайдадан залалдар мен төленген дивидендтердің басым болғанын білдіреді. Бөлінбеген пайданың «дефициті» баланстың «Меншікті капитал» бөлімінде бейнеленіп, капиталдың жалпы сомасынан шегеріледі.

Қорытынды:

    Сонымен, меншікті капитал ұйымның меншік иелерінің қаржыларынан құралады. Жарғылық капитал - сомасы кәсіпорынның жарғысымен анықталған бастапқы капиталы. Ол негізінен акцияларды сатудан түскен түсімнен немесе құрылтайшылардың салымдарынан құралады. Жарғылық капиталға бағытталған қаржы жаңа құрылған кәсіпорын қызметінің басталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Шаруашылық қызметтің үш негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны бар:

1.       жеке тұлғаның иеленуі;

2.       серіктестік;

3.       акционерлік қоғам немесе корпорация

Меншікті капиталдың есебі осы ұйымдастырушылық‑құқықтық нысандардың ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі.

 

Дәріс сабағына әдістемелік нұсқаулық:

Берілген дәрістік материал және ұсынылған әдебиет негізінде

1. Маңыздылық деңгейіне қарай құрылымдық жоспар әзірлеңіз.

2. Тақырыптың соңында келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

3. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

 

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының  28.02.2007 ж № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы - www.Законы.kz

2.Халықаралық қаржылық есеп стандарттары- www.Минфин.kz

3.Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) - www.Минфин.kz

4.Төлешова Г.К. Дамыған қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2005

5.Кеулімжаев К.К., Ажибаева З.Н. Қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2003

6.Рахимбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии – Адматы: Экономика, 2003

7.Кеулімжаев К.К. Бухгалтерлік есеп принциптері - Алматы, Экономика, 2003, Алматы, 2005.

 

 

 

9-Тақырып  Қаржылық есептілікті ұсыну (ҚЕХС 1)

 

Сабақтың мақсаты: қаржылық есептілік түсінігін тереңдету, олардың түрлері, мазмүны, толтырутәртібі, құрастыру әдістерін үйрету

 

Дәріс сұрақтары:

 

1. Қаржылық есеп беруді құру және дайындау негіздері.

2. Қаржылық есеп берудің элементтері, компоненттері және мақсаты.

3. Бухгалтерлік баланс маңызы, қызметі, түрлері, құру принциптері.

 

Негізгі түсініктер: қаржылық есеп беру, бухгалтерлік баланс, табыс және залал, ақа қаражаттарының қозгалысы, меншікті капитал қозғалысы,

 

Дәріс мазмұны

 

1. Жылдам шешім қабылдаудың негізі–толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.

Есеп беру дегеніміз–меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы шаруашылық қызметін және ұйымдық– құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.

Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай–ақ министрліктер, ведомостволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.

Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады. Оларға сондай–ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.

Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақыттында аңдап, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай–ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайжы, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі мен қаржылық жағдайының қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорының төлем қабілетіне кепілдік береді.

Алайда, субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты–оның қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан капитал иелері мен басқа да инвесторлар есептен алатын ақпаратқа қанағаттануға тиісті. Мұндай жағдай ақпарат пайдаланушыларға ортақ сипат. Осы талапқа жауап беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп аталады, ол барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Кейбір тұтынушылар, мысалы несие берушілер қосымша ақпарат талап етуі мүмкін. Алайда, тұтастай алғанда, есеп беру тұғырнамасы сыртқы тұтынушылардың жалпы қажетіне қатысты және ол бәрінен бұрын өз капиталын субъектінің қарамағына бергендердің мүдделерін қорғауға бағытталады.

Жылдық есеп мынадай тұтынушыларға беріледі:

-         Меншік иелеріне (қатысушыларға, құрылтайшыларға) немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкесті органдар;

-         Кәсіпорының тұрған жеріндегі салық органдарына;

-         Жергілікті қаржы органдарына;

-         Мемлекеттік статистикалық органдарына;

Заңды тұлғаның қаржылық есебі тұтынушылар үшін ашық болып табылады. Ол қалың көпшілікті субъектінің даму бағыттары туралы және оның аймақтық экономикалық, әлеуметтік ахуалын жақсартуға соңғы жетістікрі туралы ақпаратпен қамтамасыз ете алады.

