Бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:43, курсовая работа

Описание работы

Пәндердің оқу-әдістемелік кешені енгізуге міндетті:
- пәндердің оқу типтік бағдарламасын (егер пән міндетті компоненттен болса);
- пәндердің жұмыс оқу бағдарламасын;
- студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасын (SyLLABUS);

Работа содержит 1 файл

УМК КЕ1.doc

— 1.07 Мб (Скачать)

4.Төлешова Г.К. Дамыған қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2005

5.Кеулімжаев К.К., Ажибаева З.Н. Қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2003

6.Рахимбекова Р.М. Финансовый учет на предприятии – Адматы: Экономика, 2003

7.Кеулімжаев К.К. Бухгалтерлік есеп принциптері - Алматы, Экономика, 2003, Алматы, 2005.

 

Тақырып- 3: «Қорлар есебі ( ҚЕХС 2)»

 

Сабақтың мақсаты: Қорлар және оның түрлері туралы түсінік беру, олардың өзіндік құнын анықтауды үйрету, қорлардың құнын бағалау әдістерімен және есеп жүйелерімен таныстыру.

 

Дәріс сұрақтары:

1.       Тауарлық-материалдық құндылықтар (ТМҚ) түсінік және оның түрлері.

2.       Қорлардың өзіндік құнын анықтау.

3.       Қорларды бағалау әдістері

4.       Қорлар қалдығын таза өткізу құны бойынша бағалау.

5.       Кезеңдік және үздіксіз есеп жүйелері.

 

Негізгі түсініктер: тауар, дайын өнім, шикізат, шала фабрикаттар, аяқталмаған өндіріс, консигнация, тура және жанама шығындар, ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру, ФИФО, орташа құн, кезеңдік және үздіксіз жүйе, таза өткізу құны.

 

 

Дәріс мазмұны

 

     Тауарлық-материалдық құндылықтар бір жылдың ішінде немесе компанияның бір операциялық циклының ішінде сатылатын немесе пайдаланылатын болғандықтан ағымдағы активтер қатарына жатады. ТМҚ шаруашылық субъектісінде келесі түрлерге бөлінеді:

       өндіріс процессінде немесе жұмыстар орындағанда және қызмет көрсетілгенде пайдалануға арналған шикізат, материалдар, шала фабрикаттар және құрастырмалы бұйымдар, отын, ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірістік және шаруашылық инвентарьдың өзге де материалдары (Материалдар шоттары);

       Аяқталмаған өндіріс. Оның өзіндік құнына тек шикізат шығындары ғана емес, сонымен бірге еңбек шығындары  және жанама үстеме шығыстар да кіреді (Негізгі және Көмекші өндіріс, Меншікті өндірістің шала фабрикаттары шоттары);

       Дайын өнім және шаруашылық субъектісінің қалыпты қызметі барысында сатуға арналған тауарлар (Дайын өнім және Тауар шоттары).

Тауарлық-материалдық құндылықтар құрамына кірмейтін тауарларға мыналар жатады:

1. Консигнациядағы тауарлар.

2. Жолдағы тауарлар.

Жолдағы тауарлар

1)  ФОБ-жөнелту пункті – сатушы тұлға біздің жеткізуші агентімізге жүкті берген сәттен бастап, тауардың меншік иесі біз болып табыламыз және баланста көрсетеміз.

2) ФОБ-қабылдау пункті – сатушы тұлға жөнелткен жүк біздің қоймаға түскен кезде барып меншік иесі біз болып табыламыз, сол сәтте баланста көрсетеміз.

  Осындай операцияларды дұрыс көрсету ТМҚ-ң көлемінің және алынуға тиісті шоттардың баланста азайтылып көрсетілуіне әсер етеді.

ТМҚ бағалау күрделі процесс болып табылады және келесі сатылардын тұрады:

1. ТМҚ-ға жатқызылатын тауарлардың санын анықтау;

2. ТМҚ-ның өзіндік құнына кіруге тиісті шығындарды анықтау;

3. ТМҚ құнын шығысқа жатқызу тәртібін анықтау.

Баланстағы ТМҚ құнына төмендегілер кіреді:

1.       түгендеу нәтижесінде анықталған барлық ТМҚ;

2.       + жолдағы тауарлар (жөнелтілген сәтінде меншіктік құқығы өтеді);

3.       + жолдағы сатылған тауарлар (клиент алған сәтінде меншік құқығы өтеді);

4.       ─ сатылған, бірақ әлі қоймада тұрған тауарлар;

5.       + өзге фирмаға консигнацияға бергендер;

6.       ─ консигнациядағы тауарлар.

     ТМҚ құнына сол тауарды сатып алумен байланысты барлық шығындар енеді. Бұл жерде ҚҚС, тауарлық шегерімдер және басқа да шегерімдер қордың құнынан алынып тасталады.

Қорлардың өзіндік құнына келесі шыындар кіреді:

1. ТМҚ сатып алуға кеткен шығындар;

2. Өнімді өндіруге кеткен шығындар

Аяқталмаған өндіріс тура (өнімнің бір бірлігін өндірумен тікелей байланысты шығындар, бұл шығындар көбінесе айнымалы болып келеді) және жанама (негізгі өндіірске қызмет көрсетумен байланысты шығындар: көмекші өндіріс жұмысшыларының мерзімдік еңбек ақысы, өндірістік негізгі құралдардың амортизациясы, өндірістік негізгі құралдарды күту, ағымдық және күрделі жөндеу шығындары және т.с.с, бұлар өндіріс көлеміне тәуелсіз болғандықтан, тұрақты шығындар б.т.).

3. Өзге де шығындар(ТМҚ‑ны орналасқан жеріне тасымалдау кезінде немесе оларды тиісті жағдайға келтіру барысында пайда болса ғана өнімніің өзіндік құнына кіреді).

Келесі шығындар ТМҚ-ның өндірістік өзіндік құнына кірмейді:

 Өткізу шығыстары;

 Әкімшілік шығыстар;

 Өзге де операциялық шығыстар.

Жалпы, ТМҚ есебі 2 қаржылық есептіліктің Ұлттық стандартына және 2 Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес жүргізіледі. Қорлардың құнын анықтау барысында олардың бағасын дұрыс белгілеу  маңызды болып табылады. Есепті кезең ішінде материалдардың көптеген түрлерінң бағалары өзгеріп тұрады. Материалдың бір түрі, мысалы, бір ай ішінде әр түрлі бағамен келіп түсуі мүмкін. Сонымен бірге, материалдардың бір түрін сатып өткізгенде, оның қандай ретпен және бағамен сатылғандығын анықтау мүмкін емес. Сондықтан, материалдар құнының болжамды қозғалысын  аталмыш стандарттарға сәйкес келесі әдістермен бағалау ұсынылады:

       Ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру әдісі. Бұл әдіс өзара орнын алмастыруға келмейтін қорлар мен арнайы жоба мен тапсырыс бойынша өндірілген тауарлар және көрсетілген қызметтер бірлігінің өзіндік құнын анықтауда қолданылады.

       Орташа құн әдісі. Қорлардың әрбір бірлігінің құны есепті кезең басындағы біртектес қорлар бірліктерінің орташа салмақтандырылған құны мен есепті кезең ішінде сатып алынған немесе өндірілген біртектес бірліктердің құнымен анықталады. қорларының орташа салмақтандырылған құны қорларының барлық құнын олардың санына бөлу арқылы анықтайды.

       ФИФО әдісі- «Бірінші партия кіріске, бірінші партия шығысқа» деген мағынаны білдіреді. Пайдаланылған немесе сатып өткізілген ТМҚ бірінші келіп түскен ТМҚ бағасымен бағаланады. Ал есепті кезеңнің соңында ТМҚ­ қалған қалдығы  мерзім соңында келіп түскен ТМҚ бағасымен бағаланады.

Тауарлы – материалды қорларды бағалау әдістері.

-          орташа өлшемдік құн әдісі (AVECO);

-          ФИФО;

  Мысалы:

күні

саны

бірлік құны

жалпы құны

15.01

22.05

10.09

500

800

600

60

70

80

30000

56000

48000

Барлығы

1900

 

134000

Жылдың соңында қоймада 400 дана тауар қалды, ӨТТ- 125 000 ш.б.

 

ФИФО: 1500 сатылды (1900-400)

              60*500  =   30000

              70*800  =   56000

              200*80  =   16000

              102 000 - өзіндік құны

125 000-102 000 =23 000 пайда

400*80 =32 000 қалдық

Орташа құн әдісі : 134 000/1900 =70,53 орт.бағасы

                                1500* 70,53=105 789 өзіндік құны

                                125000 - 105 789=19211 пайда

                                400* 70,53 = 28 212 қалдық

        Қаржылық есептілікте қорларды бағалау олардың өзіндік құнына негізделген. Алайда, «Қорлар» атты №2 ҚЕХС сәйкес, ТМҚ өзiндiк құнмен сатып өткiзiлетiн таза құнының ең төменгiсiмен бағаланады. ТМҚ-ды сатып өткізудің таза құны, әдеттегi шаруашылық қызмет барысында болжанып отырған сату бағасымен оларды жинақтауға және  сатылуын ұйымдастыруға кеткен шығындар  шегергендегi шығындарға тең болады. Сатып өткізудің таза құны ТМҚ бүлiнгенде, олар iшнара толық ескiргенде немесе олардың сату бағасының төмендеуiне байланысты өзiндiк құн қалпына келмейтi жағдайда қолданылады.

    ТМҚ-дың өзiндiк құны мен сатып өткізудің таза құнының ең төменгiсiн анықтау үшiн 3 тәсiл қолданылады.

  1 тәсiл. Баптық әдiс. ТМҚ-дың әрбiр атауы бойынша баланстық құн мен сатып өткізудің таза құнының ең төменгiсi iрiктелiнiп алынады.

  2 тәсiл. Негiзгi тауар топтары бойынша, яғни әрбiр тауар топтары бойынша баланстық құн мен сатып өткiзу құнының төменгiлерi iрiктелiнедi.

  3 тәсiл. Босалқылардың жалпы деңгейi бойынша анықтау тәсiлi. Барлық ТМҚ бойынша баланстық құн мен сатып өткізудің таза құнының ең төменгiсi iрiктелiнiп алынады.

Қорларды баланста көрсету үшін екі құнның ең төменін пайдаланамыз.

     Мысалы:

 

күні

Тауар

өзіндік құны

өткізудің таза құны

1.09

3.09

5.09

Барлығы

Тауар

тауар

тауар

2000

1800

2000

5800

1900

3000

1300

6200

 

Баланста көрсетеміз: 1900+1800+1300 = 5000

 

Мысал: Компания жыл ішінде 750 дана тауар өткізді. Бір тауардың құны 150 ш.б. Жыл соңында ТМҚ қалдығы 250 дана. Оның ішінде 50 бүлінген . Бүлінген тауарды 1 данасы 25 ш.б. сатуға болады. Қалған тауарлардың өзіндік құны бір данаға 110 ш.б.

         Анықтау керек: ТМҚ жыл соңында қалдығы ,өнімді өткізуден табыс , өткізілген өнімнің өзіндік құны, бүлінген тауардан туындаған залалды, таза пайданы.

200*110 =22 000

   50*25 = 1250

              23 250

750* 150 =112 500  - ӨӨТТ

750*110 =82 500   - өзіндік құны

30 000

Бүлінген тауарлардан залал 50*110=5 500

                                                50*25=1250

              4250

Таза пайда : 30000- 4250 =25 750

Кезеңдік жүйені қолданған кезде қосымша сатып алу шоты, тасымалдау, тауарлы шегерімдер шоты ашылады. Өнімнің өзіндік құны қорларға түгендеу жүргізгеннен кейін ғана анықталады.

         Кезең басындағы   + сатып алынған = өткізілген дайын  қорл. өзіндік құны

                қалдық                        қорлар

         Өткізілген өнімнің    = өтк. дайын қорлардың өзінд. құны – кезең соңындағы

            өзіндік құны                                                                                       қалдық

 

Мысал:  Есепті кезең ішінде компания төмендегідей операцияларды жүзеге асырды. Қорлардың бастапқы қалдығы 700 (100дана * 7ш.б.), сатып алынғаны 7000 (1000 дана* 7ш.б.), сатылғаны 9600 (800дана*12ш.б.) , кезең соңындағы қалдық 2100 (300*7).

            Анықтау керек: ӨӨТТ, өткізілген өнімнің өзіндік құны.

700+7000=7700-2100=5600

Дт      алынуға тиісті шоттар       9600

       Кт      ӨӨТТ                                  9600

Дт     ТМҚ                     2100

Дт      өзіндік құн         5600

      Кт      ТМҚ                    700

      Кт      сатып алу           7000

 

     ТМҚ есебiнде кезеңдiк және үздiксiз жүйе қолданылуы мүмкiн.

Кезеңдiк қолдануда жыл iшiнде ТМҚ-дың есебi нақтыланып егжей-тегжейлi жүргiзiлмейдi. ТМҚ-дың нақты бары кезең сайын жүргiзiлiп отыратын құндылықтарды түгендеу нәтижесi бойынша оның түгендеу аяқталмай сатып өткiзiлген ТМҚ құны анықталмайды. Өйткенi ТМҚ өзiндiк құны келесi формуламен анықталады:

    Есептi кезеңнiң басындағы ТМҚ қалдығы

                           +

                  Келiп түскен ТМҚ

                           =

Сатып өткiзуге дайын ТМҚ-дың өзiндiк құны

                           -

Есептiк кезеңнiң аяғындағы ТМҚ-дың қалдығы

                           =

Информация о работе Бухгалтерлік есеп