2. Қаржылық есеп берудің элементтеріне: активтер, міндеттемелер және капитал; кірістер мен шығындар жатады. Мойындау - объектінің балансына қосылатын, сонымен қатар бір элементтің анықтамасына сәйкес келетін және мойындау критерияларына жауап беретін үрдіс.(мұнда объектінің құны немесе бағасы бар, ол өлшеу үшін сенімді болуы мүмкін). Баға - қаржылық есеп беруде элементтер балансқа енгізіліп, шығындар мен кірістер туралы есеп берудің сомасын анықтайтын үрдіс.ХҚЕС- да бағаның әртүрлі екі түрі қолданылады; тарихи баға, ағымдық (қалпына келтірілген) баға, сатудың мүмкіндік бағасы, келтірілген баға.

ХҚЕС сәйкес келетін есеп беру формасының түрлері, нұсқалары, баптары бойынша кеңейтілген түрлері келесідей:

Формасы

Нұсқасы

Минимальді баптар тізімі/ бөлімшелері (басқа түсініктемелердің ашылуы бойынша)

Басшының есеп беруі (басшылығы)

Еркін түрі

Компания қызметкерлерінің жалпы сипаттамаса- потенциальді даму мен қол жеткізілген жетістіктер болып табылады.Есеп беру диограмма, графика түрінде көрсетіледі және ереже бойынша суреттер мен басшының қысқаша мәліметі (білімі, қызметі, жасы, ХҚЕБС-ге не талап етілмейді соларды көрсетеді, бірақ шығыс дәстүрі болып табылады);

Кірістер мен  шығындар туралы есеп беру

Функциональді, шығындық, аралас

Түсім, операциялық қызметтердің қаржылық нәтижесі, қаржылық шығындар, түсімдерге салықтар бойынша шығындар, қарапайым қызметкерлердің қаржылық нәтижесі.

Баланс

Британдық, Европалық, Американдық

Негізгі құралдар, материалдық емес активтер, қаржылық активтер, қорлар,дебиторлық борыштар, кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттемелер, қысқа мерзімді міндеттемелер, ұзақ мерзімді міндеттемелер, капитал, резервтер т.б.;

Ақша ағымдары туралы есеп беру

Тікелей әдіс, жанама әдіс

Операциялық қызметтер (сатып алушылар, жабдықтаушылар,тұлғалар,салықтар);инвес-тициялық қызметтер (ұзақ мерзімді активтер, алынған пайыздар, қаржылық инвестициялар,қаржылық қызметтер (бағалы қағаздарды шығару, алынған және төленген төлемдер арендасы, алынған зайымдар, төленген пайыздар);

Капиталда өзгерту туралы есеп беру

 

Акционерлік компаниялар, шектеулі жауапкершілік компаниялары, жеке компаниялар

Анықталмаған шығындар/ бастапқы есеп беру кезеңіндегі жабылмаған зияндар;таза табыс/ есеп беру кезеңіне шығындар; капиталдың түрлері бойынша – акционерлік, жарғылық, жеке, резервтік;

Пайда болу

Салық саясаты

Шығындар, негізгі құралдардың амортизациясы, материалдық емес активтердің амортизациясы, қорлар, зайымдар бойынша шығындар, қаржылық құралдар мен инвестициялар, аренда, салықтар мен кейінге қалдырылған салықтарға шығындар, зейнетақымен қамтамасыз етуге шығындар, ақша құралдары мен ақша эквиваленттері;

 

Анықтама ақпараттары

Аты, заңдық статусы, компаниялардың мекен- жайы, компания қызметкерлеріне сипаттама, есеп беру кезеңі/ есеп беру күні, тұлғалардың көлемі-есеп беру күніне/ орташа жылдық;

 

Есеп беру баптарын ашу

Әрбір ХҚЕБС-ге  сәйкес келетін баптар бойынша тізімдерін ашу,есеп беру баптарының өзгерістерін талдау, шартты жағдай- есеп беру күні мен есеп берудің шығарылған күні.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп